Операциялық жүйе Mac Os

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:47, доклад

Краткое описание

Компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады.

Содержание

Кіріспе 3
Apple корпарациясы 4
Macintosh 7
Mac OS және Linux 9
Еркін бағдарламалық қамтама 11
Терминология 12
Қорытынды 14

Вложенные файлы: 1 файл

Macintosh.docx

— 496.82 Кб (Скачать файл)

 

Терминология

Free Software – еркін бағдарламалық  қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып  және таратуға рұқсат ететін  еркін лицензиялардың біреуі  аясында таратылады.Open Source – бастапқы  кодтары ашық бағдарламалық қамтама  не ашық бағдарламалық қамтама.  Маңызды ескерту: ашық – тегін  дегені емес. Ашық пен еркін  арасында айырмашылығы аз, тек  керек кезінде оны ол туралы  жеке айтамыз.

GNU/Linux – Linux ядросына негізделген  операциялық жүйенсінің атауы.  Көбінесе осы сөз тіркесінің  бірінші бөлігі айтылмайды, тек  Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы  – ядро, командалық өндеуіш және  бағдарламалық қамтаманың жинағы.

Дистрибутив – бағдарламалық  қамтаманың (операциялық жүйелер  де) таратылу түрі, құрамында осы  операциялық жүйенің орнатқышы  мен минималды бағдарламалар  жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.

Консоль (командалық жол) –  негізі, ол – операциялық жүйенің  мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде  командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына  ұқсас болып келеді.

Root (суперпайдаланушы) –  GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік  құқығы бар пайдаланушысы.

GUI (ағылш. «graphical user interface»)  – пайдаланушының графикалық  интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер,  батырмалар мен т.с.с.

Window Manager – терезелердің  орналасуын мен олардың әрекеттерін  басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық  эффектілерді ұсынады.

Desktop Environment – жұмыс үстелінің  ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар  жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік  редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай  ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға  болады, мысалы, медиаплейерде ойнап  жатқа өлең атын жедел хабарламалармен  алмасу бағдарламасы көрсете  алады.

Десте – бағдарламалық  қамтама файлы, құрамында бағдарламаның  өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен  қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен  топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.

Дестелер менеджері –  БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді  орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері — pacman.

Репозиторий – БҚ дестелері  орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде  орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.

Бастапқы код – бағдарламаның  «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде  жазылған код файлдары мен қосымша  құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану  үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс  компиляция деп аталады.

Скрипт – командалық өңдеуіш  орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта  тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады. 

Қорытынды

Macintosh Operating System бағдарламалық  қамтамасыздандыруының құрамы.Жаңа  технологиялардың қарқынды дамуы  және оны пайдалану аймағының  кеңейтуі бағдарламалық қамтамасыз  етудің интенсивті дамуына әкелді. Macintosh Operating Systemдердің бағдарламалық  қамтамасыз ету бағдарламалық  және құжаттық құралдардың жиынтығы,ол  есептеу техникасының құралдарымен  деректерді өңдеу жүйесін құруға  және іске асыруға арналған.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

(живая библиотека, 2006)

(http://referatkaz.kz)

(http://v-mus.ru/dms132759669/knigu_po_apple_mac_os_x.html, 2005)

(http://www.google.kz/#q=macintosh)

(Симонович С.В., 1999.)

(А.Д)


Информация о работе Операциялық жүйе Mac Os