Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 00:45, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күнде қоғамның дамуы адамзатқа қажетті информацияны жедел және нақты түрде бере алатын информациялық процестердің дамуына байланысты болады. Информацияның қоғамдық өнім ретінде қарастырылуы экономикалық салаларының тиімділігін арттыруға , ғылыми – техникалық прогрестің алға жылжуына себебін тигізуде.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Содержание

Кіріспе
1.1 . Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы
1.2 . Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі
Негізгі бөлім
2.1. Interne t желісі
2.2. Web – бет. Гиперсілтеме
2.3. Web Server Apache
2.4. HTML тілі
Web беттерінде дайындалған «Қолданбалы программаларды оқыту» программасының қосымшасы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 31.33 Кб (Скачать файл)

                                  Мазмұны

Кіріспе

    1. . Жаңа ақпараттық технологиялар  және олардың маңызы
    2. . Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі

 

Негізгі бөлім

 

2.1. Interne t желісі

2.2. Web – бет. Гиперсілтеме

2.3. Web Server Apache

2.4. HTML тілі

 

Web беттерінде  дайындалған  «Қолданбалы программаларды  оқыту»  программасының  қосымшасы

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бүгінгі күнде қоғамның дамуы адамзатқа  қажетті  информацияны жедел және нақты түрде бере алатын  информациялық процестердің дамуына байланысты болады.  Информацияның  қоғамдық  өнім ретінде қарастырылуы  экономикалық салаларының  тиімділігін арттыруға , ғылыми – техникалық прогрестің алға жылжуына себебін тигізуде.

Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа  білім мен тәрбие  беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Жоғары білім беру қажеттілігі тіған кезде ең негізгі мәселе оқытудың мазмұны мен әдістерін оқытуды ұйымдастырудың  түрлерін жетілдіру  болған болса, қазіргі кездегі ең негізгі мәселе – студентке тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес , оларды танымдылық  және практикалық сипаттағы іскерлік  және дағды мен қаруландыру  болып табылады.

Олай болса,  оқыту процесін жетілдіру  жолдарын  іздестіруде тек қана жаңа білімдер беру әдістерін  жетілдіру ғана емес, сонымен қатар оқушыларда іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдісін жетілдіру ісін де ескеру қажет.

Соңғы кездері баспаханалық өнімдерді  дайындауда,  фотомонтаж жасауда  көптеп қолданылып жүрген Page Maker, Photo Shop, Corel Draw программалары жоғары білім беру жүйесіне енгізілгеніне көп бола қойған жоқ.  Ал, бұл программалардың  әрбіріне қысқаша тоқталып кетер болсақ :

Page Maker – баспаханалық өнім даярлауға арналған программалық орта. Оның негізгі қызметі баспаханалық өнімді макеттеу, баспаның барлық элементтерін (растрлік немесе векторлық суреттер, мәтіндер, сызбалар, кестелер және т.б.)  даярлау, жинақтау, оларды баспа бетіне орналастыру,  элементтерді форматтаудың соңғы параметрлерін беру және баспаның оригинал макетін дайындау, оны баспадан шығару. Бұл программалық орта полиграфиялық дизайн жасауға, электрондық публикация жасауға көптеген мүмкіндіктер береді.

  Adobe photo shop программасы графикалық бейнелерін өңдеуге арналған программа болып табылады. Бұл программа пакетті сканерге (енгізуші құрылғы)  түсірілген фото суреттерді, журнал бетіне шығарылатын суреттерді өңдеуге арналған.  Adobe photo shop программасы  бұл мүмкіндіктерден басқа интернет желілеріндегі  жарнамалардағы бейнелерді дайындау үшін де қажет.

Corel Draw графикалық редакторы текстерді (мәтіндерді) өңдеу үшін арнайы құрылғы , құрал-жабдықтардан тұрады. Бұл программаның мүмкіншілігі аз және жұмыс істеуге қолайсыз , бірақ көптеген мәселелерді аз алдына орындайды.

Жоғары аталған қолданбалы программаларды оқытуда білім беру жүйесінің  жаңа технологиясын пайдалану, яғни компьютерлік оқыту  маңызды деп есептейміз.

 

 Жаңа ақпараттық технологиялар және оның маңызы

 

XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің  қажеттілігі электрондық техника мен технологияның  қарқынды дамуына себепші болды.

Жаңа технологияның маңыздылығы – оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында.

«Информациялық жаңа әлемде» бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.

Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында , мектептер мен университеттерде , банктер мен дүкендерде , аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр.

Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше , 1975-ші  жылдан

бастап-ақ жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.

Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік , құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда.

 

Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі

 

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық дегеніміз оқу және оқу әдістемелік материалдар жинағы,  оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары және оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі, орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оладры қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады.

Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында жаңа, әмбебап ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда ақпаратты қабылдай сақтай , өңдей , шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімділігін көрсетеді, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға , оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.

Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен  нақты әдіс-тәсілді дамыту  тенденциясы ретінде қарастырады.

Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін, біріншіден, жалпы білімділік және сауаттылық қажет.

Оқыту технологиясын оқыту үрдісінде лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал таппаса болмайды. Сондай-ақ мектептің материалдық техникалық базасын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін  ескере отырып жаңарту шарт.

   Электронды оқыту ғылыми-техникалық  прогресс дамуының нәтижесінде туды.  Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс – толқын мен кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті  (бұл жүйе оқушы мен техника  құралдары арасындағы  екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен , көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

      Компьютерлік оқыту  интерактивті электронды оқытудың  бір бөлігі болып табылады  және ол техникалық құралдардың  бірі ретінде есептегіш машинаны  пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың  мұндай жүйесінің құралы –  компьютер болып саналады.

     Есептеуіш техникаларды  пайдалану оқушылардың сабаққа  ынта-ықыласын арттырып, ерекше танымдық  қызығуын тудыратыны сөзсіз.  Ал бірінші тоқсанның соңына  қарай олардың бастапқы талпынысы  төмендейді, ЭЕМ құралынсыз сабақ  қызықсыз көрінетін болады.  Сабақта  ЭЕМ техникасын пайдалану оқушылардың  күшті не әлсіз даму деңгейін  талғамайды, өйткені, ол бәрін бірдей  дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең.

    Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісінде енгізу оқушылардың қызығушылығын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Өйткені ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

    Есептегіш машинаны оқып  үйренуші қандай режимде жұмыс  істесін  оның іс-әрекеті мұғалімнің  бақылауында болуы тиіс. Олай  деуіміз негіз, бүкіл сыныптың  қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде  мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу  үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс көрсеткіштеріне  байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т.б. ауыстырып отыруы тиіс. Сондай-ақ  қажет болған жағдайда оқушының  назарын экран мен пернетақтадан  басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие.

     Білім беру мақсатын  жүзеге асыру нәтижесінде балалар  оқу материалдарының жаңа көлемдерін  игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді. Бұл мақсат  екі топқа бөлінеді:

  • оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен, түсініктермен, заңдармен, теориялармен таныстыру;
  • жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыру, яғни алынған білімді  қолдану тәсілдерін меңгеру.

            Оқыту программасы қаншалықты  тиімді екендігін оны тек сабақта  қолданып болған соң, талай айтып  отыруға болады.

           Электронды оқыту программасын  жасайтын программалаушылардың  қолданбалы программалар жасау  принциптерін оқу программаларына  механикалық түрде енгізбеуін  қадағалау керек, ол кейбір кезде  зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда  программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне  әсер ететітінін ұмытпауы керек, олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет.

        Компьютер арқылы оқыту үшін  даярланған сабақты программалау  кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің  орындалуын қамтамасыз ететін  алгоритмді құрудан тұрады.Ал, алгоритмдерді  сипаттау оны түсінуге, оқуға  жеңіл болуы тиіс, оған қоса  алған бағыттан ауытқымайтын  дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есептерге  де түсінікті болса, екінші жағынан  –программа дұрыстығын тексеру  үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың  функционалдық ерекшеліктері мен  сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын  жартылай жасанды тіл қажет, оған  қоса оның объектілерін негізгі  графикалық түрде бейнелеуге  арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы  тиіс.

      Одан әрі компьютер арқылы  жүргізуге дайындалған сабақтың  программасын жасау  - берілген  алгоритмді компьютер программасына  аударуға барып тіреледі. Мұндай  жоғары деңгейдегі программалау  тілдері немесе электрондық сабақтарды  жасаудың  жүйелік құралдары қолданылады.

     Мұнан соң даяр болған оқыту  программалық жабдықтамалары әдістемелік  нұсқаулармен және пайдалануға  қажетті ұсыныстармен толықтырылады.

     Қазіргі таңда дайындалған электрондық  оқулықтардың көпшілігі білім  берудің стандартына сәйкес келмейді. Электрондық оқулықтарды дайындаудың  бір жүйеге келтірілген заңдылығы  болуы керек. Осыған байланысты  электрондық оқулықтарды дайындауда  мынандай дидактикалық шарттарды  ескеру керек сияқты:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
  • электрондық оқулықтар курста оқылатын  тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық, тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; барлық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
  • электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұны қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
  • белгілі бір тақырыпқа  қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төмендегі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық, оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына және мәтінді жоғары - төмен , оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
  • бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.

    Оқулықты шектен тыс илльюстрациялық, аннимациялық тұрғыдан көркемдеу  пайдаланушыға кері әсерін тигізуі  мүмкін, бірақ кейбір пәндерге  атап айтқанда, физика, химия, биология  сияқты пәндерге қатысты процестерді  аннимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер  мен диафильмдер үзінділерін  МРЕG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.

 

 

 

Web беттері  және онда  қолданбалы программаларды оқытуды  ұйымдастыру 

 

Internet желісі 

 

Соңғы кездегі internet желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетмаыздың кез келген нүктесін бір – бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатынын қуантады.Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Internet жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып бара жатыр. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Internet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. Isoc (Internet Society – Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес шығар.

Информация о работе Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі