Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 05:48, реферат
Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы. Ол ең әуелі музыканын, аса ұлы теоретигі саналады. Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтан алатын орнын анықтамастан бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен жөн. Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясының іргетасын қалауда атақты грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері — Аристоксен, Гиппас және басқалардың еңбегі өте зор болған. Олар тәжірибеге сүйене отырып және өздерін «математиктерміз» деп есептеп музыканын, ең алғаш сандық-теориялық негізін жасаған.
Бұл айтқанымыз біз қарастырып отырған ойлау шығару қабілеті мен орындау, бейнелеу қабілетіне сай келеді. Шынында мелодияны орындау, оны шығарудың салдары, нәтижесі болады, аспаптың күйді жеткізуі де, оны тыңдаушылардың сезінуі, қабылдауы да сайып келгенде, композитордың ойы мен қиялының жемісі болып, соған еліктейді. Сөйтіп кей жағдайда белгілі дәрежеде орындау қабілеті бірінші болғанымен көп жағдайда қиялдау, шығару қабілеті басымдык, жасайды. Сондықтан да, екінші қабілетті, яғни мелодия шығару қабілетін бірінші орынға қоюымыз қажет. Бұл тақырыпқа енді тоқталмаймыз, мелодияны ойлап шығару қабілеті оны ойнау қабілетіне қарағанда өзінін, табиғаты жөнінен басты да бірінші болады деген қорытындыны қабылдаймыз. Ал онық уақыт жөнінен бірінші болатыны өзінен-өзі айқын көрініп тұр». Фараби бұл жерде музыкалық дарыпның түрлеріне тоқталған және музыканы ойлап шығару мен оны орындаудың өзара қарым-қатынасын қарастырған.
Фараби дауыс және аспаптардың ойыны жайында былай дейді: «Музыкалық орындаушылық дарын екі түрлі болып келеді: бірі адам дауысы арқылы естілетін, берілетін кемел мелодияны орындау; екіншісі аспаптардын, ойыны. Соңғысы аспаптын, сипатына, түріпе байланысты әр түрлі болып келеді; мысалы, лютня, тунбур (домбыра) және осы тектес дыбыс шығарушы басқа аспаптарда ойнау. Ән салудың өзі мелодияға лайықталған поэзияның түріне, көзделген мақсатқа байланысты түрлерге бөлінеді. Романсты, жоқтауды, мұңды лирикалық шығарманы (элегияны) шырқауға керекті дарын мен төгілмелі өлеңді термелеп (тақпақтап) айтуға немесе басқа өлеи, түріне, формасына керекті дарын әр түрлі болады. Мәселен, гида (түйешінің әні) басқа дарынды керек етеді. Аспапты музыка әнді, әуенді адам дауысына еліктету, бейімделу дәрежесіне қарай күшейте алады. Ол дауысты сүйемслдеу, байыту немесе прелюдия және интермедия қызметін атқарады. Интермедиялар әншіге дем алуға мүмкіндік береді, олар дауыстың жеткізе алмаған жерін өрнектеп, музыканы толықтырады. Аспапты музыканың басқа да түрі болады, ол кемел музыкаға, яғни әнге қосылуы қиын боларлықтай етіп шығарылады. Сондықтан да ондай музыканың әншіге ешқандай көмегі болмайды. Біз музыканың бұл түрін тек көзге сүйкімді көрініп ешбір реалды (шын) нәрсені еске түсірмейтіи құрғақ жалаң әшекеймен салыстырар едік. Бұған мысал ретінде ешбір дауысқа лайық келмейтін Хорасан мен Персияда шыққан тараик және равасин деп аталатын аспаптар музыкасын келтіруге болады. Біз айтып өткендей, мұнда музыкада кемелдіктін, кейбір элементтері болмайды, оны тыңдап отырып біз кемшілігін аңғара аламыз, ол біраз уақыттан кейін құлақ құрышын қандыра алмайды. Бұл музыканы тек есту қабілетін күшейту, аспаптарда ойнағанда қол жаттықтыру мақсатында қолдану керек, ол ән үшін прелюдия немесе интермедия қызметін атқаруы мүмкін». Сөйтін, Фараби мұнда әншінің әуенің даусын, музыкалық аспаптар беретін дыбыстардап, музыкадан жоғары бағалап отыр. Бірақ та ол кейінгілерді әншіге көмекші, жәрдемші, толықтырушы ретінде таптырмас құрал болатынын дұрыс ескерткен.
Енді Фарабидің практикалық музыка өнерінің қалай шыққаны жайлы пікірін келтірейік: «Адамның инстинктіне, соқыр сезіміне жататын туа біткен табиғи дарын оған музыка шығаруға, тудыруға мүмкіндік береді. Осы дарын-дардың қатарына біз адамның поэзияға бейімділігін, оның қуаныш жағдайында тұрғанда оны арнаулы дыбыстар, ал ол қайғыны бастан кешіргенде басқа дыбыстар шығаруға мәжбүр ететін инстинктін (соқыр сезімін) қосамыз. Біз сондай-ақ мұнда ауыр еңбектен кейін адамды дем алуға тырысуға мәжбүр ететін, жұмыс үстінде көңілін бөліп, шаршап-шалдыққанын үмыттыратындай амал-әрекет іздеуге бағыттайтын сезіміне де мән береміз. Шынында, музыканын, жүмыстың салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол бізді осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек етеді. Шынында уақыт туралы түсінік қозғалыстан туған шар-шауды еске салады. Уақыт қозғалыстың салдары (функциясы), ал сондай-ақ қозғалыс уақыттың салдары емес пе екен? Сонымен, шаршау қозғалыстан туады. Ал уақыт қозғалыспен тікелей байланысты. Сөйтіп, егер уақыт ұғымын, түсінігін ұмытсак, онда шаршау ұғымынан, түсінігінен де құтыламыз. Екінші жағынан ән жануарларға да әсер ететіні белгілі. Мұны гидтердің, яғни Аравияның түйекештерінің әндерінің малға ететін әсерінен де байқаймыз.
Музыканың ұйыту, елітуі жайлы айтарымыз осы. Енді практикалық музыканың әр түрлі салаларының тууы жөнінде сөз қозғайық. Музыка, туа біткен дарындылық пен инстинкт, түйсіктердің нәтижесінде дами келе ғылым дәрежесіне жетті, олар туралы біз кейінірек айтармыз. Кейбір адамдар жағымды әсер алып, демалу, шаршап-шалдығуды, уақытты ұмыту үшін ән салатын болған. Ал кейбіреулер ән арқылы көңіл-күйін көтеруге, құмарлығын қандыруға, немесе күшейтуге, оны өзгертуге, қоздыруға, ұмытуға немесе жұбатуға тырысқан. Үшінші біреулері музыка арқылы өлеңдерінің әсерін күшейте түсіп, тыңдаушынын, қиялыи одан әрі қоздыруды көздеген.
Әр түрлі әуендерге келетін болсақ, адам ертеден-ак, ыңылдауға, ән салуға, әуендетуге әуес және бейім болған. Біртіндеп бұл дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, халықтан-халыққа көшіп, музыкалық творчество байи түскен.
Айрықша қабілет-дарыны бар адамдар жоғарыда біз айтып кеткен музыканын, үш түрін бірдей шығарарлықтай дәрежеге көтерілген. Олардың әрқайсысы өздерінен бұрынғылардан асып түсуге тырысқан. Бұлардың ең табандылары мен еңбекқорлары атағын шығарып мәшһүр болған. Олардың жолын қуғандардың ішінен дарыны төмендеулері өздігінен музыка шығаруға қабілеті жетпегендіктен тек орындаушылық қабілетін күйіттеп, дамытып, өткендегі атақты музыканттардың еңбектерін қайталап орындауды қаиағат тұтты. Ал кейбіреулері өз тарапынан музыка шығару қабілетіне ие болып, шабыттана еңбек етіп музыканы онан әрі байыта түсуге ат салысып, үлес қосты. Міне, осылай өнер халықтан-халыққа ғасырлар бойы ауысып отырды. Соның нәтижесінде біресе жоғалып кетіп, біресе бір-бірімен араласып кетіп, музыканың біз айтқан үш түрі пайда болды. Шынында жайлы сезімге, жақсы демалысқа ұмтылған музыкант бұған тек музыканын, біз үйғарып отырған жанры (түрі) арқылы ғана емес, оған белгілібір сөздерді қосу арқылы және қиялды қоздырып, құмарлықты арттырып немесе кемітетін басқа құралдарды пайдалану арқылы жетуге болатынын байқады. Сондықтан да бұл қосымша элементтерді ол демалу үшін, әдемілік үшін, адамға күш беpin, алдына қойған мақсатты төзімділікпен күтуі үшін қосты.
Осы сияқты белгілі бір құмарлық қоздыру үшін де тек осы мақсатқа арналған музыка түрін ғана пайдаланып қоймай, оған тәтті сезім оятатын тондарды қосып немесе оларды белгілібір сөздермен (өлеңмен) қосарлап, яғни әндік музыканы қолдануға да болады.
Сондай-ақ қиялды қоздыру үшін де, өлеқді күшейте түсіру үшін де, осы мақсатқа арналған музыканы ғана пайдаланып қоймай, сонымен бірге тыңдаушынын, құмарлығын баса алатын немесе қоздыра алатын қасиеттері бар, сондай-ак, оның тәтті сезімін оятатын музыка түрлерін де пайдалану керектігі дәлелденген. Бұл тыңдаушынын, қиялыи бағындырып, оның өлеқдерді ұғынуын жеңілдету үшін, оның көңіліндегі әсер ұзақ уақытқа сақталуы үшін көмектеседі, оны шаршап-шалдығу мен қайғы-қасіреттен азат етуден жәрдемін тигізеді.
Бір күні Алькамах ибн Абдих деген ақын Хассан патщаның сарайына барып патшаға өзінің мақтау өлеңін оқып, одан бір қайырым жасауды етінген көрінеді. Патша оған жөнді көңіл бөле қоймапты. Енді ақын өлеңін музыкалық фразалармен қосарлап әндетіп оқиды, сонда патша оның сұрағанын артығымен орындапты дейді.
Адам музыканың осы әр түрлі жанрларын меңгергеннен кейін ол солардың ішінен өмірдің қилы-қилы жағдайларына сай келетіндей етіп, мәселен, қуанышқа, қайғыға, намазға және айтысқа сай келетінін таңдай білуі керек болды; музыканттар өздерінің шығармаларын, сондай-ақ өздерінен бұрынғылардың шығармаларын да ширатып, адамға қажетті әсер етерліктей сапаға жеткізуге тырысады, бұл өңдеу әрекеті қоғам дамыған сайын күшейе түседі.
Музыканы пайдаланатын жағдайлар барған сайын жиілей түседі, музыканттардын, саны оларға адамдар тарапынаи үлкен сый-құрмет көрсетіліп, еңбек ақылары мол болған сайын көбейе түсті. Осындай даңқ сый-қошемет бәсекелестікті тудырды, көптеген дарынды музыканттардың көбеюіне қолайлы әсерін тигізді. Бірі екіншісінің тым қысқа жазған шығармасын ұзартып, тым ұзарта жазғанын қысқартып, кемелдендіре түсті. Музыканттар біртіндеп әнді белгілібір аспаппен сүйемелдегенде оның байи түскендігін, кеңейіп, жарқырап жағымды болып, жаттауға жеңіл, әсем ырғақты болатынын байқайды, осы себепті олар әр түрлі денелерден әндегі дыбыстарға, тондарға үқсас тондар мен дыбыстарды шығаруға тырысты. Олар қиялда туатын мелодияларды құрастырып дыбыстар мен тондардың сыр-сипатын, танылу және есте сақталу жағдайын мұқият зерттейді. Осылай тұрақты дыбыстар мен тондар ұғымы пайда болып, оның орындары белгіленеді. Бұлардан кейін шыққан музыканттар табиғи немесе қолдан жасаған аспаптар арқылы кемелденген дыбыстар мен тондарды таңдап алып отырған. Осылай әр түрлі аспаптар шығып, олардың сапалары үнемі жетілдіріліп отырған; міне, осылай лютня және басқа аспаптар дүниеге келіп, кемелдене түскен.
Сонымен практикалық музыка өнері кемелдене, жетіле түскен сайын күйлердің белгілі бір ережелері қалыптасады, қандай тондар мен күйлер адамға табиғи түрде жағымды, ал қандайы жағымсыз болады, үндестік, үндессіздік дәрежелері анықталынады, үндестіктердің өзі кемелдігіне қарай әр түрлі болып келетіні байқалады. Екінші жағынан, кейбір дыбыстар арасындағы үндестік жоққа тән болғандықтаи құлаққа түрпідей естіледі. Адам даусының немесе аспаптардың шығарған тондарының, дыбыстарының үндестігіп ішкен тамақпен салыстыруға болады: үндестігі бұзылғандары — артық ішкен аспен тең. Тым ащы, жаңғырта, шыңғыра шыкдан дыбыстар, сондай-ақ оларды шығаратын аспаптар табиғи болмайды. Бұл дыбыстар тек кейбір жағдайларда ғана қолданылады, олардың әсерін дәрінің, удың әсерімен салыстыруға болады, олар құлақ тұндыру, састыру үшін қолданылады. Ұрыс даласында арнайы қолданған аспаптар осы тектес дыбыстарды туғызған. Мысалы, ертедегі Мысыр патшасы қоңырауларды, ал Византияның императоры басқа аспаптарды қолдануға әмір еткен. Парсылардың шахтары жорыққа аттанғанда керней, дабыл сияқты аспаптарды бірге ала жүрген. Бұлар үндес емес дыбыстар түрі, ал оларды басқа дыбыстармен араластырғанда немесе сәл өзгертсе олар үндесіп те кете алады. Қорыта келгенде практикалық музыка өнерінің, біз айтып өткен түрлері осылай туған».
Фараби музыкалык, аспаптардың қалай шыққаны туралы былай дейді: «Сонан сон, музыканттар белгілі бір аспаптарға тоқталып, олардан адам даусымен салыстырғанда басқаша тондар мен дыбыстарды шығарып алуға болатынын білген; ол аспаптардың дыбыстары мен тондары ән дыбыстарының сапасындай болмағанымен олардың да белгілібір ләззәт туғызарлықтап қасиеті барлығы байқалып, табиғи болып естілген. Музыканттар оларды қабыл алған. Олар кейде ән салу ережелерінен шегініп, ол аспаптарды мүмкіндігінше ең жақсы пайда келтіре алатындай етіп пайдаланған. Осылай, дауыс еліктей алмайтын таза аспапты музыка туған. Бұған Хорасан мен Персиядағы ежелгі равасин аспабы мысал бола алады. Аспапты музыка ән салумен қосарланғанда оған үлкен күш, көп мәнер береді және оны әр түрлі жағдайларда алмастыра да алады. Сөйтіп, музыкалық жанрдың бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Сондай-ақ бубна, тамбурин, литаврларда ойнау, би, қолмен соққан ырғақтар, ырғақ мимикалары да музыкалық практиканын, түрлері болып саналады. Бұлар да жоғарыда айтқанымызға жататын өнердің қосалқы түрлері. Бұлардың да мақсаты сол мақсат, бірақ олар онша кемелденбеген. Оларды да маңызына қарай топтастыруға болады. Ең жетілмегені, әрине, ырғақ мимикалары. Иықты, қасы, басты, басқа мүшелерді қимылдату тек қозғалыс болып табылады. Музыкалық дыбысты тудыратын сокды, әрқашан бір қозғалыстардың салдары болады. Қастардың аяктардың т. б. қимылы соққыны ымдап бейнелейді; егер олар ұра алатын денені кездестірсе дыбыс тудыра алар еді. Бұл кимылдар тек дыбыстың сағымын (иллюзиясын) жасайды. Екінші жағынан, дененің қимылы екі соққыны бөлетін уақыт аралығы ұқсас уақыт аралығында болатындықтан, бұл уақыт аралығын өлшеуге болады. Ырғақты мимика қозғалыстан тұратындықтан онымен ниетті байқатумен қатар ол қағып отырған ырғаққа сәйкес болуы керек. Сонымен қатар бұл қимылдар музыкалык, тондардың арасындағы интервалға (аралыққа) дәл келетін уақыт интервалымен бөлінген.
Қолмен соғатын ырғақ (ритм), бубнаның ойыны, би, аяқпен ұратын ырғақ литаврдың ойыны бір топқа жатады. Бұлардың ритмді ымнан (ырғақты мимикадан) артықшылығы оларға қажетті қимылдар дыбысты тудыратын соққыға әкеледі. Бірақ та бұл дыбыс тон бола алмайды, өйткені онда музыкалық тонға тән тұрақтылық пен ұзақтық жоқ.
Лютня, тунбур, цитрлар, рабаб, үрлеп ойнайтын аспаптардың әлгі айтылғандардан артықшылығы олардың дыбысының белгілі бір ұзақтығы болады, олардың ойыны ритмді ымдағы қимылдар тәрізді қимылдарды керек етеді және бұл қимылдар қолмен соққандағыдай соққымен аяқталады да дыбыс туғызады. Бұл дыбыстың белгілі бір жоғарылығы болады, бірақ онда аса кемелденген адам даусының барлық қасиеттері бар деп айтуға болмайды.
Жалпы алғанда, егер барлык, аспаптар тудыратын тондарды адам даусының тондарымен салыстыратын болсақ онда аспаптар тондарының сапасы төмендеу болады.
Сондықтан, ол аспаптар тек ән салғанда дыбыстарды байыта түсу үшін, күшейте түсу, сүйемелдеу жэне оны жаттауға жеңілдету үшін қолданылады.
Қасиеттері жөнінен адам дауысының қасиеттеріне барынша жақын келетін тондар туғызатын аспаптарға рабаб пен үрлеп ойнайтын аспаптар жатады, олар дауысқа басқаларының бәрінен гөрі жақын келеді, еліктей алады. Бұлардан кейін лютня, цитрлар, тағы басқа осы тектес аспаптар, содан барып біз айтып кеткен соғу аспаптары келеді. Бұл соңғылардың әнге қатысы шамалы, олар тек ән үшін маңызы аз соққы қимылын ғана еске түсіреді. Бұл қимыл көмекей немесе музыкалык, басқа аспаптардағы сияқты шың соққымен аяқталған кезде ғана дыбыс туғыза алады. Барабан, соғу арқылы ойналатын аспаптар және ән арасындағы жалғыз ғана байланыс ол дыбыс тудыратын соққы болып табылады. Лютияға келетін болсақ, оның дыбысы адам даусының дыбысын еске түсіреді, себебі олар дауыс сияқты тұрақты және тербелмелі болып келеді. Флейта, рабаб осы тәрізді аспаптарға келетін болсақ олар ұқсастығы жөнінен адам даусына одан да жақын келеді. Олардың тондарында, адамнын, даусының кейбір әсеріндей әсер бере алатындай қасиеттер болады, осы арқылы олар белгілі дәрежеде дауысқа еліктей (сүйемелдей) алады. Рабаб пен сырнай деп аталатын флейтаның бір түрі дауысқа мейлінше кемеліне келтіре еліктей алатын аспаптар болып сана-лады».
Ғалымның музыкалық тәрбие, білім беру жөніндегі көзқарастары да назар аударарлық: «Біз музыкалык, өнердін, табиғи дарындылық түрінде туатынын, дамитынын және осылай өзінің кемеліне келетінін түсіндірген болатынбыз. Енді біз музыкалық дарынға оқудың, үйренудің, машықтанудың арқасында қалай жетуге болатынын көрсетеміз.
Практикалык, музыка өнерінін, әр түрлі бөліктерін оқудың арқасында ұғынуға болады. Шәкірт ең әуелі орындаушының әсерлі мелодияны тудырушы қимылына еліктеуге ұмтылады. Ол өзінің барлық көргені мен естігенін айнытпай қайталауға тырысады. Ол естіген музыканы жадында берік сақтай алатындай, оны өзінің, қиялына берік қондыра алатындай, ол музыканы бұлжытпай қайталай алатындай қабілетке жеткеннен кейін барып ол үлгіні қажет етпейтін болады. Шәкірт бұл кезеңнен өткеннен кейін белгілібір шығарманы ешбір қиналмай-ақ шапшаң да ең саналы ойнау дәрежесіне жеткенге дейін жаттығады, сөйтіп ол жетік музыкант болып шығады. Міне, осылай ол табиғи дарынының мүмкіндігінен асып түсетін дәрежеге жетеді. Шәкірт музыкалық шығарманы жаттап алып, есінде берік сақтау үшін ұзаққа созылған тәжірибе керек болатынын қайталап айтамыз. Сондықтан да музыкалық идея оны жүзеге асырарлықтай әрекет ету қабілетінсіз іске аспай қалады дейміз. Ал музыка шығарушылықты үйретуге келсек, ол үшін әр түрлі жанрдағы музыканы көп тыңдау және ұзақ уақыт жүйелі түрде үнемі жаттығу керек. Осымен қатар музыканың түрлерін (жанрларын) бір-бірімен салыстыра, мелодияларды талдай, әрбір тонның дыбыстың әсерін мұқият есептей (бағалай) білу керек. Мұндай сабақ (үйрену) үйренген мелодияны үлгі ретінде алып, шәкірт өз бетінше жаңа мелодия ойлап шығару дәрежесіне жеткенше жүргізіле берілуі тиіс. Бұл әдіс риторика (шешендік), әдебиеті сияқты өнерлерде де қолданылады».