«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Абай ауданына тигізген әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2015 в 20:48, реферат

Краткое описание

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астында жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
г) Суарылған ядролық темірмен
ІІІ. Қорытынды бөлім

Вложенные файлы: 1 файл

Семей Невада полигоны.docx

— 30.07 Кб (Скачать файл)

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери  бомбалағышы Семей полигонының  үстінен ұшып бара жатып, жаңадан  жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

 Бомба бір жарым километрлік  биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың  соққы толқыны мен жер қабатының  дірілі бүкіл дерлік Қазақстан  аумағы мен Ресейдің көршіліс  аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей  полигонындағы Дегелең тауының  жер астындағы шахталарында 340 жарылыс  жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

 Осынау жарылыстың салдарынан  бір көздері жартастардан құралған  Дегелең тауы іс жүзінде киыршық  тас үйіндісіне айналды.

 Жер астындағы әрбір үшінші  жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде  пайда болған жарықтар мен  саңылаулардан радиоактивті газ  шығып кетіп жатты.

1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы  ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің  бірінде қуаты 70 килотоннадан астам  ядролық заряд жарылды. Соның  салдарынан жер бетінде саңылаулар  пайда болып, олардан екі тәулік  бойы радиоактивті газдар шығып  жатқан. Содан пайда болған радиоактивті  бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын  аумақты бүркеді. Бұл аймақта  радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге  жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты  жағдайда сағатына 15-20 микрорентген  болатын табиғи радиациялық фоннан  екі жүз есе асып түсті.

   Полигонға жақын орналасқан жерлердің ауасы мен суын, топырағын зерттеп, оның жоғары деңгейден улылығын «стронций – 90 мен цезий 137 улы химиялық элементтердің ыдырауы 70-10 жылға созылады» деген пікір айтты ғалымдар. 
Семей полигонында жер асты жарылыстарының уақытысында вакуум болып сүзіліп қалған миллиондаған текше метрге , тереңдікте улы газдар жиынтығы бар. Улы газ жер асты газдарының қысымынан тұтанар болса, ол өте жоғарғы қопарылыспенен атом запыраны қайта оралуы мүмкін.  
Сонымен бірге Шаған, Ащысу өзендерінің түйіскен жерінде, ядролық атом жарылыстарынан кейін ұзындығы 14, ал ені 9 шақырым көл пайда болды. Көлдің зияндығын ғалымдар 49 жыл бойы жүргізіліп келген ядролық жарылыстардан артық екендігін дәлелдейді. 
Бұл көлдерден шаруашылық пен жеке меншік малдары сусындап, айналасындағы жайылымнан қоректенеді. Ол малдың сүтін ішіп, етін жеп отырған адамның организімі радиоактивті элементтерді қабылдайтыны анық. 
Қазіргі кезде Қарағанды облысы, оның ішінде Егіндібұлақ пен Қарқаралы аудандарының экологиялық жағдайы экологиялық апат аймағына жатады, өйткені бұл аудандар Семей сынақ ядролық полигонына жақын орналасқан. Бұл аудандардың радиоактивті ластануының деңгейіне аса көп әсер еткен «Опытное поле», «Мүржік» сынақ алаңдарында өткізілген ядролық жарылыстар. «Опытное поле» алаңында 26 жер бетінде және әуе жарылыстар жасалған, олардың қуаттылығы 1,5 мегатон тротил эквивалентіне жетеді. «Мүржік» сынақ алаңында 19 жер асты, сонымен бірге беткейлік ядролық жарылыстар жасалған, олар әр түрлі қуаттылықта болған (0,2-150 килотон Тэ). 
Кейбір жағдайларда ядролық жабдықтар 30-50 метр тереңдікте қондырылған. Радиоэкологиялық қатынастарда аса көп «ластаушы» болып тау жыныстарын шашыратып жаратын жер бетінде және жер асты ядролық жарылыстар болып табылады. Бұл жарылыстар нәтижесінде радиоактивті топырақ жыныстарының қабаттары пайда болады. Ядролық жарылыстан пайда болған газды, шаңды бұлттан радиоактивті жауын-шашын активті бұлт өткен жердің барлық территориясын ластайды. Жарылыс бұлтынан түскен радиоактивті жауын-шашын созылған аймақ бойында тұрақты ластанған радиациялық жарылыс іздерін қалдырады. Жарылыс болған жерлерде гамма сәулесінің биік деңгейдегі жер беткейлік иірімдер пайда болған, қазіргі кезде олар суға толып жатыр. Осыған байланысты Қарағанды облысының шекарасының маңында кем дегенде 132 - ядролық жарылыстар жасалған, соның ішінде 90%-ті жер асты, зиянды шашырайтын қалдықтармен, жер беткейлік және әуе жарылыстары. 
Территория мен тұрғылықты жерлердегі ядролық сынақтардың радиоактивті ластану дәрежесін анықтау мақсатымен 1995 жылы Қарағанды облысының территориясында радиоэколого-геохимиялық зерттеулер басталды. Қарағанды облысының радиоэкологиялық зерттеулер бойынша жалпы жұмыс жоспарлары жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар облыс экология ұйымдары мен Санкт-Петербург пен Алматының ғылыми коллективтерімен бірге өткізілді. 1995 жылы өткізілген дала және лабораториялық жұмыстардың нәтижесінде территориялардың учаскілерінде радиоактивтік ластанулардың тең орналасуларының қортындысын жасады. Радиоактивті заттардың облыс шектеуіндегі мұндай учаскілерге алыс немесе жақын түсуі радиоактивті бұлттарға тікелей байланысты. 
Осы кезде әлі аяқталмаған жұмыстардың толық емес фактілік мәліметтегі қарастырылып жатқан ғылыми болжамдарды дәлелдейді. Осылайшы цезий 137 мен ластанған аудандар байқалған, ол Қарасар көлі, Балақты көл және Арқалық, Едгей, Қарқаралы, Кув, Достар, Қу таулы аудандары.ауқымды, ең жоғарғы радиоактивтік ластанудың деңгейі Атыжоқ көлдің жағасындағы Ордабай тауының ық жағында анықталған. 
Полигонның адам денсаулығына тигізетін әсері. 
Семей ядролық полигонында жасалған сынақтар адамдардың денсаулығына өте жоғары қауіп туғызады. Қазіргі кезде Семей өңірінде және Семей полигонына жақын орналасқан аймақтарда қатерлі ісік аурулары биік деңгейге жетуде. Қарағанды облысы бойынша қатерлі ісік ауруларының көп түрі тіркеледі. Олар лейкоз, қанның қатерлі ауруы, өңеш рагі, асқазан рагі, әйел адамдардың сүт безі рагі. Бұл аурулардың қоздырғышы болып көпше түрде, радиация болып табылады. Облыс бойынша 14 жасқа дейінгі балаларда қатерлі ісік ауруының деңгейі төмендеуде, жасөспірімдерде бір қалыпты деңгейде, ал үлкен адамдарда құбылмалы. 
Қатерлі ісіктердің себебі тек радиация ғана емес, жалпы қоршаған орта жағдайы, әлеуметтік жағдай, яғни комплексті жағдай болуы мүмкін.  
Полигонның әсеті балаларға көп тиеді, себебі организімі аса сезімтал болады. Облыста балалар тұрғысынан 50%-ті созылмалы аурулармен ауырады, оның шінде 60%-ті Семейде, 65%-ті полигонға жақын орналасқан аудандарда. 
Кемтар балалар. Олардың ата-аналары геніне радиация үлкен өзгерістерге ұшыраған, оны ешқандай медицина қалпына келтіре алмады. Сурет әйелдер ішінде 70%-ті аяқ ауыр кезінде потология анықталған. Қазіргі кезде иондаушы сәуленің әсерінен адам организімінде аурулар дамуы, астеохандроз, қант диабеті, дегенепатикті-дистрофиялық сүйек, буын, нерв жүйесінің аурулары соңғы 10 жылдан аса мерзімде Абай ауданында 100 адам асылып өлді. Қайнар совхозында 22 адам ақыл-есі ауысқан. Энаменко совхозында 11 адам өзіне қол салған. Қарағанды облысында бала көтерген 40 мың әйелдің 56%-і анемиямен ауыратындығын, нәрестелердің жиі жетімеуін немен түсіндіруге болады? 
Қарағанды облысының Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандарында жағдай жыл өткен сайынөкінішті оқиғалармен жұрт назарын аударуда. 
5-6 жылдың ішінде Қарқаралы ауданында ғана 700-ге жуық адамның қатерлі ісікке шалдығуы, өлімнің көптігі, тағы да басқа жағдайлар ұрпағымыздың басына төнген қатер екені сөзсіз. 1985-1990 жылдар аралығында Қарағанда қаласында бір жасқа дейінгі 120 бала дүниеге келіп, шетінеп кетті. Қатерлі ісік ауруларынан 11 адам қайтыс болды. 125 отбасынан 101 адам туа біткен ауруға жан кешіп, өмір сүріп жатыр.  
Эсперементті тексеру кезінде, клиникалық бақылау бойынша радиация адам денсаулығын тигізген әсерінен негізгі себебі гармондардың арақатынасының бұзылып, эстрогеннің көбейуі екені анықталған. Эстроген көбейгенде көптеген мүшелерді пролиреративтік өзгерістер пайда болады. Бір қатар мәліметтер бойынша мұндай радиациямен сәулеленген адамдарға ешқандай ем қолдану мүмкін емес. Кейбір науқас адамдарға қолданатын ем – ол тек қана адам өмірін бір шама уақытқа дейін ұзарту, яғни денеге таралған радиацияның әсерін бір шама ыдырату шаралары.  
Организмдегі радионуклидтардың мөлшер дәрежесі әлеуметтік-экономиялық жиынтыққа, табиғатқа, климатқа байланысты, себебі олар рационның құрылысына ғана емес әсер ететіні , сондай-ақ азық-түлік түрлерінің ластану дәрежесіне әсер етеді. Зерттеліп жатқан жердің ауыл және қала тұрғындарын азық-түлікпен жерлік өндірістер қамтамасыз етеді.  
Стронций – 90-ның организмде жиналуын түрғындардың әр түрлі зерттеу топтарындағы экстрогирлерменген тістерімен байқалған. 
Изотоптардың рационмен түсуі ұзақ және үнемі бір деңгейде болады. Сондықтан рационмен түсуі изотоптар мен организмнің құрамында тепе-теңдік бар деп санауға болады. Шартты келісім бойынша стронций- 90-ның асқарту жүйесі арқылы түсуі 320 нанокюри деңгейі адамның бұлшық ет жарамдарындағы 3 бэр-ге эквиваленттік мөлшері сәйкес келеді. Цезий – 137-нің адамның асқарту жүйесі арқылы жылдық түсу мөлшері 1200 нанокюри болса, онда адам денесіндегі жылдық эквиваленттік доза 0,5 бэр құрайды. 
Осы белгілерді қолдана отырып бақылауға алынған аумақ тұрғындарының сүйек тарамдарына әсер ететін жылдық эквивалент мөлшеріне қосымша бағалау өткізді. Сонымен бірге стронций- 90-ның үлкенге де балаға да рациондық тамақтармен бірге түсуі ескеріле отырып , оның салыстырмалы шоғырлануы балалардың тарамдарында байқалды, демек сәулелену де жүктеледі. Сонда балалар үлкендерден 5 есе артық сәулеленеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001

2. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003

3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10

 


Информация о работе «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Абай ауданына тигізген әсері