Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 16:28, курсовая работа
Азиялық құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен хх ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде ішкі ұлттық өнімнің (іұө) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.Біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде.
Кіріспе..................................................................................................................3
І бірінші дүниежүзілік соғыстаң кейінгі жапон елі.................................4
І І . Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі............................ 7
І І І. Қазіргі кездегі Қазақстан мен Жапонияның саяси экономикалық байланысы..........................................................................................................15
Қорытынды..........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Тақырыбы: « 20 ғасырдың басындағы Жапонияның саяси
экономикалық даму жүйесі»
орындаған: казезов а.
Тексерген: Турунтаева А.
Астана.2011-2012Оқу жылы
мазмұны
Кіріспе.......................
І бірінші дүниежүзілік соғыстаң
кейінгі жапон елі...........................
І І . Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жапон елі...........................
І І І. Қазіргі кездегі
Қазақстан мен Жапонияның саяси
экономикалық байланысы.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Азиялық құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен хх ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде ішкі ұлттық өнімнің (іұө) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.Біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірібиеге сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмтылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың өзектілігін құрайды.
Жұмыс мерзімдік шегі 1915-50 ші жылдар аралығын қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алуымның себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден
осы уақытта жапон экономикасында ең басты,
негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста
күйреген экономикасын тез қалпына келтіріп
тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық
өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға
шығарып, күшті капиталистік державаға
да айналдырды.Яғни Жапония осы уақыт
аралығында бір экономикалық циклды басынан
өткізеді. Ол:дағдарыс,тоқырау,жандану,
І Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі жапон империализмінің экономикалық және ішкі саяси позицияларын бұзды. Бірақ та американ империализміне сүйене отырып, антигитлерлік коалицияның тигізген соққыдан қалпына келіп, өз күшін одан әрі күшейтуге көшті.
Соғыстан кейінгі жапон тарихындағы оккупацияның ерекшелігі, елдегі жоғарғы билік америка оккупациялық армияның қолында бола тұрса да, одақтас державалар атынан шыққан АҚШ, билікті тікелей емес, керісінше билеуші таптың мүддесін көздеген, жапон үкіметі арқылы жүргізді. Сонымен бірге ұзақ жылдар бойы тынық мұхит бассейіні мен оңтүстік-шығыс Азия елдерінде билік үшін күресте, бақталасқан американ империализмі жапон милитаризмінің жеңіліске ұшырауын пайдаланып жапон империализмінің есебін алғысы келеді. Алғашқы уақытта осының нәтижесінде АҚШ Жапонияның демитаризациясы мен экономикалық қуатын әлсіретуді жүргізді.
Осыдан көрініп тұрғандай АҚШ соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияны оккупацияға алып, елдің саяси және экономикалық билігін өз қолына алғысы келді. Бұл АҚШ-тың саясаты 1952 жылғы сан-франциско бейбіт келіссөзіне дейін созылды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Жапонияның өнеркәсібіндегі өндірістік-техникалық базасы соғыс қимылдарын аз да болса зардап шекті. Жеңіл өнеркәсібінің салалары, соның ішінде халықтық тұтынушылық сұранысын қамтамасыз етіп отырған, текстиль және азық-түлік өнеркәсіп салаларында өндірістік қуаты көптеп қысқарды.Бұл салада он мыңдаған өндіріс орындар соғыс кезінде қайтадан құрылып, олардың жабдық-құралдары ауыр өнеркәсібіне арналған шикізатқа айналды. Ал, ауыр өнеркәсібінің өндірістік қуаты болса, ол өте жоғарғы сатыда әлі де сақталынып тұрды. Мысалы 1937 жылмен салыстырып қарағанда өндіріс қуаты станок жасауда – 245, шойын құюда –187, жасанды мұнай шығаруда – 193, мұнай өндіруде - 92 т.б. Құрады. Соған қарамастан жапонияда өндіріс тез төмендеп түсті. Шикізат, отын және азық түлік импорты, жапонияның басқа елдермен қарым-қатынасын үзу нәтижесінен тоқтатылды. Соғыс аяқталған уақытынан басталған осылардың бәрінің нәтижесінен және шаруашылық тың құлдырауынан, елдегі барлық өндірістік қуаттар, ұзақ уақыт бойы толық пайдаланылмады.
Маңызды экономикалық және саяси позицияларды сақтап және өз қолына өмірге қажетті материалды қорларды, монополистік буржуазиясы осының бәрін өзінің позициясын күшейту үшін пайдаланды.
Окупацияның алғашқы кезеңде яғни 1945 – 1946 жылдары АҚШ үкіметі Жапон экономикасын қалпына келтіруді алдына басты мақсат етіп қойған жоқ. Бірақ не де болса АҚШ Жапонияға экономикалық көмек беруіне оның шаруашылығын да қалпына келтіруіне мәжбүр болды. Бұл көбінесе экономикалық емес саяси мүддені қорғау үшін жасалынған яғни бұндағы мақсаты үшкір әлеуметтік қайшылықпен «аштық бүлік және жаппай көтерілісті болдыртпау үшін, сонымен қатар жапон экономикасының өзін-өзі қамтуына жету болды.
Американ үкіметі КСРО-ның жапон халқының сұранысын қамтамасыз ететін, жапон бейбіт өнеркәсібін қалпына келтіруді шектеу және бейбіт экономиканың қажеттілігімен сәйкес экспорттық сауданың дамуы жөнінде ұсыныстарынан бас тартты.
1946 жылы наурыз айында сидэхара үкіметі «экономика мен қаржы саласындағы төтенше шаралар жөнінде заң қабылдап, көне ақшаларды алмастыру жөнінде жариялады. Бұндай ақша реформа негізінен салымның ғана емес жұмысшылардың төлем ақыларын да тоқтауына әкелді.
Осы жылдың тамыз айында оккупациялық үкіметінің бұйрығы бойынша министрлер кабинеті жанында мемлекеттік –монополистік басқарудың маңызды органдары ретінде экономикалық тұрақтандыру бюросы мен бағаларды реттеу комитеті құрылды. Осы бойынша бюроның жұмысына өндіріс саласындағы жалпы мемлекетік жоспарлар мен бағдарламаларды құру және тауар, тұтынуды, жұмыс күшін, қаржыны, көлікті үлестіру кірді. 1947 жылы маусым айында экономикалық тұрақтандыру бюросының аппараты мен жұмысы одан әрі кеңейді. Оған экономикалық мәселелер бойынша әр министрліктің жоспарларын координациялауға және осы жоспарлардың жүзеге асуын бақылау құқы берілді. Жапон монополистік буржуазиясы өз алдына әскери соққыдан өту және өзінің экономикалық және саяси позицияларын қалпына келтіріп, өз күшін әрі қарай күшейту үшін жағдай жасау мақсат етіп қойды. Бұл мақсатты бір жағынан оккупациялық үкіметтің жүргізген делартелизация жағдайында және екінші жағынан жұмысшы таптың шешуші басымшылдык жағдайында шешуге тура келді.
Американдық “декартемизация” немесе дзайбацуларды яғни ірі монополистік топтарды (“мицуи”, “мицубиси”, “сумитомо” т.б. Сияқты) тарту шаралары басты түрде жапонияны демилитаризациялау жоспарында жүргізілді.
1945 жылы 6 қыркүйек айында Макартураға тапсырылған американ үкіметінің негізгі директивасында “Жапония ендігі рет соғыс жүргізе ала алматындай жағдайда әкелетін экономикалық реформаны” жүргізу жөнінде бұйрық қаралған. Бұнда “жапония саудасы мен өнеркәсібінің көп бөлігін бақылап отыратын ірі өнеркәсіптік және банктік бірігулерді тарату бағдарламаларын құрау” қажеттілігі жөнінде және оларды “кіріс пен меншікті өндіріс және сауда қаржыларына кеңінен бөле алатын” кәсіпкерлер ұйымдарымен алмастыру жөнінде айтылды. АҚШ осы шаралардың көмегімен жапондық монополистік капиталды ұйымдастыруының спецификалық жүйесін, американдық жүйеге алмастыруға ұмтылды. Бұл американ капиталынан жапон экономикасына еңуіне, американ және жапон монополиялардың қарым қатынасын жеңілдете алатын болды.
Жапонияда өмір сүрген помещиктің жер иелену жүйесімен феодалдақ қалдықтар ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің дамуын және ауыл шаруашылық шикізат пен өнім өндіруді көтеруін тежеп отырды. Сондықтан помещиктік жер иеленуді жою Жапонияның бүкіл экономикалық, саяси, әлеуметтік жүйені демократияландыру үшін маңызды болды. Шаруалар қозғалысын тежеп, жер үшін шаруалар бұқаралық күресі мен пролетариаттың бүліктік күрестердің бірігуі мен революциялық жолмен халықтың ауыл шаруашылық қайта құруды өз қолымен демократияландыруды болдыртпау үшін, АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары заңды, парламенттік жолмен жер реформаны жүргізуге мәжбүр болды. Жер реформа туралы заңның жобасы 1945 жылдың 28 желтоқсанында қабылданды. Бұл заң Жапония үшін одақтық кеңесте, әсіресе кеңес одағының өкілі к.н. Деревянконың жағынан үшкір сыңға тап болды. Кеңес одағының ұсынған жоба АҚШ-тың қарсылығына байланысты қабылданбаса да, ол, одақтық кеңесте бұл мәселені шешуде үлкен ықпал етті оның орнына британ ұлттар бірлігінің өкілімен ұсынған жер реформаның жобасы, кейбір түзетулермен болса да, қабылданды.
1946 жылы 21 қазанда екінші жер реформа туралы заң қабылданды. Бұл жер реформаның негізі ретінде мемлекеттің қойған лимитінен тыс помещиктік жерлерді сатып алып оны шаруаларға сату жолы арқылы арендаторларды жер иеленушіге айналдыру принципі қойылды. Реформа негізінен 1949 жылы аяқталды. 1950 жылы ресми мәліметтер бойынша мемлекет шаруаларға 1930 мың те немесе арендалық жерлердің 80% -ын сатты.
Осылайша жер реформасы тек ішкі нарықтық кеңеюіне ғана емес экономикалық өсудің негізгі ауыртпалығын көтерген жұмысшы күш мәселесін шешуге де әсер етті. Одан басқа ол помещиктің жер иеленуді жойып, ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің өсіуіне де әсер етті.
1947жылы 24 мамырда жаңадан құрылған Каталма Тэцу үкіметі алдында енді елдің экономикасының дамуымен және қалпына келтіруімен байланысты күрделі мәселелер тұрды. Каталма кабинетінің алғашқы қадамы болып 1947 жылы 11 маусымда қабылданған “дағдарыстан өтуіне арналған төтенше шаралар бағдарламасы” болды оның негізгі мазмұны төлем ақы мен бағалардың үстінен бақылауды орнату. Үкіметтің қалпына келтіру қорын пайдалану, приоритеті өндірісті бөлу, және өнеркәсібін ұлттандыру болып табылады.
Монополисттік капиталдық позициясын күшейтудегі маңызды ролді 1946 жылы қазан айында, алғашқы Есида кабинеті уақытында тағайындалған қалпына келтіру қорының қаржылары алды. Бұл қордың субсидиялары өндірісті қалпына келтіру мақсатымен яғни негізгі капиталға салу үшін, жабдықтарды алуға арналған. Жапонияның соғыстан кейінгі экономикасы қалпына келтірудің маңызды мәселесі болып, көмір шығаруды көбейту болды, одан өнеркәсіп өндіріс орындардың, транспорттың, электростанциялардың жұмысы тәуелді болды.
Көмір өнеркәсібін ұлттандыру қажеттілігі жеке шахта иеленушілер қамтамасыз ете алмай отырған, көмір шығаруды тез көбейту талабымен негізделді. Бұл сала 60%-ке мемлекеттік субсидиялар есебінен жұмыс жасағандықтан үкіметке көмір өнеркәсібі үстінен бақылау орнатудың өзінің таза ресми негізі болды. Оккупацияның алғашқы кезеңде жапон экономикасын қалпына келтіру жәй қарқынмен жүрді. 1948 жылы жапонияның өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 1937 жылмен салыстырғанда 100% –тең 52% құрады, ал сол кезде басқа жеңіліп қалған (екінші дүниежүзілік соғыста) елдерде, мысалы батыс германияда бұл 100% болса, италияда 98% құрады. Жапония сыртқы сауданың соғысқа дейін дәрежесін қалпына келтіру бойынша да басқа елдерден көптеп артта қалып отырды.
1949 жылы Жапонияның экспорты 1934-1936 жылдармен салыстырғанда 16% - ті ғана, импорт – 29%-ті құраса, бұл көрсеткіш италияда экспорт - 85% импорт -119%, батыс германияда –46 және 100% құрады.
1950 жылға дейін өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, жеңіл өнеркәсібінің өсуін озу жағдайында жүрді. Осылайша 1947-ден 1950 жылға дейін жеңіл өнеркәсібінің үдемелі салмағы 25,6 –дан 37,1%-ке дейін көбейді, ал ауыр өнеркәсібінде 34,8-ден 42,6%-ке түсіп кетті. Осы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде текстиль өнеркәсібінің үлесі 7,3 –тен 23,3%-ке, азық-түлік өнеркәсібінде 8,7-ден 12,5%-ке көбейіп машина жасау өнеркәсібіндегі өнімнің үлесі болса керісінше 20,4-тен 14,1%-ке дейін төмендеп кетті. Ауыр өнеркәсібінде тек қана металлургия өнеркәсіп өнімінің үдемелі салмағы 12,4-тен 16,3%-ке дейін көбейді.