Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 18:35, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері.................4
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктері...................................................................................................4
1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері........8
1.3 Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы...................................12
2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны.............................................14
2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті.................................................14
2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар..........................................16
Қортынды....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

нәрестелік кезең КУРСОВОЙ АБЛЕЗ (1).doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)

         Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді.

       

        Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай нәресте толған соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ашуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы нәресте тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш нәрестеінің интеллектуалдық ақыл-ойының даму дәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.

        Екіншіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы нәресте тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді[11].

        Ж.Пиаженің,А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: «Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.

    Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, «арба аттын алдына жегіледі»; Істің мәні мынадай: нәрестенің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар «мынаны былай атайық, ананы олай атайық» деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды. Штерн де дәл осыны айтады. Сәбидін белгі мен мағына арасындағы байланысты түсінуі қалай пайда болатынан, өмірдің әр түрлі сатысында бұл түсінік алуан турлі болатынын түсіндіру орнына ол былай деп қателік жіберді. Ең алдымен жаналық жасалады, яғни тілі шықпаған сәби тіл деген түсінікті игері» үлгереді. Бұл теория бойынша тіл ол туралы түсініктен шығады ал бұл ретте іс жүзіндегі даму барысы былай өтеді: сөйлеу процесінде сәбидің тіл туралы белгілі түсінігі қалыптасады. Штерн көзқарасындағы тағы бір жайт бала тілінін, оның ұғымдық жа-ғының дамуы туралы мәселені мүлде жоққа шығарады, ягни мен бір жарым жасымда өз өмірімдегі ғаламат жаңалықты ашсам, одан кейін өзіме кажет қорытындылар жасағаннан басқа маған ещтеңе де қалмайды.

Бюлер күлдіргі мақаласында: Штерн сәбиді және оның тілінің дамуын бағалы қағаз капиталы ретінде санап, содан кейін оның қиығьш кесіп алатын есім ретінде бейнелейді, деп жазды. Осы пікіріне орай Штерннің іс жүзіндегі зерттеулерінін барлық деректері шындыққа жанаспайтьш өзара қарама-қарсы жағдайға түседі. Ол баланың даму ерекшеліктеріне арналған монографиялық еңбегінде бала 5 жасында-ақ тілі дамып аяқталады, ал одан әрі онда тек аздаған өзгерістер гана болады дейді. Шындығында, қазіргі зерттеулер көрсетіп отырған мәліметтерге қарағанда баланың бірқатар ұғымдарды мектеп жасына дейінгі кезенде меңгеретіні мәлім. Менің ойымша Штерн концепциясының негізгі келеңсіздігі бастапқы дамудың ең маңыздысын ысырып тастауға тырысушылық болып табылады. Штерннік басты идеясының мәні дәл мынада: сабақтан жапырақ өсіп шыққан сияқты бәрі дами береді. Бұл жолы да Штерн өзінін бастапқы теориясына қайта оралатын ниетін байқатты. Штерянің көзқарасын жақтау барыты К.Бюлер, АТезелл сияқты авторларда да кездеседі. Олар балалардың бүкіл даму мәні алғашқы жылғы өмірін айналып жүреді дейді. Осының бәрі бізді Штерн көзқарасын қабылдамауға мәжбүр етеді. Оның көзқарасы қазіргі кезде психологияда қолданылмайды деуге де болады. Бізде сол көзқарастардан өзгеше бірқатар жаңа пікірлер бар. Енді соларға қысқаша тоқталып өтейін[12].

         Бюлер көзқарасы Штерннің қас пен көздің арасында аштым деп жүрген жаңалығы микроскопиялық қозғалыс, ол күннен күнге ұлғайып, бірнеше айға созылады, яғни бұл жаңалықты молекулдық құрылым деп көрсетуді көздейді. Бюлер теориясы Вена мектептеріндегі мылқау балаларға жүргізілген байқау нәтижелеріне негізделеді.

        А.Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па – ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «керемет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер нәресте кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін ашьш біледі.

         К.Коффка көзқарасы бүкіл құрылымдық психология тұрғысынан алғанда, сәбидің бұл алғашқы жаңалығы құрылымдык әрекет түрінде көрінеді. Сәби зат пен оны атау жөнінде өзіңдік құрылымды ашады. Мұның өзі жеміс қашықта жатқандай, тек қана оның таяқтың көмегі болмаса алынбайтын жағдайдары маймылдың әрекеті сияқты болып көрінетін жаңалық. Осы бағытта Коффка мен Валлон теориясы бірігіп кеткен сияқты.

    Сонымен бұл теориялардың бәрі Штерн теориясының интеллектуалдығы – жұмсартқанымен оның бастапқы идеалистік тезисіне қарсы шығады да, тіл туралы түсінікті тілдің құбылыстан шығарып тастайды. Сөйтіп олар біз баяғы тілдің шығуы жайындағы Штерн теориясының қателігі маңынан ұзап шыға алмайды. Себебі, олар негізінен сәби сөзінің пайда болуы мен дамуының өзгермейтіндігін қуаттайды. Енді тілдің шыруы туралы қазіргі ілімді қысқаша ғана атап өтіп, сол арқылы сәбидің алғашқы дағдарысының негізгі себебін анықтайык.

    Бала тілінің шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынаі тұжырымдауға көмектеседі және осы мәселеге қатысті буржуазиялық көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету ұшін қолайлы жағдай тудырады.

Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек[13]

Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.

Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің «сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас» деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру – бұл мәселенің өзегі.

         Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс. Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды. Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

          Алайда нәрестенің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.

        Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғы дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады, баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз.

          Бала дамуындағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Берілген зерттеу тақырыбымды қорытындылай келе, төмендегідей нәтижелер шығаруға болады: жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады, екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Информация о работе Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны