Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….. 3
Негізгі бөлім.............................................................................................................7
I. Компьютерлік оқыту технологиясының оқушыларға маңыздылығы............7
1.1 Компьютермен оқыту – уақыт талабы............................................................7
1.2 Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары...................................................18
1.3 Компьютерлік технологияны оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері…………………………………………………………………….20
II. Қазақ тілі мәтіндерін комьютермен оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні………………………………………………………………………………..24
2.1 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесінің психофизиологиялық негіздері…………………………………………………………………………..24
2.2 Мәтінді компьютермен оқыту әдістемесін дидактикалық негізері……..25
2.3 Қазақ тілі мәтіндерін оқытатын компьютерлік бағдарламаның мазмұны..................................................................................................................27
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………32

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ КАЗ Т ӘДІСТЕМЕДЕН.docx

— 66.01 Кб (Скачать файл)

Компьютермен жұмыс жасау  барысындағы оқушының психофизиологиялық ерекшеліктері анықталды. Қазақ  тілін компьютермен оқыту әдістемесінде  сөйлесім әрекетінің бес түрі де «оқушы - компьютер» :диалогында қолданылды. Зерттеу  жұмысында оқушының компьютермен жұмыс  жасау барысындағы әрекеттері психофизиологиялық тұрғадан жан-жақты қарастырылды. Адамның психофизиологиясы туралы ғылым - адам ағзасының рухани психикалық және физиологиялық функцияларының өзара тығыз байланыстылығын зерделеу негізінде адамның іс - әрекетін зерттейді. Компьютерді қолдана отырып казақ тілін оқыту әдістемесі де сенсорлық сигналдардын қызметін тануды, оларды оқыту үрдісінде ескеруді, солардың қызметіне орайласқан әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданудың жолын іздеуді талап етеді. Оқушылардың мұғалімнің басшылығымен және компьютер арқылы өз бетімен қазақ тілін басқару мен оны тиімді нәтижелерге жеткізуді ұйымдастыру үшін мына бағыттар анықталуы тніс: компьютерге енетін қазақ тілі материалдарын қолданатын оқушылардың жеке жас ерекшеліктері; компьютермен жұмыс жасау режимдері мен нәтижелерін тексеру және бақылау барысының психофизиологиялық ерекшеліктері; компьютермен оқушының тапсырмаларды орындауын сыныпта және үйде (өз бетімен) жүргізуді ұйымдастырудың психофизиологиялық ерекшеліктері; мәтінге байланысты тапсырмалар мен жаттығулардың, жұмыс түрлерінің сатылай өсе отырып орындауын мұғалімнің басқару ерекшеліктері. Компьютерлік білім беру барысында оқушының зейіні, есі, қиялы, ойы мен тілі дамытылады. Ойын талаптарын орындау барысында оқушының түрлі рөлдерді атқара алуы (ойнаушы, оқушы, тексеруші өзін-өзі тексеру барысында, бағалаушы т.б.) және соған сәйкес мінез, сөйлеу формаларының дамытылуы - оқушының жалпы психологиялық күйіне ықпал етеді. Сөйтіп, мәтіндерді компьютер арқылы оқыта отырып, оқушының оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін белсендіруге психофизиологиялық тұрғыдан келудің маңызы зор екені анықталды.[17,94]

2.2  Мәтінді   компьютермен  оқыту  әдістемесінің  дидактикалық негіздері.

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық және компьютерді қолданудың кибернетикалық-дидактикалық теориясы, оның әлеуметтік мәні синтезделіп, әдістемелік жаңа теория жасалуына  негіз болады. Әдістеме теориясының  табиғаты зерттеу нысанының әлеуметтік мәнін ашу арқылы анықталады. Қазақ  тіліндегі мәтіндерді компьютер  арқылы меңгертудің әлеуметтік мәнін  мына қатысымдық модель арқылы көрсетуге  болады.

Қатысым (коммуникация) –  адамдардың, топтың, халықтың, мемлекеттердің өзара байланысын іс жүзіне асыра  отырып, адамдар арасында ақпарат, ой-сезім, бағалаулар, мән-мағыналар, құндылықтар  алмасуын мүмкін етеді. Қатысымсыз әлеуметтік топтастықтардың, әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың құрылуы мүмкін емес және тұтас әлеуметтік ортаның болуы  да мүмкін емес. Қатысым - көптеген ғылымдардың: әлеуметтанудың, психологаяның, саясаттанудың, қатысым теориясының зерттеу нысаны болып табылады. Компьютер арқылы оқушыларға қазақ тілі мәтіндерін оқыта отырып, олардың қатысымдық қабілеттерін дамытуды мақсат етіп отырғандықтан, катысымның жан-жақты ерекшеліктерін қарастыру керек. Егер дәстүрлі сабақ берудегі қатысымдық үрдісте мұғалім тек кана ақпарат беріп, оқушы ол қатысымдық үрдіске белгілі бір жағдайларға байланысты кіріге алмайтын болса, компьютер арқылы берілетін сабақта оқушы мұғаліммен үнемі қатысымдық әрекет жасап, екі жақты байланыс жүзеге асады. Компьютерді қолдана отырып, казақша мәтіндерді өзге ұлт мектебінде оқытуда оқушының алатын білім мазмұны оның санасында әлем картинасын қалай жасайтынына, ол картинаның адамгершілік және дамытушылык қасиеттерге толы болуына тікелей әсер етеді.

Мұнда дидактикалық заңдылықтар  мен компьютерлік оқыту бағдарламаларынын  түрлері, компьютермен окыту үрдісінің  дидактикалық талаптары қарастырылды. Қазақ тілін оқытуда екі мақсат көзделді: біріншісі - практикалық білік-дағдыларды игерту; екіншісі - қазақ тілі туралы ғылыми мәлімет беру. Осымен байланысты қазақ тілін өзге тілді аудиторияда  оқытудың дидактикалық ұстанымдары  басқа пәндерден (химия, математика және т.б.) өзгеше болды. Дидактиканың негізгі  қарастыратын нысаны - мүғалім, оқушы  және тұтас оқушылар ұжымы ерекшеліктері  және «оқушы - мүғалім», «оқушы - және білім  мазмұны», «мұғалім - білім мазмұны» қатынастары екені белгілі. Қазақ  тілін мәтіндер арқылы окытуда, ол мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің дидактикалық аспектісін қарастыруда дадактиканың қазіргі заман концепциялары  алынды. Дидактиканың дамуында үлкен  орын алған инновациялық-авторлық мектеп авторлары: Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, Қ.Бітібаева, Қ.Құсайынов. Қазақстандық жаңа педагогикалық жүйелердін оқу-тәрбие үрдісіне енуіне теориялық  және практикалық негіздеме жасаған  Ж.Дараев, Қ.Қабдолқайырүлы, Н.Нұрахметов, Ф.Ш.Оразбаева, К.А.Абдығалиева, Т.Т.Галиев, Г.К.Нұрғалиева, Қ.Қадашева, М.Р.Ковжасарова, М.М.Жанпейісова, Г.Д.Аулъбекова, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, Н.Құрманова т.б. ғалымдардың  зерттеулері болды.

Қазақ тілін оқытуда компьютерді  қолдану оқушылардың тек көру сезіміне ғана сүйеніп қоймайды. Компъютердегі  дыбыстық, қозғалыс жасау, түрлі анимациялық  мүмкіндіктер оқушылардың сезімдік дамулары арқылы ақыл-ой қызметінің де белсендірілуіне жайлы жағдайлар  жасайды. Мультимедияның өзіне тән  мүмкіндіктерін бай әрі мол етіп қолдана отырып, мәтінді оқытуда  оны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы кеңейте  аламыз. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік диск (СD) арқылы оқу материалын оқушыға жеткізу -көрнекіліктің жаңа сатыдағы түрі. Персоналды компьютер (ПК) қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертуде оқушыға өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге, қазақ тілін индивидуалды түрде үйретуге мол мүмкіншіліктер жасайды. Қазақ мәтіндерін компьютер арқылы оқытуда басшылыққа алынатын жол программалап оқыту идеясы болып келеді. Компьютер арқылы мәтінді оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар өзара ерекше мазмұндағы жүйені құрайды. Компьютерді қолдану барысында оқушылардың компьютерлік сауаты дами түседі, қазақ тілін оқытудың көптеген міндеттері компьютерге «жүктеледі».[18,146]

Қазіргі кезде белгілі  болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай программалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс  жасау программасы); Ә) Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған программа); Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын  программа); В) Клоузмастер (бос орынды           қажетті жауаппен   толтыру  дағдысын   қалыптастыруға  арналған программа);              Г) Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға  үйрететін программа);          Д) Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру программасы); Е) Юнилекс (Мәтін бойынша  сөздікпен жұмыс жасау программасы); Ж) Гэпмастер (жіберілген бос орындарды  толтыруға дағдыландыру программасы); 3) Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған программа); И) Спидрид (оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыратын  программа); К) Сториборд (мәтінмен жұмыс  жасауға арналған программа); Қ) Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға  арналған программа). Дидактикада оқыту  процесіне сәйкес маңызды орын алатын - кері байланыс. Кері байланыс, әсіресе, оқушы үшін маңызды. Осы жол арқылы ғана оқушы өзінің білім алу әдістерін  қалай меңгергенін керсете алады. Оқушының компьютерді қолдана отырып қазак тілін үйренуі мұндай кері байланыстың жедел және белсенді өтілуіне мүмкіндіктер жасайды.[19,146]

 

2.3 Қазақ тілі  мәтіндерін оқытатын компьютерлік  бағдарламаның мазмұны.

Ғалымдардың көрсетуінше, тілшді оқытудағы компьютерлік модельдеу  мынандай кезеңнен тұрады: 1 кезең –  функционалды-алгаритмдік кезең, 2 кезең  – оқу-әдістемелік кезең, 3 кезең  – программалық-математикалық кезең, 4 кезең – инженерлік-прагматикалық  кезең. Компьютерді қолдана отырып, оқушының мәтінді игеру түрлері  төмендегідей болып келеді: мәтінді  оқушының өзінің оқуы; мәнерлеп оқыған дауысты тыңдауы; музыканы тыңдауы; лексика-грамматикалық анықтағышпен жұмыс жасауы; өзінің білімін компьютер арқылы өзі тексеруі. Осы айтылғандардың барлығы жүйелі түрде талданды. Ең алдымен, қазақ тілін мәтіндер арқылы компьютер жүйесімен оқытудың арнайь сценарийі жасалынды. Ол сценарийде компьютер арқылы оқытуда көзделетін мақсаттарға сай міндеттер көрсетіліп, алгоритмдер белгіленді. Алынған алгоритмдер біртұтас сценарийге түсірілген соң, электрондық мәтіндер жинағы мен олармен жұмыс жасау әдістері жүйеге түсірілді. Ол үшін осы электрондық оқулыққа арналған анықтама жазылды. Ол анықтамада электрондык құралдың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен қалай, не үшін қандай операциялар орындау керектігі көрсетілді. Жеке мәтінді оқытуға арналған сабақта мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын арнайы түсіндіретін әдістемелік нұсқау жасалынды. Ол арнайы түсініктеме түрінде электрондық құралдың алғашқы парақтарында берілді. Эксперимент жасаушы мұғалімдер мен оқушыларға арнайы түсініктеме беріліп отырды. Ондай кеңес-түсініктемелерді беру эксперимент барысында жақсы нәтижелерге жеткізді. Әр мәтінмен жұмыс әр сабақтың жоспарына лайықталып, сабақтың әдістемелік сиенарийі ретінде көрсетіліп отырды.

Сабақтағы жұмыс. Сабақ мәтінмен танысудан басталады. Әр сабақтың мәзірі келесі режимде болады.

Сабақтың мазмұны. Бұл  бөлім сабақтың мазмұнымен, орындалатын  тапсырмалармен таныстырады.

Тапсырмалар жиынтығы:

Мәтінмен жұмыс. Мәтіннің мазмұны дауыстап, мәнерлі түрде  жазылған, яғни мәтін компьютерде  мультимедиялық жүйе аркылы берілген. Бұл бөлімде компьютердің дыбыстық, көру мүмкіншіліктері іске косылып, оқушының көру, оқу, есту, тыңдау әрекеттері арқылы мәтіннін мазмұнымен танысуы  басталады. Одан соң оқушылар компьютердегі  мәтіннің оқылуына еліктеп, өздері солай  оқуға дағдыланады. Мұғалім өзінің шеберлігіне сай бұл бөлім  бойынша сабақта түрлі әдістер  қолдана алады.

Лексикалық тапсырмалар. Бұл бөлімде бағдарламада көрсетілген  фамматикалық тақырыптар бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Жаттығулар мен  тапсырмалардың мазмұны грамматикадан  өтілетін ережелерді қамтиды. Оның өзі  іштей 3 денгейлі болып ұйымдастырылды:

Грамматика - 1. Бұл бөлімде  оқушыға арналған мәтін бойынша  тапсырма бар. Тапсырма мәтіннен белгілі  сөздерді табуға нұсқайды және дұрыс  табылған сөздер жасыл түсті, ал дұрыс  болмаған сөздер қызыл түсті болып  жанады.

Грамматика 2.1 - сөздерге берілген жұрнақтарды көрсетіп, сөзге сай  келетін жұрнақтарды табу керек.

Грамматика 2.2 - сөйлемдердің ішінен сөз түсіп қалған, берілген сездерді анықтап, сөйлем мазмұнына  сай келетін сөзді табу керек.

Сөздік. Әр сабақтың соңғы  бөлімі сөздіктен тұрады, бұл сөздікте сабаққа қажет 10 сөз қамтылған.

Шығу. Программамен жұмыс  барысын тоқтату үшін қызмет етеді.

Компьютермен байланысты осындай әдістемелік жұмыстардан  соң қазақ тілі бағдарламасы бойынша  берілген сағаттар санына орайластыра  отырып, авторлық бағдарлама жасалынды. Оның мазмұнында оқулықта берілген мәтіндерге қоса өзіміз іріктеп алған жаңа мәтіндер жүйесі берілді. Эксперименттік бағдарламада мәтіндермен бірге оқушылар меңгеру  тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілді.[20,143]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Жаңа ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың тақырыпты түсіну қабілетін  дамыту. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру. Былайша айтқанда, қазақ тілі сабағында заман талабына қарай ақпараттық компьютерлік технологияларды оқушының да, оқытушының да белсенді дамытуына бағытталған.

Оқытуда экономика сапасын  арттыру үшін, қоғамдағы ақпаратты компьютермен байланыстыру қажет. Жаңа ақпараттық технология арқылы қазақ тілі  сабағында электронды оқулықтардың тигізер үлесі зор.

Электронды оқулықтарды  қазақ тілі сабағында қолдану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар тестілер орындап, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Компьютерге деген қызығушылықты  арттырып, саналы, сапалы болашақ маман болуға бейімдеу. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттық  технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік  іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- оқытушының ақпараттық  технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік,  дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- материалды-техникалық  базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер  – оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар  білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы танымдық белсенділікті арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады.

Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, қажетті білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, ізделініп отырған мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.

Бүгінгі білім беру жүйесін  ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән оқытушыларының бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан, білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру.  Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген  кері байланысты қамтамасыз етеді.  Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

Информация о работе Қазақ тілін компьютер арқылы оқыту