Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 15:37, лекция

Краткое описание

1. Эстетика тарихы.
2. Эстетикалық жорамалдар

Вложенные файлы: 1 файл

Семинар.docx

— 80.62 Кб (Скачать файл)

Жалпы алғанда эстетика зат пен құбылыстың ерекше сандық, сапалы мәні мен көркем көрінісіне қаратылады. Әрі оның адамның ақыл-ой, түйсік ұғымына жасайтын әсеріне қатысты мағынада айтылады.

Эстетиканы ерте кезде философиямен тоғыстырып жіберген кездері де, эстетиканы көркемөнер теориясы ретінде қараған кездері де, эстетиканы тіпті ғылым емес деп қараған кездері де болған. Бірақ қоғамның даму тарихы адамзат ақыл-ойының даму тарихы эстетиканы бір ғылым ретінде танытты, мойындатты.

Сондықтан шын көркемдік пен оның қоғамдық ой-санадағы бейнесі екендігі туралы эстетикалық идеяларды адамдар біртіндеп танып жетті. Әрі оны біртіндеп кемелдендірді. 

«Эстетика» деген атауды тұңғыш рет неміс философы Баумгартен Александр Готлиб (Alexander Gottlieb Baumgarten) (1714-1762) жазған «Эстетика» атты кітаптан басталып, кейін осы атпен аталып кетті. Бұл атауды Кант (1724-1804) және Гегель (1770-1831) сияқты әйгілі ғалымдар да өз шығармаларында қолданып қуаттағандықтан осыдан кейін айрықша бәрі де «эстетика ғылымы» атпен аталып, ғылым ретінде жалпы беттік таласа зерттелді. Ұзақ уақыт өтпей-ақ эстетикалық зерттелу жүйелері, мектептер жарық көріп, көптеген кітаптар, еңбектер, зерттеулер жазылып, талқыға қойыла бастады.

Осыдан былайғы жерде эстетика ғылымы философиялык ғылымдар жүйесінің бірі ретінде заттык, шын дүниенің эстетикалык ерекшелігі мен адамзаттың эстетикалық таным барысы туралы пән екендігін эстетика өнер философиясы екендігін; әсіресе көркемөнер әсемдігі мен оның мәні мен қоғамдық өмірдің көркемдік өлшемдері туралы ғылым (пән) екендігін дәлелдеу адамзат ақыл ойының ұлы жетістіктерінің бірі болды.

2. Эстетиканын  басқа ғылымдармен байланысы.

Эстетика заңдылығы объективті себепті дүниедегі көптеген ғылыммен байланысты болады:

1. Эстетика өнер философиясы ретінде  философия ғылымымен тығыз байланысты  болады. Философия адамның дүние  тану көзқарасының ортақ бірлігі  туралы ғылым. Нақтылап айтканда  дүниенің мәні туралы антологиялық (дүниенің арғы тегі не екендігі) көзқараста, сезім, түйсік және ақыл-ой  туралы гносеология (таным теориясы) көзқараста, диалектикалық және  категориялар туралы методологиялық  көзқараста, базис-қондырма, тарихтық  пен нақтылық туралы социологиялық (қоғам нақтылық зерттемпаздык) көзқараста  шұғырлы бейнеленеді.

«Қандай философиялық жүйе болса, сондай эстетикалық мектеп болады» дегенді философия тарихы талас жүрместей дәлелдеп берді. Эстетика көзқарастың негізі философиялык козқарасқа тәуелділігі философияның антологиясын, гносеологиясын, методологиясын негіз ету бұл-бұлжымас заңдылық. Бірақ осыған қарап эстетика дегеніміз-философия деп айтуға болмайды. Эстетика философия емес, философияның зерттеу нысанасы табиғат, коғам, ойдың мәні мен жалпылық заңдылығы шындық эстетиканың сұлулық сынды ерекше жақтары ғана және заңдылық байланыстары. Сондықтан да эстетиканы сұлулық туралы философия деуге болады.

2. Эстетика коркемөнер философиясы  ретінде сөзөнері теориясымен  тығыз байланысты. Көркемөнер теориясы  сөзөнері жасампаздығының теориялык  негізі, ол сөзөнері-көркемөнер идеологиялық  мәні, ерекшелігі, түрлері, туылуы мен  даму заңдылығы, көркем жасампаздықтың  принциптері туралы, типтестірілген  және индвидуалдастырылған образдар  арқылы қайта сәулелендірудің  формасы болған. Құрылысшылдық (архитектуралық), оймашылық (сұңғат), суретшілік, музыка, би, театр, сөзөнері сияқтылардың кәсіптік характерлік, шеберлік, теориялык принциптері туралы ғылым эстетика ғылымы осы көркемөнер теориясын эстетикалық негіздер, эстетикалық философиялық принциптер мен көркемдік методология жақтан қамтамасыз етеді. Бұлардың байланысы физика теориясы мен табиғат диалектикасының байланысына ұқсайды. Нақтылы көркемөнер теориясы бүкіл адамзат жаратқан таңдаулы көркемөнер жетістігі мен көркемонер тарихи материалына негізделсе, тағы бір жақтан нақтылы көркемөнер философиясы мен методологиясы болған эстетика ғылымына сүйенеді. Эстетика ғылымын көркемөнер теориясымен байланысын үзіп тастау да әсіресе эстетиканы көркемөнер теориясының орнын бастырмақшы болу да қате. Соны анык айтуға болады, эстетика ғылымы көркемөнердегі сұлулықтың қасиеттері мен заңдарын, көркемөнердегі эстетика методологиялық мәселелерді зерттесе, бірақ оның зерттеуі тек көркемөнермен шектелмейді. Көркемөнер теориясы реалдықты қайта сәулелендірудің бір қатар көркемдік принциптері мен әдістерін зерттесе де, бірақ оның зерттеу көлемі бір ғана көркемдік мәселесімен шектелмейді. Көркемөнер шынайы мәнімен қоғамдық идеологиялық эстетика. Көркемөнер теориясы сұлулық мәселесінен сырт бір қатар саяси, моралдық, экономикалық және тарихи мәселелермен де байланысты. Эстетика заңы-сұлулықтың ең негізгі заңдылығы болып, көркемөнер теориясының және өз алдына бірнеше кәсіптік заңдылықтары болады. Эстетикасыз көркемөнер, соқыр көркемөнер, мисыз көркемөнер, тәжірибе қапасына қамалған көркемөнер болғаны сияқты, көркемөнер іс-жүзіндігінен айрылған эстетика, ақсақ эстетика, рухсыз эстетика, қияли эстетика болады.

3. Эстетика-психология ғылымымен тығыз  байланысты ғылым. Психология физиологиялық  әрекеттің ең жоғарғы формасы  болған ми қызметі негізінде  жүз беретін рухани барыстармен  рухани құбылыстың барыстары, мәндері, түрлері және олардың қыз- мет  заңдылықтары туралы ғылым. Әдетте  біз көп айтатын сезім, түйсік, елес, ақыл, ойлау, қиял, бет-бейне, жігер  дегендеріміз рухани кұбылыстың  әртүрлі формасы ретінде психология  зерттеуінің негізгі тақырыптары, категориялары болып табылады. Психология  сезім, түйсік, сана-акыл, қиял-елес  қатарлылармен шұғылданғанда, эстетика  категория болған эстетика сезім, эстетика түйсік, эстетика сана, эстетика елес қатарлыларға тоғысады. Міне, бұл сияқты рухани құбылыстар  мен тану кұбылыстары адамның  объективтік дүниемен ара эстетика  катынасының басты бір жагын  ұстайды. Сондықтан эстетика ғылымы  психология ғылымымен тығыз байланысты.

4) Эстетика-этика ғылымымен тығыз  байланысты ғылым. Ахлақ, жалпы мінез-құлық  құбылыстардың мәні. Шығуы мен  да-муы, адамдардың өзара және  қоғамдық қатынасындағы борышы, өлшемдері туралы ғылым. Әсіресе  адамның қоғамдық өміріндегі  жақсылық пен жамандық өлшемдері  туралы бір түрлі сана формасы  болып, ол педагогика ғылымының  маңызды бір саласын құрайды.

Қоғамдық өзгертуде және дамытуда эстетикалык тәрбие беру мен мінез-құлық тәрбиесі бірлескен болады. Ол көркемдік заңдылықтарға сай көркем өмір жарату жолындағы бұрын болып көрілмеген орасан зор күрестің құрамдас бір бөлімін ұстайды. Міне, осы жаңа коғамдық моралымыз жаңа адам тәрбиесіне бағытталған этикалық принципке сай істетілетін тәрбие болып табылады. Міне, мұны жан сұлулығы десе де болады.

Семинар №3

Семинар тақырыбы: Оқыту теориясы және практикасының эстетикалық аспектісі.

Семинар жоспары:

1. Оқыту теориясының анықтамасы.

2. Оқытуда эстетикалық аспекті.

Тапсырмалар:

  1. №3 тақырып бойынша конспект  дайындау;
  2. №3 тақырып бойынша слайд орындау;
  3. №3 тақырып бойынша сөзжұмбақ жасыру;
  4. №3 тақырып бойынша сабақты талдау;

Семинар мәтіні:

1. Оқыту  теориясының анықтамасы.

Университеттік оқу жағдайын эстетикалық мәдениет тұрғысынан ұйымдастыру мәселесіне мәдени мұраны, тарихты, дәстүрді де меңгерудің маңызы ерекше. Мұндай көқараста оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, сезім мүшелердің желілуіне ықпал етіп, үнемі көркемөнерден сүйсіне әсер алуына мүмкіндік туғызады, оларды рухани-мәдени құндықтарын бағалай және бағдарлай білуге қабілетті етеді. Сондықтан бүгінде оқу процесінде эстетикалық және көркемөнер саласынан білім берудегі әлі де болса кездесетін «қалдық» принципін жоюды қажет етеді. Соған орай педагогтар қауымы оны тек эстетикалық және көркемөнер пәндерінде ғана тиісті деген тар шеңбердегі ойдан арылу тиіс. Барлық оқу пәндерінің мазмұын педагогикалық заңдылық болып табылады.

Атап айтсақ, тарх әнінің оқытушысы мысалы, антикалық немесе қайта өрлеу дәуірінің тамаша өнерін тек қана иллюстративтік материал ретінде ғана қолдануы міндетті емес, сонымен бірге сол дәуірдегі өнер шығармаларының классикалық маңызын, оның мәңгілік әсемдігін көрсетуі тиіс. Немесе география пәнінң оқытушысы оқушылардың көңілін адамдардың қолымен жасалған ландшафтың эстетикалық мәдениетіне аударуы тиіс. Биология пәнінің оқытушысының тұрақты міндеттерінің бірі ретінде оқушылардың көңілін табиғаттың таңғажайы сұлулығы мен тамаша көрінісіне көңіл бөліп отыруды қажет етсе, ал математка пәні мұғалімдерінене оқушылардың санасына логикалық-математикалық  операциялардың әдемілігін жеткізуді және дәлелдеуді қажет етеді.

Осыған қарғанда, күні бүгінге дейін оқу әндерінің эстетикалық мүмкіншіліктері таусылмақ емес, қайта күшейе түсуде. Сондықтан барлық оқу пәндеріне қатысты оқу бағдарламаларын жасау барысында оқу мазмұының эстетикалық аспектілерін пайдалану мүмкіншіліктері міндетті түрде тепе-тең жағдайда ойластырылуы қажет. Олай дейтініміз, бүгінде кез-келген тұлғаны қалыптастыру роцесінде оқытудың эстетикалық-гуманитарлық мазмұынынынң мүмкіншіліктері барлық жағдайда толық пайдаланылмауды. Оның ықпалын кеңейту үшін, ол оқу-тәрбие пооцесінің барлық кезеңдерінде, оқушылар ұжымының барлық өміріне берік еніп, әрбір педагогтың оқу-тәрбие әрекетінің мызғымас компонентіне айналуы тиіс. Себебі, оқытудың эстетикалық аспектісі көбінесе оқытушының эстетикалық ықпалымен тығыз сипатталады. Оқытушының эстетикалық ықпалы оқушының тұлғалық тұтастығына негізделіп, тәрбиеші-ұстаз ретінде оның жауапкершілігімен тығыз абйланыста болып келеді.

Олай болса, эстетикалық аспект оқыту принципі ретінде барлық оқу әндерінің қолдауына сүйенуі тиіс.

2. Оқытуда  эстетикалық аспекті.

Оқытуда эстетикалық аспект, ең алдымен ондағы мақсаттың компоненті ретінде қарастырылады. Осы орайда оның маңызына көңіл аудармау, оқытудың нәтижесінде үлкен зиянын тигізеді. Себебі дүниетаным процесі, егерде ол бейнелі болса, қашан эстетикалық аспект саналы түрде көрініс берсе және сезінілсе, сонда ғана тез және нәтижелі жүреді. Сондықтан да оқытудың міндеттерінің бірі, ондағы ғылыми ақиқат пен гумандық құндылықтардың әдемілігін ашып көрсету, соымен қатар оларды оқушыларға бейнелі немесе әсерлі етеп меңгерту.

Оқыту барысында эстетикалық аспектіні ескермеу немесе оның маңызын бағалмау және онда эстетикалық құралдарды пайдалануды қажетсінбеу, оқытудың едагогикалық мазмұынның тартымдылығын, әсерлігін едәуір әлсіретуге алып келеді. өйткені оқытудың нәтижелі болуы, ондағы барлық аспектілердің интеграциялық жағдайына байланысты болып келеді: сяси, философиялық-дүниетанымдық, этикалық және эстетикалық т.с.с. сондықтан оқу материалындағы эстетикалық құбылыстардың, фомалардың көрінісін оқушылардың жоғары қабылдауын ескермеуі мүмкін емес.

Оқыту процесінің эстетикалық апектісі немесе көркемөнер элементтері оның мазмұны және формасы арасындағы қарым-қатынаста; оқыту процесінің дидактикалық жүйесінде; оқыту процесінің пропорциялық бөліктерінде; сабақты ұйымдастырудың «композициялық»  (құрылымдық), «архитектуралық», және «драматургиялық» сипатында; мұғалім тілі құрылымының көркемөнертілдік формасы және дидактикалық коммуникациясында (мысалы, оқытушының әңгімесі, диалогы т.с.с.); дидактикалық оқу теледидарының көркемөнер құрылымының элементіне, соымен қатар оқытудың басқа да коммуникативтік құралдары, апйдалану пайдалануда; оқушылрдың оқуы және еңбектегі эстетикалық элементтерінде болады.

Эстетикалық аспект оқыту мазмұының компоненті ретінде дидактикалық процесте әр түрлі бағытта көрініс береді: көркемөнер пәні ретінде оқу материалын меңгеру процесінде эстетикалық тұрғыдан көңіл бөлу жағдайында; көркемөнер пәні ретінде оқу материалын меңгеру процесінде эстетикалық тұрғыдан көңіл бөлмеу жағдайында; барлық оқу алдына жеке пән ретінде (эстетика-оқыту пәні ретінде). Бұдан тұтастай екі мәселе пайда болады.

Бірінші жағдайда, көркемөнер әдебиетін, музыканы, өнертануды меңгеру процесінде эстетикалық аспетінің ерекшелігіне қатысты мәселемен тікелей байланысты болып келеді. Сонымен бірге өлкетану, тарх, дене шынықөтыру және басқдай пәндердің оқыту мазмұын меңгеруде эстетикалық аспектіні олардың жекелеген бөлімдерінде ғана байқай аламыз.

Екінші жағдайда, оқу пәндерінің эстетикалық аспектісінің маңызына және оқыту процесіне өнер құралдарын пайдалану мәселесіне эстетикалық тұрғыдан жеткілікуті көңіл бөлмеу. Соған орай қазіргі кезде көркемөнер- эстетикалық пәндері өздерінің педагогикалық ықпалын әлі де болса өз жәрежесінде барлық мүмкіндіктерін ескере отырып толыққанды жүзеге асырмайды. Өйткені  эстетикалық аспектіні меңгеру ерекшелігі әр кезде ескеріле бермейді. Мысалы, кейбір жағдайда әдебиет сабағында эстетикалық аспекті бірінші кезекте қаралмай, көбіне қалыптасқан үлгі бойынша бір жақты әдеби мазұға көңіл бөлінеді. Осындай құрғақ тар шеңбердегі әдебиетті оқу оқушылардың әдебиетке деген жағымды эстетикалық қатынасын тудыруға қабілетті болмай шығады. Себебі, әжби көтеріңкі ішкі жай күйінің жағдайында ғана мүмкін болады.

Эстетикалық аспект тек көркемөнер туындыларында ғана қатысты емес, сонымен бірге барлық оқу пәндердің мазмұынында қамтуы тиіс. Себебі эстетикалық білім және тәрбие жалпы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғамдық және жаратылыс пәндерде де оның міндеттері қарастырылады. Бұл жағдайда өлкетану, тарих, география, биология және қоғамдық пәндері сабақтарында оқу материалын бергенде көркемөнер элементтерін пайдалануды ерекше ойластыруды көздейді.

Көркем әдебиет және тарих пәндері тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің,адамдардың өзара қарым-қатынасының, еңбектік эстетикасын тануға үйретеді. Биология, георафия, химия, физика сабақтарында табиғи құбылыстардың бай эстетикалық құндылықтары жайында мағұлматтар алады. Сонымен бірге биология, география сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары тұлғаның эстетикалық дүниетанымы мен санасын, қабілетін дамытады. Бейнелеу өнері сабақтарында  тұлғаның эстетикалық көқарасы, талғамы тәрбиеленіп, эстетикалық мұраттың орнығуына аса зор ықпал етеді.

Информация о работе Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика