Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 16:28, курсовая работа
Азиялық құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен хх ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде ішкі ұлттық өнімнің (іұө) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.Біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде.
Кіріспе..................................................................................................................3
І бірінші дүниежүзілік соғыстаң кейінгі жапон елі.................................4
І І . Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі............................ 7
І І І. Қазіргі кездегі Қазақстан мен Жапонияның саяси экономикалық байланысы..........................................................................................................15
Қорытынды..........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20
Бұл кезде елдің экономикалық дамуының үшкір мәселесі – инфляцияның өсуі. Ол тек шаруашылықты қалпына келтірудің кедергісі ғана болмай, сонымен жұмысшы және демократиялық қозғалыстары мен әлеуметтік толқындардың күшеуінің маңызды себебі болды.
1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру негізінен ірі монополияларға үкіметтік субсидияларды беру және американ көмегін пайдалану жүйесі бойынша жүрді. Бірақ мұндай шаралардың уақытша ғана маңызы болды. Осындай жағдайда үкімет өндірісті ұлғайту үшін өнеркәсіпке қаржыны көп бөлген сайын инфляция өсуінің күшеюі қалыптасты.
Осы кезеңде Жапонияның іскер топтары, американ көмегіне сүйене отырып, мемлекеттік қаржыны пайдалану есебінен өздеріне үлкен инфляциялық табыс беріп отырған механизмді өзгертуге белсенділікті артпады. Оккупацияның алғашқы жылдарында АҚШ Жапонияны өзінің потенциялды жауы және бақталасы ретінде әлсіретуді өз алдына мақсат етіп қойған да, оккупациялық үкімет Жапонияның экономикалық қалпына келтіру мәселелеріне көп қызығушылығын білдірткен жоқ. Олардың көңілі негізінен саяси мәселелерді шешуге көзделген.
АҚШ-тың саяси бағытының өзгеруі мен Азияда антикоммунисттік бастион ретіндегі Жапония империалистік өрлеуіне көмуімен байланысты. Жапонияның экономикалық қалпына келтіру мәселелері АҚШ үшін енді алдыңғы дәрежелі маңызға ие болды. Бұны Американ билеуші топтарының осы бағыттағы белсенді әрекеттері дәлелдейді.
Жапониядағы экономикалық тұрақтандыру жағдайының мәселелеріне 1948 жылы қаңтар мен мамыр айларында қорғаныс министрлер Рйяль мен Джонсонның сөйлеген сөздерінде және осы жылдың маусым, желтоқсан айларында басылып шыққан “экономикалық он принцип” және “төлем ақының үш принципі” атты жобалар ұсынылған. Одан басқа 1948 жылы желтоқсан айының аяғында Жапониядағы оккупациялық әскери штабына тоғыз баптан тұратын Жапонияның экономикалық тұрақтандыру жоспарын мүлтіксіз орындап іске жүргізу жөнінде американ үкіметінің бұйрығы болды, оның мақсаты алдындағы қарауда көрсетілгендей “жапон экономикасын шығындарын эффективті пайдалану” болды. Осы қарауға сәйкес жапон үкіметінің алдында мынадай міндеттер қойылды:
Жапон экономикасын қалпына келтіруінің американдық жоспардың қарапайым баптар тізімінен көрініп тұрғандай, оны жүзеге асыру Жапонияның халық бұқарасының өмір сүру дәрежелеріне үлкен соққы беретіні мәлім. Осы баптардың ішінде салықты көбейту, және бағалардың өсуіне әкелетін үкіметтік субсидияларды шектеу еңбекшілердің жағдайларын да көрінуі мүмкін болатын.
1949 жылы ақпан айында Жапонияға көрнекті американ финансисті, Детройт банкінің бастығы Джозеф Додж келді. Оған арнайы жапон экономикасын тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыру тапсырылды. Оның айтуынша: “осы миссияның басты міндеті, жапон экономикасын аяққа тұрғызу болып табылады.
Жоспарды жүзеге асыру үшін Додж экономиканы қалпына келтіру жолындағы кедергі болып тұрған инфляцияны жою қажеттігін айтты. Осы кезде елдегі инфляция өндірістің төмен дәрежесімен үкіметтің өнімсіз үлкен шығындардың нәтижесінен туды. Яғни бұдан өту үшін фабриканттарға берілетін мемлекеттік субсидияларды қысқартып, қаржы жүйесін тұрақтандыру қажет болды.
1949 жылы 20 наурызда Додж жапон қаржы министрі Икэдаға 1949/1950 қаржы жылына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынды бұнда жапон экономикасының “өз алдында дербестікке және тұрақтандыруға жету” жоспары қаралған. Бюджетті тұрақтандыруына жету үшін шығындарды қысқартып кірісті ұлғайту бойынша бір қатар қатаң шаралар жоспарланды:
Ең алдымен Катаяма кабинеті кезіндегі көмір, болат, темір, мыс т.б. Маңызды өнімдерін өндірісін қалпына келтіру мен бағаларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды алып тастап, орнына үкімет банкілерге мемлекеттік қазынадан қаржы бөліп, өнеркәсіптің маңызды салалардың компанияларына өздерінің жауапкершілігімен банкілердің кредит беру міндеті қойылды.
Доджтың ұсынысы бойынша көмек ретіндегі американ тауарлары, енді мемлекеттік бюджетке емес, ірі компанияларға берілетін ұзақ мерзімді кредитке арналған эквиваленттік қорға әкелінетін болды. Бұл қордың құрылуы, тариоа мен эроа қорлары бойынша, американ көмегін алмастырды.
“Доджтың жүйесі” жапон экспортының ұлғайтуына да бағытталды. Жапон экономикасын қалпына келтіруіне белсенді бағыт алған американ билеуші топтары, өздерінің монополистік капиталының экспансионистік мүддесін қалыптастырып, жапонияның АҚШ-тан экономикалық тәуелдігін бекітуіне ұмтылды.
Осылайша 1949 жылы 14 қаңтардағы жарлығында Макартур жапон үкіметінен жапонияда шетелдіктердің еркін жүруіне, жапон меншіктерін алуына, олардың іс-әрекеттерінің аумағын кеңейту және шетел инвестицияларына еркіндікті қамтамасыз ету талап етілді. Осыған байланысты шетел капитал салулары жөнінде декрет қабылданды, ол бойынша американ капиталының жапон экономикасына еңуіне қолайлы жағдай туды.
Осыдан кейінАҚШ-тың билеуші топтары жапон монополияларының экономикалық күшеюіне көмектесудің басты міндеті болып табылған “доджтың жүйеін” белсенді іске жүргізуді. Кейін Доджтың антиинфляциялық саясаты, инфляцияны тереңдету саясатына айналды. “доджтың жүйесін” жүзеге асыруымен байланысты бір қатар шаралар көптеген өнеркәсіп салаларының қиын қаржы жағдайын қалыптастырды.
Үкіметтік субсидияларды алып тастау жағдайында кәсіпкерлер, өндірісті “рационалдандыру” есебінен, табысты қамтамасыз етуіне ұмтылды. Бұндай “рационалдандыру”, техниканы жақсарту және жабдықтарды жаңарту жолмен емес керісінше негізінен еңбек жағдайын нашарлатумен интенсификацияны күшейту, жаппай жұмыстан шығару, төлем ақыны төмендету мен заказдар төлемдерінің тоқтап қалу т.б. Жолдармен жүргізілді. Осылайша АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары экономиканы қалпына келтіруді халық бұқараның мойынына ілу ұмытылысы жұмыссыздықтар сонының және әр-түрлі тауарларына бағалардың күрт өсуіне, төлем ақының төмендеуіне әкелді.
І І І. Қазіргі
кездегі Қазақстан мен
Соңғы төрт-бес жыл
бедерінде екі елдің өзара
сауда-экономикалық
Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.
Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.
Қазірге кезде сарапшылардың айтуы бойынша Жапон экономикасы құлдырау үстінде. Өткен жылдың соңғы үш айында елдің Ішкі жалпы өнімі 2010 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға азайған. Өндірістің кері кетуіне дағдарысқа ұрынған Еуропада жапондық тауарлараның өтпей жатқаны себеп. Сонымен қатар, биыл су тасқыны жайлаған Тайландтан өндіріске қажетті құрал-жабдықтардың дер кезінде жетпеуі де Күн Шығыс елінің шаруашылығын шатқаяқтатып отыр. Оның үстіне жапон иені қымбат, сондықтан, шетелдіктерге бұл мемлекеттен тауар сатып алу аса тиімді емес.
Қорытынды
Жапонияның соңғы он жылдықта экономикалық және өнеркәсіптік өсуінің тұрақтануы басқа алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі әлсіз шаруашылық коньюктурасына сай болмады.
Жапон компаниялары екі мұнай дағдарыстарынан ешбір жоғалтусыз өтіп, мұнайға күрт өсіп кеткен бағалардың нәтижелерін минимумға түсіре алып, әлемдік нарықта өзінің тауарларының жоғары бақталаса алушылығын сақтап қалды. Сондықтан олар осының нәтижесінде, алдымен мехатронды және электронды өнімдерінің экспортын кеңейте алып, осыдан әлемнің басқа елдердің қызғаныш туғызатын, елдегі жұмыссыздықтың санын көбейтпей өндірістік процестеріне өнеркәсіптік роботтарды, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарды және басқа да еңбек сқтағыш құралдарды енгізе алды.
Жапонияның индустриалды потенциалының тоқтаусыз өсуі, әрине, техникалық прогреспен байланысты болды. Егер бастапқы кезде олар аз шығындардағы жоғары сапалы тауарларды өндіру икемділігімен белгіленсе, соңғы жылдарда олар көптеген алдыңғы қатарлы техникалық салаларында ғзткжз-нің кеңінен айналдырды. Нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерді пайдаланып, компаниялар жаңа өнімдердің жаппай өндірісін құрып, шығаруды бастады.
Жапония бейнемагнитафондар, 64 килобайт есте сақтау көлемі бар ең үлкен интегралды жүйелер, өнеркәсіптік роботтар мен көміртегі талшықтар әлемдік нарықтарында лидерлік орынды алып тұрды. Электронды игеру жапон фирмаларына ең ірі американдық бақталастарының позицияларына қауіп төндіруіне мүмкіндік берді.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде өндірістік аппараты толық күреген жапония үшін бұндай тез дамушылық әдеттен тыс болып көрінеді.
Әр бір жапондықтың бөлек және бәрінің бірігіп қосқан ірі талпынысы осының маңызды факторы болып табылады. Бірақ еңбек сүйгіштік сезімінен басқа олар жаңа бір сезімді туғызып, елдің табиғи қорлармен жеткілікті қамтылмауы сияқты объективті қиыншылықтардан өту жолын талпыныспен іздейді. Ұлттық өнеркәсібінің тез дамуы да осы талпыныстардың тікелей нәтижесі болды. Бұл жерде прогрестің басты бірақ жалғыз емес көзі туралы айтылды. Тағы да осындай сияқты үш факторға көңіл бөлу орынды болар еді.
Бірінші- өнімді ұжымдық жұмыс ұүшін қолайлы жағдай жасайтын жапон компаниялардың ішкі ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бұл аспектіні көп жағдайда батыс компаниялардан тыс қалдырып отырды.
Екінші –индустриалды жамыған елдердің соғыстан кейінгі экономиканы қайта құру толқынында құрылған, жоғарғы дәрежедегі жапония үшін қолайлы жағдай. Жапон шаруашылығын қалпына келтіру және одан кейінгі экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының жылдары, еңбек бөлінудің халықаралық жүйенің қайта құруы мен тереңдетуімен сәйкес келді.
Үшінші – сол кездегі техника дамудың жапония үшін пайдалы бағыты. 1950-1960-шы жылдарда бүкіл әлем 40-шы жылдардың технологиялық революцияның өнімін игерген кезде жапонияның позициялары әлсіз болды. Ақш пен европаның жапон фирмаларына сұраған жабдық-құралдар мен лицензияларды сатуы таң қаларлық жағдай емес.жапония, батыстың техникалық айдың жаңашыл жетістіктерін сараптап, өзінің жеке өнеркәсіптік потенциалын құрып отырды.
Жапония, халықаралық дәрежеде танымал болған техникалық потенциалын ала бастаған уақытына таман, 1950-1960-шы жылдардың технологиялары есейіп, жапон жағдайларына сәйкес болды.
Қазіргі уақытта жапон экономикасы өз елінде де, шет-елдерде де жаулау күшін жоғалтты. Долларға қатысты иена бағамының төмендеуі мен онымен байланысты әлемдік нарықтағы жапон тауарларының бақталастығының жоғарлауына қарамастан басталған экспорт өсудің қарқынын қысқаруы – басты себебі болып табылады. Жапонияның сыртқы саудадағы қиыншылығы, барлық өнеркәсіпті дамыған елдерді қамтыған әлемдік капиталистік шаруашылығының депрессивті жағдайына, соның ішінде іскер белсенділігінің төмендеуінің әсерінен болған халықаралық экономикалық қатынастарында шиеленісуінің күшеюін көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер :
современного капитализма» м., «мысль», 1975 г. 454 с.
«просвещение», 296 с.