Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 18:35, реферат
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Кіріспе...........................................................................................................3
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері.................4
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктері...................................................................................................4
1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері........8
1.3 Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы...................................12
2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны.............................................14
2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті.................................................14
2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар..........................................16
Қортынды....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................
Сәбидің терісі біркелкі алқызыл түстес болады, алайда бетінің ұштары сәл қызғылттанып тұруы мүмкін, ол дақтар 1-2 аптадан соң кетеді. Білегі мен сирақ-табан буындарының, қолтығының және мойнының терісі қатпарланып келеді.
Адамның терісі сыртқы факторлардан қорғаныш қызметін атқарады. Ересек адамның терісі көптеген қабаттардан тұрады, май мен тер бездері бар. Ал сәбилердің тері қабаты аздау, бірақ май мен тер бездері біршама көп. Сол себепті оның терісі – жұмсақ, нәзік және тез тітіркенгіш. Сәбидің денсаулығы жақы болу үшін тері күтімін мұқият сақтау керек.
Емшектегі сәбилердің жылу алмасуы (ағзаның тұрақты температураны ұстап тұру қабілеті) өте нашар дамыған, сондықтан оларға ыстық та, суық та бірдей қауіпті. Бөлме температурасын сәбиге қолайлы етіп ұстаңыз – 22-24°С.
Алғашқы кездері өте көп ұйықтайды – 15-17 сағат. Алғашында емізгеннен кейін 10-15 минут уақыт өткен соң ұйықтап қалады. Сәби үшін күн мен түннің айырмашылығы жоқ.
Түнде кейбір аналар «сәбиіме бірдеңе болып қалар» деп, түн ұйқысын төрт бөліп, жиі оянып қарап тұрады, мұндай мазасыздықтан арылу үшін сәбиіңізді жаныңызға алып жатыңыз. Ғалымдардың зерттеуінше, 3 жасқа дейін бала анасының жанында жатып ұйықтауы керек, кері жағдайда оның жүрек аурулары дамуы мүмкін.
Сәби өміріне маңызды шартсыз рефлекстер. Сәби жақсы тыныс алады, қатты айқайлап жылайды, түшкіреді, жөтеледі, өздігінен еме алады, артық заттардан ішектері мен қуығын босатады.
Психоэмоционалды дамуы шектеулі. Дүниеге келген кезінде бас миының негізгі орталықтарының қалыптасуы әлі аяқталмаған, бірақ алғашқы 3 айға дейін толық дамып бітеді. Сондықтан осы аралықтағы кезең бала психикасы мен интеллектісінің дұрыс дамуында шешуші рөл атқарады.
2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны
2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті
Нәрестелік кезеңдегі баланы дамытудың басты құралы – ойын. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- балаларға ақыл-ой, дене шынықтыру және сұлулық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын айналадағыны танудың тәсілі. Балалардың өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады, логикалық ойлауын дамытады.
Ойынды ұйымдастыру тәрбиешіден көп ізденісті талап етеді, себебі бала білімді игереді, ақыл-ой қызметі дамиды, өзара қарым-қатынас жасайды, белгілі бір нәтижеге жетеді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын үлкен жетіс-тіктер есігін ашады, бала еркін, қызығушылықпен ойнап қана қоймай ізденімпаздық, тап-қырлық т.б. сезім қабілеттерін қалыптастырады.
Әр түрлі және мазмұнды ойын әрекеті баланың қоршаған өмірдің жаңалығын ашуға, зерттеуге түсінуге деген құлшынысын оятады. Ойын әрекеті баланың:
-Әлемді тануда, ой өрісінің, тілінің дамуына;
-Адами тәртіптердің тәжірибесін игеруге;
-Ұжымдық тебіреністердің тәжірибесінің жинақталуында;
-Әлеуметтік қарым-қатынас қалыптастыруда;
-Дене дамуында ерекше рөл атқарады;
Мағжан Жұмабаев «Адам денесі қозғалуды тілейді. Адам неғұрлым жас болса, соғұрлым қозғалуды көп тілейді. Екі жастағы дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмейді, ойнайды да жүгіреді» - деп бекер айтпаса керек. Балаларға алғашқы жеті жыл – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Ойын балаларға тән алуан әрекеттер сынды бір текті емес және оның әрбір түрі бала дамуында өзінің қызметін орындайды. Ойынды қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, педагог ойынның көмегімен баланың қоршаған әлеммен, үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауына көмектеседі [6].
Қозғалыс және ойын – бала
ағзасы үшін биологиялық қажеттілік. Баланың
денесін, денсаулығын ойын арқылы шынықтыруға
да әбден болатыны белгілі. Дене тәрбиесінің
басты міндеттері: балалардың денсаулығын
сақтау және нығайту дене бітімін дұрыс
дамыту, организмдерін шынықтыру, қимыл
және мәдени гигиеналық дағдылары мен
іскерліктерін қалыптастыру. Баланың
денесін шынықтыру үшін қимылды ойындарды
пайдалану керек.
Дене шынықтыру құрал-жабдықтардың дұрыс
іріктеп және қозғалыс әрекет түрлерінде
орынды қолдануы балалардың:
-шығармашылық қабілеттері және дене сапаларын дамытуға;
-түрлі қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға;
-дене және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге;
-дене шынықтыру жаттығулары мен спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;
Сонымен қатар баланың толыққанды
психофизиологиялық дамуы мен олардың
денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді;
Жаттығу кешенін орындау үшін баланың
дербестігі, өзіне сенімділігі және қиындықты
еңсеру үдерістеріне жеткен нәтижесіне
қанағаттанарлық сезімі жақсы стимул
болып табылады. Түрлі сипатта туындаған
қиындықты (кездескен түрлі кедергілер,
жасқаншақ, тол-қу, қимыл-қозғалысты орындау
тәсілін білмейтіні және т.с.с.) жеңу нәтижесінде
ал-ған қанағаттанарлық ерік күшінің дамуына
ықпалын тигізіп, қимыл-қозғалыс тәжірибесін
байытады. Ойындық жаттығулар апталық
тақырыпқа сай жинақталып, шығарма мазмұнымен
тығыз өзара байланымда болады. Педагог
оларды түрлендіріп, мазмұнын басқа да
ойын тәсілдермен толықтырып қолданады.
Қимылды ойындар баланың нервтік- психикалық
дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының
қалыптасуына үлкен әсер етеді. Бұл ойындардан
баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы,
мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасып
дамиды. Бұндай ойындарға: «Ханталапай»,
«Жасырынбақ», «Соқыр теке»,
«Сиқырлы таяқ», «Атқаума» т.б. көптеген
ойындарды жатқызуға болады.
Қоршаған өмірдің қарапайым
құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру,
танымдық - психикалық процестерді, түйсікті,
қабылдауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді
дамыту, интеллектуалдық іскерлікпен
дағдыны дамыту, ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін
ойын арқылы дамытуға болады. Ақыл-ойды
дамыту ойындарына: «Не өзгерді?», «Артық
затты тап?»,
«Жеміс дүкені». «Асық ату». және т.б. жатқызамыз.
Бұл ойындар баланың танымдылық белсенділігін
оятып, зейінін және ес процессін дамытады.
Балалар ертеден бастап ән, ертегі тыңдайды,
суреттер қарайды. Тәрбиеші баланың сұлулық
сезімін тәрбиелеп, эстетикалық ұғым,
эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруы
керек. Бұл қасиеттерді де тәрбиеші ойын
арқылы іске асырады. Мысалы: «Мен жақсы
көремін», «Гүлдер», «Күзгі жапырақ» т.б.
Әр балада кішкене кезінен бастап-ақ темпераментіне
байланысты мінез-құлық нормалары қалыптасады,
қоғамға деген мінез-құлық мәдениеті көріне
бастайды. Достарына, туыстарына, ата-анасына
жалпы қоғамға деген дұрыс көзқарас қалыптастырып,
баланы шеберлікке, ептілікке, қиын кезде
жол таба білуге, ақылдылыққа, шыдамдылыққа
тәрбиелеуді де ойын арқылы іске асыруға
болады. Мысалы: «Бір-бірінің жақсы қылықтарын
айтып мадақтау», « Мен жақсы көремін»,
«Көмек», «Менің ең жақыным» және т.б. ойындарды
ойнату арқылы нәтижеге жетуге болады.
Әр бір топта міндетті түрде мінезі, темпераментіне
байланысты болсын, үйіндегі жағдайға
байланысты бір мазасыз, тым пысық немесе
қорқақ балалар болады. Ойын балалар үшін
оқу да, еңбек те – дегендей бұндай балаға
іші пыспайтын, мінез құлқын дұрыс қалыптастыруа
көмек беретін, қорқынышы болса жеңе алатындай
ойындар ойнатуымыз керек. Мысалы: «Анам
мені не үшін жақсы көреді?», «Мақтаулар»
ойыны, «Шыңқ етер», «Мүсін» т.б. Ойын ойнатқан
кезде сыртта бір де бір бала назардан
тыс қалмау керек, ойынға міндетті түрде
бәрі қатысуы керек, ойынның шартын түсіндіріп,
балалар түгел бәрі түсінгенде ғана басталуы
керек.
Тәрбиешілердің жылдық жоспарындағы ойындары бір ғана бағытта болмауы керек яғни, денсаулығын дамыту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлықты қалыптастыру, сұлулық тәрбиесін дамыту ойындары да болу керек. Біз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қана қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы ретінде қарауымыз керек. Міне осы кезде біз көздеген мақсатымызға жетеміз [7].
Баланың ой-өрісін ойын арқылы дамытуда халықтық педагогиканың, халық ойындарының маңызы зор. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен, балаларға ұнайтын санамақ, жаңылпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ, жұмбақ, жаңылпаш баланың ой-өрісінің дамуына ықпал етсе, сиқырлы таяқ, аударыспақ, ақсерек-көксерек, жасырынбақ зейінімен қатар дене тәрбиесіне де ықпалын тигізетіні сөзсіз. «Ойын арқылы баланы жан-жақты дамыту» деген сөзге үлкен мән бергеніміз жөн. Тәрбиедегі негізгі мақсат баланы жастайынан әлеуметтік ортада міндетті қарым-қатынас жасай білуге, елжанды болуға баулу. Бүгінгі бүлдіршіндер еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бұл тәрбие балабақшадан бастап беріледі, ал баланың біз жан жақты дамыту үшін әрі жеңіл, әрі қызықты, тез қабылдайтын тәжірибе жолын пайдалануымыз керек, ол – ойын.
2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар
Нәрестелік кезеңдегі дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада нәрестенің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Нәресте бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін нәрестені мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр нәрестенің жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Нәресте тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Нәрестенің бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Нәрестенің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Нәрестенің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне нәрестенің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын[8].
Дағдарыс жасында нәресте мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін отбасыларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
Міне, нәрестелік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз нәрестенің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мәселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Нәресте бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат» ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінереміз[9].
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады. Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория—-қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.
Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей; Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады [10].
Информация о работе Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны