Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 18:18, дипломная работа

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз. Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен жаттығу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген тәсілін ұсынамыз.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………3
І. Графикалық мүмкіндіктер................................................5
1.1 Қозғалысты программалау………………………………5
1.2 Индикаторларды пайдалану…………………………5
1.3 Қарапайым графиктерді сызу әдістері…………………9
1.4 Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу…………11
ІІ. Мультимедиялық мүмкіндіктер..…………………………12
2.1 Animate компоненті……………………………………………12
2.2 MediaPlayer компоненті…………………………………15
2.3 Дыбыс шығару. Дыбысты жазу.………………………………….....16
2.4 Видеороликтер мен анимацияларды көру………………………19
2.5 Анимацияны құру……………………………………………………20
III. Объектілі- бағдарлы программалаудың элементтері.………… 23
3.1 Объектілі-бағдарлы тәсілдердің негіздері..………………………23
3.2 Protected және private нұсқаулары……………………………27
3.3 Полиморфизм және виртуалдық әдістер………………………27
3.4 Қолданушының компоненттерін құру…………………………28
Қорытынды…………………………………………………………………38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………39
Қосымшалар………………………………………………………………40

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Delphi-программалау-ортасында-графикалық-компоненттерді-пайдалану-әдістемесі.doc

— 761.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

 

Қазақ мемлекеттiк  қыздар педагогикалық университеті

 

 

Физика-математика факультетi

 

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы: “Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі”

 

 

Қорғауға жiберiлдi

"     "             2009ж.

кафедра меңгерушiсi

тех.ғ.к., доцент

Г.И.Салғараева

__________________

Орындаған: Баймұханмедова А.

5-курс (5-жылдық)

050111-Информатика мамандығы

сырттай бөлiмнiң студентi

Ғылыми жетекшiсі: тех.ғ.д., профессор Р.Б.Баймахан_______________         


 

 

 

 

 

 

Алматы, 2009ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………...

3

І.

Графикалық  мүмкіндіктер.....................................................................

5

1.1

Қозғалысты программалау…………………………………...……….

5

1.2

Индикаторларды пайдалану…………………………...…………..….

5

1.3

Қарапайым графиктерді  сызу әдістері………………………………..

9

1.4

Функциялардың графиктері мен диаграммаларын  сызу…………...

11

ІІ.

Мультимедиялық мүмкіндіктер..……………………………………..

12

2.1

Animate  компоненті…………………………………………………...

12

2.2

MediaPlayer компоненті……………………………………………….

15

2.3

Дыбыс шығару. Дыбысты жазу.…………………………………........

16

2.4

Видеороликтер мен анимацияларды  көру………………………........

19

2.5

Анимацияны құру……………………………………………………...

20

III.

Объектілі- бағдарлы программалаудың элементтері.……………….

23

3.1

Объектілі-бағдарлы тәсілдердің негіздері..………………………….

23

3.2

Protected және private нұсқаулары………………………………........

27

3.3

Полиморфизм және виртуалдық әдістер……………………………..

27

3.4

Қолданушының компоненттерін құру………………………………..

28

Қорытынды…………………………………………………………………...

38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………...

39

Қосымшалар…………………………………………………………………..

40


 

 

 

Кіріспе

Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау - объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Бұл ортада қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген саласындағы бизнес-программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдірінің бірі болып табылады.

Программалау тілін жүзеге асыру  саласындағы программа құрумен  әлемге әйгілі Borland компониясы 1996 ж. Delphi жаңа буынының компиляторын шығарды. Бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша Pascal тілінің қуатты компиляторы болып табылады.

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді.  Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның  мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программиске диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру  жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерек қорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерек қорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi  бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі  деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен  танысуға болады.

Жалпы білім беретін орта мектептің  жоғары сыныптарында информатика пәнін  оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз. Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы  құрал болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен жаттығу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген тәсілін ұсынамыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырып, ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктерін үйрету. Теориялық мағлұматтар беріп, жаттығу есептерін оқу процесінде өзіміз қолданылып жүрген тәсілін ұсыну.

 

І. Графикалық  мүмкіндіктер

1.1. Қозғалысты  программалау.

Қозғалысты еліктету немесе  анимация эффектін көрсету  негізгі  үш қадамдың орындалуымен қамтылады:

  • Объектіні экран бетіне шығару (кейде шағын үзіліс орнатылғаны жөн);

  • Объектіні экраннан алып тастау;

  • Объектіні басқа жерге шығару.
Диаграмма және  график салу

Диаграмма мен  график  сандық берілгендерді  ұғынуды жеңілдетуге бейімделген және Delphi ортасы олармен жұмыс атқаратын компоненттерімен қамтылған. Диаграммаларды екі топқа бөлуге болады:

  • Индикаторлар;
  • Күрделі диаграммалар және графиктер.

1.2. Индикаторларды  пайдалану

  Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы  кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекет (мысалы, дискетті форматтау, файлды көшіру, т.с.с.) процестердің көрінісін мәтіндік және графикалық түрде бейнелеуге арналған.

 Delphi ортасы жұмыстың орындалуын көрсететін ProgressBar және Gauge компоненттерін ұсынады.

 ProgressBar ортаның Win32 парағында орналасқан, бұл компонент белдеу түрінде болып, кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекеттің көрінісін экран бетіне шығарады.


 

 

 

 

 

Delphi ортасының Win32  парағы

ProgressBar компонентінің индикация өрістері мен реңінің түсін өзгертетін қасиеттері жоқ, сондықтан бұл параметрлер контейнер параметрлерімен анықталады. Әдетте графикалық белдеу көк түспен боялады.

ProgressBar  компонентінің келесі қасиеттерін негізгі деп санайды:

  • Min  және Max - индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің

аралығын анықтайды. Келісімше Min=0%, Max=100% деп саналады.

  • Position - орындалған іс-әрекеттің  салыстырмалы көлемін Min және Max мәндеріне сәйкес  анықтайды. Мысалы, Min=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Position-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25%  деп саналады.
  • Step - индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.

Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:

ProgressBar1. Position:=35;

ProgressBar-ның элементінің позициясын StepIt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Integer) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады.  Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).

Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.

ProgressBar1 компонентінің Caption немесе Text қасиеттері жоқ болғандықтан, жұмыс атқару индикаторын жазумен қамту үшін, Label компонентін қолдануға болады.

Samples парағында орналасқан Gauge элементі қарапайым диаграммаларды шығаруда қолданылады. Gauge компоненті арқылы белгілі бір параметрдің мәнін пайызға сәйкестеп, лайықтап шығарады.

Kind қасиеті шығарылатын диаграмманың түрін анықтайды және оның мәні келесідей бола алады :

  • GkHorizontalBar  - көлденең төртбұрыш;
  • gkVerticalBar  - тік төртбұрыш;
  • gkPie  -  сектор;
  • gkNeedle  -  спидометр;
  • gkText  -  тек қана мәтін.

 

 Диаграмма түрлері

      BorderStyle  -  жиектерінің түрі  bsSingle деп анықталса, онда жиегі жіңішке сызықпен салынады. Егер  bsNone деп анықталса - жиегі болмайды. ForeColor  - индикатордың түсін, BackColor диаграмманың индикатордан бос аймағының түсін, Progress  - параметр мәнін пайызға сәйкестеп анықтайды.

      MinValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер  -  0% және 100% ).

 Мысалы,  бейнетаспаны  ойнау  Animate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент  тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.

График  және диаграмма

  Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы  көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі  қасиеттері болады.

 


 

 

 

 

 

                     Additional  парағының Chart компоненті

  Тәжiрибеде Chart  компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері Editing Chart  редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart  терезесiн екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Edit Chart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі Series параметрінде Add   батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.

Берілгендердің шығар көзі Series=> Data Source парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда No data деп көрсету керек.

DBChart  және QRChart компоненттерінің шығар көзін Table  - кесте деп анықтауға болады.

Диаграмма құрылғандағы пайдаланылатын берілгендердің мәндерін басқару үшін Add, Delete, Clear  әдістері қолданылады.

Add (Const AValue :Double; Const ALabel:String; Acolor:Tcolor): LongInt функциясы Avalue параметрімен анықталған мәнді диаграммаға қосады. Диаграмма шығарылғанда, Alabel - мәндің атын, ал Aсolor - оның түсін анықтайды.

Delete (ValueIndex:LongInt) процедурасы ValueIndex нөмірімен анықталған мәнді жояды. Жалпы барлық мәндерді жою үшін Clear процедурасы қолданылады.

Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды  экранға шығаратын программаларды  неғұрлым қарапайым жолмен құруға  мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.

Мысалы,  form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100);

Бет (Холст)

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік (у) координаталар арқылы анықталады.    

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер  үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.

TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі (контуры);

Width – түзудің қалындығы (пиксель бойынша);

Style – түзудің түрі.

Pen.Color қасиетіннің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy, clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolid – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot – пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Информация о работе Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі