Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:16, реферат

Краткое описание

Информатиканың актуальді бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.

Содержание

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Электрондық оқу құралдарының классификациясы

Вложенные файлы: 1 файл

123.docx

— 36.67 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

  1. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
    1. Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
    2. Оқытудың компьютерлік технологиясы
    3. Электрондық оқу құралдарының классификациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Информатиканың актуальді бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.

Интеллектуалды жүйелер және технологиялар арнайы мамандар тәжірибесін тарату үшін және күрделі ғылыми, өндірістік және экономикалық есептерді шешу үшін қолданылады. Білімді өңдеу және модельдеу үшін арнайы модельдер қолданылады және білім қоры құрылады.

Күрделі мәселелерді шешу және ойлау қабілетін модельдеу үшін адам санасының жасанды бейнесін салу идеясы бұрынғы заманнан бері айтылып келеді. Ең алғашқы болып оны тұжырымдаған Р. Лулий.

Жасанды интеллекттің ғылыми бағыт ретінде дамуы ЭЕМ жасалып шыққаннан кейін ғана мүмкін болды. Жасанды интеллект термині 1956 жылы Станфорд университетінде өткен семинарда ұсынылды.Семинар логикалық есептерді құруға арналды. Жасанды интеллект жүйелерін құру жөніндегі зерттеулер 60-жылдардан бастап жүргізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – түрлі қолданбалы және теориялық мәселелерді шешу үшін адамның ойлау процессін математикалық және бағдарламалық модельдеу құралдарын құрастыру. 80-жылдарға қарай мұндай жүйелердің тиімділігі оларда бар білімге байланысты екендігі арқылы түсіндірілді.

 

   БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану

 

        Білім беруді ақпараттандыру  – оқыту процесіне жаңа ақпараттық  технология құралдарының енуі  – қазіргі қоғамды ақпараттандыру  процесінің бағыттарының бірі  болып табылады.

       Қазіргі білім беру жүйесі  ақпараттық технологиялар мен  компьютерлік коммуникацияларды  белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан  оқыту жүйесі жедел қарқынмен  дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру  мекемелерінің қуатты компьютер  техникасымен қамтылуы және Интернеттің  дамуы мысал бола алады.

        Білім беру жүйесін ақпараттандыру  дегеніміз – берілетін білім  сапасын көтеруді жүзеге асыруға  бағытталған процесс, яғни еліміздің  ұлттық білім жүйесінің барлық  түрлерінде кәдімгі технологияларды  тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру  технологияларына алмастыру, оларды  сүйемелдеу және дамыту, нақты  жүзеге асыру шаралары.

        Білім беру жүйесін ақпараттандыруды  ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми- техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын  ғылыми- техникалық бағдарламалар  жүйесін айтады.

        Білім беру жүйесін ақпараттандыру  ісінің негіздерінің бірі болып  білім алу саласына ақпараттық  технологияларды енгізу жұмыстары  саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды  басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек  техникалық құралдармен жабдықтауға  ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру  мәселесін алға тарта отырып  ақпараттандыру ісінің мақсатын  информатика терминдері арқылы  емес, білім саласының мақсаттары  мен терминдері арқылы өрнектеуіміз  қажет.

       Ақпараттандыру ісінде білім  жүйесінің адамзат тіршілігінің  барлық әлеуметтік аймақтармен  әрекеттесуі және олардың бір-біріне  әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру  ісі жаңа оқыту технологияларын  дайындауды талап етеді. Білім  беруді ақпараттандырудың теориясы  мен әдістемесі мынадай зерттеу  бағыттарынантұрады:

  • қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
  • оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  • бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
  • оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми – педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік материалдарды,коммуникациялық желілерді пайдалану;
  • есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;
  • оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.

          Бүгінгі күні ақпараттық технология  кең көлемде оқыту мен педагогикалық  ұйымдастыру қызметінде барлық  республикалық жоғарғы оқу орындарында (ЖОО-да) қолданылады. 

        ЖОО-дағы ақпараттандырылған жоғарғы  білімдер ақпараттық ресурстың  қомақты саны жинақталуы тек  қана қажетті жұмыс пен нақты  оқу орындарына ғана емес, сонымен  бірге барлық білім жүйесіне  пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші  құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық  программалық шаралар бұларды  оқытушылар өздері құрады және  пайдаланады. Электрондық форма  ғылыми практика мен әдістемелік  жетілдіруде қолданылады. Әрі қарай  даму оқыту қызметінің жаңа  форма алуы көптеген жаңа ақпаратты  технологияға негізделген, соның  ішінде бірінші кезекке аралық  білім жатады.

       Ақпаратты технологияны кеңінен  қолдану қазіргі ЖОО-да ұйымдастыру- басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған  программалық жүйелері мен талдауларын  және де электронды деканаттары  тәрізді сабақ жоспарлы, бухгалтерлік  есеп жүйелері, студенттер мен  оқытушылар туралы электрондық  қоры көптеген оқу жүйелерінде  қолданылады.

         Көптеген ақпараттық ресурстар  компьютерлік желі арқылы әдістемелік  оқу білімімен ғана қамтамасыз  етіп қоймай, білім саласының  жеткілікті болып, оның жүйелі  түрде жоғарылауын қамтыған болар  еді.

         Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға  бермейді. Атап өтуге тура келетін  жағдай, кейбір жүйелердің болмауына  байланысты практикада ақпараттық  ресурстар қолданылмайды.

          Автоматтандырылған ақпараттық  жүйелерде кейбір ЖОО-да принципті  түрде әртүрлі әдістемелік және  технологиялық салаларында білім  мен талаптардың орындалуына  күш салатын болса, оқу процессінің  жоғарылығына керісінше әсер  етеді. Сондықтан да ақпарат сапасы  теория мен практикада тек  қана ЖОО-да ғана емес, сол сияқты  колледждер мен мектептерге де  жетіспейді.

         Көпртеген зертеулерге қарағанда  ақпараттық технология негізгі  жоспарланған және модельденген  жаңа дамушы орта болып есептелініп  “Ақпараттық білім ортасы” –  деген атаққа ие болып отыр.

         Ақпараттық білім беру ортасы  түсінігі бойынша оның аумағын  көптеген ережелеріне қарамастан  нақты белгілермен жазылады. Осыдан  ақпарраттық білім беру ортасынла  мынадай тұжырымға келуге болады: жоспарлы коммуникатциялық ортада  компьютер техникасын қолдану  оқушылар, оқытушылар, ата – аналар  және оқу орындарында ақпарратты  алу үшін үлкен маңызын тигізеді. Сондықтанда оқуда және одан  тыс шараларға пайдалану көлемін  үлкейтуге бағыт алу керек.

         Қазірде республика бойынша осы  тәрізді ақпарат комплексі теқ  қана жеке кафедра, факультет, ЖОО-да  ғана пайдаланылады. Осы салдардан  ақпараттық білімді ақпараттық  білім беру ортасында жеке  облыстар мен республика деңгейінде  біріктіру өте маңызды болып  табылады. Осыған байланысты ҚР  басшылығының 2001 жылдың 6-шы тамызында  № 1037 “2002 – 2004 жылдарды ҚР-да білім  жүйесін ақпараттандыру консепциясы  туралы” қаулысы қабылданды.

        Адамдар барлық жинақтаған білімдерін  қолданбай фундаментальды сапалы  білім алуы мүмкін емес. Осыған  байланысты кез келген оқу  ғимраттары ақпараттық білім  беру кеңістігінде кітапхана  қарастыруы керек. Электронды кітапхана  ортасы салыстырмалы түрде жанама  ортаның барлық компоненттеріне  білімді сақтаушы және келесі  негізгі тапсырмаларды шешуші  роль атқарады:

  • білім жинақталуы (ақпаратты жинақтау және сақтау);
  • білімді архивтеу (ақпарат көзін анықтау, тез қамту және қажетті көп аспектілі деректерді іздеу).

ЖОО-ның оқу процесінің кітапхана қорымен жанама түрде байланыстылығы ақпараттық білім беру ортасындағы “оқу процесінің” компоненттері мен электронды кітапхананың ақпараттық –технологиялық интеграциясы заңдылығына сәйкес болады. Оларға электронды оқулықтар, лабораториялық практикумдар, анықтамалар және де басқа университеттің оқу процесінде қолданылатын электронды мәліметтер жатады.                                                                             

 

Оқытудың компьютерлік технологиясы

 

Практикада оқытудың ақпараттық технологиясы деп арнайы техникалық- ақпараттық амалдарды қолданатын барлық технологияларды айтамыз. Мысалы, ЭЕМ, аудио, видео, кино.

Оқытуда компьютерлер көп қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині пайда болды. Жалпы айтқанда, кез келген педагогикалық технология – бұл ақпараттық технология, себебі технологиялық оқыту процесінің негізін ақпарат және оның өзгерісі құрайды. Компьютер қолданылатын оқыту технологиясына «компьютерлік технология» термині дәл келеді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды дамытады, қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту түрлерін ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл компьютер арқылы ақпаратты дайындау және беру процесі.

Компьютерлік технология төмендегі үш жағдайда орындалады:

І – «ойына жету» технологиясы ретінде (компьютерлік оқытуды жеке дидактикалық есептер үшін жеке тақырыптар, бөлімдер арқылы пайдалану).

ІІ – қолданып отырған технологияның ішіндегі ең маңыздысын анықтайтын негізгісі ретінде.

ІІІ – монотехнология ретінде (бұл жағдайда барлық оқыту процесстері, барлық оқыту процесстерін басқару, диагностиканың барлық түрлері, мониторинг компьютерді қажет етеді).

Технологияның классификациялық параметрлері:

  1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогиклық.
  2. Философиялық негізі бойынша: бейімделгіш + технократиялық.
  3. Дамудың негізгі факторы бойынша: социогендік + психогендік.
  4. Игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті – рефлекторлы.
  5. Тұлға құрылысына бағдары бойынша: ақпараттық + операциялық.
  6. Мазмұнының сипаты бойынша: ойға жету кез келген мазмұн үшін жарамды.
  7. Танымдық қызметті меңгеру типі бойынша: компьютерлік.
  8. Ұйымдық формалар бойынша: даралық + кішкене топтар жүйесі.
  9. Оқушыға сәйкестігі бойынша: қызметтестік.
  10. Басым әдіс бойынша: ақпараттық + операциялық, диалогтық + программалап оқыту.
  11. Модернизация бағыты бойынша: ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі.
  12. Оқушылардың дәрежесі бойынша: барлық категориялар.

 

 Мақсаты:

  • Ақпаратпен жұмыс жасай білуді қалыптастыру, коммуникативтік қаблетті дамыту.
  • Ақпараттық қоғам мүшесін дайындау.
  • Оқушыға мүмкіндігінше көп материалдар беру.
  • Зерттей білушілік, тиімді шешім қабылдай алушылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Концептуалдық жағдайы:

  • Оқыту – бұл оқушының компьютермен қарым-қатынасы.
  • Бейімділік принципі: оқушының даралық ерекшелігіне компьютердің бейімделуі.
  • Оқытудың диалогтық сипаты.
  • Басқарылуы: кез келген уақытта оқыту процесінің оқытушысымен қатынасуы мүмкін.
  • Оқушының компьютермен қарым-қатынасы барлық тип бойынша орындалады: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.
  • Жеке және топтық жұмыстардың тиімді сәйкестігі.
  • Оқушының компьтермен қарым-қатынасы кезіндегі психологиялық сая күйін қуаттау.
  • Шектелмеген оқыту: мазмұны, оның интерпретациясы және қосымшалары өте кең.

Информация о работе Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар