Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 00:45, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күнде қоғамның дамуы адамзатқа қажетті информацияны жедел және нақты түрде бере алатын информациялық процестердің дамуына байланысты болады. Информацияның қоғамдық өнім ретінде қарастырылуы экономикалық салаларының тиімділігін арттыруға , ғылыми – техникалық прогрестің алға жылжуына себебін тигізуде.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Содержание

Кіріспе
1.1 . Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызы
1.2 . Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі
Негізгі бөлім
2.1. Interne t желісі
2.2. Web – бет. Гиперсілтеме
2.3. Web Server Apache
2.4. HTML тілі
Web беттерінде дайындалған «Қолданбалы программаларды оқыту» программасының қосымшасы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 31.33 Кб (Скачать файл)

Internet желісін алғаш дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, жағдайына келе алатыны айқындалады.

Дегенмен, интернет тек желі ғана емес, ол- желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер тобын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде , университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде , тіпті мектептерде де орналасқан.

 

 

 

   Web – бет. Гиперсілтеме.

 

Интернет тек желілердің желісі емес, оның жұмысы-информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі протоколдарға негізделген.  Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web.Көбінесе оны қысқа түрде Web деп атайды. Web-тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтер Web беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар.

Электронды құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электронды құжат құру үшін – HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады.

Web-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің кішкене бөлігі.

Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты Web-беттің адресі де енгізіліп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме мазмұнын гипермәтін деп атайды. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Сілтемеде оның қысқаша мазмұны жазылып қойылуы да мүмкін.

 

Web Server Apache

 

Web Server Apache қазіргі таңда ең дамыған әйгілі сервер. Ол дүниедегі тегін программа тізімінде тұрады. Сіз оны өзіңіз қалағаныңызша Win , Unix  және тағы басқа программаларда қолдануыңызға мүмкіндігіңіз бар. Apache өзінің кең мүмкіндігіменен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Apache веб серверімен ешқандайда веб серверлер бәсекелесе алмайды, жылдамдық жағынан да, тиімділігінен де.

Қазіргі таңда  Web Server Apache веб серверін Linux операциялық жүйесіне орнату өте қолайлы. Өйткені Linux операциялық жүйесі вирустан сақтану жағынан оның басымдылығы жоғары.

 

 

 

            HTML тілі

 

Hyper Text Markup Language (HTML) стандартты тіл, WEB гипермәтіндік құжаттардың жасауына арнлаған. HTML құжаттар WEB браузер әр түрлі үлгілерімен беріледі. WEB броузер HTML-дың қолданылуы,  әріптердің қолдануымен олардың ұсынуына арналған  құжаттарды форматтауға, сызық және кез келген басқа графикалық элементтерді жүйеге асыруға рұқсат етеді.

Құжаттардың көпшілігі стандарты элементті болады, тақырып сияқты праграфтар немесе тізімдер. HTML арқылы тап осы элементтерді белгілей аласыздар, тап осы элементтердің елестетуіне арналған аз хабармен Web броузері арқылы қамсыздандыра алады және құжаттардың құрылымын жалпы және ақпараттық толық сақтайды. Қажетті HTML құжатты оқып шығу үшін WEB броузерді түсінуіміз  қажет.

Көп жағдайда құжат авторы , құжат сырт пішінін қатал анықтайды. HTML – дегі құжаттардың тақырыбын, абзацтарды белгілеп қоюға мүмкіндік етеді, ал WEB броузері пайдалануға береді. WEB броузері сонымен қатар шрифтердің өлшемін және түстерді өңдей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Білім берудің кез келген саласында «Компьютерлік оқыту» құралын пайдалану студенттердің танымдылық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап ақпараттық құрылғы.  Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс, графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады.

Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды, қоғамға оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен қарай бастайды.


Информация о работе Электронды оқытудың маңыздылығы мен ерекшелігі