Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:27, курсовая работа
Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі бағыт құрайды; білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру. Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын сабақтары және т.б. болып табылады).
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1.Информатика пәнін оқыту әдістемесі............................................................6
2.Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.................................13
3.Технологияның мәндік сипаты......................................................................17
4.Информатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.........................20
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................30
Іс-әрекет тәсілінің негізгі қағидасы- тұлғаның білімі мен дамуы процесіндегі іс-әрекеттің жетекші рөлі болып табылады. Бұны біз жоғарғы сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеру моделінің құрамдық компоненттерін айқындау барысында ескереміз.
Компьютерлік оқытудың теориясы мен технологиясын практикада қолдану мынадай деңгейлерді қамтитын педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау көрініс алады; тұжырымдамалық, технологиялық, операциялық, педагогикалық және машина арқылы жүзеге асыру. Педагогикалық бағдарламалық құралдарды тұжырымдамалық тұрғыда жасау оқытушының, компьютердің және оқушының оқу процесіндегі өзара әрекетінің психалогиялық механизмдерін құру болып тадылады. Бағдарламалық құралдарды жобалаудың технологиялық деңгейі үшін негізгі проблема, басқару тәсілдерінің әртүрлі компоненттерінің өзара іс-әрекеттік проблемасы болып саналады. Операциялық деңгей дербес компьютерге жүктелген функцияларды анықтаумен және оларды жүзеге асыру тәсілдерін таңдаумен байланысты.
Пән мұғалімдер үшін аса
Бағдарламалық оқытудың
Педагогика ғылымдарында
Ал педагогикалық жүйе дегенге келетін болсақ, біздің пайымдауымызша, «педагогикалық жүйе – заман талабына сай қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыруда ұйымдасқан түрде, мақсатты бағыттылықпен, жоспарлы педагогикалық ықпал жасауға қажетті құралдардың, әдістер мен процестердің өзара байланысқан жиынтығы». Педагогикалық жүйенің қайсы бірі болмасын ғылыми теорияның екі ұғымын қалыптастырады; дидактикалық тапсырмалар және технологиялық оқыту,сонымен бірге әрбір дидактикалық тапсырмалар оқытуға барабар технологияның көмегімен шешімін табады.
Қоғамда информатиканы оқытудың негізгі бағыттарының бірі, ақпараттық технологияларды, информатиканың әдістері мен құралдарын дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруға, оның сапасын компьютерлерді оқушылардың танымдық іс- әрекетін қолдауда пайдалана отырып, білімді ақпараттандыру болып отыр.
Информатиканы оқыту әдістері мен теориясы әдетте мәліметтерді өңдеу мен құралдарының оларды қалыптастыру, аудару сақтау мен қажетті жағдайды ақпараттық өнімді бейнелеуді оған жұмсалатын шығынның өзгеруіне қарай , әлеуметтік ортаның заңдылықтарын сәйкес ақпараттық жаңа технологияның дамитын жеріндегі жиынтық деп түсінуге болады. Ақпараттық технологияны білім жүйесінде қолданудың негізгі бағыттары төмендегідей: пәндік- информатиканы ғылым ретінде, ал компьютерді құрылғы ретінде тікелей
оқып-үйрену; құрал –жабдықтық жазуды, сурет салуды, есептеуді, ақпараттық жинақталуы мен ұйымдастырылуы сияқты іс-әрекеттеді компьютерді пайдалана отырып іске асыру; еңбектік-есептеуіш құралдар мен ақпараттық технологияларды еңбек дағдылары мен кәсіптік бағыттауды қалыптастыруда пайдалану; демалыстық – оқу процесінің сыртындағы жекелеген қызығушылықтарды жүзеге асыруда компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану; оқытушылық –ЭЕМ-ді педагогикалық және әдістемелік іс-әрекеттің әр түрінде пайдалану; ұйымдастырушылық-білім беру жүйесін басқару мақсатында пайдалану; оқыту –компьютерді нақты бір оқу пәнін оқыту құралы ретінде пайдалану.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына инф
бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады. информатиканы оқытуда. Мектепте информатиканы оқытуда дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей: -математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
-мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда.
Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады. Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде.
Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті
және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады. Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның , оқыту үрдісінде даралап және топтап , оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын
жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Технологияның мәндік сипаты болып педагогикалық технологияда екі бағытта қарастырылатын мақсатты білім беру процесі саналады; 1) оқушылардың оқу материалын меңгеруінің сапасын диагностикалық және обьективті тұрғыда бақылау; 2) тұлғаныңжалпы дамуы. Педагогикалық технологияны жасаудың және оны практикады жүзеге асырудың маңызды принципі болып құрылымдық және мазмұндық тұтастық принципі саналады. Педагогикалық технологияны құру жолындағы келесі бір маңызды нәрсе тұлғаны қалыптастыру мақсатында белгілі ғылым мен практика саласында оқу пәні мазмұнын нақты, мақсаттылықпен сұрыптау болып тадылады. Сұрыптаудың көкейкестілігі компьютерлік технологияның көмегімен жүзеге асырылатын оқу туралы сөз болғанда ғана айтарлықтай арта түседі. Компьютерді оқыту процесінде пайдалану оқытудың мазмұнына қойылатын тәсілдерге маңызды ықпал етеді.
Оқу пәніндегі обьектілердің
жиынтығын саралап көрсету
Білімді меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау құралдары болып оқушылардың білім сапасын бақылаудағы (ағымдық және соңғы) әртүрлі әдістері (ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тест жұмыстары) саналады. Біз әдістердің ішінде тестке аса мән бердік. Өйткені оқушылардың меңгерген білім сапасына арнайы құралдарда тексерілген тесттер ғана әділ баға бере алады.
Педагогикалық технологияның
Іс-әрекеттің құрылымындағы әрб
Бүгінгі таңда ғылымдардың жұмыстары негізінде (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.) тұлғаның психикалық қасиетін дамыту саласында оқыту мақсаттарының диагностикалық тапсырмаларына мүмкіндіктер жасалған. Сондай жетекші қасиеттерінің бірі болып оқу материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгеру және оларды іс-әрекетте пайдалану саналады. Меңгерген нәрсені санамен қабылдау – білім мен әрекетті меңгерудегі құрғақ жаттандылыққа қарсы тұратын оқытудың басты мақсатының бірі. Іс-әрекеттің жалпы құрылымындағы адамның бақылау және түзету операцияларын орындау сапасы меңгерген оқу материалдарын саналы түрде ой елегінен өткізу дәрежесіне байланысты.
Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері