Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 19:04, реферат
1950 –ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шыңынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Дәнді дақылдарыдың шығымдылығы төмендеп кетті. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан ғайыр құнарлы жерлер бос жатты. Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды.