Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 22:54, реферат
Norton Commander –қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге аранлған программа,онда командаларды пернетақтада термей-ақ, тек пернелерді енгізу арқылы орындауға болады.Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды "операциялық қабыршық "деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
• экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
• каталог,файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
• бір каталогтан екіншіге көшуге;
• каталогтар құруға,атын өзгертуге,көшіруге және өшіруге;
• каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге,ауыстыруға,атын өзгертуге және өшіруге;
• кез-келген файлды көруге және мәтіңдік файлдарды түзетуге;
• командалық жолдарды түзетіп,DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.
Меню жүйесінің “Files” командасы функционалдық пернелердің атқаратын жұмысын көрсетеді.
Ал, “Commands” командасы төмендегі әрекеттер тізімін орындау мүмкіндігін береді.
NCD tree – экранғабасқа каталогқа
жылдам көшу мүмкіндігін
(<Alt+F10> Пернелерін басу арқылы да орындалады);
14. NC терезелерiн басқару
{Ctrl} + {0} - экраннан екi терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {P} - жұмыс iстемей тұрған қосалқы терезенi алып тастау\қайтару. Егер курсор белгiлi бiр терезеде тұрса, ол терезе жұмыс iстеп тұрғаны деген сөз.
{Ctrl} + {U} - терезелердiң орындарын ауыстыру;
{Ctrl} + {F1} - сол жақ терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {F2} - оң жає терезенi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {B} - NC төменгi менюдi алып тастау\қайтару;
{Ctrl} + {L} - ақпараттық терезенi енгiздiру;
{Ctrl} + {Q} - бiрнеше файлдардың мазмұнын тез қарап шығу;
{Ctrl} + {E} - алдыңғы команданы командалық қатарға шығару;
{Ctrl} + {Enter} - файл атауын командалық қатарға ауыстыру;
{Alt} + {F10} - каталогтар бұтағын экранға шығару;
{Alt} + {F7} - атауы бойынша файлды тез iздестiру.
15. Дискiлердi таңдау
Бiр дискiден екiншi дискiге ауысу үшiн келесi пернелердi басу керек:
{Alt} + {F1} - сол жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;
{Alt} + {F2} - оң жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;
Дискiлер тiзiмiн шығарған соң курсорды керектi дискетаға қойып Enter пернесiн басу керек.
16. Ақпараттық терезе
{Ctrl} + {L} пернелерiн басқанда көршi терезеде диск туралы толық мәлiмет шығарады.
17. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу.
Каталогты жасау. Каталогты жасау үшiн F7 функционалдық пернесiн басу керек, пайда болған жиекте каталог атын жазып, Enter пернесiн басу керек.
Каталогқа кiру. Кiргiмiз келген каталог атауына курсорды қойып Enter пернесiн басу керек:
Каталогтан шығу (подкаталогтан) ј-Home басып (курсор бiрiншi қатарға қойылады), Enter пернесiн басу керек.
Бағынышты каталогты (подкаталог) жасау. Бұл үшiн негiзгi каталогқа кiру керек, содан F7 пернесiн басып бағынышты каталог атауын жазамыз да Enter пернесiн басамыз.Каталогты жою. Жойылатын каталог атына курсорды қойып F8 пернесiн басып курсорды All сөзiне ауыстыру керек (каталогты барлық бағынышты каталогтармен бiрге жою) және Enter пернесiн басады.
18. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау және жою бойынша практикалық сабақ.
1) NC панелiнде де A: дискiсiн таңдау (Alt-F1, Alt-F2 пернелерiн басу)
2) Келесi үлгi бойынша каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасау:
Каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасаған соң экранға каталогтар бұтағын шығарамыз (Alt-F10 пернесiн басу).
3) F8 функционалдық пернелердi пайдаланып каталогтарды жою.
19. Файлдармен жұмыс iстеу
19.1. Файлдар тобын таңдау
Norton Commander файлдар мен каталогтардың тобын таңдауға мүмкiндiк бередi, оның үстiнен кейбiр әрекеттер iстеуге болады: көшiруге, басқа каталогқа немесе басқа дискке көшуге, жоюға және т.б. Таңдап алынған файлдар мен каталогтар әдетте сары түспен белгiленедi. Бөлектенген соң терезелердiң астында бөлiнген файлдардың ортағ мүлшерi және олардың өлшемi жөнiнде мөлiмет шығады.Файлды таңдау. Керек файлды таңдау үшiн оның атауына курсор қойып және Insert пернесiн басу керек, осы кезде файл атауы басқа түспен бөлектенедi. Файл атауының бөлектенуiн кетiру үшiн Insert пернесiн қайта басу керек.Файлдар тобын таңдау. Каталогта немесе бағынышты каталогта бар барлық файлдарды таңдау үшiн сандық блоктағы (оң жақта) + пернесiн басу керек. Содан, экранда ** шаблоны пайда болады, ал осы кездегi каталогтың барлық файлдарынан таңдауға мүмкiндiк бередi. Егер шаблонды *.txt етiп ауыстырып Enter бассақ, онда .txt кеңейтуi бар барлық файлдар шықады.Файлдардың бөлiнуiн тоқтату үшiн сандық (блоктағы) клавиатурадағы - пернесiн басады және файл атауының шаблонын көрсетедi және Enter пернесiн басады.
19.2. Файлдарды қарап шығу (F3 пернесi)
Текстiк және графикалық файлдарды қарап шығуға болады. Оны төмендегiдей iске асырамыз:
1) қарағымыз келген файлға курсор қояды;
2) F3 пернесiн басу керек;
3) қаралатын файл бойынша жылжу үшiн курсорды басқару пернелерi қолданылады;
4) қарап шыққан соң Esc пернесiн басу керек.
19.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi)
1) Жаңа файл туатын каталогқа (бағынышты каталогқа кiру керек);
2) Shift пернесiн ұстап тұрып F4 пернесiн басу керек;
3) Пайда болңан терезеде файл атауын жазып Enter пернесiн басу керек;
4) Экранда мәтiндiк редактордың жұмыстықалаңы пайда болады, онда текстi теруге болады;
5) Текстi терген соң F2 пернесiн басу керек – мәтiндi сақтау;
6) Esc пернесiн басу керек - редактордан шығу.
19.4. Файлдар мен каталогтарды
көшiрiп басу (F5 пернесi)
Файлдарды көшiрiп басу үшiн керектi файлдар тобын бөлiп алып, екiншi панелге кiрiп каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, онда файлдар көшiрiлiп жазылады, содан кейiн F5 клавишi басылады, F5 басылған соң экран ортасында сұрау пайда болады. Көшiрiп басу кезiнде файл атауы өзгермесе, онда Enter пернесiн басу керек. Егер файлды жаңа атаумен көшiрiп басу керек болса, онда пайда болған сұрау жиегiнде файлдың жаңа атауын жазып Enter пернесiн басу керек. Каталогтарды көшiрiп басу. Егер F5 пернесiн басқанда таңдап алынған файлдар тобында қандай-да бiр каталог болса, онда NC осы каталогты және барлық соның iшiндегi файлдарды көшiрiп басады.
19.5. Файлдар мен каталогтардың атауын
өзгерту және бiр-бiрiне жiберу (F6 пернесi)
Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту.
1) Курсорды файлге немесе каталогға қою керек;
2) F6 пернесiн басу керек;
3) Пайда болған сұрауда жаңа атауды жазып Enter пернесiн басамыз.
Файлды басқа каталогқа апару (файлдар тобын немесе бағынышты каталогты).
1) Бiрiншi терезедегi каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, осыған файлдар апарылады.
2) Екiншi терезеде басқаға апарылатын файлдар (бағынышты каталогтар) F6 пернесiмен бөлiнедi, содан соң Enter пернесiн басу керек.