Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:16, реферат
Информатиканың актуальді бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Электрондық оқу құралдарының классификациясы
Компьютерлік технология педагогикалық программалық тәсілдерде көрсетілген және компьютер жадында сақталған мазмұнның кейбір формализациялық моделін қолдануға және телекоммуникациялық жүйе мүмкіндігіне негізделген.
Білім мазмұнының фактологиялық жағының негізгі ерекшелігі қат-қабат үлкейту, қазіргі деңгейде ақпараттық базасы бар компьютерлік ақпараттық орта, гипертекст және мультимедиа, микромирлер, имитациялық оқыту, электрондық коммуникациялар, эксперттік жүйелер болып табылады.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютерлік технологияның І және ІІ варианттарында компьютер мен басқа технология элементтерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ аса маңызды.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Мұғалім қызметінде компьютер:
Жұмыс құралдарының қызметінде компьютер:
Оқыту объектісі қызметінде компьютер:
Компьютерлік технологиядағы мұғалімнің жұмысына келесі функцияларды енгізуге болады:
Оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым-қатынасы үшін бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік Internet жүйесі береді.
Электрондық оқу құралдарының классификациясы
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Олардын мақсаты оқыту процесін мүмкіңдігінше дидактикалық жағынан тиімді ұйымдастыру. Дидактикалық тиімділікке қол жеткізу үшін қазіргі замандағы ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын комплексті түрде зерттеу, өз бетінше жұмыс жасау, білім алу сияқты әр түрлі салаларда қолдану қажет.
Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жузеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
Оқытушы электрондық құралдарды компонеттері ретінде мыналарды қарастыруға болады:
Оқушылардың білім денгейін бақылау және тексеруге арналған програмалық құралдар құрылу жеңілдігіне байланысты кең қолданыс тапты. Тіпті, программалау негіздерімен таныс емес кез келген оқытушы өз пәні бойынша сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптарын енгізе алатын бірқатар инструментальді жүйелер бар. Оқушының есебі ұсынылатын жауаптардын ішінен дұрысын тандау. Бұндай программалар оқытушыларды бақылау тапсырмаларын беріп, олрадың дұрыстығын тексеру жұмысынан босатады. Оқу материалын бекіту үшін бұл программаларды бір неше рет қолдануға болады.
Электрондық тренажерлар практикалық іскерліктер мен дағдыларды бекітуге арналған. Сонымен қатар олар есепті шығару іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді . Бұл жағдайда олар теориядан қысқаша ақпарат алып, әр түрлі денгейлерде өз бетінше жұмысты ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Математикалық және имитациялық моделдеу үшін арналған программалық құралдар, тәжірибелік және теориялық зерттеулерді кеңейтіп, физикалық тәжірбені есептеуіш тәжірибемен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір жағдайларда зерттеу объектілері, екіншісінде - өлшеуіш тағайындаулар модельденеді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды сатып алуға кететін шығынды азайтуға мүмкіңдік береді, оқу лабораторияларындағы жұмыс қауіпсіздігі төмендейді.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері оқушыларды теориялық материалмен таныстырып, білім деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін шағын көлемді оқытушы программалар.
Интеллектуалдық оқытушы жүйелер жоғарғы денгейлі жүйелерге жатады және жасанды интелект идеясында жүзеге асырлады. ИОЖ есептің қойылымынан және оны шешу принципін іздеуден бастап, шешімнің тиімділігін бағалауға дейін, оқу есебінің барлық сатыларында басқаруды жүзеге асыруға мүмкіңдік береді. Бұндай жүйелер қарапайым тілге жақын тілде өзара диалогтық түрде қарым-қатынас ұйымдастыруға мүмкіңдік береді. Диалог барысында тек орындалатын әректтер дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар шешімді іздеу стратегиясы әрекеттерді жоспарлау және т.б. талқылануы мүмкін.
Білімді
ақпараттандырудың актуальді
Жалпы оқу жүйесіне қатысы оқытушы электрондық құралдарды(ОЭҚ) келесі түрлерге бөлуге болады:
Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқытушы электрондық құралдарды қолдануға арналған программалық құралдардын барлық типтерін қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту жүйесі ОЭҚ-ды оқушылардын өз бетінше жұмысында қолдануға үлкен мүмкіндіктер береді.
Факультатив жұмысында қолдануға және бір пән бойынша білімін тереңдетуге арналған ОЭҚ дәстүрлі оқыту жүйесіне бағытталған ОЭҚ- ға ұқсас. Негізгі ерекшелігі ҚР БМ стандарттары мен программаларынан тыс оқу материалдарының болуы.
Әдістемелік қызметіне қарай ОЭҚ-дар мен олардын компоненттерің былай классификациялауға болады:
Сабақты ұйымдастыру формасына қарай да ОЭҚ-рды топтауға болады. Оларды дәріс, лабороториялық, практикалық сабақтарда, ғылыми зерттеу жұмысында курстық және дипломдық проектілерге пайдаланылатын деп ажыратады.
Электрондық оқулықтарды дидактикалық ерекшеліктеріне қарай білімді қалыптастыру, мәліметтерді хабарлау, іскерліктер қалыптастыру, білімді бекітудің дидактикалық бағытталуына қарай классификациялауға болады. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды құруда технологиялық тұрғыдан негізделген танымдық әрекеттің төмендегідей сатылары ескерілуі керек:
Электрондық оқулықтар және оларға қажетті материалдар дидактикалык денгейіне байланысты негізгі төрт топқа бөлінуі мүмкін.
Бірінші топқа баспа материалдары және олардың көшірмелері, аудио және видео касеталар жатады. Баспаға шығарылған басылымдар тақырып бойынша теориялық материалдардың оқыту текстінен және оларға сәйкес графикалық иллюстрациялардан, оқытушылар үшін ұсыныстардан, есептер жинағынан құралады.
Екінші топқа элетрондық оқулықтар, виртуальді оқу кабинеттері және компьютерлік желілер жатуы мүмкін.
Информация о работе Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар