Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 19:39, реферат
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунис¬тік саясат пен идеологияға бағынды¬рыл¬ған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғам¬дық-саяси өмірде демо¬кра¬тияның шектелуіне әкелді. Шынайы демокра¬тиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Cталин..............................................................................................................4-5
1.1 Сталиннің қысқаша өмір баяны...............................................................4-5
1.2 Сталиннің жеке басыну табыну..................................................................6
1.3. Сталиндік Конституция.............................................................................7-8
1.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы............................9-12
Қорытынды.....................................................................................................13-14
Пайдаланылған әдебиет.....................................................................................15
Осындай қиын сәтте Сталин Қызыл
Әскер кадрларына да соққы беруді ұмытпады.
1937 жылы атақты қолбасшы маршалдар М.Н.Тухачевский,
И.Э.Якир, А.И.Егоров, В.К.Блюхер т.б. ату
жазасына ұшырады.
Сталин елдегі репрессияны жүргізуде
бірінші кезекте жазалаушы және сот-тергеу
органдарына арқа сүйеген еді. Бірақ жаппай
репрессия сан мыңдаған НКВД мен сот және
прокуратура өкілдерін де назардан тыс
қалдырмады. Ауыр соққы Кеңестік барлаушыларға
да беріліп, әскери барлаудың басшысы
Я.К.Берзиннен бастап И.Рейсс, В.Кривицкий
тағы басқалары атылды.
1935 жылдың қарашасындағы НКВД органының
ең жоғарғы әскери шені 1,2 және 3 рангалы
комиссар атағын иемденген, және елімізде
«Үлкен террор», мен «тазарту» жүргізген
38 адамның 1941 жылы тек екеуі ғана тірі
қалған.
Ал, Қазақстанға келетін болсақ, осылардың
бірі екінші рангалы мемлекет қауіпсіздігі
комиссары П.Б.Залин Қазақстанда тура
үш жыл (09.01.1935-20.01.1938) НКВД бастығы болып
істеді. Соның соңғы бір-екі жылы тікелей
Н.Ежовтың қарамағында өтті. 1937 жылы Қазақстан
Компартиясы ОК-нің құрамындағы 85 мүше,
35 мүшелікке кандидат, 11 ревком мүшесі
– барлығы 131 адам болса, жыл аяғында одан
68 адам ғана қалған. Қазақ елінде НКВД
басқарған П.Б.Залин Мәскеуге ауысуына
байланысты оның орнына орталық С.Ф.Реденсті
жіберді. 1938 жылы қаңтардың соңында қызметіне
кіріскен ол Алматыда 37-де басталған қызыл
террор қарқынын өрістете түсті. Ол он
күн ішінде бүтіндей Қазақстанның үкіметін
атып тастаған. Келген он күні ішінде Жоғарғы
Советтің төрағасы Құлымбетовтен бастап
сегіз министрді, Орталық партия Комитетінің
бас хатшысын, төрт меңгерушісін, бюро
мүшесін түгел, Жоғарғы Совет төрағасының
орынбасарларын, министрлер Советі төрағасының
орынбасарларын атып тастаған. Солардың
қатарында 14 облыстық атқару комитетінің
төрағалары, 13 обком хатшысы бар. Қазақ
мемлекетінің басшыларын жаппай жою саясаты
осылай жедел, жантүршігерлік күйде жүргізілді.
Сөйтіп, репрессияның нағыз шарықтау кезеңінде,
1937-1938 жылдарда, қазақ елінде тіпті НКВД-ны
басқарған Залин мен Реденстер де репрессиядан
қашып құтылмады. Сол жылдары бір ғана
репрессия салдарынан қазаға ұшыраған
қазақстандықтардың саны 25 мың адамнан
асып жығылады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен
бастап Қазақстанда 103 мың адам саяси айып
тағылу арқылы сотталса, оның төрттен
бірі «НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен
атылып кеткен.
Мұндай қызыл қырғын қазақ халқын ерекше
ойсыратты. Демограф М.Тәтімовтің айтуынша,
1937-1938 жылдары «халық жауы» болып атылған
қазақтар пайыз жағынан грузиндерден
екі есе, орыстардан үш есе, татарлардан
төрт есе, өзбектерден бес есе көп болған.
Елінің еркіндігін аңсап, арманда кеткен
алаш арыстары, ғалымдар, әулиелер, ақын-жазушылар
болды. Қазақтың дербес мемлекет болғанын
былай қойғанда кедей табынан шығып, большевиктерге
адал қызмет еткен азаматтар қамауға алынды.
Тіпті, Мирзоян, Нұрпейісовтар бастаған
Орталық комитет бюросының мүшелері де,
Кеңестік халық комиссары Ораз Исаев та
«жау»- деп танылды. Көзі ашық азаматтарымыз
тек жау деп танылып сотталып қоймай, міндетті
түрде ату жазасына кесілді. Сталин есігін
айқара ашып кіретін батылдығы болған
Тұрар Рысқұлов, өзге саясатының өңін
байқап қалған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет
Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров….
Ұлтымыздың тарихына Сталин мен оның Ежов,
Берия сынды жендеттері қосып кеткен қаралы
тізім осылай жалғаса береді, жалғаса
береді…. Құтырған иттей асқынған қызылдар
Ұлы Отан соғысы тұсында да ойранын доғарған
жоқ. Аштық пен қуғын-сүргін салдарынан
қалжыраған қазақ халқы осы майданға миллионнан
астам боздағын аттандырыпты. Бірақ, менсінбейтін
көз мұндай жанкештілікті байқамайды.
Егін алқабында қалған масақты балаларыма
қуырып берейін деген адамдар жау атанып
айдалып жатты. Бұл аздай аштық салдарынан
халқы ат төбеліндей болып қалған Қазақстанға
жан-жақтан кірмелер тоғытылды. Берияның
тікелей тапсырмасы бойынша Қап тауынан
қоныс аударылған ұлттардың барлығы қазақ
даласына орнықты. Неміс, кәрістердің
де келетіні осы кезең. Өзі азғантай қалған
халқымызға өзгелермен сапырылысып, жойылып
кету қаупі төнді. Бірақ, талай азаптың
сорын таңдайы татып көрген қазақ бұған
да төтеп, сақталып қалды.
Цифрға сенер болсақ, біз бүкіл соғыс жылдары 600-дей генералдан айрылдық. Сталин болса, 1937-1938 жылдары 43 мың әскери басшыны репрессияға ұшыратқан. Кейбір деректерге қарағанда 30-шы жылдардың соңында 23000 чекист өлтірілген. Нағыз қылмыскерлер Ягода, Ежов, Берия, Вышинский және Ульрихтер болатын. Олар Сталиндік жазалаушы жүйенің 30-шы жылдардағы іріктелген белсенді мүшелері еді. Сол белсеніп жүрген Ежовқа да «Польша, Германия, Жапониямен сатқындық, шпиондық байланыста болған» деген айып тағылып, 1940 жылы 4 ақпанда ату жазасына ұшырады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда
1935 жылдың 1 қаңтарынан 1941 жылдың 22 маусымы
аралығында КСРО-да 19 млн. 840 мың «халық
жауы» тұтқындалып, оның 7 миллионы атылса,
қалғандары лагерьлерде өлген.
Бұдан шығатын қорытынды, С.Кировтің қазасынан
кейін басталған еліміздегі жаппай қуғын-сүргін
адамзат тарихында болмаған қатыгездікпен
жүргізілді. Зұлмат Кеңес Одағы құрамындағы
барлық республикаларды қамтыды.
Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран 1943 жылы болған, 1945 жылы болған Қырым және 1945 жылы болған Потсдам конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоныдүниеге келді.
. “Коммунист” журналының 1950 жылғы №11 санындағы С.Бәйішев “И.В.Сталин – Қазақстандағы социализм жеңістерінің дем берушісі және ұйымдастырушысы” деген мақаласында: “Қазақстанның әрбір еңбекшісі республикамызда болған социалистік өзгерістердің үлкенді-кішілі мәселелерінің бәрі де Сталин жолдастың қатысуымен шешіліп келгенін білуге тиісті. Қазақстандағы партия және мемлекет құрылысының мәселелерінен бастап, өнеркәсіп орындарын, шаруашылық құрылыстарын салу, ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерін ашу мәселелеріне дейін біз Сталин жолдастың қандай болса да бір принципті нұсқауын, кеңесін, ұсынысын кездестірмей қоймаймыз.
…Қазақстандағы партия және мемлекет құрылысының барлық маңызды мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді”, деп жазды.
Сталиндік биліктің салдары. Сталиндік зорлық-зомбылық ақырында тарихи жеңіліске ұшырады. Сталиндік жүйенің 30 жылдық тарихындағы КСРО-дағы адам шығыны, Романовтар әулетінің 300 жылдық тарихындағы адам құрбандығынан бірнеше есе көп. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты. Солардың 110 миллионы, немесе шамамен үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне тиеді. КСРО-да 1917-1987 жылдары 62 миллион адам жойылған. Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42,6 миллион адамның қаны жүктеледі.
Қорытынды
Кеңестер Одағында тоталитарлық жүйе толық орныққан 1920 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың ортасында кеңестік идеология “күнәсіз, кемшіліксіз, кіршіксіз таза көсем” мен “халық жауының” образдарын қалыптастырды. Мұстафа Шоқай кеңестік көсемге табыну турасында былай деді: «… “Известия” мен “Правда” газеттеріне басылған материалдарды оқысаңыз – осының бәрі тек Сталиннің жеке басын дәріптеп, оны тәңірге айналдыру үшін істелген бе деген ойға келесіз»
Сталин… Сталин… Сталин… Ол барлық торайлар мен бұзаулардың “құрметті атасы”, мақта маманы… Мәскеудің “жаңа сара жолы дегеніңіз – Сталинге табыну, басшыларға табынудан тұрады”.
Көптеген күнәсіз адамдардың өліміне себепкер болған Сталинді қазіргі және сол замандағы қоғамдағы адамдардің бірі жақтаса, бірі даттауда. Мысалы, Медведев
«Известия» газетіне берген сұхбатты барысында ол Иосиф Сталиннің Ұлы Жеңістегі рөлінің орынсыз зорайтылып жүргенін және оның кеңес халқына жасаған қиянатының ешқашан кешірілмейтінін айтты. Ал Сталиннің замандасы Черчиль 1959 жылы лордтар палатасында сөйлеген сөзнде ол туралы керемет пікірлер айтқан. Бұл бір кездері Фашизмге қарсы күш біріктіріп күрескен кейін бірін-бірі бітіспес жау санаған адамдардың ауызынан ести бермейтін сөз. « Қиын-қыстау уақытта елді Сталин сияқты көреген әрі жеңілмейтін қолбасшының басқарғаны Ресей үшін үлкен бақыт болды деп білем. Ол өзі өмір сүрген қиын кезеңнің үдесінен шыққан керемет тұлға болды. Сталин ерекше қуатты, зерделі, жігерлі әрі жұмыста да өзара әңгімеде де қатал да қатты адам болатын. Тіпті ағылшын парламентінде тәрбиеленген мен өзім оған қарсы сөз таппай кейде қиналып қалатынмын. Сталин, ең алдымен ұтымды әзіл мен мысқылдың шебері еді. Сонымен бірге ол өз ойын керемет дәл жеткізетін. Мақалалары мен баяндамаларын өзі жазатын және оның шығармаларынан үнемі адамға бұйрық беріп тұратын әлдебір күш сезіліп тұрушы еді. Сталинге біткен осы бір күштің тегеурінділігі сондай, ол адамзат тарихындағы барлық басшылардан оқ бойы озық тұрғандай көрінетін. Сталин бізге керемет әсер қалдырды. Оның адамдарға ықпалы күшті болды. Бірде ол Ялта конференциясы өтетін залға кіріп келгенде, іште отырғандар бір мезетте өре түрегеліп, бір қызығы барлығы бірдей сапқа тұрғандай бойларын тік ұстап қатып қалды. Ол мүлде абдырамайтын, барлығын ақылға жеңдіретін. Сталин қиын сәттерде кез-келген күрделі мәселеде жол тауып кетудің шебері еді. Қиын кезеңде де салтанатты сәттерде де ол ұстамды қалпынан ешқашан айныған жоқ. Оны өте күрделі тұлға деп білем. Ол алып империя құрып, оны өзіне бағындыра білді. Бұл адам өз жауларын жауларының қолымен жайратып шықты. Тіпті империалистер деп атаған бізді де империалистерге қарсы күресуге мәжбүрледі. Сталин әлемде теңдесі жоқ ұлы диктатор болды. Ол Ресейді соқамен қабылдап, соңында атом бомбасы бар ел қалдырып кетті.. Жоқ! Ол туралы кім не десе о десін, бірақ мұндай адамдарды халық пен тарих ешқашан естен шығармайды» — деп Черчиль замандасы Сталиннің тұрғыластарынан тұрпаты бөлек болғанын сол кезде-ақ мойындаған.
Сталинге «қанды қол қылмыскер» деген ат тағылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Бірі «құдай» деп дәріптесе де, бірі айыптаса да, мен үшін Сталин ашылмаған сырлары әлі де мол тарихи тұлға болып қала бермек.
Сталиндік зұлымдық саясаттың құрбаны болған ата-бабаларымыздың топырағы торқа болсын!
Қолданылған әдебиеттер: