Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 14:08, курсовая работа
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғам¬ның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу болып табылады. Осыған байлынысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құрылымы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Біздің қоғамымыздың жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайды.
Бәріненде біз сұлу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ
WEB-технологиялар пәнінен
« Бәріненде біз сұлу »
тақырыбына жазылған курстық жұмыс
Орындаған: Жексен Ж.Ж.
Ақпараттық жүйелер 3-топ
Қабылдаған: Тусупова К.Б.
Алматы, 2012 жыл
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу болып табылады. Осыған байлынысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құрылымы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Біздің қоғамымыздың жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайды. Яғни қазіргі әлемді ақпараттық және коммуникациялық технологиясыз, сонымен бірге интернет желісіз көзге елестету мүмкін емес. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Өндірістегі ақпарат жиыны сызбалар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.
Компьютерлерді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Ол үшін компьютердің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: есептерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және компьютерге түсінікті тілде жазу, есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Қазіргі таңда web-сайт жасау жұмыстары өте маңызды болды. Себебі кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты Интернет желісі арқылы оңай тауып ала алады. Тіпті кәсіпқой web-сайт жасаушылар үйлерінде отырып-ақ сайт жасау арқылы жақсы қаражат алып жатыр. Осыдан шығатын қорытынды қазіргі заман талабына сай сайт жасау үшін әрбір студенттің білім дәрежесі, ойлау қабілеті, оқып-үйренуге деген белсенділігі өте жоғары дәрежеде болуы қажет.
Назарларыңызға ұсынылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы – «Бәріненде біз сұлу» деп аталады. Осы курстық жұмыстан: той көйлектері, кеш көйлектері және сол көйлектерге сай аяқ-киімдер туралы мәлімет ала аласыздар.
Курстық жұмыстың мақсаты – web-құжат жасауға арналған тілдерді пайдаланып, таңдалып алынған тақырыпқа web-сайт жасау, сонымен қатар Web-технологиялар пәнін оқу кезінде қарастырылған кодтарды, скрипттерді пайдалану, яғни сайт жасау арқылы алған білімімді тереңдету, одан әрі жетілдіру. Қазіргі кезде той көйлектері жайлы көптеген сайттар бар. Мысалға Ханша сайты. Тұтынушылар өздері таңдаған көйлектерін үйлерінде отырып-ақ сайттан тапсырыс бере алмайды. Ал мына сайттан тұтынушылар өздеріне ұнаған кез келген көйлекке немесе аяқ-киімдерге сайт арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, “Ханша” сайтында көйлектердің және аяқ-киімдердің суреттері бар, бірақ олардың аттары жоқ. Ал мына сайтта кез келген аяқ-киімнің суретінің үстіне тышқанды алып барсақ, сол торттың атын шығарып береді.
Жоғарыда аталған курстық жұмыста осы қызметтер қарастырылды. Курстық жұмыста келтірілген түсініктерді ұғыну үшін қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде оны қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек және студенттер HTML, JavaScript, CCS, PHP тілдерін білу қажет.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарау «Сайтты құруда қолданылатын әдебиеттерге шолу» деп аталады. Бұл тарауда осы сайтты құруда қолданылған әдебиттерге шолу жасалынады және сол әдебиеттерге сілтеме беріледі. Екінші тараудың аты «Сайт құруда орындалатын жұмыс тәртібі». Мұнда осы сайтты құру барысында орындалған кезеңдер мен қадамдар сипатталады. Үшінші тарау «Сайт құрылымы» деп аталады. Бұл тарауда сайттың негізгі бөлімдері туралы ақпарат берілген және сайтты құру барысында қолданылған элементтер қарастырылады. Соңында қорытынды сөз жазылады және қызықты кодтар жазылған қосымшалар беті берілген.
Елбасымыздың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауында былай делінген: “Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.
Электронды үкіметті дамыту керек. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс. 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс” [1].
Елбасымыздың жолдауынан қорытынды шығаратын болсақ, шынында да, ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Сондықтан да қоғамды толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін электрондық оқулықтар мен сайттарды дамыту керек.
Дүниежүзілік өрмек ХХ ғасырдың маңызды жетістіктерінің бірі болды. Қазіргі кезде HTML тілінің соңғы үлгісі XML (eXtensible Markup Language – расширяемый язык разметки) тілін сүйемелдейтін XHTML (eXtensible HyperText Markup Language – расширяемый язык гипертекстовой разметки) тілі қолданылады. XML тілін сүйемелдейтінін ескермесек, HTML және XHTML тілдерінің спецификациясы бір-біріне ұқсас. Бірақ бүгінгі таңда көбінесе web-құжаттарды жасауда кеңінен HTML тілі қолданылады. HTML тілі мен XHTML тілінің бір-бірінен айырмашылықтары бар және web-құжатты жасаушы сайтының XHTML тілінің талаптарын қанағаттандыруы үшін осы тілдің талаптарына сай элементтерді дұрыс қолдануы қажет [2].
Қазіргі таңда HTTP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін, XML-мәліметтерді басқаратын және веб-браузерде графикалық көріністерді динамикалық түрде құратын сценарийлерді құру үшін сайт жасаушылар JavaScript тілін кеңінен қолданады. Көптеген программалаушылар JavaScript тілінің көмегімен үлкен программалар жазады және «замыкания» мен «атаулар кеңістігі» сияқты жеткілікті дәрежеде қиын программалау технологияларын пайдаланады. «JavaScript. Подробное руководство» кітабының бесінші басылымында HTTP хаттамасымен өзара әрекеттесуі мен Ajax технологиясын қолдану, XML-құжаттарды өңдеу, <canvas> тәгі арқылы графиканы құру, күрделі программаларды құруға қажет JavaScript тіліндегі атаулар кеңістігі мен кластар, Flash және Java-қосымшалар қарастырылады.
Бірінші бөлімінде JavaScript негізі таныстырылады, ал екінші бөлімде сценарийлер жасау ортасы қарастырылады. Көптеген мысалдар HTML-құжаттың мазмұнын қалай генерациялауды, DHTML тілінің анимациялық мүмкіндіктерін пайдалануды, формаларды толтырудың дұрыстығын тексеруді автоматтау, Ajax көмегімен жүктелген XML-құжатты өңдеу үшін XPath пен XSLT-ті қалай қолдану керектігін қарастырады. Үшінші бөлімі JavaScript тілі бойынша кеңейтілген анықтама бөлімі болып табылады (JavaScript 1.5 пен ECMAScript v3-те анықталған кластар, объектілер, конструкторлар, тәсілдер, функциялар, қасиеттер мен константалар). Ал төртінші бөлім клиенттік JavaScript бойынша анықтама бөлімі (API веб-браузерлері, DOM API Level 2 стандарты және жақында шыққан стандарттар: XMLHttpRequest объектісі мен <canvas> тәгі) деп аталады [3].
Келесі кітап «JavaScript и DHTML. Сборник рецептов. Для профессионалов» деп аталады. Бұл кітап HTML және JavaScript тілдерін бірлесе пайдалана отырып, интерактивті web-құжаттарды жасауға арналған. Көптеген практикалық мысалдарда JavaScrip тілін қолданушыға қарапайымнан бастап күрделі мүмкіндіктерді беретіндігі қарастырылады.
Бұл кітап HTML және JavaScript тілінің негізін білетін үйренушілерге және жаңа идеялар мен технологиялады іздейтін тәжірибелі мамандарға қолдануға арналған дайын «рецептер» жиынтығы ретінде құрастырылған [4].
«HTML. Экспресс-курс» кітабыИнтернетте өзінің web-сайты бар немесе енді жасамақшы болған әрбір Дүниежүзілік өрмектің қолданушысына практикалық түрде қажет HTML тілінің негізгі ережелерін үйренуге арналған. HTML тілі туралы жалпы түсінік, сонымен қатар интерактивті технологиялар, тәгтер мен олардың параметрлері туралы, электронды құжаттар мәтінін форматтау мен суреттеу қарастырылады. Web-құжаттарды құру барысында графика мен мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану ережесіне аса көп көңіл бөлінген, карт-суреттер, фреймдер мен қолданушы формаларын қалыптастыру қағидалары қарастырылған [5].
«Основы программирования на РНР» кітабында РНР тілінің синтаксисі, жолдар мен басқарушы құрылымдар, массивтер, функциялар қарастырылған. РНР тіліне арналған Web-ресурстарға сілтемелер беріледі, скриптер қауіпсіздігі туралы сұрақтар қарастырылады. Ерекше көңіл формаға енгізілген ақпаратқа, файлдық жүйе жұмысына, мәліметтер базасына, cookie және т.б бөлінеді [6].
«Практические занятия по JavaScript» кітабы он екі тараудан тұрады. Әрбір тарауда HTML және JavaScript тілінде кодтарды жазудың ең маңызды жерлері қарастырылады. Мәтіндерде программалар листингі келтіріледі. Тәжірибелі болу үшін кодтарды көшіріп алып емес, пернетақтадан өз қолымен енгізу керек екені айтылған. Бұл кітап жаңадан үйренушілерге өзінің сайт беттерін безендіруге мүмкіндік беретін практикалық жетекші бола алады. Кітаппен танысу және оқу барысында сіз JavaScript тілінде скриптер қалай құрылатыны жайында барынша маңызды мәліметтерге қол жеткізе аласыз.
Кітапта JavaScript тілінің ең маңызды объектілеріне, қасиеттеріне және тәсілдерін анықтама беретін қосымша келтірілген [7].
«Самоучитель HTML» кітабында сайт жасау тілдерінің ең негізгісі, танымалы, Интернетте құжаттарды интерактивті түрде жариялауға мүмкіндік беретін HTML тілі қарастырылады. Кітапта осы тілдің негізі туралы мәліметтер берілген, Web-парақтарда графиканы қолдану ерекшеліктері, мәліметтерді Интернетте тарату үшін олардың техникалық дайындығы және HTML-құжатты жасаушының алдында тұрған басқа да мәселелер қарастырылады [8].
Келесі «Построй свой СУПЕР-сайт за 21 день!» кітабында еш дайындығы жоқ Интернетте өзінің алғашқы сайтын жасаушыға «нөлден бастап» қалай құру керек екені түсіндіріледі. Қолданатын құралдар ретінде визуальді редактор FrontPage бен Adobe Photoshop программасы пайдаланылады. Тиімді хостинг таңдау мен құрылған сайтқа қолданушыны қалай қызықтыру керек екені жайында практикалық мысалдарды өте қарапайым және түсінікті тілде қарастырған. Кітап кіріспе, содан кейін жиырма бір күнде сайт жасау үшін орындалатын әрекеттер сипатталатын бөлімдерден, қорытынды және қосымша беттен тұрады [9].
Е.Хабибуллиннің «Разработка Web-служб средствами Java» кітабында Web-қызметтер – қарапайым WWW құралдары мен XML тілінің көмегімен Интернетте қолжетімді қосымшалар жасау тәсілі сипатталады. Кітапта Web-қызметтерді құруға қажетті барлық мәлімет баяндалады, Java тілінде жасау құралдары мен оларды қолдану тәсілдері түсіндіріледі. XML тілінің мүмкіндіктері туралы қажетті мәліметтер, SOAP, WSDL, UDDI хаттамалары және Web-қызметтерді құру барысында қолданылатын басқада хаттамалар мен спецификациялар қарастырылады. Толық мәлімет Java тілінің кластар пакеті және қосымшаларды құруды жеңілдететін құрал-саймандарға беріледі. Осы кітапты қолдана отырып кез келген қиындықтағы Web-қызметтер қосымшаларын құруға болады. Кітап тоғыз тараудан тұрады. Кез келген компьютерлік желіде ақпарат алмасу екі негізгі талапқа жауап беру керек. Ол жылдамдық пен сенімділік. Осы аталған екеуі желіні өте ұзақ жүктейді және ақпарат алмасуды баяулатады. Web Services технологиясы IBM, Microsoft және UserLand фирмаларымен компьютерлік әлемді біріктіру үшін құрылған. Бұл технология ақпаратты сығудан бас тартып, қарапайым мәтінді ASCII, Latin I, СР866, СР1251, KOI-8 немесе Unicode: UTF-8, UTF-16 кодировкаларында жазып желі бойынша жіберуді ұсынды [10].
Сайтымызды құруды бастамас бұрын белгілі бір мақсатқа жеткізетін тиянақты жоспарымыз болуы қажет. Алдын-ала жоспарсыз жасалған жұмыс көздеген мақсатқа жеткізбейді. Мұны ешқашан естен шығармау керек. Әуелі сіз құрғалы отырған сайтыңыздың болашақта қызметі, қолдану саласы, сізге және өзгелерге тигізер пайдасы қандай болмақ, соны анықтап алу қажет. Бұл ең бастысы және сіз бұл сұраққа жауапты білсеңіз келесі кезеңге көшуге болады. Екіншіден, сіздің сайтыңызда мәліметтердің қандай түрі негізгі болмақ (мәтін, сурет, анимация т.б.), оның дизайны, сыртқы келбеті қандай болмақ, жекелеген парақтарының ені мен ұзындығы, экранда орналасуын екінші кезеңде-ақ ойластыру қажет.
Қазір интернет желісінде көріп жүрген кез келген web-сайттың, олардың әрқайсысының мазмұны мен қызметтері әртүрлі болғандығына қарамастан олардың барлығының ортақ қасиеті бар. Кез келген сайттың бірінші кезекте ішкі келбеті, басқаша айтқанда «денесі» болады. Онда сайттың негізін құрайтын мәтін, графика, гиперсілтемелер, т.б. өзінің қажетті жеріне орналасып, сіздің сайтыңыздың сыртқы келбетін жасайды. Сайтты жасаудың ең тиімді әдістерінің бірі қарапайым кестелерді қолдану. Қазіргі кезде кестелік дизайн ұғымы жиі кездеседі. Осыған тоқтала кетейік. Егер сіздің сайтыңызда қарапайым мәтіннен басқа жарнама, суреттер, гиперсілтемелер т.б. мәліметтер орналасатын болса, онда жасағалы отырған парағыңыздың бос бетіне әуелі кестені орналастырған тиімді. Кестедегі ұяшықтарды, бағандар мен жолдарды парақтағы мәліметке сәйкесінше өзгерту үшін көптеген html-редакторларда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Интернет желісінде кестелік дизайн әдісімен құрастырылған сайттар көптеп кездеседі. Егер Web-сайт бірнеше парақтан тұратын болса, онда навигация батырмаларын міндетті түрде орналастыру қажет. Сіз сайтыңызға өзіңіздің қалауыңыз бойынша негізгі ақпаратты, жарнама, дауыс беру сияқты қосымша объектілерді және сайт авторы туралы қысқаша мәлімет т.б. ақпараттарды орналастыруыңызға болады.
Келесі кезең – Web-сайттың жекелеген парақтарын қажетті ақпаратпен толықтыру. Сайт жасаудың ең маңызды аспектісі десек артық болмас.Сіздің сайтыңызда орналасқан мәлімет басқалардың сұранысын қанағаттандыратындай қызықты болуы қажет. Сәйкесінше оған кірушілердің саны да көп болады. Бұл кезеңді сайт жасаушының ізденісін қажет ететін шығармашылық кезең деуге болады.
Соңғы қадам дайын сайтты Интернет желісіне орналастыру. Өйткені сіздің сайтыңыздағы мәліметке басқалардың қол жеткізуі керек. Ол үшін домен аты, хостинг, ftp-клиент секілді ұғымдармен танысуыңыз қажет. Бұл сөздердің мағынасын білмесеңіз сіз сайтыңызды желіге орналастыра алмайсыз. Сайт жасаудың негізгі кезеңдері осылар деуге болады. Әрине, әрбір кезеңнің өзі бірнеше сатылардан тұрады [9].