Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 19:04, реферат
1950 –ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шыңынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Дәнді дақылдарыдың шығымдылығы төмендеп кетті. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан ғайыр құнарлы жерлер бос жатты. Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды.
Кіріспе
1950 –ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шыңынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Дәнді дақылдарыдың шығымдылығы төмендеп кетті. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан ғайыр құнарлы жерлер бос жатты. Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. 1954 жылы КОКП Комитеті ақпан – наурыз Пленумында елімізде азық түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Мұнда қысқа мерзімде тың жерлерді 35 млн гектарға дейін жеткізіп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жқздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді. 50 –жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да кқптеген ауыл шаруашылық техниасын алды.
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы
Соғыстан кейінгі
ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан
кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы
үшін аса қиын болды. Құрғақшылық
елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің
ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр
тиді. Жағдай жұмысшы күшінің
Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО — ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын
кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.
Қазақстандағы тың игеру және экологиялық зардаптар
Тың игеру. Одақ ведомстволары
қабылдаған «Елімізде астық өндіруді
одан әрі арттыру туралы, тың және
тыңайған жерлерді игеру туралы»
қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік
аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік
Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл
арада арттыру туралы шешім шығарылды.
Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955
жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып,
1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық
алу жоспарланды.КСРО-да тың көтеруге
байланысты белгіленген тапсырма 1954
жылғы тамыздың басына қарай орындалды:
13,4 млн гектар жер немесе жоспар
бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда
6,5 млн гектардан аса тың жер
жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді
молайту үшін тың және тыңайған жерлерді
одан әрі қарай игеру туралы»
жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы
тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге
арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға
дейін жеткізу міндеті қойылды.
Ғалымдардың тың жерлерді осыншама
кең көлемде игеру өзін-өзі
ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім
есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде
жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына
9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың
жерлерді игерудің басым көпшілігі
негізінен Қазақстанның солтустігіндегі
алты облыста — Қостанай, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай
және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.Республика
еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар
тың және тыңайған жерді игеру
арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру
міндеті тұрды.Партия комитеттерінің
қысымымен жалпы жиындарда
ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру. Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға Одақтың әр түрлі республикаларынан — Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, «Қазсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М.Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М.Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган — Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Тың игерудің жағымсыз салдарлары. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде дамудың интенсивті жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің экстенсивті мәнін жоя алған жоқ. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлінген тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын интенсификациялау жолындағы ірі қадам ретінде кең дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еш нәрсе айтылмады. Көрсеткішті «жоғарылатып керсету» үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері екі онжылдық өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла бастады. Егін үшін жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы — мал шаруашылығы орны толмас шығынға үшырады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келді. Мұндай жағдай тың игерілген облыстардың бәріне дерлік тән болды.Ресей зерттеушісі А.Тюринаның пікірі бойынша, «… 50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басында әлі де экономикасы нығаймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердің техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрт төмендеуіне әкеп соқты. Бұл елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% — га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды».Көптеген уақыт бойы тыңнан тек «қажырсыздар» мен «жігерсіздер» ғана кетті деген ұғым қалыптасқан еді. Бірақ жаңа жерлерді игеру кезінде мамандардың тұрақтамауының себептерін талдау мұндай адамдардың көп болмағанын көрсетті. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі адамдардың үлкен құлшынысына, олардың еңбегінің қоғамдык бағасына сәйкес келмеді. Тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар салу ауыл шаруашылық өндірісі дамуының және халық санының өсуінің қарқындарынан айтарлықтай артта қалды.Соған қоса, тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды.Мал шаруашылығының жағдайы. Қазақстан ежелгі кезден-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке болды. Бірақ үкіметтін, ауыл шаруашылығында қолданған ойластырылмаған шаралары оған да кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының артта қалуының басты себептері мыналар: өмір шындығына жанасымсыз, ғылыми негізделмеген экономикалық заңдардың қолданылуы, саланың нашар материалды-техникалық базасы, жерді жырту нәтижесінде жайылымдықтардың азаюы. Күштеп жүргізілген ұжымдастырудың жағымсыз салдарлары да қолайсыз әсер етті.1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды. 1954 жылдың басына қарай мал басы саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда мардымсыз ғана өсті. Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиындықтарын шабаңдар көрді. Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді, көптеген өркениет жетістіктерінен қол үзіп қалды, соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылының шабаны Жазылбек Қуанышбаевтың атағы кең жайылды. Бригадада жүйелі селекциялық жұмыстар жүргізу арқылы ол жүннің және қаракел елтірісінің сапасын елеулі түрде көтере алды. Оның қаракөлі халықаралық көрмелер мен жөрмеңкелерде көрсетілді. Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк аукциондарына қойылды. Ерен еңбегі және аса кернекті табыстары үшін ол 1958 жылы екінші рет елдің жоғары наградасы «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды. Танымал механизатор, тың игеруші Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі улес қосты. Ыбырай Жақаев, Кәмшат Дөненбаева, И. Головацких, Я. Геринг т. б. ауыл еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері деген атақка ие болды.Республика ауыл шаруашылығының даму барысы. Колхоздар мен совхоздарды нығайту, оларды езінің техникасымен жабдықтау МТС рөлінің төмендеуіне алып келді. Шаруашылықтар енді өнімділігі жоғары техниканы сатып ала алатын және колданатын болды. Мұндай жағдайда МТС-тар өз рөлін жойып, қажетсіз болып қалды. Ел Үкіметінің қаулысы бойынша МТС-тар қайта ұйымдастырылып, жөндеу-техникалық станцияларға айналды, ал ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Кейіннен жөндеу-техникалық станциялар да жойылып, олардың міндеттері республикада жаңа құрылған «Казсельхозтехника» өндірістік-техникалық жабдықтау бірлестігіне жүктелді.50-жылдары, кейін 60-жылдары да Қазақстанда ұсак колхоздар негізінде жаңа совхоздар ұйымдастыру кең көлемде жүргізілді. Ірі шаруашылықтар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін атқара алады деп саналды. Экономикалық жағынан нашар колхоздар ірілендіріліп жаппай совхоздар ұйымдастыру 1957 жылдың көктемінен басталды. Осы жыл ішінде 198, ал 1958 жылдың соңына қарай 500-ден астам осындай шаруашылық құрылды. Ет-сүт, астық, мақта-мата т.с.с. өндіретін совхоздар дами бастады. Келесі жылдар көрсеткендей, бұл қайта ұйымдастыру басты мәселені шеше алмады, бұрынғы колхоздар да, олардың негізінде құрылған совхоздар да негізгі міндетті: халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді біржолата шеше алмады. 1954 жылғы 2 ақпаннан (бұдан 55 жыл бұрын) «Облыс колхоздарындағы тың жерлерді
игеру жөніндегі» Павлодар
облыстық ауыл шаруашылық басқармасының
38 нөмірлі жарлығы шықты.«Облыс колхоздарындағы
тың жерлерді игеру жөніндегі» Жарлыгымен
облыстағы тың жерлерді таңдау мен
игеру бойынша нақты
«Комсомольская правда» газетінде жарық көрді. Онда «…комсомолдық трактор бригадамыз Қазақстан тың жерін көтеруге толық құраммен баруға бір ауыздан шешіш қабылдады. Біздер жаңа жерді игеру-жаупты істің табысты болуы біздерге-механизаторларға байланысты екенін жақсы білеміз. Біз Ленин атындағы колхоздың егістігінде еңбек етеміз. Біздің бригадаға ауыл шаруашылық басқармасы мен БЛЖОК облыстық комитетімен екінші жыл қатарымен ауыспалы Қызыл Ту табыс етіліп отыр. Біз тракторымызды толыгымен жөндеп қойдық. Біздің бригадамыз кез келген уақытта егіндікке шығуға дайын… Қазақстанға біз Қызыл Туымызбен барамыз. Жаңа жерде де туымызды берік ұстауға міндеттенеміз. Комсомол жастары мен жас механизаторларды біздің ісімізден үлгі алуға шақырамыз», деп аталған. Бұл хатқа тракторшылар бригадасының бригадирі, БЛЖОК ХІІ съезінің делегаты А. Каверин мен бір топ тракторшы – комсомолдар қолдарын қойған. Бұл бригада мүшелері тың игерушілер қатарынан ең алғашқы болып Павлодар облысына жіберілген.1954 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласында тың игеруге ниет білдірген жастар жиналысы өтті. Онда қатысушылар Павлодар облысының барлық жастары мен комсомолдарын осы үлкен іске қатысуға шақырды. Үндеуде «Бұл іс біздің қатысуымызсыз шешілмейді. Барлықтарың жаңа жерге келіңдер! Біз сендерді сонда тосамыз!» делінген еді.1954 жылғы 7 сәуірде Қазақ ССР Министрлігінің Қеңесі жоғарыда айтылған 129 нөмірлі Қаулысын 2 тармағына 197 нөмірлі Қаулысымен өзгертулер еңгізіп, Қазақ ССР АШМ мен Павлодар облыстық атқару комитетіне 1954 жылы Ленин астықты совхозын Амангельды және Пушкин атындағы колхоздардың аралығында орналасқан 10 мың га көлемді колданыстағы жерлері мен 12 мың га көлемді Амангельды атындағы колхоздың қолданылмаған жерлерінде Абай астықты шаруашылығын Ертіс ауданының мемлекеттік жер қоры жерінен оңтүстікке қарай орналасқан Ленин астықты совхозы ұйымдастырылған қолданыстағы жері, және де жарым жартылай «Сілеті»
совхозының жалпы
24 мың га көлемді егістікке жарамды
тың жері ұйымдастыру міндеттелген. Сол
197 қаулымен қалыптастырылған совхоздар
нақты Ленин және Абай атындағы Ертіс
ауданының атауларымен аталды.1954-1955 жылдары
Павлодар облысы аумағына 32 мың игеру
совхоздары құрылды. Олар; Ертіс ауданындағы
Абай, Амангелды, Ленин, Пушкин атындағы,
Голубовка, Западный, Коскөл, ертіс совхоздары.Бұл
совхоздар 90 жылдардың соңына деін жұмыс
істеп , дәрменсіздік процесі кезінде
жойылып, атаулары басқа ауыл шаруашылық
құрылымдарына өзгертілді.50-жылдар мен
60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі
маңызды кезең болды.КРО ОК-нің Бас секретары,
КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин
1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің
өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин
қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін
өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын
көрінді: бірінші бағыт өкімет басына
Берияның келуімен байланысты болса, екінші
бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші
бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен
байланысты еді. Бюрократ көсемдер биліктен
кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл
жүйе жойылмады. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға
келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана
механизаторлар болды. Мал шаруашылығының
дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының
азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің
көлемі де азайды. 1956 жылы Отанға тапсырылған
млрд. пұт. Қазақстан астығы уақытында
жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп
кетті. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы
жаппай етек алды. Сырттан келушілер көп
болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа
айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді.
Қазақтар республика тұрғындарының үштен
бірінен де аз болды. Аса көп территория
жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке
жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға
ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Қазақ
халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа
тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ
халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс
пікірлер тарады.
Тың игеру жылдары
Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді.
(Одақ бойынша 41 млн.га). Қазақстанда егістік
жерлердің көлемі артты. Астық өндіру
көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға
шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта
Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз
етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан
көп ұлтты республикаға айналды. Экономиканың
басқа салаларының дамуына әсер етті.
Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер,
құрылыстар, мәдени объектілер салынды.
Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Жүздеген
совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам)
елді мекендер көбейді. Халықты азық-түлікпен
қамтамасыз ету біршама жақсарды. Тың
игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы
тың жерлерді игеру партия көрегендігі,
мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді.
Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе
айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер
арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер
де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген
650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар
болды. Мал шаруашылығының дамуы артта
қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты
ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт.
Қазақстан астығы уақытында жиналмай
қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы
жаппай етек алды. Сырттан келушілер көп
болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа
айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді.
Қазақтар республика тұрғындарының үштен
бірінен де аз болды. Аса көп территория
жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке
жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға
ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Қазақ
халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа
тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ
халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс
пікірлер тарады.