Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 14:08, курсовая работа
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғам¬ның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу болып табылады. Осыған байлынысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құрылымы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Біздің қоғамымыздың жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайды.
1. Web-парақтардағы мәліметтердің орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Парақтардағы мәліметтердің оларды қабылдауға жеңіл болуының бір тәсілі экран бетінде мәтін де, сурет те орналаспаған бірсыпыра бос орындардың қалдырылуы болып табылады. Парақта мәлімет көп болса, ол тұтынушыны жалықтырып жібереді.
2. Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу керек, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады.
3. Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың арақашықтықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.
4. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Абзацтардың да өте ұзын болмағаны дұрыс, олардың көлемдерін бірнеше шағын абзацтарға бөлген абзал.
5. Егер Web-парақ көлемі үлкен болса, онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Кейде бір мәселеге арналған ақпараттарды тақырыптарға бөліп, оның мазмұнын негізгі бір параққа жазып, ал әр тақырыпты басқа беттерге сілтемелер арқылы орналастыру керек.
6. Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы қабылдау ұзақ уақыт алатынын есте сақтау керек [10].
Серверге өз Web-парақтарыңызды орналастырар алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Олардың бір-бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал. Web-құжатты тексеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын: емле қателерін тексеру, яғни мәтіннің жазылуын автоматты тексеру арқылы толық қарап шығу керек немесе басқа кісіні қатесін қарап шығуға шақырыңыздар; навигацияны тексеру, әрбір парақта басқа құжаттарға, парақтарға ауысу мүмкіндіктері болуы тиіс, солардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіздер; сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тексеру; графикалық, дыбыстық және бейнефайлдарының өз орындарында тұрғанын қарап шыққан абзал, олардың сол орындарынан дұрыс жүктелгендігіне көз жеткізіңіздер, графикалық мүмкіндігі жоқ браузерлеге ауыспалы мәтінді хабарламалардың бар екенін қарап шықан артық болмайды; құжаттың жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмағанына көз жеткізіңіздер; басқа адамдардың сіз жасаған Web-парақтарды қарап шығуын қамтамасыз етіңіздер, сіздің құжатыңызбен таныс емес адамдардың парақтарыңызды бастан-аяқ тексеріп шығуын өтіну керек. [9].
Бұл сайт негізгі беттен – 111.htm және “Той көйлектері”, “Кеш көйлектері”, “Қазақша көйлектер”, “Той туфлилары”, “Кеш туфлилары”, “Ақпараттар”, “Тіркелу” деген бөлімдерден тұрады.
Мына парақта сайттың алғашқы беті көрсетілген.
1-сурет. Сайттың басты бетінің көрінісі
Бұл парақта көйлектер жайлы кішкене мағлұмат берілген.Жоғарыда аталған бөлімдерге апаратын батырмалар бар. Ол батырмаларды басу арқылы сіз қалаған бөлімге кіріп, қажетті мәліметтерді ала аласыз және негізгі бетке қайтып келе аласыз.
Төменде сол жағында сайтқа тіркелуге болады.Ол үшін өзіңіз туралы мәліметтерді жазып, тіркелесіз. Тіркелу батырмасына JavaScript тілі қолданылған. Егер ОК батырмасын шертсеңіз тапсырыс қабылданады,олай болмаған жағдайда «келесі жолы міндетті түрде тапсырыс беріңіз» деген сөз шығады. Ал оң жағында мекен-жай жазылған. Оны 2-суреттен көре аласыз.
2-сурет. Тапсырыс беру парағының көрінісі
Келесі “Той көйлектер” деген батырманы басамыз. Бұл жақта көйлектерге кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген.
3-сурет. Той көйлектері парағының көрінісі
Келесі бет кеш көйлектеріне арналады. Бұл бетке басты беттен “Кеш көйлектері” батырмасын басу арқылы кіруге болады. Бұл жақта көйлектерге кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген.
4-сурет. Кеш көйлектері парақтың көрінісі
Ендігі бет “Қазақша көйлектер” бөліміне арналған. Бұл бетке де сіз басты беттен “Қазақша көйлектер” батырмасын шерту арқылы кіре аласыз. Бұл жақта да көйлектерге кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген. Ол коды арқылы сіз тапсырысты оңай бере аласыз. Бұл жақта Қазақша көйлектер туралы 5-суреттен көре аласыз. Қазақша көйлектер парағының жоғары жағында бөлімдердің аттары берілген. Ақпараттар бөлімін тышқанмен шертсеңіз, қосымша көйлектер жайлы ақпараттар ала аласыз. Және төмен жағында сізге сайтқа тіркелуге болады.Тіркелу батырмасына JavaScript тілі қолданылған. Егер ОК батырмасын шертсеңіз, сіздің қажетті мәліметтеріңізді алуға арналған форма шығады. MySQL мәліметтер базасында сіздің аты-жөніңіз, электронды поштаңыздың адресі мен телефон нөміріңіз сақталады. Оны 6-суретте көруге болады. Бұл қызметті көйлек тапсырыс беруді жеңілдету үшін қосылған, себебі дүкендерге бармай-ақ, электрондық қызметті пайдаланған оңайырақ болады.
5-сурет. Қазақша көйлектерге арналған парақтың көрінісі
6-сурет. MySQL мәліметтер базасы бетінің көрінісі
Келесі бет “Той туфлилары” деген бөлім. Бұл бетте туфлилар туралы ақпараттар және суреттер кестеде берілген.Парақтың жоғары жағында сырғымалы жолдармен суреттер көрсетілген. Осы сырғымалы жолдарды JavaScript тілінің фильтрлері арқылы жасалынған. Бұл фильтр бетті безендіру үшін қажет болды. Егер де тышқанды сол сырғымалы жолдардағы бір суретке апарсаңыз, суреттер тоқтап қалады және сол суреттің, яғни туфлидің кодын және бағасын шығарып береді.7-суреттен байқай аласыз.
7-сурет. Той туфлиларының көрінісі
Келесі «Кеш туфлилары» 8-суретте көрсетілген. Бұл жақта да туфлилар туралы ақпараттар және суреттер кестеде берілген.Парақтың жоғары жағында сырғымалы жолдармен суреттер көрсетілген.
7-сурет. Кеш туфлиларының көрінісі
Ал 8-суретте авторлық бет көрсетілген. Бұл бетте сайтты жасаушы адам туралы қысқаша мәлімет беріледі.
8-сурет. Сайт жасаушы авторға арналған парақтың көрінісі
Келесі 9-суретте тестілеу беті көрсетілген. Бұл жақта қолданушы өзінің білімін тексере алады.
8-сурет. Сайт жасаушы
авторға арналған парақтың
Бұл курстық жұмысты
орындауда гиперсілтемелік
Сонымен қатар браузерлер мен көптеген редакциялық программалармен жұмыс жасау және олардың артықшылықтары және кемшіліктері таныстырылды. Әр бірінің өзінің жұмыс тәртіптері бар, олар да жақсы меңгерілді. Сайттың экранда бейнеленуі мен қандай түсқағаз таңдау керек және бұл түстердің бір бірімен ұйқастығын ұйымдастыруды, яғни шығармашылық ізденіс жасауды үйрендім. Сайт жасауда тәгтер мен олардың қасиеттерін CSS тілі арқылы қалай беру керек екені және оларды қалай пайдалану керек екені де меңгерілді.
HTML тілінде мәтінді
форматтау тәсілдерінің
“Бәріненде біз сұлу” атты курстық жұмысты жасай отырып сайттың бар артықшылықтарын дәріптеуде, оны оқырманға жеткізуде аз да болса үлес қосылды. Сонымен қоса Web технология пәнінен скриптерді, кодтарды пайдалану меңгерілді. Сайтты жасауда PHP тілін пайдаланып, MySQL мәліметтер базасымен байланысу арқылы сайтта сол тілдің бірнеше мүмкіндіктері пайдаланылды. Ол мүмкіндіктер сайтта тіркелу мен көйлекке тапсырыс беру қызметін жүзеге асыруға көп көмегін тигізді.Бұл курстық жұмысты жазу барысында «Оқу инемен құдық қазғандай» деген мақалдың мағынасын терең түсіне білдім, себебі курстық жұмыс жазған адам үшін жасаған еңбегін соңына дейін жеткізу біраз еңбекті талап етеді және студенттің өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік береді.
Болашақта ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша алып жатқан білімім мен осындай сайт жасау туралы курстық жұмысты жазу арқылы алған тәжірибемді пайдалана отырып еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосам деп сенемін.
МАЗМҰНЫ
Жексен Жаннұр АЖ-09-3а