Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 14:31, реферат
XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. XX ғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда нарығы болып танылған отарлы өлке санатында жалпы ресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады. Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты, байлығы мен шикізатын пайдаланды. Ресей де Азия елдеріне көз тікті, шет өңірлерді өзінің отарына-шикізат, тұрақты нарық көзіне айналдырды.
І. Кіріспе бөлім
1.1.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж).
1.2.Көтерілістің себептері және басталуы.
1.3.Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
1.4.Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Ұлт-Азаттық қозғалыстың барысы
2.1.Қозғалыстың Жетісудағы орталығы.
2.2.Торғайдағы көтеріліс орталығы.
ІІІ.Қорытынды
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
1.1.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж).
1.2.Көтерілістің себептері және басталуы.
1.3.Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
1.4.Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Ұлт-Азаттық қозғалыстың барысы
2.1.Қозғалыстың Жетісудағы орталығы.
2.2.Торғайдағы көтеріліс орталығы.
ІІІ.Қорытынды
3.Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы.
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
және сипаты.
XIX ғасыр Қазақстан
үшін Ресей империясына
Ресейдің алға
шығуына негізгі кедергі-
XX ғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар- үштік Одақ (Германия, Австрио-венгрия) пен Антанта (Франция, Англия, Ресей) тартысты 38 мемлекет қатысқан дүниежүзлік соғысқа әкеліп соқтырды.
Қазақ сахарасының болмысы XX ғасырдың басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді. 1907-1912 жылдың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде-ақ «Санкт-Петербургские ведомость» газеті: "Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ…" –деп жазған болатын.
Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.
Көтерілістің себептері және басталуы. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарын, кәсіпорындарға «ерікті түрде» жұмысқа тартты. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», — деп жазған еді.
Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа алу – көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын неғұрлым көбіс және арзан жұмыс күші ретінде «реквизицияланған бұратаналармен ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы айтқандай: "Жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".
1916 жылғы 23 тамызда генерал- губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауыл-дық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері.
Патша өкіметі айла қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін – жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бір қатарын жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп, аман алып қалды да олар жергілікті әкімшілік-тің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті. Сол көмегі үшін олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлер-дің ызасын келтірді.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақ-стан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер-жерде көтерілісші жасақтары құрылып, олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың ауылына шабуыл жаса-ды, борышқорлық және салық тілхаттарын жойды, жерді сату басқармала-рын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша әскерімен қақтығыстары жиілей түсті.
Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен хан сайланып жатты.
Көтеріліске шыққан халық күш біріктіру қажет екенін түсінді. Вер-ный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысында-ғы Әулиеата уездерінің көтерісшілерімен байланыс орнатты. Көтері-ліске шыққан албандар ұйғырлармен, қырғыздармен және дүнгендермен күш біріктіріп қимыл жасады.
Қазақ демократтарының саяси көзқарастары. Жергілікті патша әкім-шілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмыс-шылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құ-рылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары, Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді. Қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: "Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұщырайды, екіншісі-бармаймын" деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді…»
Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар: "қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады",- деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттаң дұрыс болғанын дәлелдеді.
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рұсқылов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.
Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихиялы түрде басталды және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті блған жоқ. Оған көмір кеніштерінің, мұнай кәсіпшіліктерінің, Ертіс кемшіліктерінің, Омбы, Орынбор-Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты. Олардың ауылмен және шаруа қожалықтарымен байланысты қозғалысқа стихиялы шаруалар қозғалысы сипатын берді. Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын. Қозғалыстың ауқымды әлеуметтік негізі бар еді. Жалпы ұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын, қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді. Тұтас ауылдар, болыстар, уездер өздерімен бірге барлық мүліктері мен малын алып, дала қойнауына тереңдеді, көтеріліс шыққан аумақтарда оларға байлар да қосылуға мәжбүр болды. Басқа «бұратаналар»-дүнген, ұйғыр, қырғыздар да көтерілісшілерді жақтап шықты.
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды.
Қазақ және қырғыз еңбекшілерінің қимылдары патша әкімшілігін ма-засыздандырмай қоймады. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Курпаткин «Қандай амалды бол-са да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушы-ларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға» нұсқау берді. Өз кезегінде Жетісудың генерал губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті қазақтардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін- қазақ станицаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Қоныс-танушы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалалардан әскери-дала соттары құрылды.
Отаршылар «бұратаналарға» қарсы күрестің сыннан өткен тәсілдерін шебер пайдаланды. Патша әкімшілігі ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шарала-рын қолданды. Жазалау отрядтарының басшыларына: "Қырғыздардың топта-сып бас қосуын бүлік деп санап, оңдайларды жаныштаңдар, тоқудың алғаш-қы нышаны байқалғанда-ақ екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып, дала сотына беріңдер де, дереу дарға асыңдар", — деген нұсқау берілді.
Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілерді болыс Бекболат Әшекеев (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосанов (Мереке ауданындағы Құрақты болысы) және басқалар басқарды.
Верныйдан Қытаймен шекараға дейінгі аралықта ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналды. Қалған бөлігі осы орасан үлкен аймақтағы қа-зақтар құнарсыз таулы аудандарға немесе Балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.
Торғайдағы көтеріліс орталығы. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғалары-ның бірі Торғай облысында орын алды. Мұнда қазақ шаруалары-ның күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшіл басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолын көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбділғафар Жанбосыновты өздері-нің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Аман-гелдіні сардарбегі етіп тағайындады.
Торғайдағы қозғалыс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көте-рілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Олардың жалпы саны 20 мыңға дейін жеткен. Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр және Шоқпар-көл кеніштерінен, Орынбор-Ташкент теміржолынан келген жұмысшылар толықтырды.
Қазан айының соңында Амангелді Иманов бастаған 15 мың кө-терілісші Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіме-ті генерал Лаверентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Торғайға беттеген жолында жазалаушы отряд қазақ ауылдарын шапты. Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, Бетпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті. Доғал – Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліспен аяқталды. Шегіне отырып ұрыс жүргізген 40 сарбазды жазалаушылар қоршап алды. Сарбаздар соңғы оғы қалғанша атысып, тірі қалғандары кешке қарай қолына найза алып, қоян-қолтық айқасқа түсті. Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейінде біраз уақытқа жалғасты.
Патша үкіметі көтерісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар өртеліп, көптеген бейкүнә адамдар атылды. Алайда тарихтың өзі тәрік еткен отаршылдық жүйені жазалау экспедициялары да, әскери-дала соттары да атып-асуда құтқарып қала алмады. Бұл қазақ халқының езілген Ресей халықтары азаттық күресінің жалпы тасқынына біржола қосылған еді.
Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж)