Индустриализация в Казахстане

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 09:22, реферат

Краткое описание

Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру), мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жуйесің құру . ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияга кызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) камтыды.

Содержание

Кіріспе 1
1.Қайта қалпына келтіру кезеңіндегі Қазақстан экономикасының сипаты:
2.Қазақстандағы индустрияландыру мәселелері туралы
оғамдық-саяси талқылаулар.
3.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері. Маңызды
құрылыстар
4.Индустрияландыру нәтижелері

Вложенные файлы: 1 файл

введение.docx

— 39.89 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе           1

1.Қайта қалпына келтіру кезеңіндегі Қазақстан экономикасының сипаты:

2.Қазақстандағы индустрияландыру мәселелері туралы

оғамдық-саяси талқылаулар.

3.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері. Маңызды

құрылыстар

4.Индустрияландыру нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

1920 жылдардың бірінші жартысында  елде Кеңес өкіметі толық орнатылды. Оның мемлекеттік органдары мен  әкімшілік жүйесі қалыптасты. Кеңестік

Социалист Республикалар Одағы құрылып, оның негізгі заңы – кеңестік

Конституция қабылданды. Азамат соғысыныц нәтижесінде қираған халық

Шаруашылығы қалпына келтірілді. Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру), мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жуйесің құру . ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияга кызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) камтыды.

 

1.Қайта қалпына келтіру кезеңіндегі Қазақстан экономикасының сипаты:

Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.  
 Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал — Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т.б. металлургиялық зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады. Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді.

1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның  ХІV съезінде Кеңестер Одағын  индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін  қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс  және басқа да ірі өнеркәсіптері  бар жүйе құру қажет делінді.

 

 

2.Қазақстандағы индустрияландыру мәселелері туралы

қоғамдық-саяси талқылаулар.

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты:

1) өлке өнеркәсібін ұсақ және  орташа деңгейде дамыту;

2) өлкені шикізат базасы ету.

Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды.  
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.

Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.  
 Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.  
 Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.  
 Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.  
 Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, — деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы Голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде жоқ”, — деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.  
 Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр”, — деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: “Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын “мәскеулік” шұғаны әрлі-берлі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?” Тоталитарлық тәртіптің экономикалық негіздерін қалыптастыру саясатын бастаған сталиншіл үкіметтің қолшоқпары болып отырған Голощекин бағытының түп-тамыры Кеңестердің Бүкілодақтық ІV съезінде айқын көрінді. Әсіресе ондағы Рыковтың қорытынды сөзі ұлттық аймақтар өкілдерін қатты алаңдатты. Солардың ішінен орталық үкіметтің индустрияландыру саясатының кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандардың бірі тағы да С.Сәдуақасов болды. “Рыков “ұлттық республикалар өздерінде қилы өндіріс ұйымдастыруға көмек сұрағанын біздер жабық шаруашылық құрғысы келеді деп түсінеміз” деп теріс айтты. Индустриялдық тұрғыда дамыған шаруашылық біздің пікірімізше ешқашанда алғашқы қауымдағыдай тұйық шаруашылық болмайды. Сондықтан Рыков жолдастың Одақтың бірлігі мен оның жеке аймақтарының өзара тәуелділігі арта түссе екен деген тілегі ұлттық аймақтар бұрынғыша шикізат базалары болып қала беруін тез арада тоқтатқанда ғана жүзеге аса алады”, — деген пікірлері әрі үлкен ерлік, әрі бірден-бір дұрыс пайымдау еді. Ол сонымен қатар, қазақ жеріндегі индустрияландырудың жүйесіз, бей-берекет жүргізіліп жатқанын, оны реттей отырып қарқынды түрде іске асыруға болатындығын да айтты. Қазақ даласының бай табиғи байлықтары мен шикізат көздерін және миллиондаған жұмыссыз қазақтарды тиімді пайдалану бұл мәселені шешуді тездететінін де көрсетті.  
 Патша үкіметінің кезінде қоныстандыру ретінде қазақ даласын орыстандыру саясатының жүргенін жете түсінген ол индустрияландыру барысында да әр түрлі желеумен осындай бағыттың орын алып келе жатқанын жақсы сезінді. Республикаға одан сыртқары аудандардағы деревняларында жерлері жеткілікті, сондықтан “партия алдына көші-қонды күшейту туралы мәселе қоятындай жағдай жоқ” деп, сырттан “бос” жұмысшыларды әкелуге, сол арқылы жаппай қоныстандыру саясатына қарсы болды.  
 Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.

 

3.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері. Маңызды

құрылыстар

1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде  басталатын бірінші бесжылдық  жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты  кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу  өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты  байырғы түрлері жөнделіп, қайта  іске қосылды. Кеңес үкіметінің  басшылары да патша заманындағыдай  Қазақстанға бай шикізат көзі  ретінде қарады. Табиғат байлықтарының  күрделі ошақтарын табу мақсатында  бірінші бесжылдық жылдарында  КСРО Ғылым академиясы кешенді  ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға аса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді.  
 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты. 
 1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді.

  Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.  
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.  
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.  
3) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.  
4) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Ол қыйыншылықтар:  
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.  
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.  
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.  
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.  
5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.  
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.  
7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

1.Өлкенің техникалық – экономикалық  жағынан артта қалуын жою.

2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен  тарту жолымен жұмысшы табы  мен өндірістік – техникалық  мамандарды қалыптастыру.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан  жүзеге асырылып, шикізат көздері  екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай  Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық  Орскіде салынды.  
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.  
3) Жергілікті мамандар жетіспеді.  
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда  өндірісте істейтін жұмысшы табының  жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның  жартысына жуығы қазақ жұмысшылары  болды. Республикада көптеген инженер  – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды.

Бұның бәрі, сөз жоқ, жұмысшылардың, соның ішінде қазақ еңбеккерлерінің, еліміздің жарқын болашағына ұмтылуы, өскелең ұрпағы үшін жақсы жағдай жасауға тырысуы арқасында жеткен жетістіктер еді. Еңбекшілердің ерен ерлігіне партияның “Шығыстағы алғашқы социализм құрушылар”, “дүние жүзілік пролетариаттың авангарды”, “коммунистік ұйымдасқан еңбек және шығармашылық энтузиазм”және т.б. рухани үгіт-насихаты мен идеологиясының кең түрде жүргізілуі де өзіндік ықпал етті. Еңбекті материалдық және моральдық ынталандыру да оңтайлы пайдаланылды. Стахановшылар мен екпінділер қазақ даласында дүниеге келіп жатқан өндіріс орындарының маңызына терең мән берді, болашағына сенді. Сондықтан барлық жұмысшылар қатаң ауа-райына, қиын тұрмыс жағдайына қарамастан қажырлылықпен еңбек етті. Уақытша жертөлелерде, шатырларда, киіз үйлерде тұрды. Сол кездердегі Балқаш мыс балқыту комбинатын салуға қатысқан жұмысшылардың бірі кейінірек былай деп еске алады: “Монтаждау бригадасы уақытпен санаспай жұмыс істеді, бірінші немесе екінші ауысым дегенді білмедік. Өндіріс қажет еткен кезде жұмысқа шыға беретінбіз. Жұрттың бәрі ынта-жігермен жұмыс істеді, өйткені шөл даланы бас идіріп, түсті металлургия алыбының салынатынын білдік және соған сендік”.

  Алғаш Түрксіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түрксіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Стахановшылар қозғалысы.

Оң әсері  
1. Жаңа техника мен технология меңгерілді.  
2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.  
3. Еңбек өнімділігі артты.  
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері  
1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды.  
2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.  
3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды.  
4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

Информация о работе Индустриализация в Казахстане