Өндірістегі ақпараттық жүйелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 22:46, контрольная работа

Краткое описание

Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін – кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарлатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциалын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.

Содержание

1. Кадрлар қызметінің негізгі мәселелері
2. Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

4.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

- барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды  дәл есептеу және жоспарлау;

- жұмыс жағдайын есептеу  және жоспарлау;

- шикізаттарды, материалдарды,  механизмдерді, жұмысшы күштерін  әзірлеу;

- өндірісті стандартты  технология бойынша жүзеге асыру;

- өндірісті жетілдіру  жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірісті ғылыми басқару  концепциясы елеулі өзгерісті кезең  болды, соның әсерінен басқару ісі  ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде  танылды. «Ғылыми басқару» қозғалысы  АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Швецияда, Францияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.

   Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

  1. экономикалық
  2. әлеуметтік – психологиялық
  3. құқықтық
  4. ұйымдық – техникалық

   Экономикалық бағыттың мәні -  өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын кординациялау.

   Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.

    Басқарудың  төменгі және орта деңгейіндегі  менеджерлердің қызметі және  жұмысшылар мен коллектив арасындағы  дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.

    Менеджментің құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.

    Менеджментің 3 кезеңі белгілі: 

  • стратегиялық басқару,
  • оперативтік басқару,
  • бақылау.

Стратегиялық басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.

Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.

Бақылау – пайдаланбаған  өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға  жетудегі нәтижелерді талдау мен  бағалау.

    Тиімді әрекет  етуші мекеме менеджменттің барлық  бағыттары емен  кезеңдерінің  бірлігін қамтамасыз етеді.

    Пайданы қамтамасыз  ету – менеджменттің басты міндетті.

    Фирманың пайдалық  деңгейі нарықпен анықталады, бірақ  өнірістік ресурстарды рационалды  пайдалану мен тиімді басқаруға  тәуелді.

     Менеджментің  қазіргі және болашақтағы тәуекелдік  деңгейін төмендетуге негізделген.

     Менеджер еңбегінің заты ақпар және ұжымдағы қарым-қатынас.

Өнірістік басқаруда  менеджер аз білімді болсада, басқару  іскерлігінің қыр сырын жетік  біліуі керек. Басқару негіздерін зерттеу  мен оқу менеджерлер, кәсікерлер, бизнесмендердің қажет білім  игеруіне мүмкіндік береді.

Экономика дамыған қазіргі  таңда менеджер қызметі ең кең  таралған, қажетті бағыттыражың бірі. Сондықтан Қазақстанда практика жүзінде қолдану және теориялық  жағынан оқытуға негіз бар, себебі Қазақстан жаңа экономикалық қатынастар мен әлеуметтік – экономикалық басқару жүйесіне көшуді бастаған болатын. Осы түрғыдан менеджмент негізінің теориялық – методикасын терең оқыту және басқару жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде практика жүзінде қолдану қажет.

     Менеджмент – нарықтық экономика кезінде жеке субъектіге қажетті ерекше басқару түрі  деп түсіндіріледі. Бұл түрі экономиканың алғашқы жүзеге асырылатын фирма, мекеме нарықтық жағдайда қызмет ететін, менеджменттің экономикалық механизмінің әдісін қолдану қызметі. Осы жағынан келгенде, менеджмент нарықтық экономика жағдайында басқару деп атауға болады. Бұл мынаны білдіреді:

  • мекеме не фирманың нарықтық сұранысына тұтынушы қажеттілігіне назар аудару, тұтынушы қажеттілігі және пайда түсіретін өнім түрлерін шығару үшін өндіретін мекемелер ұйымдастыру.
  • өндіріс заттарының құндылығын көтеру, аз жұмсап – көп пайда келтіру үшін жұмыстану.
  • жекеменшіктік пен еркіндік.

Менеджменттің өзінің жеке экономикалық механизмі бар, олар:

  • фирма ішіндегі жеке басқару жүйесі
  • өнжірісті басқару
  • қызметкерлерді басқару

    Мемлекеттік басқарудың көкейтесті мәселелерін терең түсіну үшін, менеджменттің теориясын және теориясын және ережесінің кейбірін білу міндетті.

     Кез –  келген елдің экономикалық жағдайын  ақтау үшін үш негізгі факторларды  білу қажет: 

  • техника және технология деңгейі;
  • жұмысшы күшінің сапасы мен еңбекке көзқарасы;
  • менеджмент (өндірісті басқару және ұйымдастыру).

Менеджменттік жағдайы  техника және технология деңгейі; жұмысшы  күші мен сапасына ықпал етеді. Сондықтан  Альфред Маршалл дәстүрлі үш (капитал, еңбек, жер)өндірістік факторларға төртінші қылып басқару жүйесін айтты.

      Қазіргі  кезде басқару факторларының  маңызының артыуына байланысты  адамның әлеуметтік статусының  дамуы басқару жүйесінің концепциясының  пайда болуына мүмкіндік жасайды,  бұл үкіметтің жеке меншіктен басқару жүйесіне ауысуына көмектесті. Осыдай біздің елімізде менеджмент дәстүрінің басталып келе жатқанқандығын көру қиын емес.

Басқару саласындағы  бұл төңкерістің белгілерін мынадан  көруге болады:

1. Басқару жүйесінің  негізгі методтарын жақсы меңгерген маман даярлау;

2. Мақсатты мекеме  басшыларын басқару жұмысына  даярлау;

3. Сапалы өндіріс қажеттіліктерін  басқаруды бірінші орынға қою;

4. Иерархиялық сапанвң  барлық деңгейінде жұмыс істей  алатын менеджерлер даярлау;

5. Экономикалық әлеуметтік  – психологиялық басқару әдісін қолдану;

6. Адамның еңбекке  қабілеті мен қызметі әдістерін  басқару;

7. Адамның еңбекке  қызығушылығы мен еңбектегі іс-әрекет  себептерін оқыту;

8. Табысқа жеткізетін  ғылым жетістіктерін кеңінен  қолдану;

9. Ақпараттың үрдістер  мен компьютердің ролін көтеру.

      Халық  шаруашылығын тиімді басқару  басқарудың кеңес беру сияқты  түрін өмірге әкелді. Соңғы 1920 – 1930 жылдар ішінде менеджмент  терең өзгерістерге ұшырады. Бұл  ақпараттың жарылыс пен адамзат  факторына байланысты. Бастысы менеджменттің ескі жүйесінің ауысуы еді. (Рационалдықтың басқаруға ауысуы)

       Рационалдың  менеджмент бойынша, фирма жабық  жүйе ретінде қаралып, оның  табысы факторлар мен шекарасындағы  жетістікпен байланыстырылды. Бұл  ішкі өндірістік резервтерді  пайдалану арқылы еңбек өндірісі мен барлық ресурстардың нәтижелі пайдалануы арқылы еңбек өнімі ұйымдастырылды. Бұндайда мақсаты мен міндеті ұзақ уақыт бойында бір қалыпты дамыды. Өндірістің үзіліссіз даму стратегиясы қажетті мамандардың негізінде. Ұйымдастыру структурасы функционалдың принцип бойынша тұрғызылады (аппараттың қызметі мен мамандығы бойынша бөлінуі) шешуші рольді –кадрлар жұмысы мен олардың қызметкерлігін бақылау арқылы жоғарыда отырғандар жүзеге асырады.

         Қазіргі кездегі басқару рационалды  модельді итеріп тастаған жоқ, ұйымдастыру структурасын қалыптастыру әдістемелік негізі ретінде қалып отыр. Мекемені зерттеу, экономикалық расчет жасауда өте қажет.

        Жалпылама өндірістік стандартты  өнімдерді шығаруда қатал басқару  керек. Ал өндірісті дамыту, эксперимент жасау, өндіріс аралық байланыс жасау, жаңа партнерлар табуда бұл басқару жүйесі тиімсіз. Бұл жерде жаңа, жүйелі тиімді, өнімді басқарушы керек.

         Жаңа басқару парадигмасы стратегиялық  басқаруды негізге алады. 

         Ситуациялық подход-ұйымда барлық жағдайда қолданылатын бір ереже емес, әр түрлі жағдайда өз ережесі қолданылады. Осымен байланысты әрбір ұйым өз жұмысын талдап, соған орай басқарылуы керек. Бұл жағдайлар менеджерлер әрекетін альпорнативті негізге итермелейді. Табысқа жету үшін, менеджерлер жағдайларды талдай білу және шешім қабылдай білу керек. Бұл жағдайының тиімді жағы –оның методологиясын мойындау. Менеджерлер бұнымен есептесу керек. Сонымен қатар ішкі және сыртқы өзгерістерге үйренуі қажет. Мысалы, мекеме мемлекеттік меншіктен, жекеменшікке ауысса, әрі қарай администрациялық жұмыс режимі сақталуы мүмкін емес. Себебі бұның арты еңбек өнімін азайтып, банкротқа әкеледі. Біздің мемлекетте менеджмент теориясы мен практикасын оқу қазіргі заман талабы. Өтпелі кезеңде экономиканы басқаруда көптеген қателіктерге әкелді. Ең бастысы басқарудың жаңа түріне органикалық жағынан ену. Негізгі ережесі, біріншіден, нарықтық экономиканың дүние жүзілік ғылыми әдістерін есепке алып, ал екінші жағынан өтпелі дәуірдегі ҚР-ның ғалымдарының көзқарастарын алып жасалған.

Басқарудың жаңа парадигмасының негізгі ережесі біздің мемлекетте төмендегіше:-нарықтық әдістің майысқақ үйлесімді реттелу.Нарықтың экономикаға  өту ауыр үрдіс, онда белсенді роль атқаратын мемлекет.

  • Нарықтық шаруашылық субъектісі ашық, әлеуметтік –бағдар жүйесінде қалыптасып, қызмет етеді.
  • Барлық дәрежеде өзін-өзі басқару және шаруашылықта полицентрлік жүйемен басқаруға көшу.
  • Нарықтық үйлесім және әкімшілік басқару әдісі мемлекеттік мекемелердің экономикалық секторларында жүзеге асыру.

Соңғы жылдары елімізде реформа негізінен үш бағытта  жүргізілуде: қаржыландырудың бір  қалыптылығы, нарықтың қатынастағы  әлеуметтік сфераға көшіру, жалпы  масштабты мемлекеттік өндірістерді жекешелендіру, базалық өндіріс  орындарын шетел компанияларына сату. Реформалар көптеп шығарылғанмен, өткізілген шаралармен айналысып, нәтижесін көрмей отырғанымыз, бұл реформалардың қажетсіз екенін дәлелдеді.

     Реформаның  негізгі радикальды шын мағынасында  болуы керек. Көлемді және масштабты  радикальды реформадан тереңде нақты радикальға көшу керек. Радикальдың және нәтижелілік-мемлекетіміздің экономикалық саясатының нағыз реформалық кретерийті. Яғни, экономикалық саясаттағы реформа өткізілген шаралардың сонымен бағаланбай, нақты нәтижесімен бағалануы керек. Өтпелі экономика толыққанды нарыққа ұласты деп айтуға болмайды.

       Жаңа  реформаның сатысы басталды бұл  шын мәнінде радикальды –либеральды  реформа, жаңа механизм. Дегенмен, нарықтық қатынастың дамуы мен  қалыптасу мақсаты  приоритет  қалпында қалады, себебі оларсыз экономикалық өсімнің бірқалыпты және жоғары болуы мүмкін емес.

         Біз мынаған нақты жауап беруіміз  керек, қандайда болмасын радикальды  реформа, экономикалфық саясат  елімізді гүлдендіруге әкелмейді,  егер де ұйымдастырылған, әсіресе  экономикалық қылмысқа қарсы күрес жүргізілмесе, заңдылық, еліміздегі жеке адамның қауіпсіздігі заңды түрде қорғалмаса. Мемлекеттік басқару жүйесін, оның мүшелері мен аппараттарын түгелдей реформалау қажеттілігі туды. Осының барлығы мемлекеттік функцияның нарықтық жағдайында және бірнеше басқару ұйымдарының жойылу негізінде, мемлекеттің тікелей араласуының негізінде берілген.

        Қазақстандағы реформа орталығы  жекеменшікке қатнастың және  жеделдетілген мемлекеттік меншікті  жекешелендіруге жаңаша қарым-қатынасының  әркезде және жаңаша қарауы. Жеделдетілген соншалық, стратегиялық маңызды өндіріс орындардың бәрі жекешелендірілуі аяқталып келеді, олар жалпы ұлттық мақтанышымыз еді, шетел структураларына кейде жасырын сатылып жатқаны сонша, бұның бәрі еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне үлкен қауіп қатер төндіріп отыр.

         Жекешелендіруге осындай қарым-қатынастың  өзі әлеуметтік маңызы бар  денсаулық сақтау объектілеріне,  білім және мәдениеттің болашақта  экономиканың өсуіне тежеу болады. Бірақ негізінен жекешелендіру аяқталды. Осы жекешелендірілген объектілер экономиканың инвестициялық қайнар бұлағы бола отырып, өндірістің өсуіне үлесін қосады деп сенеміз.

         Осындай операциялар финанс секторында  шетел компанияларының қатысымен  өткізілуіне жол бермеу керек,  еліміздің алдыңғы қатарлы банктардан айырылып қалмау үшін тиым салуымыз қажет. Сондықтан, елімізде шетелдің финанс структураларына сан жағынан шектеу қойылған. Бұны ұлттық және еліміздің экономикалық қауіпсіздігі талап етеді. Басты өндірістер, яғни базалық өндіріс орындары өсу, даму нүктелері болар еді. Бірақ, олар шетел компанияларының қолында, олар капиталды Қазақстаннан тыс жерге алып кетеді, оның болашақта қайтуы белгісіз. Сондықтан, Қазақстанға сұранысы мол, конкуренттік қабілеті бар өнімдерді көбейтуге, сол саладағы өндірісті жандандыруға жұмыстанады. Солардың ішінен әсіресе, экспортқа шығарылатын өнімдерді шығару, жоғары техникалық өндірісті дамыту. Еліміздің экономикасын көтеру үшін шетел инвесторларын шақыру жайы тұр еді. Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетел инвестициясына тұратын. Дегенмен Қазақстанның объективтік жағдайына баға беретін басты және ішкі жеке инвесторлардың қоры болатын. Экономикадағы шетел инвестицчясы айтқанда, басты тура және портфельді жеке инвесторлар туралы айтылған еді.

Информация о работе Өндірістегі ақпараттық жүйелер