Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:20, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі..15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар....24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база....42
3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты...50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері……...................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................... 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66
Халық шаруашылығы аймақтық
құрылымының өзгерісі көбінесе республиканың
әкімшілік аумақтары мен
Жоғарыда, мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
Осы бағыттар ішінен басымдысын
таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық- салалық
құрылымын қолдау мақсатында олардың
үйлесімін қамтамасыз ету –
мемлекеттің инвестициялық
Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.
Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .
Болашаққа әзірленген , мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалаық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау – халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. Өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағжайда механизмдер құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатты. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін “бағытты”шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы . Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді.
Ал егер, ел экономикалық
құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық
өзгерістердің тиімсіз
Осылайша, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатының бағытын айтарлықтай өзгеру қажет және оны ауыл шаруашылығы мен аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымның әлеуметтік –экономикалық рөлін қалпына келтіруге бағыттау керек. Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет.Осыдан келіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің механизмдері арасында бюджеттік қаржыландыру , несие бөлу және салық салу басымды болып табылады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:
- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;
- ішкі нарық талаптарын
қанағаттандыратын және
- негізінен отандық
өндіріс есебінен халық
- халық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған
- экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық , аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес.Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін түпкілікті ұғыну қажет.Ал, олардың шешімі- тұтастай алғандамемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты. Енді осы саясатты іске асырудың негізгі механизмдері қандай ?-деген сауалға жауап беріп көрейік.
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі- басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары . Онда әлеуметтік-экономикалық ,ғылыми – техникалық , ұйымдық – құқықтық сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады .Сондай-ақ , ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бағдарламалық көрсеткіштер басымды салалар мен аймақтардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жағдайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысын да қамтиды. Бұл жерде мәселе ең алдымен қаржы ресурстары туралы болып отыр , өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі резервтері ескеріледі.
Құрылымдық- инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерініңбірі- басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу – бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту, сондай-ақ инновациялық қызметке, әсіресе жаңа ғылыми- техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.
Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық бөл арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымдысалалар бойынша таңдап алынған инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие бөлінсе ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты , қарастырылған инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер (әсіресе коммерциялық) моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса- бұл аса маңызды шара болар еді.
Егер отандық және
шетелдік инвесторлар басымды салалар
объектілеріне көңіл бөлсе ғана
салықтық жеңілдіктер жасалуы керек.
Егер кәсіпорындар мен
инвестициялық жобаларды
Мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады.
Қорыта келе, жоғарыда аталған механимдер ұзақ мерзімге бағытталған тиісті заңды - құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу (қазақстандағыдай) инвестициялық процестердің баяулауына және құрылымды құрайтын салалар инвестициялық жобаларының іске аспауына алып келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, әріптестерімен шаруашылық мәселелерін шешу кезінде өте сақтықпен қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға қатысты . Заңдардың тұрақсыздығы –күрделі, құрылымды құраушы өндірістер туралы шешім қабылдау отандық инвесторларды да алшақтады. Өйткені бұл жерде үлкен тәуекелге баруға тура келеді.
3.2. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері
Инвестициялық жобаны таңдау
кезінде инвестицияның
Pk
PV= S--------- [1.3]
(1+r)k
Pk
NPV= S--------- - IC
(1+r)k
Егерде: NPV > О, жобаны қабылдау тиіс; NPV < О, жоба қабылданбайды; NPV = О, жоба пайда да әкелмейді, бірақ шығынға да қалдырмайды. Табысты жылдарға болжағанда, мүмкіндігінше, өндірістік және өндірістік емес нысандағы түсімдерді есептеу керек. Егер, жобаның аяқталу кезеңінде жабдықтың жойылу құны түрінде қаржының түсуі немесе айналым қаражатының бөлшегігінің босатылып алынуы жобаланса, онда олар белгілі кезеңнің табысы ретінде есептелуі қажет. Инвестициялық жоба бір жолғы емес, керісінше m жыл ішінде үнемі инвестицияны талап ететін болса, онда NPV- ді есептеу үшін келесі формула қолданылады.
n Pk m ICj
NPV= S ------ - S -------- [2.3]
k-1 (1+r)k j=1 (1+r) j
где i — прогнозируемый средний уровень инфляции.
Бұл формула [2.3] өндірісті түрлендірудің тиімдмлігін есептеу үшін кең қолданылады.
Табыстың
ішкі мөлшерлемесін есептеу
IRR = г, бұнда NPV = f(r) = 0
Бұл коэффициентті талдаудың маңызы мынада: IRR жобаға жұмсалатын шығындардың ең жоғарғы мүмкін деңгейін көрсетеді. Мысалы, жоба толықтай коммерциялық банктің несиесінен қаржыландырылса, онда IRR банктің пайыздық мөлшерлемесінің ең жоғарғы шегін көрсетеді. Пайыздық мөлшерлеме бұл шектен асса, жоба залалды болады. Тәжірибеде әр өнеркәсіп өзінің әрекетін түрлі көзден қаржыландырады. Өнеркәсіптің іс-әрекетіне жұмсалған қаржылық ресурстарды пайдаланғаны үшін, өнеркәсіп өзінің экономикалық потенциалын сақтау үшін келесі шығындарға ұшырайды: пайыз, дивиденд, сыйақы төлейді. Осы шығындарды көрсететін орташа көрсеткішті авансталған капитал құны (СС) деп алуға болады. Бұл көрсеткіш өнеркәсіпте қалыптасқан, оның әрекетіне салынған капиталдың үстіне қайта оралуының минималды деңгейін анықтайды. Және салмақтанған орта арифметикалық шамамен анықталады. Оның экономикалық маңызы мынада: өнеркәсіп түрлі инвестициялық шешім қабылдай алады, егер пайдалылық деңгейі ағымдағы СС көрсеткішінен кем болмаса. Осы көрсеткішпен белгілі жобаға есептелген IRR көрсеткіші салыстырылады:
Егер: IRR > СС, онда жоба қабылданады;
IRR < СС, онда жоба қабылданбайды;
IRR = CC, онда жоба пайдасыз да, залалсыз да.
Бұл тәсілді тәжірибеде қолдану үшін арнайы қаржылық калькулятор қажет. Сондықтан Қазақстанда бұл тәсіл кеңінен таралмаған. Бұндай жағдайда дисконтталған көбейткіштің кестеленген мағынасын пайдаланған кезекті итерациялар тәсілі қолданылады. Ол үшінкестелер арқылы дисконттау коэфициентінің екі мағынасы таңдалады: r1<r2, (r1,r2) аралықта NPV=f(r) функциясы өзінің мағынвсын "+" "-" немесе "-" "+" ауыстыруы қажет. Әрі қарай келесі формула қолданылады:
f(r1)
IRR=r1 + ------------- . (r2 - r1) [3.3]
f(r1)- f(r2)
мұнда r1 — кестеленген дисконттау коэфициентінің мағынасы, онда f(ri)>0 (f(ri)<0); r2 — кестеленген дисконттау коэфициентінің мағынасы, онда f(r2)<0 (f(r2)>0). Есептеу нақтылығы интервал ұзындығына (r1,r2) кері пропорционалды, ал ең жақсы кестеленген мағынаның аппроксимациясы, интервал ұзындығы минималды болғанда пайда болады (1% тең), немесе r1, r2 – дисконттау коэффициенттері бір-біріне өте жақын болғанда, мұнда: r1 — NPV – дің оң мағынасын төмендететін кестеленген дисконттау коэфициентінің көрсеткіші, немесе f(r1)=minr{f(r)>0};