Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….. 3
Негізгі бөлім.............................................................................................................7
I. Компьютерлік оқыту технологиясының оқушыларға маңыздылығы............7
1.1 Компьютермен оқыту – уақыт талабы............................................................7
1.2 Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары...................................................18
1.3 Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері…………………………………………………………………….20
II. Қазақ тілі мәтіндерін комьютермен оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні………………………………………………………………………………..24
2.1 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің психофизиологиялық негіздері…………………………………………………………………………..24
2.2 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесін дидактикалық негізері……..25
2.3 Қазақ тілі мәтіндерін оқытатын компьютерлік бағдарламаның мазмұны..................................................................................................................27
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………32

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ КАЗ Т ӘДІСТЕМЕДЕН.docx

— 66.01 Кб (Скачать файл)

Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға  қарындаш немесе қалам құралы ретінде  қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер  арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын  құрал ретінде қолдануға болады.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін  дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде  К. Д. Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», - деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статистикалық түрде тұр.[9,23]

Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық  және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері  бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу  мүмкіндігін бере алады.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың  жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар  қолдануына да мүмкіндік болады.

Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың  мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер  арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып,  болашаққа қарай екпінді қадам  жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау  бағытында жақсы жұмыс істеу  қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.

Оқыту тәжірибесі педагогикалық  үрдістің сапасын жетілдіруді талап  етеді. Бұл орайда іс-тәжірибе мен  ғылымда көптеген көзқарастар мен  нұсқаулар бар. Сондай бір бағыты педагогикалық процесті технологияландыру.Қазіргі  уақытта Қазақстанда білім берудің  өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының  орнын басқасы басты, ол оқушыға  оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын  дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің  маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер  – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып  табылады.Жаңа білім парадигмасы  бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім  алу арқылы дамуын қойып отыр.

Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін  болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:«Жеке  тұлға - бұл адамның психикалық рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер  жүйесіне тән:

• адамның әлеуметтік маңызды  қасиеттерінің жиынтығы;

• өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының

жүйесі;

• іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі,мінез-құлық  әрекеттерінің жиынтығы:

• айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

• қажеттілік жүйесі;

• шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.»(Г.К.Селевко).[10,57]

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар  – бұл білімнің басымды мақсаттарымен

біріктірілген пәндер мен  әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан  міндеттерінің, мазмұнының, формалары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында  оқушының дамуына жағымды жағдайлар  жиынтығын құрайды. Қазақстанда  Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Оқыту  технологиясы оның жалпы құрылу қағидаларына негізделген (Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.) сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері  туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның қызығушылық  аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне  сүйенген. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу  мүмкіндігі болып табылады. Білім  беру жүйесін ақпараттандыру ісі  жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінше кезекте  оларға электрондық басылымдар: электрондық  оқулықтар, мультимедиалық оқу құралдары  мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио-бейне-құндақтар) жатады. Көптеген ғалымдар компьютерлік технологияны оқу құралы ретінде  пайдаланудың мәні мен әдістемелік  мақсатын мынадай дидактикалық ұстанымдар бойынша көрсетеді: оқыту үрдісін  жекелеу мен дифференциялау; оқу  барысы нәтижесін бағалау мен  болжаудың кері байланысын жүзеге асыру; өзін-өзі түзету мен өзін-өзі бақылауды  жүзеге асыру; жаттығу мүмкіндігі мен  көмегі арқылы оқушының өз бетінше  дайындалуына ықпал жасау; үрдісті  визуальды оқыту; оқыған үрдіс динамикасын  көркем демонстрациялау; зерттеліп  отырған ғылыми тұжырымдамалардың  графикалық түсіндірмесін беру; компьютерлік бағдарламаның нақты тәжірибесіне сүйеніп зертханалық жұмыстар жүргізу; ақпарат желісімен қамтамасыз ететін оқу барысына қажет ақпараттық мәліметтер базасын пайдалану және құру; қиынды ойлау қабілетін қалыптастыру (мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, мәліметтер базасын және қолданбалы пакеттер байланысын пайдалану). Электрондық  оқулықтың жетістіктері мыналар  болып табылады: шүғыл кері байланысты қамтамасмыз етеді; дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды; әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, оларды өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады

Қазіргі кезде компьютерлік оқытуды ұйымдастыруда жеке оқытудың үш түрі бар: бірінші – дәстүрлі оқыту; екінші – оқушылар өз-өздеріне ұнайтын оқыту басқаруын таңдайды; үшінші жол – аралас басқару.

Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.

1. Оқыту үрдісін компьютерлендіру  тек бағдарламалау тілін немесе  дербес компьютерлердің ақпараттандыру  құралдарын емес, компьютерлерді  белгілі бір үрдістерге, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда модельдеуге  үйрету,

2. Компьютерлендіру мұғалімді  оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым  тиісті жұмыс жасауына жағдай  жасау қажет. Осылайша білім  негіздерін топтық түрде бере  отырып, оқытуды даралауды да  күшейтіп, оқушылардың білім сапасының  көтерілуіне мүмкіндік жасауға  болады.

3. Компьютерлерді алға  қойылған педагогикалық мәселені  сапалы және тез шешуге көмектесуін  жағдайға ғана пайдалану қажет,  яғни мақсатқа сәйкестік ұстанымын  ескеру керек.

4. Оқытуды компьютерлендіруді  оқушының өз бетімен ойлап,  шығармашылық белсенділік танытып,  дербес компьютерді саналы түрде  пайдаланатындай етіп ойластырған  жөн.

5. Қазіргі кезде жекелеген  пәндер үшін педагогикалық-психологиялық  талапқа сай ана тілінде электрондық  оқулықтарды жасау қажеттілігі  туды. Бұл оқулықтарда теориялық  материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру үшін арналған тест  сұрақтары, анықтамалар, т.б. болуы  тиіс. Бүгінгі таңда компьютерлік  технологиялардың мүмкіншіліктері  қазақ тілін меңгертуде кеңінен  қолданылуда. Қазақстан мемлекеттік  тілдің қолдану аясын кеңейту  мақсатында қазіргі заманның  әлем деңгейіне сай әдістемелік,  лингвистикалық қамтамасыз етуге  бағытталған компьютерлік оқыту  бағдарламаларын құрастыру үдерісі  басталды. Сонымен қатар, қазақ  тілінде электронды аудармашы  бағдарламаларын әзірлеу мәселелері  қазіргі жағдайда айрықша мәнге  ие болып отыр. Осы салада атқарылып  жатқан жақсы істердің бірі  – қазақша-орысша және орысша-қазақша  электронды аударма сөздіктер.  Қазақстанда электронды сөздіктер  мәселесі ХХ ғасырдың 80 жылдары  зерттеле бастады. Қазақ тілі  компьютер қорының негізін қалаушысы  – атақты ғалым лингвист Қалдыбай Бектаев болып саналады. Профессор Р.Г.Пиотровскиймен бірге «Статистика речи» деген компьютерлік қолданбалы лингвистикамен анйласықан бүкілодақтық топқа басшылық етті.

Соңғы жылдары Қ.Бектаевтың еңбектері негізініде Абылай хан  атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  «Қазақ тілінің машиналық қорын» жасау бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі  аудармашы-бағдарламалары мәтін, сөйлем мен сөз тіркестерін аударуға бағытталған, дегенмен олардың сапасы әлі күнге дейін төмен. Себебі компьютер тілдің көптеген грамматикалық  құрылыстарын (жаргон, диалект, фразеологизмдерді) түсінбейді. Сондықтан қазір қазақ  тіліндегі электронды сөздіктерінің  негізгі қолданысы – әскерлік қағаздарын аудару. Әдеби тілді компьютер  арқылы аудару қиындыққа түседі, дегенмен электронды сөздіктер аудармашылардың  ескішілдікке негізделген жұмыстарын жеңілдетеді.

Қазір дербес компьютерде  жұмыс істеуге мүмкіндік беретін  электронды сөздіктердің тиімді жүйелері жеткілікті. Әсіресе «Изет», «Парад»  фирмаларында. Олар – Қазақстандағы  электронды сөздіктерді әзірлеу  мәселесімен алғаш рет айналысқан мекемелер. Бұл фирмалардың компьютерлік өнімдері: «Изет» фирмасының «Қазақша-орысша»  электронды анықтама-сөздігі; «Парад»  АҚ қазақша-орысша сөздігі (16 мың сөз); (Изет» фирмасының «Тілмаш» сөздігі (автоматты түрде мәтіндер мен  сөз тіркестерін аударуға бағытталған; 90 мың сөздер мен сөз өрнектері  қамтылған). Бұл сөздіктерід кез-келген мекемеде жиі қолдануда.

Қазіргі заманда бағдарламалық  қамтамасыз ету нарығында электронды сөздіктердің саны мен түрлері өте  көп. Бұл бағдарламалардың пайдаланушылары - оқушылар мен студенттер, олар аталмыш  сөздіктерді тілді үйренуге арналған құралдардың бірі деп есептейді. Бұл сөздіктерді кейбір іскерлік қағаздар мен хат-хабарды аударуға өз жұмысында аудармашылар қолданады. Олар кәсіби аудармашыға сөз, сөз  тіркесін немесе мәтінді тез және тиімді аударуға мүмкіндік береді. Атаулы бағдарламалық өнімдерді  дербес компьютердің жедел жадысының  шамасын ескере отырып кез келген компьютерге орнатуға болады. Электронды сөздіктермен жұмыс кәдімгі сөздікпен  жұмысқа ұқсайды,олар пайдаланушыға  сөздің аудармасын тез іздеп таубағ мүмкіндік береді. Сондықтан да қазақ  тілі сабақтарынды электрондық сөздіктерді  пайдалану, сөздерді, сөз тіркестерін  және мәтіндерді аударуда айтарлықтай  тиімділігін көрсетеді. Электронды сөздіктерді оқу үдерісінде пайдалану  кезек күттірмейтін мәселе. Әр сабақта  электрондық сөздіктерді қолдану – сөздік қорды байытудың бірден-бір жолы, осы құралды пайдалану арқылы оқытушының көздеген мақсатына жетуі сөзсіз.[11,124]

 

1.2 Компьютерлік  оқытудың тиімді жолдары. 

 Бүгінгі таңда қоғамымыздың  жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық  прогрестердің жетістіктері, еліміздің  өркениетті елдер қатарынан көрінуі  білім беру жүйесіне де ықпал  етпей қойған жоқ. 

ХХІ ғасыр информациялық  қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің  жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін  ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде  қолдануды қажет етеді.

 Компьютерлік технологияны  қолдану оқытуға арналған программалық  жабдықтарды (электрондық оқулықтар  т.б.) сабақта тиімді қолдану пән  мұғалімдерінің мол тәжірибесін,  ізденісін, әдістемелік шеберлігін  қажет етеді. Өз тәжірибемде  оқушылардың қазақ тіліне деген  қызығушылығын арттыруда мүмкіндігімше  компьютерді пайдаланамын.

 Оқу жұмысын ұйымдастырудың  негізгі түрі – сыныптық сабақ  жүйесі екені бәрімізге мәлім.  Осыған орай менің тәжірибемде  сабақтың қалыптасқан дәстүрлі  түрінен басқа, дәстүрлі емес  сабақтар түрлері де пайда  болуда. Олар көбінесе оқытудың  жаңаша әдістеріне негізделіп  құрылуда. Ондағы мақсатым-әрбір  сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін  ескере отырып, оны жаңа сапалық  сатыға көтеру.

 Бүгінде оқыту жұмысын  осылай ұйымдастыру мен әдістің  жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа  жағдайға байланысты оқу-тәрбие  процесін шығармашылықпен пайдаланудың  негізгі өлшеміне айналуда.

 Оқытудың жаңа инновациялық  әдістері мені пәнге байланысты  жаңа технологияларды пайдалануға  итермелейді. 

 Инновация деген ұғым  латын тілінде жаңарту, жаңалық,  өзгеріс енгізу деген түсінікті  білдіреді. Оның мәні – білім  беруге және өздігінен білім  алуға негізделген қабілетті  дамытады.

 Қазіргі таңда оқушы-  ақпаратпен қаруланған, жан-жақты  дамыған тұлға. Оның білімдік  қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған  болуымыз керек. 

 «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа  көшіп, жаңа білімді ескі білімге  байлап беру керек»-деп мағжан  Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне  жаңа көзқараспен қарау керек. 

 Сын тұрғысынан ойлауды  үйренген оқушы «Оқушы-компьютер-мұғалім»  жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты  тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат  көзі – компьютерден оқып, қажетті  мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп,  мұғалімге бере алатындай түсінікпен келуі, техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдері оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуін де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай да болмасын шығарманы оқуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне, ізденуіне бағдар көрсетеді. Техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдерінің қазақ тілі пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналалары қолданылады. Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді. [12,113]

Информация о работе Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту