Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 15:37, лекция

Краткое описание

1. Эстетика тарихы.
2. Эстетикалық жорамалдар

Вложенные файлы: 1 файл

Семинар.docx

— 80.62 Кб (Скачать файл)

Эстетикалық кемелділіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету туралы нақтылы сезімдік түсінік. Эстетикалық мұратты жүзеге асыру үшін алдын ала қажет нәрсе өмірдің барлық саласында қоғамдағы адамның ерікті болуы, адамның ай- нала дүниеге эмоциялық нақтылы сезімдік қатынасымен тығыз байланысты болгандықтан эстетикалық мүрат сезім формасына бөленеді. Оның адамгершілік, саяси жэне басқа да қоғамдык мұраттар бар немесе болса екен дейтін кемелділік туралы жалпылама ұғым болып келуі мүмкін. Мазмұнында ерекшелік бола тұра, эстетикалық мұрат сондай-ақ қоғамдық жэне этикалық мұратпен де бірлік табады. Мұның белгілі тарихи мазмұны қоғамдық этикалық мұрат секілді түптің түбінде қоғам өміріне, таптық күреске, өнер даму процесіне саяды. Қоғамдық тәжірибе мен адам танымының барысында жұрттың эстетикалық мұраты өзгеріп дамиды да. Реалдық дүниенің объективті даму тенденциясын аңғартады. Озат эстетикалық мұрат қай заманда да болмыстың дамуына керағар келмейді. Қайта соның өз бойында бар мүмкіндіктерге объективті сипаттармен заңдылықтарға сүйенеді. Сүйтіп ол болмыс дамуының нақтылы сезімдік көрінісі болып табылады.

Өзінің мәні мен мазмүны қасиетті тұлғалы болып көрінетін табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстарға адамның ерекше қатынасын бейнелейтін эстетикалық категория.

Адам мұндай кұбылыстарға назарын аударғанда, ол әдеттегі карапайым өмір шеңберін ұмытып, бойын ерекше жігер-кайрат билеп, рухани көңіл-күйі өрлейді. Өнердің барлық саласының да даму тарихында асқақтықтың орасан зор рөл атқаруының даму кезеңдеріне сәйкес асқақтықты өнер саласында алуан түрде бейнелеп келді. Ертедегі египеттіктер бар абзал қасиеттерді, сондай-ақ асқақтықты ұстем таптың бір адамының басына үйіп-төгіп, ферғауындарының шексіз билігін аңызға айналдырып, олардың бейнелерін асқақтық дәрежесіне жеткізуге тырысты. Субъективтік идеализм асқақтық табиғатта жоқ, ол адам санасының жемісі дем үйретсе, объективтік идеализм оны әлемдік рухпен байланыстырады. Ал материалистер асқақтықты заттың объективті қасиеті деп білді. Мысалы, Николай Григорьевич Чернышевский «асқақ заттар туғызатын идеяларда емес, сол заттардың өзіне тән ерекше қасиеттерінде» деп түсіндіріп, асқақтықты негізгі реалдық заттардың табиғаты мен қоғамға қажеттігінде, - деді.

 


Информация о работе Құлдық қоғамдық кезіндегі эстетика