Norton Commander

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 22:54, реферат

Краткое описание

Norton Commander –қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге аранлған программа,онда командаларды пернетақтада термей-ақ, тек пернелерді енгізу арқылы орындауға болады.Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды "операциялық қабыршық "деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
• экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
• каталог,файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
• бір каталогтан екіншіге көшуге;
• каталогтар құруға,атын өзгертуге,көшіруге және өшіруге;
• каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге,ауыстыруға,атын өзгертуге және өшіруге;
• кез-келген файлды көруге және мәтіңдік файлдарды түзетуге;
• командалық жолдарды түзетіп,DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Norton+Commander.doc

— 114.50 Кб (Скачать файл)

 


 


Norton Commander

Norton Commander –қолданушының операциялық  жүйемен жұмысын жеңілдетуге  аранлған программа,онда командаларды  пернетақтада термей-ақ, тек пернелерді  енгізу арқылы орындауға болады.Ондай  операциялық жүйемен жұмысты  жеңілдетуге арналған программаларды "операциялық қабыршық "деп атайды. 
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді: 
• экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді; 
• каталог,файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;  
• бір каталогтан екіншіге көшуге; 
• каталогтар құруға,атын өзгертуге,көшіруге және өшіруге; 
• каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге,ауыстыруға,атын өзгертуге және өшіруге; 
• кез-келген файлды көруге және мәтіңдік файлдарды түзетуге; 
• командалық жолдарды түзетіп,DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады. 
Norton Commanderді іске қосу. 
NCEXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теріңіз: 
C:/NC/NC  
бұндағы C:-NC.EXE файлы жазылған диск аты,ал NC-каталог аты. 
NC- Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінең құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC каталог атын,екінші NC-программа атын (nc.exe) көрсетеді. 1.Norton Commander                  Программасымен жұмыс істеу.

Дербес компьютерде MS-DOS операциялық жүйесімен жұмыс істегенде әрбір команда пернелерде теріліп, <Enter> пернесін басқан кезде ғана орындалады, ол команда орындалып болған соң экранға тиісті мәлімет шығады.Мұндай тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:

  • Компьютер пернесін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы теруге біраз уақыт жұмсайды;
  • Орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға жауап мәлімет шыққан кезде білуге болады;
  • Экран бетінде жан-жақты қамтылған толық көріністер аз, яғни онда көрнекілік жоқ.

Мұндай кемшіліктен арылу үшін соңғы кездері адам мен ЭЕМ арасындағы байланысты жеңілдететін, жұмыс істеу жолдарын жылдамдататын «қызметші» қосалқы программалар ОС-тың қоршаулары пайда бола бастады.

Солардың ішіндегі ең көп тарағаны Norton Commander (NC) программасы.

Ол экран мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерлерде жиі қолданылатын іс-әрекеттердің көбін өте жылдам, әрі көрнекі етіп орындайды.

Олар:

Norton commander (NC) бағдарламасы Peter Norton фирмасымен жасалған және DOS операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу үшiн көп қолданылатын бағдарламалардың бiрi болып табылады. NC көптеген функцияларды орындауға мүмкiндiк бередi, соның iшiнде:

  • Магниттік дискінің мазмұнын көру;
  • Мәліметтер көшірмесін алу;
  • Файлдарды жылжыту, өшіру, қағазға немесе экранға шығару т.б.
  • дискiлердегi каталогтар мазмұнын көрнектi түрде көрсетуi тиiс;
  • дискiдегi каталогтар бұтағын көрсетедi, ол осы бұтақтағы керек каталогқа көшуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ каталогтар жасайды, атын өзгертедi және жояды;
  • тексттiк файлдарды, түрлi мәтiн редакторлар көмегiмен жасалған құжаттарды, архивтiк файлдарды, графикалық файлдарды, берiлгендер базаларын және кестелiк процессорлардың кестелерiн қарауға мүмкiндiк бередi;
  • мәтiндiк файлды түзету;
  • DOS-тың кез-келген командасын орындайды;
  • батырманы бiр басқаннан файлдың әрбiр түрiне арналған стандартты әрекеттер орындау, тағы басқалар.

Осындай іс-әрекеттерді жылдам орындау жолдарын NC программасының жұмысын талдау арқылы қарастырайық.

2.NC Программасын іске қосу.

Бұл программаны іске қосудың әр түрлі жолы барю Егер оны NC.EXE файлын орындау арқылы жүзеге асырсақ, онда бұл программа ЭЕМ-нің жедел жадында тұрақты 150 кбайт орын алып тұрады.Мұндайда үлкен программаларды орындау кезеңінде NC программасынан шығуға тура келеді.Ал,егерде NC программасын NCSMALL.EXE файлы арқылы іске қоссақ онда бұл программаның керекті бөлігі ЭЕМ жадының тек 12 кбайт орнын алады да, программаның негізгі бөлігі қажетті кезде ғана автоматты түрде ЭЕМ жадына шақырылады.

Көбінесе NC программасын іске қосу компьютерді алғашқы рет тоқ көзіне қосқанда, AUTOEXEC.BAT файлын орындау барысында автоматты түрде жүзеге асырылады.Сонымен NC программасын іске қосу үшін

NC


Командасын орындау керекмұндағы NC программанын аты,         “енгізу” пернесін басу белгісі.


3.NC Программасынан шығу

Бұл программадан шығу үшін ЭЕМ пернелер тахтасындағы F10 пернесін басу керек. Сол кезде экранда NC –ден шығуға керекті қосымша мақұлдауға қажеттімәлімет пайда болады. Мақұлдау Enter пернесін басу арқылы орындалады, ал егерде NC программасынан шыққыңыз келмесе,онда N (no)

Пернесін басу қажет.

4. Көмек алу

Norton Commander бағдарламасынан жұмыс  кезiнде көмек алу үшiн F1 пернесiн басасыз. Егер сiз қарап шығу режимiнде немесе файлдарды редакциялау режимiнде болсаңыз, онда экранда пернелердiң қызметi туралы анықтама шығады. Басқа жағдайларда экранға меню пунктiнде көрсетiлген және сонда жұмыс режимi жөнiнде қосымша мәлiметтер шығады.

5.Экран көріністері

NC–ны іске қосқан соң, экранда сызықтармен қоршалған; екі тіктөртбұрышты тәріздес терезелер пайда болады(оларды панель деп атайды).Олардан төменірек Dos командаларын қабылдайтын енгізу қатары орналасқан,онда Dos –тың шақыру мәліметі мен жыпылықтап тұратын сызықша – курсор болады.

Әрбір терезеде

  • Белгілі бір дискінің мазмұны(каталог);
  • Көрші терезедегі каталогы көрсетілген диск туралы керекті мәліметтер;
  • Бұтақ тәріздес каталогтар құрылымы болуы мүмкін.

Терезелердің жоғарғы жағына оның ішіндегі мәліметтерге сәйкес каталогтың аты, не <Info> (информация - ақпарат), не <Tree> (бұтақ) деген сөздер шығады. Каталог аттары үлкен әріптермен, ал файлдардың аты кіші әріптермен бейнеленеді. Каталог мазмұнының үстіңгі жағындағы нүктелермен белгіленген (..) қатар келесі деңгейдегі жоғары каталогқа көшу үшін қолданылады.

6.Каталогтарды не файлдарды таңдау

Экрандағы файлдардың не каталогтардың бірі көмескі түрмен белгіленген. Көмескі тік төртбұрыш кестелік курсор деп аталады. Ол белгіленген немесе таңдап алынған файлды көрсетеді. Бағыттауыш пернелер арқылы бұл файлды өзгертуге болады.Екінші терезедегі файлдарды таңдау үшін <Tab> пернесін басу арқылы сол терезеге көшу керек.

Егер бір каталогтың атын кестелік курсормен таңдап, <Enter> пернесін бассақ, онда терезеге төмеңгі деңгейдегі осы каталогтың мазмұны шығады. Кері қайту үшін (жоғары деңгейдегі каталогқа көшу үшін) осы мазмұндағы қос нүктесі бар ең жоғарғы қатарға көтеріліп <Enter> пернесін басу қажет.

Егер каталогты емес, кішк әріппен терілген файлды таңдап алып <Enter> пернесін бассақ, онда файлдың түріне байланысты белгілі бір жұмыс орындалуы тиіс. Файлдың түрі com, bat не exe болса, онда ол программалық файл ретінде орындалады, ал басқа файлдардың жұмыс сипаты көбінесе NC.EXT файлына байланысты болыды.Бұл файлдың қызмет ерекшеліктері төменде баяндалған.

7.Функционалдық пернелер қызметі

Экранның ең төменгі қатарында Функционалдық пернелердің қажеттілігін, яғни атқаратын қызметін көрсететін анықтамалық мәлімет жазылған. Ол қатарда әр пернені басқан кезде қандай жұмыс орындалатыны көрсетілген, олар төмендегідей:

<F1> - HELP – NC-мен жұмыс істегенде керек көмекші мәлімет алу;

<F2> - USER – пайдаланушылар (осы ЭЕМ–де жұмыс істеушілер)  менюін шақыру;  

<F3> - VIEW – таңдап алынған файлды оқу;

<F4> - EDIT -  таңдап алынған файлды түзету;

<F5> - COPY - таңдап алынған файлды не алдын ала белгіленген файлдар тобын көшіріп алу; 
<F6> - RENMOV – файлдың не каталогтың атын өзгерту немесе файлды басқа орынға жылжыту;

<F7> - MKDIR – жаңа каталог ашу;

<F8> - DELETE – файлды не каталогты өшіру;

<F9> - PULLDN – NC жұмыс тәртібін өзгертетін менюді шақыру;

<F10> - QUIT – NC программасынан шығу;

8.Файлдарды топтап белгілеу.

NC программасы кейбір амалдарды  бір топ файлмен бірден орындау  мүмкіндігін береді, мысалы, файлдарды көшіру, жылжыту, өшіру т.с.с.

Файлдарды топтап таңдау кезінде оларды белгілеу және қате белгіленген файл белгісін алып тастау үшін <Ins> пернесін пайдалану қажет. Белгіленген файлдар басқа түске боялады. Бір каталогқа кіретін файлдарды түгел белгілеу үшін қосымша сандар пернелігіндегі “+” (сұр түсті) пернесін басу керек. Сол кезде экранға барлық файлдарды белгілеу нұсқасы “*.*” шығады, оны мақұлдау үшін <Enter> пернесін басу жеткілікті.Екі жұлдызшаны өзгерте отырып, нұсқа басқа түрін енгізіп таңдап алынатын файлдарды өзгертуімізге болады, мысалы “*.com” немесе “alma.*”.

Ал белгіленген файлдарды белгіленбеген бастапқы қалыпқа түсіру үшін сол қосымша сандар пернелігіндегі “-” (сұр түсті) және <Enter> пернелерін басу қажет.

9.Басқа каталогқа жылдам көшу.

Бір дискідегі басқа каталогқа жылдам көшу <Alt+F10> пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады. Сол кезде экранға дискінің бұтақ тәріздес каталог құрылымының бейнесі шығады.

Курсорды жылжытатын бағыттауыш пернелер арқылы керекті каталогты таңдап аламыз да, <Enter> пернесін басамыз. Бағыттауыш пернелерді пайдаланбай, керекті каталог атының алғашқы әріптерін теру NC программасының осы каталогты белгілеуіне негіз бола алады.

NC программасы аты осы каталогқа  ұқсас басқа каталогты белгілесе, онда  <Ctrl-Enter> пернелерін басу арқылы келесі өзімізге қажетті каталогқа көшуімізге болады.

10.Басқа дискіге көшу.

Экранға басқа дискінің мазмұнын шығару үшін <Alt+F1> (сол жақтағы терезеге) немесе <Alt+F2> (оң жақтағы терезеге) пернелер комбинациясын басу қажет. Сол сәтте экранға A, B, C, D тәрізді дискілер аттары щығады. Бағыттауыштар арқылы сол дискілердің біреуін таңдап, <Enter> пернесін басу арқылы керекті дискіні таңдап аламыз. Онан кейін <Tab> пернесінің көмегімен екі терезенің біреуіне көшіп, бағыттауыш пернелер арқылы керекті каталогты тауып алып,оған ену үшін <Enter> пернесін басамыз.Егерде NC панельдерінің бірінде дискеттің мазмұны тұрса, ал сіз сол дискетті ауыстырсаңыз жаңа дискеттің мазмұнын қайта оқу <Alt+F1> (немесе) <Alt+F2> пернелерін,содан кейін <Enter>–ді басу арқылы орындалады.

Кестенің курсор тұрған терезедегі мазмұнын <Ctrl+R> пернелер көмегімен де қайталап оқуға болады.

11.DOS командаларын және программаларды орындау.

Егерде Dos-тың бір командасын орындау қажет болса,онда әдеттегідей команданы пернелерде теріп <Enter>-ді басу қажет. Команда орындалғаннан кейін экран алғашқы бейнесіне оралады. Команда нәтижелері панельдердің астында қалып кетсе, <Ctrl+0> пернелерін басу арқылы оларды оқуға болады. Бұл пернелер комбинациясын қайта басқанда, экранда NC терезелері пайда болады.

Команданы енгізетін қатарға бұрыңғы орындалған командаларды қайта шақыру үшін <Ctrl+E> пернелерін басу керек. Осы тәсілді қайталап отырып,

Бұрыңғы орындалған 15 команданы енгізу қатарына шақырып, қайта орындауға болады.

<Ctrl+X> комбинациясын басу арқылы орындалған командалар тізбегін кейін қарай өзгертуге болады, яғни <Ctrl+E>,<Ctrl+X> пернелері орындалған командалардың кез келгенін таңдап алып,<Enter> пернесін басу арқылы қайта орындау мүмкіндігін береді.Егерде орындалған команданың біреуін өзгеріссіз орындау қажет болса, <Alt+F8> пернелерін басып, бағыттауыштар арқылы керектісін таңдап алып, <Enter> пернесін басу керек.

Енгізу қатарына экран терезесіндегі бір файлдың атын кіргізу үшін сол файлды таңдап алып <Ctrl+Enter> пернелерін басамыз.<Esc> пернесін басқанда, енгізу қатары тазаланады.

12.Файлды жылдам іздеп табу.

Экранда көрініп тұрған таңдап алынған каталогтың ішінен бір файлды жылдам тауып алу үшін <Alt> пернесін басып тұрып, екінші файлдардан ерекшеленетін алғашқы әріптер тізбегі енгізілген болса, NC программасы автоматты түрде керекті файлды кестелік курсормен белгілеп экранға шығарады.Керекті файлды жұмыс істеп отырған дискінің басқа каталогтарынан жылдам іздеп табу қажет болса, <Alt+F7> пернелерін басыпэкранға сол мезетте шыққан қатарға файл атын енгізсе жеткілікті.NC барлық каталогтарды шапшаң аралап, аты көрсетілген файлды тауып, сол каталогқа көшу үшін<ChDir> және <Enter> пернелерін басуыңызды өтінеді.

Іздейтін файлдың атында * немесе ? таңбаларын да пайдалануға болады.бұндай сәтте NC программасы көрсетілген белгілердің орнына кез келген таңба қойылатын бірнеше файлдарды анықтап, солардың ішінен біреуін бағыттауыш пернелер арқылы таңдау мүмкіндігін береді. Ол файлдың атын экрандағы менюден таңдапб сонан соң <ChDir> (каталогты өзгерту) сөзін белгілеп, <Enter> пернесін басқанда, керекті каталогқа бірден көшу мүмкіндігіне ие боламыз.

13.NC менюлері.

<F9> функционалдық пернесін басқанда, экранның жоғары жағына NC программасының бар мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектесетін меню жүйесі шығады. Бұл меню арқылы экрандағы ақпаратты қолайлы түрде бейнелеуге, NC программасының жұмыс тәртіптерін өзгертуге және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады.

Меню жүйесінің ең жоғарғы деңгейіндегі ( <F9> пернесін басқан сәтте) ”Left”, “Files”, “Commands”, “Options”, “Right” сияқты әр түрлі мәліметтер алу мүмкіндігін беретін алғашқы командалар тобы бар. Осы бөліктерден тұратын командалардың бірі көмескі түрмен боялып белгіленіп тұрады. Белгіленген команданы өзгерту үшін, яғни кестелік курсорды оңға не солға жылжыту үшін бағыттауыш пернелердің бірін басу қажет.Өзімізге керекті команданы таңдап алған соң, <Enter> пернесін басқан шақта, сол сөздің төменгі жағына бағана тәріздес орындалатын  төмеңгі деңгейдегі командалар тізімі шығады. Командалардың бірін жоғары не төмен жылжытатын бағыттауыштар арқылы таңдап алып, <Enter> пернесін басқан кезде сол команда орындалады. Егер команданы орындағымыз келмесе немесе меню жүйесінің жұмысын тоқтату үшін <Esc> пернесін басу жеткілікті.

NC меню жүйесінің командалар  тізімін және олардың жұмысын  қарастырып өтейік.

“Left”(сол), ”Right”(оң) командалары сол жақтағы немесе оң жақтағы терезедегі мәліметтерді өзгерту жұмысын атқарады. Командалардың автоматты түрде орындалатын қатарларының алдына арнайы белгі қойылған. Белгі қойылмаған басқа команданы орындау үшін бағыттауышпен керектісін таңдап алып, <Enter> пернесін басу қажет.Сонымен “Left” жәнет “Right” меню командалары төменгі деңгейдегі мына командаларды орындата алады:

  • Brief  - файлдар туралы қысқаша мәлімет алу;
  • Full - файлдар туралы толық мәлімет алу;
  • Info – көрші терезеге осы диск және ағымдағы каталог жөнінде қысқаша мәлімет шығару;
  • On/Off – осы терезені көрсету немесе алып тастау;
  • Name – терезеде файл аттарын алфавит бойынша бейнелеу;
  • Extension  - файл аттарының затын алфавит бойынша бейнелеу;
  • Time – терезеге файл аттарын жасалған уақыты бойынша шығару;
  • Size – терезеге файлдарды көлемінің кішіреюіне қарай шығару;
  • Unsorted - терезеге файлдарды сұраптамай каталогта жазылған күйінде шығару;
  • Re-read – каталог мазмұнын қайталап оқу;
  • Drive – басқа дискқозғағышқа көшу;

Информация о работе Norton Commander