Өндірістегі ақпараттық жүйелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 22:46, контрольная работа

Краткое описание

Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін – кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарлатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциалын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.

Содержание

1. Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері
2. Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

4.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

Басқару процесі кез  келген ахуалға ғылыми тәсілдемені  қолдану өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға  қарай басқаратын  ахуалдық басқаруды білдіреді.

Менеджментте бастысы  – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезендік және ағымдық) белгілейді.

Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғыни принциптік айырмашылығы, міне, осында.

Жеке кәсіпорынмен тұтас  экономиканың экономикалық жағдайы  түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:

  • техника мен технологияның деңгейі;
  • жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәждемелерін кеңінен пайдаланылуы;
  • өндірісті ұйымдастыру және басқару )менеджмент).

Менеджменттің жағдайы  техникамен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл  экономикалық қатнастардың ерекше саласы.Аса  көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-1924 ж.ж.) басқаруды үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.

Техника мен жаңа технологияның  дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түріне бөлді.Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді түрде байытуға, өндіріс пен еңбекті басқарудың тиімді әдістерін іздеструге, басқару ғылымының пайда болуына әкеп соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англияда ХІХ ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық – математика, инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер Ч.Бебиджаның “Экономика машин и производства” (1832 ж) атты кітабы болды.)

Бұл анықтамадан бөлек  басалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатнас жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық (административные навыки) және т.б. ретінде қарастырады.

Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұны тікелей  байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка “Карьера менеджера” кітабында адамдармен қарым-қатнас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустиялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктірді.

Менеджмент мәселелерімен  бүгінгі таңда әр түрлі білім  саласының мамандары – математиктерден  антропологтарға дейін айналысады.

Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.

Басқарудың осындай  жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің  қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.

        1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

        2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік  мекемелерді ұйымдастыру және  сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

        3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік  менеджменттің ерекше түрі. Қарулы  күштерді ұйымдастыру және оларға  жетекшілік ету. 

        4.Құрама одақтық (ассоцияциялық)  немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік  мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

         5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және  мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.

         6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

         Петерсон мен Плоумен былай  деп атап көрсетеді: менеджменттегі  мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

         Менеджментке алуан түрде түсінік  бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі  тұжырымдары көп жағдайда ұқсас  келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.

        Тіпті маман болмағанның өзінде  де, біздің кез келгеніміздің  басқару ғылымы мен өнері туралы  азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.

        Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында  өндірісті тиімді басқарудың  теориясы мен практикасы.

        Менеджмент –нақты мақсатты жүзеге  асыру үшін кәсіпорын жұмысын  басқаруға және ұйымдастыруға  байланысты адамдар қызметінің  түрі.

         Көрнекті американ экономисі  В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша:  «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті  ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік  қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».

         Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау  функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен,  кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай  ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде  қажет болып саналады. Сонымен  қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін., осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.

Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.

Басқару процесінің өтуінің  екінші типі – бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.

Кәдімгі жоспардан бағдарламаның  өзгешелігі – тапсырманы орындауды  басқаруды «кідіртпестен» қолға алуға, «осал тұста, орын» анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.

Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл  мақсаты айқындалған, әрі сирек  өзгеретін тұрақтанған, толық меңгерілген  өндірісте қолданылады. Мұндағы  басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.

Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған  типтері сол қалпында қолданыла  бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін.

Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған  бағдарламалық мақсатты басқару – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында «Белок», «Кадрлар», «Жалгерлік» т.б. бағдарламалар.

Коммуникация дегеніміз  – қарым –қатынас, екі және одан да көп аламдардың өзара түсінісуге байланысты: бір – бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

    Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым – қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және басқару қызметтерін орындау да қарым – қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын  ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым  – қатынас орнату қажет.

Шет ел зерттеушілерінің пікірінше тиімсіз қарым –қатынас проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар –бұлар тиімді қарым – қатынас орната білетіндер. Ұйым ішіндеде, одан тысқары жерде де тиімді қарым – қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшінде аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.  

Олар тұтынушылар мен  жарнама арқылы және басқадай жодармен байланысады. Қоғамдық ұйымдар мен  қарым қатынас орнатуда жергілікті ұйымдар мен, жалпы ұлттық несмесе  халық аралық деңгейде байланыс жасауға  ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік  реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, Сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай – ақ өзінің орналасуы, мүмкіндіктері, жеңілдіктер  т.б. туралы деректер келтіріледі. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.  

Сыртқы орта арқылы пайда  болатын алуан түрлі проблеммаларға байланысты ұйым ішінде әртүрлі талқылаулар, жиналыстар телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар (ведиолента) тағы басқа жасалады.

Ұйымда   мәліметтер бірінен – біріне беріліп, алмасып  отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі  басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты  тапсырмалар ұсыныстар тағы басқа  беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан  жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болаты варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме формасында болады.

Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені оның өзі  өзара байланысты элементтерден  тұратындықтан, басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып  саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді  анықтау үшін мәлімметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын  талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Коммуникациялық процесс - бұл екі немесе оданда көп адамдар  арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация-бұл күрделі процесс жәнеде оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Мәлімет алмасу процесінің элименттері мыналар болып саналады:

  • мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;
  • символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;
  • канал, мәліметті беру құралы;
  • алушы, бұл мәліметті қажет ететін адам.

Мәліметті алмасу барысында  жөнелтуші мен алушы белсенді рөл атқарады, әрі мұның өзі бір-біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұлардың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жаққа да түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай:

- идеяның пайда болуы;  кодтау және канал таңдау; беру; декодтау.

        Мәлімет алмасу процесінің кезеңдерін  қарастырайық. Мәлімет алмасу идеяны  тұжырымдаудан немесе мәліметті  таңдаудан басталады.Бұл кезеңде  жөнелтуші мәлімет алмасу үшін  қандай канцепцияны басшылыққа  алу қажет екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген фактарларды ескерді. Мәселен, басшы жұмыс нәтижесін бағалау туралы мәлімет алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтау тиіс: идеяның мәнісі сол, өзінің қара, мағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты мәліметті хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығын жөнінде кеңес беру.

Информация о работе Өндірістегі ақпараттық жүйелер