Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 20:23, реферат
Тіл – ұлттың негізі, халықтың жан дүниесі, рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ой-өрісі мен дүниетанымынан, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпынан сыр шертетін ұлттық құндылықтарының бір түрі. Тіл - халықтың негізгі қорғаушы күші, жаны, ары, мемлекетті мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік беретін тұғыры биік тұңғиығы. Кеңес Одағының тұсында мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілді қолдану тұрмақ, ол жайында айтудың өзі мүмкін емес мүшкіл жағдайда болатын. Тілінен айрылған ұлт - ұлт болып жасауы мүмкін емес.
2."Үш тұғырлы тіл саясатын" қаншалықты қолдайсыз?
3. Қай тілдерді меңгергенсіз?
4. «Үш тұғырлы тіл саясаты» біздің жастардың бәсекеге қабілеттігін арттырады ма?
5. ҚР-да тұратын басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеуге міндетті ме?
6.Қарым-қатынас құралы ретінде қай тілді қолданасыз?
Келесі әдіс – жоба тақырыбы бойынша хабары бар, және тіл меңгеру жағынан тәжірибелі маманнан сұхбат алу. Бірақ, ол білетін кей мәселені біз білмеуіміз ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап алу қағидасын ұстандым. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының шет ел мұғалімдерінің басшысы Prakash Naidoo мырзадан сұхбат алуды жөн санадым. Себебі, ол кісі ағылшын тілінен мұғалім ғана емес, шет елдік тіл саласының маманы. Prakash мырза сұхбат беруден бас тартпай, менің тарапымнан қойылған сұрақтарға барынша кең ауқымда жауап берді.Сұхбат барысында нақты 6 сұрақ қойылды. Сұрақ қоюмен қатар мектеп ішінде бақылау жүргізілді. Мектеп ішіндегі оқушылардың өздерінің арасында қай тілде ақпарат алмасатынына, шет елдік мұғалімдермен қарым қатынасына аса зор мән берілді. Одан бөлек Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің оқушыларына үзіліс кезінде бақылау жүргіздім.
НӘТИЖЕ
Сауалнамада берілген 9 сұраққа жауап ала отырып төмендегідей нәтижені айқындалды. Сауалнама нәтижесі бойынша жалпы алғанда биологиялық жас шамасы 12-30 аралығындағы 36 ер адам, 64 әйел адамының жауап бергені мәлім. Олардың арасында қазақ тілінде жасалған сауалнамаға 12-18 жас аралығындағы, яғни мектеп жасындағы жас-өспірімдер, 5 орыс ұлтының өкілдері қатысқан. Демек қазақ тілінде қойылған сауалнамаға жауап бере алуы олардың қазақ тілін меңгергендігін дәлелдейді. Жалпы 3 сұрақ сауалнама толтырушыларды олардың ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мақсатында қойылды. Ал тақырып аясында қойылған 6 сұрақтың жауаптарын сараптай келе мынадай қорытындыға келуге болады:
Соңғы талдау нәтижелері бойынша, 82 адам бұл сұраққа иә деп жауап берсе, 5 адам мүлдем хабардар емес екендігін айтады. Ал 13 адам болса жоба жөнінде толыққанды ақпаратқа ие емеспін деп жауап қайтарған.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, 27 адам бұл сұраққа 100% , 41 адам 75-99%, 18 адам 50-74% аралықтарында қолдайтынын көрсетті. Ал қалған 14 адам болса 0-50% аралығында ғана қолдаймын деп жауап берді.
Бұл сұрақтың нәтижесі мен күткендей болып шықты деп айтсам да болады. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы қазақ тілін меңгергендігін, 91 адам оған қоса орыс тілін де біршама деңгейде білетіндігі жөнінде хабардар болдым. Сауалнамаға қатысқандардың 95%-ы ағылшын тілін қатар меңгеріп келе жатқанын, 9%-ы қытай тілінен хабардар екендігін, 9%-ы басқа да тілдерді меңгергендігі жөнінде ақпаратқа ие болдым.
Осы сұрақ аясында жасалған қорытындылар нәтижесінде 82% жауап берушілер жастардың бәсекеге қабілеттілігі артады дегенге сенсе(ия), қалған 18%-ы бұл сұраққа күмәнмен қарайтындығын(толығымен емес) жеткізді.
Сұрақ төңірегінде берілген мүмкін болған 3 нұсқалардың(ағылшын, орыс, қазақ) жинаған пайыздық мөлшері cәйкесінше 9% , 19%, 72% болды.
Соңғы сұрақтың нәтижесі аясында 77 адам иә деп жауап берсе, 14 адам бұл пікірге мүлдем қарсы екендігін, 9 адам бұл сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді.
Ал Prakash мырзадан алған сұхбат нәтижесінде ол өзінің үш тұғырлы тіл саясаты жөнінде хабардар екендігін айтты. Және де ол бұл саясатты толықтай қолдайтындығын білдірді. Мемлекет тарапынан тілге көрсетілген қолдаудың аса маңызды екендігін сұхбат барысында ашық айтып өтті. Себебі, ол өзінің елі, Жаңа Зеландияда өзге тілдерге қолдаудың жоқтығынан ондағы тұрғындардың басқа тілдерді үйренуге мүмкінді шектеулі екендігін де жасырмады. Оның айтуы бойыша, бірінші орында қазақ тілін білу қажет, және де ол Қазақстанда жұмыс табуға мүмкіндік туғызады. Орыс тіліне оралар болсақ, осы тілдің көмегімен ел экономикасын дамыту мақсатында орыс тілді мемлекеттермен қарым-қатынасқа түсу оңайға түседі.Ал ағылшын тілінің алар орны қандай? Ол әрине әлемдік аренадағы елдің беделін сақтап қалуға, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға жол ашады. Бір жағынан ол шетелдік мұғалім болғандықтан, қазақ тілінің өзіне де маңыздылығының жоғары екендігін айтып өтті. Себебі ол осында тұрып жатқандықтан жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасқа түсу мақсатында сол тілдерді үйренуіне тура келді. Сұхбат барысында Prakash мырза саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан көптеген қаражат бөлініп жатқандығын, дегенмен бұл қаржының барлығы тек қана білім саласы аясында ғана жұмсалып жатқандығын айтып өтті. Сол себептен жұмсалған қаржы аясында тілді меңгеруге тек студенттер мен оқушыларда ғана мүмкіндік туып отырғандығын, халықтың өзге де топ өкілдеріне назар аудару қажеттілігін де қоса кетті. Оған қоса ол өзінің білім беретін мекемесінде жергілікті мұғалімдердің қазақ тілінен білімдерін дәлелдеу мақсатында сынақ тапсыруға міндетті екенін, өкінішке орай бұл шара шетелдік мұғалімдерге қолданылмайтындығын да айтып өтті. Мұның себебін олардың уақытының тығыздығымен түсіндірді.
№23 Шымкент қалалық мектеп-лицейіне жүргізілген бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларының басым бөлігі өз ара орыс тілінде қарым-қатынасқа түсетіндігі аңғарылды. Оның басты себебі - мектепте қазақ сыныптарына қарағанда орыс сыныптарының саны басым болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дамығaн өркениеттi 30 елдiң қатaрына қoсылу мақсaтындa елдiң ертеңi үшiн «Үш тұғырлы тiл» саясaты жүзeге aсып oтыр. Қaзақстанда зaң мaмандары, экономикa мамaндарының сaны өтe көп жәнe олaрдың баcым көпшілігi жұмыcсыз. Алaйда, көп компaниялар мeн кәсіпoрындар бәсeкеге қaбілетті, жaн-жaқты дамығaн, мемлекеттiк тiлмен қатaр, aғылшын, oрыс тiлдерін білетiн, өз мамандығының нағыз іскерлeріне зaңгерлер мeн эконoмистерге зәру. Яғни, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады. Оcы oлқылықтарды тoлтыру мaқсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниeге келiп oтыр. Бағдарламаға сәйкес қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет.
Қазaқстан жaғдайында мeмлекеттік тiл саясaтын жүргiзгенде, ғылыми нeгізге сүйeнген жүйелілiктің жoқтығы, білімсiздік, науқaншылдық cияқты көптегeн шылықтaрдың oрын aлуы бiздің рухaни өмiрімізді көптeген кeлеңсіздіктерге ұрындырып oтыр. Қоғaмда тiл сaясатының дұрыc жүргізілмеуi oрны толмaс олқылықтарғa, әлeуметтік қайшылықтарғa aпарып соқтыруы мүмкiн.
«Үш тұғырлы тiлдің», шын мәнiнде, мeмлекеттік тiлге мүлдe зияны жoқ. Бұл жeрде мәcеле сoл стрaтегияны, cол саяcатты дұрыc жүргiзуде, жaрқын бoлашақта нәтижeсінің oң бoлуын қaмтамасыз eтуде бoлып oтыр. Мәcелен, Орыc тілi мeн aғылшын тілiн оқытaтын мұғалімдeр міндеттi түрдe қaзақ тiлін, яғни мeмлекеттік тiлді өтe жaқсы білуi тиiс. Жoғары oқу орнындa дa aғылшын мeн орыc тілiн қазaқ тілімeн біріктірiліп ғaна oқытылуы керeк. «Үш тұғырлы тiлді» тeк мәдениeтаралық қaтынас нeгізінде қaрап, aқпарат aлмасу, бiлім үйрeну, тәжірибe жинaу үшiн үйретілeді. «Үш тұғырлы тiл» саясaтын дaмыту үшiн қазaқ тілiн, яғни мeмлекеттік тілдi мемлeкет тaрапынан eң бірiнші oрынға қoйылып жатқaны дa көзi aшық адамдaрға шындық.
«Үш тұғырлы тiл» мәсeлесін хaлық дұрыc түсінбeй oтыр. Сoндықтан дa халықтың басым көпшілігі мұны ұлтты жоюдың бір қадамы деп қабылдап отыр. Алдымeн aқты aқ, қарaны қaра дeп, мәселeні жeке-жeке бөлiп, мемлекеттiк тілгe ешқaндай зиянын тигiзбейтінін нaсихаттау мәcелесі жетiспей oтыр. Үш тұғырлы тiл, негiзінде, қaзақ жерiндегі қaзақ тілiнің сoңында қaлған oрыс пe aғылшын тiлін қoса пaйдалану бoлып тaбылады. Яғни, орыc тілi мен aғылшын тілi қазаaқ тілінiң көлеңкесіндe, ығындa жүрeді. Президентімiз айтқандaй, үш тiлдің iшінде қaзақ тiліне бaсымдық бeріліп, қaлған екi тiл сoл анa тiлімізге бaғынышты күйдe бoлады.
БАҒАЛАУ
Менің зерттеу жұмысымда нәтижеге жету мақсатында көптеген мүмкіншіліктерге атап айтқанда, ғаламтор беттерінен сенімді ақпарат көздерінен мәлеметтерге қол жеткізуге, Prakash мырзадан сұхбат алуға, сауалнама жүргізуге, қалалық мектепте, Зияткерлік мектепте бақылау жүргізуге қол жеткіздім. Дегенмен де зерттеу жұмысын жүргізу барысында уақыт тапшылығы өте қатты байқалды. Одан өзге қазақ тіліндегі мәліметтердің ақпарат көздерінде аз болуының салдарынан өзге де ағылшын және орыс тілді жұмыстарға жүгінуіме тура келді. Көптеген ақпарат көздері бағдарламаның тек қана кемшіл тұстарын жазған. Себебі басым көпшілігі қазақ тіліне нұқсан келетіні жайында ақпараттар берген. Жүргізілген зерттеу жұмысының кемшіл тұстарының бірі сауалнама жүргізу барысында ғаламторға қолы жетімсіз адамдар сауалнамаға қатысуға мүмкіндік ала алмады. Есесіне берілген ақпараттар нақты, әрі барынша түсінікті. Келесі бір кемшіл тұсы - зерттеу жұмысы барысында тек қана Prakash мырзадан ғана емес, жергілікті тіл саласының мамандарынан да ақпарат ала алған жағдайда осы бағдарлама жөнінде барынша мол ақпаратқа ие болып, сұрақ қою нәтижесінде барынша объективті көзқарастарына құлақ асар едім. Ал егер де 2 мектепте жүогізген бақылауға келетін болсам, бұл да менің кемшіл тұстарымның бірі деп айтар едім. Себебі, орнатылған бақылыу нәтижесінде жасалған қорытынды тек қана сол мектептерге ғана өзекті, тиісті болып отыр. Егер де жалпы халық арасындағы қолданысын анықтау үшін тек қана 2 мектепті емес, өзге де білім ошақтарын, қарапайым жаяу жүргіншілер арасында қай тілдің қолданылып жатқандығына да бақылау орнатылуы керек еді.
АЛДАҒЫ ЗЕРТТЕУ
Егер де менде зерттеу жұмысын қайта жасауға мүмкіндік болған жағдайда, мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбына біршама өзгерістер енгізер едім. Себебі таңдалған зерттеу тақырыбының аясында ақпарат іздеу кезінде «Үш тұғырлы тіл саясатының» қазақ тіліне деген ықпалы жөнінде ғаламтор беттерінде ақпаратттар көп кездесіп жатты. Демек бұл дегеніміз, аталмыш бағдарламаның халық арасында қызу талқыға түскендігі, маңыздылығының ерекше екендігін аңғартады.
ДЕРЕККӨЗДЕР
1. http://zhebe.com/index.php/o-
2. http://old.abai.kzHYPERLINK "http://old.abai.kz/node/
3. http://old.abai.kz/content/
4. http://el.kz/m/articles/view/
5. Кирилл Стасевич. Иностранный язык помогает думать на любом возрасте. «Наука и жизнь», 2014, №7
Информация о работе Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс