Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 14:31, реферат

Краткое описание

XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. XX ғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда нарығы болып танылған отарлы өлке санатында жалпы ресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады. Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты, байлығы мен шикізатын пайдаланды. Ресей де Азия елдеріне көз тікті, шет өңірлерді өзінің отарына-шикізат, тұрақты нарық көзіне айналдырды.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
1.1.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж).
1.2.Көтерілістің себептері және басталуы.
1.3.Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
1.4.Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Ұлт-Азаттық қозғалыстың барысы
2.1.Қозғалыстың Жетісудағы орталығы.
2.2.Торғайдағы көтеріліс орталығы.
ІІІ.Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат по истории.docx

— 27.75 Кб (Скачать файл)

Қозғалыстың қортындылары, жеңілу себептері  және  тарихи  маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс  империализмге, отаршылдыққа қарсы  сипатта болды. Ол  Шығысты қамтыған  революциялық дағдарыстың   маңызды  эле-менттерінің  бірі  еді.  Қазақтардың  ата  қонысына  Ресей  мұжықтарын  қоныстандыру     арқылы  жүргізілген  отарлау саясаты  қарқын  алған сайын көптеген  орыс – украин  қоныстары  мен  казак  станицалары  пайда  болған  аймақтардағы  көтеріліс  орыстарға  қарсы  сипат  алды.

Орыс  шаруаларының  бір  бөлігі  көтерілісшілерге  жанашырлықпен  қарады,  көтеріліске  қатысқандарды  жасырып  қалды,  оларға  көмектесті. Ұлт-азаттық  қоз-ғалысты  басып – жаныштау  барысында  патша  өкіметі  өзінің  да-ла  стратегиясын  жүзеге  асырды.  Түркістан  өлкесі  генерал – губернаторының айтуы  бойынша,  Қазақстан  мен  Қырғыстанның  отарлауға  мейлінше  қолайлы  аудандарын  “тазалау”  болатын.  1916 жылы  Қазақстан  жеріндегі  қазақтардың  саны жарты  млн-ға  жуық  кеміді.

Көтерлістің  жеңіліс  табуының  басты  себептері,  оның  бытыранқылығынан,         ұйымшылдықтың  жеткіліксіздігінен,  арақатынастың  тұрақты  болмауынан  еді.  Шын     мәнінде  өте қарапайым  қарулармен  қаруланған  халық пен  сол  кез-дегі  техниканың  жетістіктерін  пайдаланған  империяның  тұрақты армия-сы  соғысты.  Патша  шенеуніктері  қоныстандыру  қозғалысы  жеделдете  жүргізіліп  жатқан  өңірлерде  орыс  украин  шаруалары,  дүнген,  ұйғыр,  өзбек  диқандары  арасындағы  қайшылықтарды  пайдалана  білді.

Ұлттық – демократиялық  зиялылар  қатарында  бірлік  болмады.  Кейбір  бай – феодалдар,  хандар  көтерлісшілердің  мүдделерін  сатып  кетіп  отырды.  Патша үкіметі  тез  арада  көтерлісшілерді  басшыларынан  айыра  білді. Жетісуда-ғы  қозғалыс  басшыларының  бірі  Бекболат  Әшекеев Боралдай  асуын-да  жұрт  алдында  дарға  асылды.  Қарқарадағы  көтеріліс  жетекшілерінің  бірі Жәменке  Мәмбетов  абақтыға  қамалып,  басқа  12  басшымен  бірге  азаптап  өлтірілді.

Көтеріліс  қазақ  халқының  таптық  сана-сезімінің  өскендігін  көрсетті. Мыңдаған  көтерілісшілер  патша  билігіне  қарсы  қарулы  күрес  мектебінен  өтті. Отаршылдық  езгінің  ұзақ  жылдары  ішінде  олар  ұлттық  мүдделерінің  ортақтығын  тұңғыш  рет  ұғынды, белсенді  саяси  қызметке  құлшынып, өзін  Ресей  билігінің  отар-шылдық  экспанциясына  қарсы  күрес  жүргізе  алатын  күш  деп  сезінді.

Халықтық  қозғалыс  барысында  өкімет  құрылымы, қарулы  күштер, басқару  аппараты  құрылды. Ауқымдылығы  мен  қатысушыларды  қам-туы  және  зардаптары  жағынан  алғанда,  ол  империя  құрамындағы  отаршылдық  құлдықтың  бүкіл  кезеңіндегі  азаттық  күресінің  шырқау  шыңы  болды. Ол  туралы  Әлихан  Бөкейханов  былай  деп  жазды: “Қазақ-қырғыз  осы  көтері-лісте  көп  адамын  өлтіріп, шаруасын  күйзелтсе  де,  келешекке  қан-дай  ел  екенін  білдірді… Алыспаған, жұлыспаған  бостандық  атына  мінбейді, бұғаудан  босамайды, ері  құлдықтан, әйелі  күндіктен  шықпайды, малына да, басына  да  ие  болмайды”. Шын  мәнінде, XX  ғасырдың  соңында  қазақ  халқының қолы  жеткен  саяси  тәуелсіздігі  мен  ұлттық  мемлекеттігі  үшін  күрестің  бір  белесі  болып, тарихта  өз  орнын  алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

2. Распад Британской империи, М., 1964; Қаїарлы 1916 жыл (құжаттар мен материалдар жинағы), 1 — 2-т., А., 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар Инновациялық Еуразия  Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

 

 

 

Орындаған: КИЛ-101 тобының студенті

Өсербай Мөлдір

Тексерген: тарих пәнінің оқытушысы  

А.А. Жакишева

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КИЛ-101 тобының  студенті

Өсербай Мөлдірдің

Қазақстан тарихы пәніне арналған папкасы


Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж)