Экономикалық қауіпсіздік» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беретін стандартына сәйкес негізделіп жасалған (ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен №671 07 тамыз 2004 жылы) және кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешені.

Вложенные файлы: 1 файл

1.doc

— 261.50 Кб (Скачать файл)

 

Мемлекет экономиканы  реттеу үшін тікелей және жанама әдістерді  қолданады. Тікелей әдіске мыналар жатады:

- экономика дамуы мен  олардың индикативті және тағы  сол сияқты  жоспарларындағы,  мақсатты бағдарламалардағы стратегиялық  мақсаттар;

- мемлекеттік тапсырыстар  мен белгілі өнім түрінінің  әкелінуі, жұмыстың орындалуы, көрсетілген  қызмет;

- бағдарламаларды мемлекеттік қолдау, заказдар мен келісім-шарттар;

- құқықтық және әкімшіліктік  шектеулер және белгілі бір  өнім түрін шығаруға шектеу;

- импорттық және экпорттық тауарлар  арқылы лицензиялық  және  сыртқы  саудалық операциялар.

 

Жанама әдіске мынларды жатқызуға болады:

-салық салу, салықтық жеңілдіктер  жүйесі;

- бағаларды реттеу, олардың деңгейінің  қатысы;

- ресурстар үшін төленетін төлемдер, несие мен несиелік жеңілдіктерге  қойылатын пайыздық ставка;

- импорттық және экспорттық  кедендік реттеу, валюталық курстар мен валютаны айрбастау жағдайы.

Мемлекетке тікелей араласу  мүмкіндігін қысқарту процесінде, нарықтық экономикада осы экономикалық қауіпсіздік жанама әдісі кең түрде қолданылып келеді.

 

Ұлттық болжамдау ұлттық экономиканың болжамдық зерттеулеріне  негізделінген ғылыми тұжырымдалған  жүйені қалыптастыру процесі болып  табылады. Оның мәні- ұлттық экономика  туралы оңтайлы шешімдер қабылдаудың  мүмкін нұсқауларын анықтаумен байланысты болуында. Ұлттық экономиканы болжау ел экономикасын дамуының болашақ параметрлері туралы сандық және сапалық негізделген дәлелді тұжырымдардың жиынтығы болып саналады.

Индикативті жоспарлау  директивті бастаманы және мемлекет сияқты , оның ішінде экономиканың жеке секторы ретінде қамтыла алады.

Индикативті жоспарлаудың маңызды мақсаты болып  конъюктура туралы жүйелілік және жақсартылған ақпарат табылады. Және маңызды шешім  қабылдау үшін мемлекеттік бюджеттің  шығындарын алдын ала анықтау.  Ал басқа мақсат, ол экономикалық қызметтің көрсеткіштерінің (индикатор) жүйесін, яғни  жеке векторды қызықтыра алатын мақсат. Осы жоспарлауда көрсеткіштердің детализациясының аз деңгейі бақыланады.

Мемлекетте индикативті  жоспарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерді  өзіне қарай тарту үшін түрлі  экономикалық стимулдар қолданылады: тікелей және жанама субсидиялар, жеңілдікті амортизациялық  списания, бюджетте қысқартылатын салықтық төлемдер және мақсатты несиелік формалар т.б.

Экономикалық нормативтер  барлық шаруашылық агенттерден  немесе олардың топтарына қатысты «ойын тәртібі» - яғни, салық ставкасы, кедендік баж, валюталық курс және т.б.  Бұлар эконмиканы реттеудің құралы болып табылады және  республикалық, аймақтық қызығушылықтар есебінен өздерінің қызметінің жоспарын анықтайды.

Көрсеткіштер сандық  көлемде ұдайы өндірістің пропорцияларын және өзгеру темптерін көрсетеді. Сонымен бірге, ұдайы өндірістің барлық деңгейлерінде, ресурстық шығындар мен оларды қолданудағы маңыздылықты бейнелейді. Олар табиғи, құндық және көлем бойынша білдіріле алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 5. Мемлекеттін бизнес қауіпсіздігін қорғаудағы ролі

Қаржылық  бақылау

 

 

Экономикалық қызметтің  негізгі мақсаты, бұл материалдық  игіліктерді немесе құбылыстарды өндіру мен тарату экономикалық құбылыстар, жағдайлар өзінің қызмет ету логикасымен және дамуымен ерекшеленеді. Оларды жиынтық түрде қарастыру қоғамның дамуының материалдық негізін құрайды және де оның әрқайсысы жылдан-жылға нақты бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы қажет.

Экономикалық жүйенің  негізгі элементі болып,  әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас шаруашылығының қызметін ұйымдастыратын формалары,  макроэкономикалық деңгейіндегі қызметті жүзеге асырудың шаруашылық механизмі мен шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қарым-қатынас жатады. Экономикалық жүйелерді бағалағанда үздік экономикалық жүйе адамдарды қажетті игіліктерімен толық қамтамасыз етілетін жүйе болып саналады.

Бүгінгі күнге сәйкес келетін экономикалық жүйелерді  және мемлекеттердегі олардың ролін  қарастырайық.

Бұл жүйенің негізгі  мәні: өндірістің барлық материалдық құралдары мемлекеттік немесе қоғамдық меншік; басқару орталықтары немесе әкімшіліктік реттеу; өндірістік ресурстар немесе өнімдер орталықтарын таратады; бағаны да мемлекет белгілейді. Жоспарлы экономика негізін қалаушылар К.Маркс пен басқалар қоғамдық еңбек процесіне мемлекет меншіктен қоғамның меншікке ауыстырудың қажеттілігі  сәйкесінше капиталистік мемлекеттің коммунистік мемлекетке, бәсекенің  жоспарлы ауыстырылуы қажет деп тұжырымдады. Жоспарлы  экономикаға тән қатынастар мемлекет меншік мемлекеттік өндірістің  монополизм экономикалық шешімдерді мемлекет чиновниктер қабылдайды. Маркстік экономикалық теорияның ең ірі  жалғастырушылары К.Каутский, Ф.Энгельс, В.Ленин және т.б. болған.

Аралас экономиканың мәні- оның негізінде әртүрлі бір-біріне сәйкес келмейтін институттардың  принциптері мен қарым-қатынастарын жүзеге асырылу болып табылады.  Экономикалық функция аралас жүйеге, яғни еркін кәсіпкерлікпен  қоғам мен мемлекет тарапынан сол қызметті жүзеге асыруға бастады.  Мемлекет нарыққа өндіріспен  тұтынуды реттеуге экономикалық бағаларды бекітуге әсер ете  бастайды. Аралас экономиканың негізгі сипаттарының нарықтық экономикамен  салыстырғанда, бұл түрлі меншік пен  кәсіпкерлікпен араласумен ғана емес,  әлеуметтік процестерді реттеу болып табылады. Аралас экономиканың ең  алдымен баға жүйесін қалыптастыруға ұмтылған және нарық кемшіліктерімен макроэкономикалық тұрақсыздықты жою үшін  үкіметтің құралдарын қолдану сипатталады.

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- кәсіпкерліктің субъектілері  үшін ұйымның дайындалуы, қайта  дайындалуы мен кадрлық жіктелуі;

- кәсіпкерліктің субъектілерінің  мемлекеттік қаржылық, статистикалық,  материалдық-техникалық және ақпараттық  ресурстардың, сонымен қатар ғылыми-техникалық өңдеулер мен технологияларды қолдануда жеңілдік жағдайын құру;

- кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қауіпсіздік тәртібіндегі олардың қызметінің, өнімдерінің сертификациялық лицензиясын бекіту;

-  кәсіпкерлік субъектілері  үшін қолайлы құқықтық режимді бекіту, яғни өзіне   салық салудың льготалық режимін, кедендік баждардың төлемдерін, салықтық несиелерді және т.б. қосу;

- инвестицияны қолданатын  және қызықтыратын жүйені құру  және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуы мен қолдауы үшін өзіне шетелдік инвестицияны қосу;

- сыртқы экономикалық  қызметтердің қолдауы, яғни олардың  саудалық,   ғылыми-техникалық,  өндірістік және шетел серіктестерімен  байланысы;

- белгілі бір қаржылық  көздермен шағын кәсіпкерлік  субъектілері үшін арнайы несиелік бағдарламаны қабылдау;

- кәсіпкерлік субъектілерімен  ұсынылатын орындалған қызметтері  мен жұмыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 6. Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету

Іскерлік  бақылау (бизнес - разведка), экономикалық қарсы бақылау саясаты

 

 

Заңда айтылғандай, республикадағы өкілетті орган кәсіпкерлікті қолдау үшін жүзеге асырылады:

- кәсіпкерліктің дамуы  мен қолдауын мемлекеттік бағдарламалар  атқаруын ұйымдастыру және байланыстыру;

- кәсіпкерліктің дамуы  мен қолдауын қамтамасыз ететін  Үкіметтегі нормативті құқықтық актілерді ұсыну және қарастыру;

- кәсіпкерлікті дамыту  мен қолдау облысындағы халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асыру;

-  республика аймағындағы  шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын  дамыту және құру;

- кәсіпкерлікті дамыту  мен қолдау облысында кадрлардың мамандануының жоғарылауы, қайта дайындалу мен дайындалу жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерліктің субъектілерін  мемлекеттік қолдау өлшемі, қабылданған  Заңмен сәйкес алдын ала қаралады.

- кәсіпкерлік субъектілері болып статистикалық және ақпараттық қызметтер (тәсіл, құрал), жеңілдік жағдайындағы ғылыми-техникалық өңдеу мен технология табылады.

- кәсіпкерлік үшін  кадрлар мамандануының жоғарылауы, дайындалуы, қайта қайындалуы.

-өндіріспен айналысатын шағын кәсіапкерліктің субъектілері, мемлекеттік тіркеуден бастап 3 жыл бойы қозғалмайтын мүлікке тіркелу құқығына төлеуден босатылады. Кәсіпкерліктің субъектілерінің  мемлекеттік тіркелуі жеңілдетілген тәртіпте жүргізіледі.

- кәсіпкерлік субъектілеріне  жер учаскесін беру (сату, арендаға беру) жергілікті атқарушы органдарда жазбаша өтініш  арқылы жерді сатып алуы бойынша немесе арендаға алған жері бойынша ақшасын төлеп, 3 жылға алады;

-өндіріспен айналысатын  кәсіпкерліктің субъектілері жылу, электр энергиясы, сумен жабдықталу сияқты міндеттерді төлеуден босатылады.

- кәсіпкерліктің субъектілері  үшін екінші деңгейлі банктерде  шотын ашу, ешқандай ақша төлемейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 7. Корпорацияны басқарудың экономикалық қауіпсіздігі.

 

 

Жалпы, монетаризм экономикалық процестерді реттеудегі негізгі құралы болып  ақша айналымын есептейді. Монетарлық модельде 3 ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Нарық  қандай да бір шамада бәсекелі болады  және макроэкономикалық  тұрақтандыру деңгейін бәсеке   жүйесі қамтамасыз етіледі, деп болжамданады. Сонымен бірге, экономикаға мемлекеттің аз араласуының курсы өткізіледі. Ал ақша болса, экономикадағы барлық процестерді реттеудің жанама әдісі арқылы шешуші фактор болып табылады.

Монетаризм бұл жоспарда тұрақты бағдарламалардың либералдық-шектеулі  концепциясы арқылы жүзеге асады. Мұндай мемлекеттік бағдарламалар болып:

-бюджет тапшылығының қысқаруы (мемлекеттік инвестициялардың  секвестерленуі, әлеуметтік шығындар, субсидиялар, мемлекеттік сектордың және өнімнің бағасының жоғарылауы, салықтардың көтерілуі):

-тұтынушы сұранымының   қысылуына бағытталған еңбек  ақыға шек қою;

-банктің пайыздық  ставкасының өсуіне, Ұлттық банктегі  мемлекеттік қарыздарға, ақша эмиссиясының  лимитінің енгізілуіне, ақша-несие  саясатының шектелуі;

-экспорттық және импорттық  операцияларға және бағаларға,  экономиканың экспорттық секторының  жақсаруын мадақтау;

-төлем балансының  ұлттық ақша бірлігінің девальвациясы.

Экономиканы мемлекеттік  реттеу бағдарламаларының ортодоксальдық  нәтижелік қолданылуының принципиалды жағдайларын да атап өтеу керек:

-ақша массасына бағалардың  жоғары икемділігі;

-әлемдік бағалар қозғалысына  ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

-баға қозғалысына  өндіріс (ұсыныс) тауарларының жоғары  икемділігі;

-халық шаруашылық  ресурстардың  өзара алмасуы (ұсынымның құбылуымен байланысы).

 

Ұсыныс  концепциясы экономикалық қауіпсіздік жаңа бағыты ретінде.

Ұсыныс концепциясы  сұранымға әсер етпейтін қаржы және ақша саясатының жетілмегендігінен  шығады және сұраныстарға мақсаттарға  лайық ету механизмін қамтиды. Осыған байланысты басымдылық өндіріс шығындарын төмендетуге бағытталады. Ал бұл адамдардың инфляциялық күтімдерін төмендетуіне әкеледі. Осылайша инфляция жұмыссыздық арқасында емес, шығындарды төмендетуге бағытталған нарық субъектісінің әрекетінің нәтижесінде жеңіледі.

Ұсынысты ынталандырудың қарапайым шаралары болып келесілер  табылады: табыс салығын қысқарту, ал бұл өндіріс шығынын қысқартады; өндірістегі тар орындарды табу, сонымен қатар тапшылық пәндерді оқу жолымен; жұмысқа орналастырудың жақсы қызметтерін құру; еңбекақыға әсер ету (салық төмендегенде шығындарды еңбекақыға ұстап қалу; кәсіпкерлікке әл-ауқатты  атмосфераны құру, әсіресе инновациялыққа)

Егер қорытындысында өндіріс шығыны және инфляциялық  күтулер төмендетілсе, онда ұсыныс қисығы оңға және төмен ауысады. Бұл бір уақытта инфляция деңгейінің төмендеуіне қол жеткізу мүмкіндігін білдіреді және өндіріс өсімі. Инфляция төмендегенде өндіріс деңгейі өседі. Жалпылай ХХ ғасырдың 2-ші жартысында нарықтық экономиканың дамуы мемлекеттің қызметінің масштабтарының кеңеюінің қарқынын және оның экономикалық сферадағы рөлінсіз өсе түсуін нақты айқындады. Осылайша, жалпы құпталған дерек болып экономикалық тиімділікке шамалы деңгейде бәсекелі нарық механизмі әсер ету жағдайында қол жеткізілу табылады. Нарықтық экономикада мемлекет мақсаты нарықтық механизмді түзету емес, оның еркін қызмет етуіне жағдайлар жасау: бәсекелік барлық жерде қамтамасыз етілуі керек, экономикалық қауіпсіздік әсері- барлық жерде.

Тақырып 8. Экономикалық қауіпсіздік компаниясының деңгейін бағалау

Бизнестің қаржылық және экономикалық қауіпсіздігі

 

 

 

Мемлекеттің шығындық және табыстық негізгі бөлігі мемлекеттік  бюджет арқылы жүзеге асырылады. Ол өз алдына мемлекеттік шығындардың  жылдық жоспарын және оларды қаржыландыру көздерін ұсынады.

Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік» пәні бойынша