Операциялық жүйе Mac Os

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:47, доклад

Краткое описание

Компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады.

Содержание

Кіріспе 3
Apple корпарациясы 4
Macintosh 7
Mac OS және Linux 9
Еркін бағдарламалық қамтама 11
Терминология 12
Қорытынды 14

Вложенные файлы: 1 файл

Macintosh.docx

— 496.82 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медициналық  университеті

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: операциялық жүйе Mac Os

 

 

 

Орындаған: Алпысбаев Д.Н

Жақыпбаева Ғ.Қ

ОЗ 102 топ

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013 

Мазмұны

Кіріспе 3

Apple корпарациясы 4

Macintosh 7

Mac OS және Linux 9

Еркін бағдарламалық  қамтама 11

Терминология 12

Қорытынды 14

 

 

Кіріспе

Компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі. 

Apple корпарациясы

Apple Inc— дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында.

Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша  ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның  Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде  тіркелген. 30 жыл бойы компанияның  атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.

Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған  дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері  шыққан еді, алайда олар жеке компьютер  ретінде техникалық жағынан біліктілігі  жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше  фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының  компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың  басында Apple II компьютерлері әлем бойынша  миллиондаған данасымен таралады.1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы  кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты  шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін  жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде  компанияның жақын арада жабылуы  жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары  жақсы болмайды.1984 жылы Apple фирмасы  өзінің алғашқы жаға 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай  компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері  фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд  Рейган техникалық үдерістің дамуына  үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында  көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhone смартфондарын  ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPad планшетті  компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді  шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация  бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын  басып озып, ең қымбат компанияға айналған.

 Фирманың атауы ағылш. apple ('алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді.[3] Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.

Apple-дің ең бірінші логотипін  Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның  алма ағашының астында отырған  бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф  бір жағы тістелген, кемпірқосақ  түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған.  Кейін алманың түсі қараға  өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан  бері қолданылып келеді.

Apple фирмасының мәліметтер  жинақтауыштарды басқару архитектурасы  (Архитектура управления носителем  фирмы; Apple Apple Media Control Architecture (АМСА) —  Macintosh дербес компьютері базасында  мультимедиа жүйесіне арналған Apple фирмасының архитектурасының стандарты.

Apple sound chip (ASC) - Macintosh дербес  компьютеріне арналған Apple фирмасының  дыбыстық микросхемасы. Archie – Интернет  желісінің FTP хаттамалары арқылы  файлдарды іздеуге арналған қызмет  ету (индекстік) жүйесі. Archie серверлері  ауықауық FTP серверлерімен байланысып, файлдар туралы мәліметтер жинап  отырады. Apple – бұл көпшілік компаниясы, оның акциялары NASDAQ биржасында және Лондонның қор биржасында сатылады. 2011 жылдың басында сатылған акциялардың жалпы саны 921,28 млн шт. құраған. 2011 жылдың наурыз айында нарықтық капитализация бойынша компания 309,5 млрд долларға бағаланған.

 

 

 

 

Macintosh

Macintosh (Мак) - АҚШ-тағы Apple фирмасының  дербес компьютерлері тобы. Бұл  топқа Power Macintosh, Macintosh AV, Quadra, LC және  т.б. компьютерлер жатады.

iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады. iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған. iOS MacOS-тің негізінде құрылып, оның POSIX (орыс.)қазақ.-үйлесімді Darwin (орыс.)қазақ.-нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады. iOS-та төрт абстракциялау қабаты (орыс.)қазақ. бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты. iOS-тың қазіргі таңдағы версиясында (iOS 6.0) жүйелік бөлімге құрылғының 1,5 — 2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді). 2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде iOS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.

Ең алғашқы Мас 1984 жылы 24 қаңтарда шығарылды. Бұл компьютер  пайдаланушының графикалық интерфейсін (алғашқы тышқанды құрастырып шығарған Дуглас Энгельбарт NLS (oN Line System) 1967 жылы болды [1]) мен басқару жолағының  стандартты интерфейсін қолданды. Осыдан соң қомпания Apple II компьютерлер тобын  шығаруды доғарды. Себебі олар бәсекелестікке төтеп бере алмайтын еді.Қазіргі  кезде Macintosh компьютерлері келесі өнімдерді  ұсынады: бастапқы деңгейдегі МасВооk ноутбуктерін, жоғарғы деігейлі MacBook Pro ноутбуктарын, ультрапортативті MacBook Air ноутбуктерін, компактты Mac mini үстел  компьютерлерін, iMac интегрирленген дисплейімен  моноблокты үстел компьютерлері, жоғарғы  деңгейдегі Mac Pro жұмыс станциясы. Әрбір  компьютер ішінде әртүрлі конфигурациялар  болады.Macintosh бірінші компьютерлері Motorola (68000, 68020) процессорлармен базасын  қолданып, одан кейін әлдеқайда күшті IBM PowerPC процессорларын ( PowerMac моделді  компьютерлерде қолданылды), соңында Intel процессорларымен жабдықталды.

Соңғы үстел компьютерлері  мен PowerPC базасындағы серверлер 64-разрядты G5 процессорларымен, ал ноутбуктер 32-разрядты G4 процессорымен жабдықталды. Жоғары жылу бөлгіштігі мен энергияны қажет  ету жоғарылығына байланысты G5 процессорларын IBM жаңалата алмады және оларды ноутбукке  қолдану мүмкін болмады. IBM процессорларының тактілік жиілігінің төмен болуы  және жоғарыда аталған проблема Apple компаниясына жаңа процессор қондырғыларын іздеуге мәжбүрледі. Жиілігі жоғары және шағын Intel процессорларына Apple 2006 жылдан бастап көше бастады. Сонымен қатар осы процессорды қолдану арқасында жаңа мүмкіндіктерге қол жетіп Rosetta технологиялары қолданылды. 2006 жылдың соңында барлық компьютерлер жаңа процессорға көшірілді. Сол уақытта Intel архитектурасы 32-рахрядты Mac OS 10.4 операциялық жүйесін қолдады.

2010 жылы барлық шығарылған  компьютерлер 64-разрядты Intel Core 2 Duo және Intel Xeon процессорлырмен жабдықталды.  Ал алдыңғы үлгі 64-разрядты қалыпта  Mac OS X 10.5 қолдаса, 32-разрядта Intel және PowerPC платформалары болды. Жаңа 10.6, Mac OS X үлгісі, PowerPC-тен көшірме болса  да, эмуляция тәртібі ссақтала  тұра, тек қана Intel платформасында  ғана жұмыс істеді, Көптеген қолданбалардағы  секілді Mac OS X 10.6 Snow Leopard толықтай 64-битті  болды. Соңғы уақытта Apple Windows ОЖ-сін  және Boot Camp утилитін қолданды, тек  қана бұл емес Macintosh платформасында Linux ОЖ-сі де қолданылды. 

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды  атқаруға арналған компьютерлер, соның  ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын  жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық  жүйе мысалдары ретінде келесілерін  келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Mac OS және Linux

Linux операциялық жүйесі  көптеген жерлерде, яғни ұжымдық  мекемелер мен ғимараттарында  оқуда тегін және өте қарапайым  OS Unix альтернативінде кең таралды.Бүгінгі  барлық операциялық жүйелердің  жақсы қасиеттерін Linux  өзінде  қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық  жүйе сияқты жеңіл қондыруға  болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің  жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі  Unix принципі арқылы жасалған.OS Linux-тің  болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ  бұл операциялық жүйенің он  бір жылдық тарихы бізге керісінше  ойлануға кепілдік береді.Бұл  жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері  мен жұмыс ережелерімен танысу  болып табылады. Бөлімдерде операциялық  жүйенің жалпы мағлұматтары және  оны дербес компьютерде қондырудың  процесі келтіріледі. Сонымен  бірге операциялық жүйеде графиктік  және мәтіндік режимдермен жұмыс  істеуге болатыны көрсетіледі.  Және де кейбір администраторлау  мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты  қамтылуы беріледі.

Mac OS тын Linux –інде инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады. Linux – Unix  операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі  шыққаннан кейін екі айдан  соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық  жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды.  Сондықтан Linux операциялық жүйесі  бүгінгі күнде көптеген жер  шарының программистерімен дамытылуда  және олардың жемісі көптеген  Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі  күнге дейін Линус Торвальдс  болып саналады.Linux Unix-тің жеңілдетілген  түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Еркін бағдарламалық  қамтама

Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге  өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа  операциялық жүйелер туралы естімеген  адамдар да бар. Осы мақалалар  сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті  қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті  қалай орнатып-баптауды, көмекті  қайдан іздеу және не оқу керек  туралы біле аласыз.

Информация о работе Операциялық жүйе Mac Os