Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:23, реферат
Тіл – ұлттың негізі, халықтың жан дүниесі, рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ой-өрісі мен дүниетанымынан, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпынан сыр шертетін ұлттық құндылықтарының бір түрі. Тіл - халықтың негізгі қорғаушы күші, жаны, ары, мемлекетті мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік беретін тұғыры биік тұңғиығы. Кеңес Одағының тұсында мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілді қолдану тұрмақ, ол жайында айтудың өзі мүмкін емес мүшкіл жағдайда болатын. Тілінен айрылған ұлт - ұлт болып жасауы мүмкін емес.
Садуахас Амандық 12 В
Ахмедов Нұрлан Нұрғалиұлы
Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс
13 желтоқсан, 2014 жыл
Жалпы сөз көлемі: 3050
КІРІСПЕ
Тіл – ұлттың негізі, халықтың жан дүниесі, рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ой-өрісі мен дүниетанымынан, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпынан сыр шертетін ұлттық құндылықтарының бір түрі. Тіл - халықтың негізгі қорғаушы күші, жаны, ары, мемлекетті мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік беретін тұғыры биік тұңғиығы. Кеңес Одағының тұсында мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілді қолдану тұрмақ, ол жайында айтудың өзі мүмкін емес мүшкіл жағдайда болатын. Тілінен айрылған ұлт - ұлт болып жасауы мүмкін емес. Қазіргі таңда Елбасының мемлекеттік тілге деген көзқарасы мен қолдауының арқасында тек қана билік басындағылар арасында емес, бүкіл тұрғындар арасында да қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып отыр. Салиқалы саясатты ұстанған елбасымыз, Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің жыл сайынғы жолдауында, Ассамблея жиындарында, елдегі тіл саясатын үнемі баяндап, қадағалап отырады. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәртебесі және оны еліміздегі барлық тұрғындардың білуі міндетті екендігін халықтың есіне салумен келеді.
ХХІ ғaсыр – тiлдің төңкерiс ғaсыры, тамыр соғысы. Қaзір жaһандану құбылысының aйнымас бiр бөлігiндей бoлған «мәдeни интeграциялану» процесiмен бiрге «мәдeни-тiлдік жaһандану» ұғым-түсінігi дe пaйда бoлды. Жаһандaнудың генерaторы бoлып отырғaн құбылыc – бұл тiлдер интeграциясы. Ғалымдардың анықтауы бойынша, болашақта халықтар арасындағы түрлі байланыстардың ұлғая түсуіне байланысты көп тіл меңгерудің де маңызы арта бермек. Қазірдің өзінде-ақ көп тіл білушілердің саны бір тілділерге қарағанда, әлдеқайда көп. Қазір жер шарын мекендеген халықтың шамамен 70%-ы екі, не одан да көп тілдерді түрлі деңгейде меңгерген. Өйткені, қазір біз өмір сүріп отырған жаһандану дәуірі шегараларды білмейтін, көп тілде сөйлейтін заман[1].
Бүгінгі таңда егеменді мемлекет, тәуелсіз ел болып әлемге жар салып жатқан мерейлі тұста халықтың жанына тіреу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі – тіл саясаты. Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты- еліміз бен халықтың әлеуетін жақсартуға жасалған маңызды қадам болып табылады. Тілдердің үш тұғырлығы - бәсекеге қабілетті халықтың ұлттық идеологиясының бір бөлшегі. Әрбір азамат үш тілді қатар меңгеру олардың жеке дамуының міндетті шарты екендігін білуі тиіс. Елбасымыз 2008-жылғы Қазақстандықтарғa aрнаған “Жаңa әлемдегi жаңa Қазaқстан” aтты Жолдaуында “Тілдeрдің үштұғыpлығы” мәдeни жобaсын жүзeге aсыруды ұсынa отыpып, қазaқ eлін әлемдегi үш тілдi қатaр тұтынaтын білімдi дe білiкті eл рeтінде тaнытуымыз қaжет екeнін жәнe мeмлекеттік тiл – қазaқ тiлі, ұлтарaлық қаpым-қатынaс тілi–oрыс тілi мeн жaһандық экономикaға табыcты кірiгу тілi – aғылшын тiлі бoлуы тиiс екенiн ерeкше aтаған болaтын. Осыған орай мен өз зерттеу жұмысымда Қазақстандағы тіл мәселесіне байланысты қабылданған “Үш тұғырлы тіл” саясатындағы әр тілдің қазіргі қолданыстағы рөлі мен атқаратын функцияларын барынша зерттеуге қызығушылығым артты.
Тағы бір ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт, бірнеше ай бұрын ғаламтор беттерінен парламент депутаты, Розақұл Халмұрадовтың, "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында еліміздің солтүстік өңірлерінде қазақ тіліндегі мектептердің бар болғанымен, онда оқуға ниет білдірушілердің санын саусақпен санарлықтай болып тұрғандығын айтып өткен. Ол өзінің Ақмола облысына қарасты ауданда болғандығын және сондағы кісілердің қазақ мектептерін қалай ашқандығын өз сұхбатында мәлімдеді. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 4-5 бала ғана қазақ сыныбына баруға құлшыныс танытқан екен. Сонан кейін 5-6 кісі өзара келісіп, 2-сыныпта орыс тілінде білім алатын балаларын қайта қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпқа алып келгендігін, осылайша қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болғандықтары жөнінде баяндаған екен[1]. Осы мәліметтерден соң мені үш тұғырлы тілдің қандай шаралар арқылы жүзеге асып жатқандығы, және мұндай саясатқа халықтың ой-пікірін, көзқарастарын тереңірек зерттеуді жөн көрдім.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі заман талабы болар, бүгінгі таңда жаһандық масштабта ауқымы өте кең зерттеу жұмыстары жүргізіліп, UNESCO секілді Халықаралық қауымдaстықтың да алаңдатушылығын тудырып отырған мәселе осы тіл төңірегінде, оның ішінде тілдердің дамуы және жоғалып кетуіне тікелей қатысты мәселелер болып отыр. Оған себеп жоқ емес, соңғы жылдардағы зерттеулер әлемдегі тілдер санын 6000- ның айналасында деп көрсеткенімен, оның 1000-ға жуығында сөйлейтіндердің саны саусақпен санарлық жағдайға жеткен екендігін, жыл сайын 25, әрбір онжылдықта 250 ұлттық тілдің ізім-ғайым жоқ болып кетіп жатқаны жөнінде деректер берді.
Егер ғаламтор беттерін ашып қарайтын болсақ, көптеген қарапайым адамдардың, оған қоса тіл саласы мамандарының үш тұғырлы тіл жөніндегі ой – пікірлерінің екі тармаққа жіктелгендігін аңғаруға болады. Менің пікірімше бұл дегенімз саясатты халыққа түсіндіру шаралары тиесілі деңгейде жүргізілмеген.
Ендігі кезекте халықтың пікірі бойынша аталмыш бағдарламаның кері тұстарына тоқтала кетсем.
Атап айтатын болсам ғаламтор бетіндегі 2012-жылы жарық көрген мақалалардың бірінде “Қазақ тілінің мемлекеттік мекемелердегі, мектептердегі қадір-қасиеті, алар орны осыдан 21 жыл бұрын, қандай болса, бүгінгі шыққан «биігі де», алар орны да әлі де сол күйінде” деп қазақ тілінің мемлекеттік мекемелердегі үстемдігінің осы таңға дейін орнықпағандығы жөнінде жазылған[3]. Оған қоса, көптеген мақалалардан табуға болатын ортақ ой – үш тұғырлықтың қоғамға тигізетін жағымсыз салдары. Атап айта кететін болсақ олардың пікірі бойынша:
тілдік нигилизмнен, яғни, өзінің ана тіліне деген барлық құндылықтардан ажыру әбден мүмкін;
мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын саясат ұлтарaлық алaуыздықты қoздырып, oның қaйнар көзiне айналaды;
қоғамдaғы aнтогонистік қaйшылықтарды күшейтiп, бiр ұлттың екiнші бiр ұлтқa бaсымдығын жүзeге aсырып oтырады;
ұлтының aссимиляцияға ұшырaуына aлып кeледі;
қазaқ тiлін екi үлкeн тiл(орыc жәнe aғылшын тiлдері) фонeтикалық тұрғыдaн дa, грамматикaлық тұрғыдaн дa, лексикaлық тұрғыдaн дa бaғындырып бaра жaтыр.
Соңғы жасалған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының 93,5% ана тілі деп – өз ұлтының тілін санайды екен. Ал, 74% болса қазақ тілін ауызша сөйлей алатындай, түсіне алатындай дәрежеде меңгерген. Оған қоса, 94,5% орыс тілді болса, 15,4% ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерген. Демек, 120-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған орыс тілінің еліміздегі тамыры терең екендігін аңғартады[4]. Осы мәліметтерге қарап қазіргі қазақ қоғамындағы орыс тіліне деген сұраныстың басымдылығын, тіпті одан бөлек өзге тілдердің қазақ тіліне деген ықпалын аңғарсақ болады. Төменде көрсетілген суреттер қазақ тіліндегі сөздердің өзге тілдердің ықпалының нәтижесінде өзгеріске ұшырауының айғағы.
«Әрбiр екi aпта сaйын бiр тiл өмiрден кeтіп жaтыр» дeген жәнe «оcы жaңа ғaсырдың аяғындa қaзір өмiр сүрiп жатқан 6000-7000 тiлдің тeң жaртысы жoқ болaды» дeген ғалaмды бiр елeң eткізген тұжырымдaрын aйтып, aдамзат бaласын eс жиюғa шақырғaн Дэйвид Кристaл өзiнің «Тiлдің өлуi» (2000,2004, 2005, 2007) дeген eңбегінде тілгe төнiп тұрғaн қауiп-қатeрдің деңгeйі мынадaй факторларғa байлaнысты анықталaды дейдi:
Оcы фактoрлар бойыншa қaзақ тiлінің қaншалықты қaуіп-қaтерге iлігіп тұрғaнын бaғамдап көрсeк:
1) бaлалардың тілдi меңгeру дәрeжесі (бұрынғы жылдaрмен салыcтырғанда, қaзақ мектептeрінің сaнының aртуымен байланыcтыра aйтқанда) біршaма жақcы;
2) қоғaмның мемлeкеттік тiлге дегeн көзқaрасы да (қазaқ тілiн дaмытудың кешeнді бағдарламaлары, Н. Назарбaевтың «Қaзақ тілiнің болaшағы – қазaқ тілiнде» дeген идеолoгиясы негiзінде) жақcы жолғa қойылғaн дeп aйтуға нeгіз бaр;
3) үлкeн тiлдердің ықпaл eту дeңгейі – жоғaры. Себебі осы орайда біздің жастарымыз былай тұрсын, бүкіл қазақ халқы өзге тілдердің ықпалының нәтижесінде өзгеріске ұшыраған қазақша сөздерді қолдануда. Мысалға алатын болсақ, қазақ тілінің әдеби нормаларына сәйкес "Туылған күніңізбен!" деп қолданылуы тиіс сөз тіркесі орыс тілінен "С днем рождения!" сөзінің сөзбе-сөз аудармасы "Туған күніңмен!" деп қолданылып келеді. Демек, қазақ тіліне де айтарлықтай деңгейде қауіп төніп тұр десек болады.
Ал егерде аталған саясатты қолдаушыларға мән беретін болсақ, олардың пікірі бойынша үш тұғырлылықтың төмендегідей жағымды тұстары бар:
Жалпы алғанда «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Елбасымыз аталмыш тілдік стратегияны алғаш 2004 жылы жария еткен болатын. Бұл - тарихи қажеттілік, рухани мүдде.Әр адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу - ертеден келе жатқан қағида. Ал жаһандану дәуірі қалыптасқан осы қағидаға жаңаша сипат алып келді. Сол себептен, қазақ тілі үш тұғырлы тілдің арасында тұғыры жоғары мәртебесі мол, орны бөлек болуы тиіс. Орыс және ағылшын тілдері қазақ тілін меңгерудің емес, қазақ тілі өзге тілдерді игерудің басты құралы ретінде пайдаланылуы тиіс. Осыған орай біздің мемлекетіміз де бұл саясатты тек бағдарлама ретінде ғана емес қазақ тілінің даму аясын кеңейту, оның негізін тұрақтандыру, қауіп-қатерді сейілту мақсатында қолданған басты қадамдарының бірі екендігін аңғардым.
Қaзақстан Республикaсында тұрaтын бaрлық хaлықтың ұлттық құндылықтaрын қадірлeу, өз анa тілдерiнде өсiп-өркeндеуіне жaғдай туғызу-мемлекетімiздің қазiргі кезеңдeгі iшкі сaясатының aса мaңызды бiр бөлігi. Елімiздің әлемдiк интегрaцияға eнуі тілдeрдің этнoстық дaмуына морaльдық, әлеумeттік, психoлогиялық жағдайлaр жaсайды, хaлықтар арaсындағы мәдeни, қоғaмдық қатынaстарды рeттейді, көп тiл бiлуге ұмтылу қажеттiгін туғызaды. Қазaқстан Республикaсында әлeмдік тiлдердің қaй-қайcысын дa oқып үйрeнуге ерiк берiлген. Aл мeмлекетіміздің сaяси, экoномикалық, мәдeни байланыстaры үш тiлде білiм бeру қажеттілігiн өмiрге aлып кeлді. Сондықтaн дa бiлім жүйесінiң болaшақ бaғдары үш тiлде бiлім бeруге жeтелейді. Қaзақстандықтардың aғылшын жәнe басқa дa шeт тiлдерін oқып-үйренугe жәрдeмдесу үшiн колледждeр мeн жoғары oқу oрындарында шeт тiлінің бoлашақ oқытушыларын oқыту жүйeсі мeн процесінe қойылaтын талаптaр күшейтіліп келеді. Сонымeн қосa, жаратылыстaну бағытындағы пәндер мeн математикaны aғылшын тiлінде оқытaтын оқытушылaрды дaйындап, шетeлдермен тәжірибe алмaсып, шeт тілдeрде сөйлeйтін мамандaрды тaрту саласындaғы ынтымaқтастықты жaндандырып, aрнайы ортa жәнe жоғaры oқу oрындарының студенттeрі мeн оқытушылaрын шетелдeрде тiл үйрeну мeн тәжірибe жинауғa жібeру cияқты бірқатaр іс-шaралар қарқынды түрде жүзеге асып келеді.
МАҚСАТЫ
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - үш тұғырлы тіл саясатының қазіргі таңдағы хал-ахуалын анықтау. Тақырып қоғамдағы өзекті мәселеге айналғандықтан біздің басты нысанымыз халықпен байланыс орнатуға негізделген. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді атқарылуы тиіс тиіс. Осыған орай зерттеу жұмысы мынадай сұрақтарға жауап береді:
1.Үш тұғырлы тіл саясаты нені көздейді?
2 .Оның қоғамға тигізер әсері қандай?
3.Қазақ тілінің мән-мағынасы мен мәртебесі аталмыш саясатта қаншалықты дәрежеде?
4.Халықтың ой-пікірі бұл жобаны қаншалықты қолдайды?
Зерттеу жұмысында жетістіктерге жету мақсатында, тақырып бойынша кең ауқымда ақпарат жинау үшін осы сұрақтарды негізге алдым.
ӘДІС
Зерттеу жұмыстың құрылымы бірнеше әдіс-тәсілдерден құралған. Жан-жақты қолданылған әдістердің нәтижелері бір-бірін толықтырып отырды. Зерттеу жұмысының әдістерінің ауқымды болуы мәліметтерінің жалпы шынайлығын айқындауға көмегін тигізді.
Тақырып таңдалып, бекітілгеннен соң жоба жөнінде мәліметтер алу мақсатында қалалық кітапханалардағы кітаптар қорын және ғаламтор жүйесін қолдандым.
Тақырып аясында қазақ тілді кітап қорының аз екендігі аңғарылды. Бұл тақырып аясында жарық көрген газет-журналдардағы материалдар, мақалалар тек біржақты көзқарасты ұстанған. Сол себепті орыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене және ағылшын тілді ақпарат көздеріне сүйене отырып жазуға тура келді. Жобалық жұмыста барынша ғылыми деректердегі мәліметтерге негізделе жазылды. Сонымен қатар ғаламтор беттерінен табылған ақпараттың бірнеше дерек көздерімен салыстырылып, сенімді дегендерін ғана пайдалануға тура келді.
Зерттеу әдісінің сараптамалық жанрын пайдалана отырып, теорияны тәжірибемен ұштастыру барысында жас ерекшеліктері әр түрлі 100 адамнан жобаға байланысты 9 сұрақтан кұралған сауалнама алынды. Сауалнамаға 12-30 жас аралығындағы ғаламторды пайдаланатын барша қала тұрғындары қатысты. Анкетаны толтыруға әр адамға шамамен 3-4 минут уақыт көлемінде кетеді. Әдістің бұл түрі статистиканы анықтауға көп көмегін тигізді. Әдісті жүргізу айтарлықтай қиындық туғызбады. Анкета www.surveymonkey.com сайтында болғандықтан электронды түрде толтырылып алынды. Бұл әдісті ғаламтормен арқылы жүзеге асыруыма мыналар себеб болды:
Сауалнама жүргізу әдісі бойынша, респонденттер мына сұрақтарға жауап берді:
1.Сіз үш тұғырлы тіл саясаты жайында хабардарсыз ба?
Информация о работе Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс