Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 19:39, реферат
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунис¬тік саясат пен идеологияға бағынды¬рыл¬ған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғам¬дық-саяси өмірде демо¬кра¬тияның шектелуіне әкелді. Шынайы демокра¬тиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Cталин..............................................................................................................4-5
1.1 Сталиннің қысқаша өмір баяны...............................................................4-5
1.2 Сталиннің жеке басыну табыну..................................................................6
1.3. Сталиндік Конституция.............................................................................7-8
1.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы............................9-12
Қорытынды.....................................................................................................13-14
Пайдаланылған әдебиет.....................................................................................15
Жоспар
Кіріспе.......................
1. Cталин........................
1.1 Сталиннің қысқаша
өмір баяны.........................
1.2 Сталиннің жеке басыну табыну........................
1.3. Сталиндік Конституция.........
1.4. Сталиннің құрған жазалаушы
органның жұмысы........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиет.......................
Кіріспе
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунистік саясат пен идеологияға бағындырылған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғамдық-саяси өмірде демократияның шектелуіне әкелді. Шынайы демократиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
Әрбір еңбекшісі республикада болған социалистік өзгерістердің үлкенді-кішілі мәселелерінің бәрі де Сталин жолдастың қатысуымен шешіліп келді. Партия және мемлекет құрылысының мәселелерінен бастап, өнеркәсіп орындарын, шаруашылық құрылыстарын салу, ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерін ашу мәселелеріне дейін барлығы Сталин жолдастың қандай болса да бір принципті нұсқауынсыз, кеңесінсіз іске аспады. Партия және мемлекет құрылысының барлық маңызды мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді. Мұның барлығы сталенизмның, Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғам идеологиясына қаншалықты сінгенінің көрінісі болып табылады.
1.Сталин
1.1 Сталиннің қысқаша өмір баяны.
Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф
Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда
Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның
отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер,
Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы,
маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің
бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет
«Жеңіс» орденімен, Социалистік Еңбек
Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945)
атағымен марапатталған. 1894 жылы Тибилиссидегі
провославиялық діни семинарияға оқуға
түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің
жұмысына ат салысып, «Месамедаси» атты
грузин социал – демократиялық ұйымына
мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі
үшін семинариядан шығарылып, біржола
төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП
– ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап
атты иленеді. Астыртын қызмет барысында
бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге
жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК
– не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары
Санкт – Петербургте жұмыс істей жүріп, «Звезда» және«Правда» г
1.2 Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі.
Қоғамда әміршілдік-әкімшілдік жүйе идеологиясы өз жемісін бере бастаған 1929 жылды И.Сталин “ұлы бетбұрыс” жылы деп атады. Партиялық мерзімді басылымдар коммунистік саясат пен идеологияны насихаттаумен қатар, партия көсемін мақтап-мадақтаудың ерекше үлгісін көрсетті. И. Сталиннің 50 жасқа толуына орай жарияланған мақалалардың негізгі мазмұны партия көсемінің марксизм-ленинизм теориясын дамытудағы ерекше рөлін, социализмді іс жүзінде орнатудағы шексіз үлесін дәріптеді. Мерейтой тарқағаннан кейін де бұл үрдіс үдемесе толастаған жоқ. “Ұлы данышпан” Сталинді қазақ халқы ғана емес, бүкіл кеңес жұрты жырға қосты. Орталық басылымның жолынан ауытқымайын дегендей, басқа ұлт тілдерінде шығатын мерзімді басылымдар “Правда” газетінің “Сталин жолымен” деген тақырыпта көсемге арналған өлеңдер топтамасын аударып басты. Кеңес Одағы Коммунистік партиясы съездері мен конференцияларына қатысушы делегаттар Сталинді “Сталин жолдасқа – ура!”, “Сталин жолдас жасасын!”, “Ұлы Сталиннің даңқы арта берсін!”, “Дүние жүзі еңбекшілерінің ұлы көсемі – Сталин жолдас жасасын!” деген тәрізді ұрандармен қарсы алып, шығарып салуды дәстүрге айналдырды. Осындай асыра мақтап-мадақтаулар мен көтермелеулер мерзімді басылымдар арқылы да халыққа тарап жатты. И.Сталин өзінің 50 жасқа толуына байланысты құттықтаулар жіберген барлық ұйымдарға жолдаған хатында (“Правда”, 22 желтоқсан, 1929 жыл №302): “Жұмысшы табының ісіне, пролетарлық революцияның және дүниежүзілік коммунизмнің ісіне барлық күшімді, барлық қабілетімді, ал қажет болса, бір тамшысын қалдырмай барлық қанымды беруге бұдан былай да әзірмін, бұған күмәнданбауларыңызға болады”, – деп жазды. Республикалық “Советская степь” газетінің 1931 жылдың 2 тамызында жарияланған баспасөзге шолуында: “Көсемнің нұсқауларын қалың еңбекші бұқара игілігіне айналдыру керек. Бұл нұсқауларды бұқараға жеткізумен шектелмеу керек, жұмысты Сталин нұсқауына бейімдеп қайта құрып, көсемнің айтқандарының тұтастай орындалуын қамтамасыз ету керек. “Жаңаша жұмысістеп–жаңаша басқару керек”.Әрбір газет Сталин жолдастың сөйлеген сөзін уақытында әрі толықтай басып отыруы керек. Әр газет Сталиннің сөйлеген сөзіне үн қосушылардың пікірін ұйымдастырып беріп отыруы керек”, – деп облыстық және аудандық газеттер міндеттерін де атап көрсетті. Саяси сауат ашу мектептерінің көптеп ашылуына қарамастан, партия мүшелерінің көбінің 20-жылдары саяси сауаттылық деңгейі төмен болатын. Алайда, Сталиннің діни семинарияда алған білімі арқасында өз идеяларын қысқа, есте сақтауға жеңіл, қанатты сөздермен, анық әрі тікелей түсінік беретін тұжырымдармен жеткізуі, айтатын негізгі ой-тұжырымдарын бөліп, сандармен белгілеп қою әдісі оның сөйлеген сөздері мен нұсқауларын қарапайым халықтың қабылдауына жеңілдік туғызды.Ауызша және жазбаша насихат құралдары Коммунистік партияның және оның көсемінің мемлекеттік саяси билікке құқықты екендігін кеңінен насихаттады.
1.3 Сталиндік Конституция.
И.Сталиннің бастамасымен БК(б)П Орталық Комитетінің 1935 жылғы ақпан пленумына КСРО-ның 1924 жылғы Конституциясын өзгерту мәселесі қойылды. 7-сайланған КСРО Орталық Атқару Комитетінің бірінші сессиясы 1935 жылғы 7 ақпанда Конституцияның жаңа мәтінін жасап, КСРО Орталық Атқару Комитетінің бекітуіне тапсыру үшін И.В.Сталинді төраға етіп Конституция комиссиясын құрды. 1936 жылғы 11 маусымда КСРО Орталық Атқару Комитетінің Президиумы жаңа Конституция жобасы туралы Сталиннің баяндамасын тыңдады. И.Сталин “ССР Одағы Конституциясының жобасы туралы” баяндамасында: “Бұл дәуірдің ішінде қоғамымыздың құрылысында да терең өзгерістер болды. Өнеркәсіп саласында капиталистер табы жоғалды. Ауыл шаруашылығы саласында кулактар табы жоғалды. Товар обороты саласында купецтер мен спекулянттар жоғалды. … біздің елімізде жұмысшы табы, шаруалар табы, интеллигенция қалды. Совет өкіметі орнағаннан бергі жылдар ішінде бұл әлеуметтік топтардың өздері де орасан өзгерді”, — деді. Конституция комиссиясы тапсырған жоба мақұлданып, КСРО Конституциясының жобасын қарау үшін Кеңестердің Бүкілодақтық съезі шақырылсын деген қаулы алынды. 1936 жылғы 12 маусымда КСРО Конституциясының жобасы баспасөз бетінде талқылауға ұсынылды. Конституцияны “талқылау” деген аты болмаса, “Жеңген социализмнің сталиндік конституциясы” (“Правда”, 12 июнь 1936 ж.), “Кадрға ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеп отыру керек” (“Социалды Қазақстан”, 30 наурыз 1936 ж.), “Сталиндік Конституция және большевиктік баспасөздің міндеттері” (“Социалды Қазақстан”. 15 желтоқсан, 1936 ж.) және басқа да мақалаларда “Мемлекет жұмысындағы, кадр мәселесіндегі сталиндік стил” үшін күрес, үгіт-насихат жалғасын тапты. Сталиннің “Біздің партиямыз қамал – оның есіктері тек лайықты кісілер үшін ғана ашық болады” деген сөзі саяси ұран әрі іске басшылық болып саналды. Сталиндік Конституция жобасына сын пікір болған жоқ. 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Бүкілодақтық VІІІ төтенше съезі И.Сталиннің баяндамасынан кейін оны бірауыздан бекітті. КСРО Конституциясы негізінде Қазақ автономиялы республикасы одақтас республика болып қайта құрылды. Осыған орай Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын жасау қажеттігі туындады. 1937 жылғы 9 ақпанда Қазақ КСР-і Конституциясының жобасы талқылау үшін баспасөзде жарияланды. 1937 жылдың 21-26 наурызында Алматы қаласында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті. Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезінің делегаттары И.Сталинге алғыс хат жолдады. Хаттың мәтіні баспасөзде жарияланды. Хатта: “Біздер, халықтың қалап сайлаған адамдары… бүгін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекіттік. …Қымбатты ұстаз, көсегесі көгерген қазақ халқының шын жүректен берілгендік және сүйіспеншілік сезімін қабыл ал, қазақ халқы коммунизм орнату ісіне барлық күшін, барлық жігерін жұмсайды, жаулар шабуыл жасаған күнде біз ұлы, тамаша социалистік Отанды кеуде төсеп қорғауға әзірміз деген сертімізді қабыл ал” деп жазылды. Сталиндік Конституцияның жетістігін халыққа түсіндіру науқаны мерзімді басылымдарда жалғаса берді. Барлық облыстық партия комитеттеріндегі жауапты адамдар, газет редакторлары басылымдарды мезгілімен шығарып, БК(б)П Орталық Комитеті нұсқауларын тыңғылықты орындауды қамтамасыз етті. Қоғамдық ғылымдар саласын партиялық саясатқа бағындырудың теориялық негізін салған “БК(б)П тарихы қысқаша курсының” шығуы елде ерекше үгіт-насихаттық саяси науқанға ұласты.
1.4 Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы.
Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Сталин үкіметі жүргізген зұлмат 1937 жылы шарықтаған шегіне жеткен еді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Әр совет республикасында жүздеген мың адам атылды.Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро мүшесі және ВКП(б) ОК хатшысы, Ленинградтық обкомның бас хатшысы С.М.Кировтің атып өлтірілуінен басталды. Кировтің жерлеу рәсіміне дейінгі бес күн ішінде жалған айыппен, Ленинградта 39 адам, Мәскеуде 29, Минскіде 9, Киевте 28 адам атылған. Олардың барлығы жазықсыз жандар болатын. Кировтің өлімі Сталинге өзінің қарсыластары мен халыққа қарсы күш қолдануға мүмкіндік берді. Бұрынғы Сталинге қарсы оппозиция өкілдері және саяси қызметтен кеткен тұлғалардың барлығы да тұтқындалды. 1937 жылдың басында Ішкі Істер Халық Комиссариатының басшысы қызметінен айрылған Г.Г.Ягоданың өзі ақпан-наурыз айларындағы ОК-нің Пленумында үлкен сынға ұшырап, 28-наурызда тұтқындалды. Ол кезінде үлкен қызметте жүргенде Сталинмен арақатынасы жақсы еді және НКВД-ң басшысы ретінде де жеке тапсырмаларын орындайтын. Ягода болса, Сталиннің қылмысының куәгері еді. Сондықтан Сталин одан сыпайы жолмен, яғни «оңшыл троцкистік блоктың» өкілі деп айыптап құтылғысы келді. Ягода барлық тағылған айыптарды мойындады. Осы кездерде «сатқын», «халық жауы» деген түсініктер синоним ретінде пайдаланылды және жауапқа 12 жастағы баладан бастап тартылсын деген бұйрық та болды. Ежов жұмысқа кіріскеннен кейін НКВД жұмысшыларының жағдайы жақсарып, «жендеттердің» айлық жалақылары көбейіп, әр түрлі марапаттарға ие болды. НКВД қызметкерлері барлық күшін «контрреволюциялық ұйымдарды», «зиянкестерді», «шпиондарды» ұстауға жұмылдырылып, олар өз жоспарын асыра орындау үшін барлық жауыздыққа барды. Сотсыз үкім шығарушы органдар «екілік» және «үштіктер» күшейе түсті. Олар тұтқындағыларды сырттай жоғарғы жазаға ұшыратты. Одақтас республикалардың барлығында бұрынғы «ұлттық ауытқушылыққа» айыпталғандарына және партия өкілдеріне қарсы жаппай репрессия ұйымдастырылды. Әрине бірінші соққы ВКП (б) ОК-ның өкілдеріне тиді. Кезінде 1934 жылдың 10 ақпанындағы партияның ХYІІ съезінде ВКП(б) ОК-ге алынған 71 мүше мен 68 мүшелікке кандидаттың, бес жыл өткеннен кейін, яғни сол 139 адамның үштен екісі заңсыз репрессияланған. Нақтырақ айтқанда өз әріптестері тарапынан өлтірілген. 1937-1938 жылдары адам шошырлық репрессияға жалпы барлық республикалық, облыстық, обком және облисполкомдық, кеңестік ұйымдар өкілдері, қалалық және аудандық партия басшылары ұшырады. Осындай қызметтегі тұлғалардың РСФСР бойынша 90% көзі жойылды. Басшылық кадрларға үлкен соққы берілді. Тіпті, Мәскеу облысының партиялық хатшыларының 136-нан 1939 жылы тек жетеуі ғана қалған.