Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 09:22, реферат
Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру), мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жуйесің құру . ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияга кызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) камтыды.
Кіріспе 1
1.Қайта қалпына келтіру кезеңіндегі Қазақстан экономикасының сипаты:
2.Қазақстандағы индустрияландыру мәселелері туралы
оғамдық-саяси талқылаулар.
3.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері. Маңызды
құрылыстар
4.Индустрияландыру нәтижелері
1935 жылғы желтоқсанда
республиканың түсті
Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды
Түрксіб темір жолын салу.
Индустрияландыру
кезіндегі Қазақстандағы ең
Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов
тағайындалды. РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб
құрылысына көмектесетін арнайы комитет
құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар
Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов
басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше
ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам
тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына
қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ,
ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын
да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің
еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде
патша заманында тәулігіне орта есеппен
150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын
салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін
жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және
т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам
салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда
белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын,
яғни үш жылда салынып бітті. Құрылыстың
бірінші кезеңінде солтүстікте 155 км, келесі
кезеңінде — 185 км, ал 1929 ж. — 432 км ұзындыққа
темір жол төселді. Бұл жұмыс жылдамдығы
күніне орта есеппен 2,5 км деген сөз еді.
1927—1929 жылдары оңтүстіктен ұзындығы 506
км жол жасалды. Түрксібтің оңтүстік және
солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ
станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға
берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап
тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы
ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір
жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде
дау жоқ. Бірақ біздің мынаны да ескеруіміз
қажет. Патша заманындағы сияқты бұл бағыттағы
темір жол да негізінен еліміз аумағындағы
шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын
тауар алып келу үшін қызмет етті. Қазақстан
сонымен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын
шеткері аймақтарының бірі болып қала
берді. Ал салынған өнеркәсіп орындары
мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке
тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті.
Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29
жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде
өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай —
1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл
кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің
салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы
1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға
дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе
құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге,
тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері
— 2 есеге артты. Осылайша Қазақстандағы
индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс
болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік
тоталитарлық орталықтың біржақты саясатының
жемісі болып шықты.
4.Қорытынды
Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.
Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды.
Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Индустрияландыру
саясатының тарихи маңызы:
1. Аграрлық республика индустриялы –
аграрлық аймаққа айналды.
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының
үлес салмағы өсті.
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса
бастады.
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық
қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың
туысқандығы нығайды.
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен
экономикалық байланысы орнықты.
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да,
деревняда да социализм пайдасына шешілді.
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына
капиталистік меншік жойылды.
10. Жұмыссыздық жойылды.
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз
жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы
қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы
732,8 млн. сомға жетті.
Индустрияландырудың
Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа
ұшырады.
3) Лагерьлер жүйесі орнықты.
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне
айналды.