Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 10:04, дипломная работа

Краткое описание

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы ұйымға мүше-мемлекеттер үшін тарихи маңызды оқиға болды. Оның басты мақсаты – ХХI ғасырда осы аумақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Бұл, ең алдымен осы ұйымды құруға мүдделі болған мемлекеттердің жаңа кезеңдегі даму мақсатымен ұштасқаны анық. Әлемдік және аумақтық деңгейдегі күрделі жағдайға байланысты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзара ынтымақтастық, бейбіт қарым – қатынастарды орнатуға, тереңдетуге бағытталған маңызды механизм еді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

I-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫН ҚҰРУДАҒЫ ТМД-ның ТАРИХИ МАҢЫЗЫ .........................................................................7

II-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДАҒЫ МАҢЫЗЫ ...................................35
2.2. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ ..................................................................................................38
2.3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ............42
2.4. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР ЖОЛЫНДАҒЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ....................................................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................52

Вложенные файлы: 1 файл

Жарыл5апова.doc

— 178.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

 

I-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫН ҚҰРУДАҒЫ ТМД-ның ТАРИХИ МАҢЫЗЫ .........................................................................7

 

II-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

2.1. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДАҒЫ МАҢЫЗЫ ...................................35

2.2. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ ..................................................................................................38

2.3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ............42

2.4. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР ЖОЛЫНДАҒЫ  ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІ ....................................................................................46

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының   өзектілігі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы ұйымға мүше-мемлекеттер үшін тарихи маңызды оқиға болды. Оның басты мақсаты – ХХI ғасырда осы аумақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Бұл, ең алдымен осы ұйымды құруға мүдделі   болған  мемлекеттердің жаңа кезеңдегі даму мақсатымен ұштасқаны анық. Әлемдік және аумақтық деңгейдегі күрделі жағдайға байланысты   Шанхай   Ынтымақтастық Ұйымы өзара ынтымақтастық, бейбіт қарым – қатынастарды орнатуға, тереңдетуге бағытталған маңызды механизм еді.

Өзінің құрылу сәтінен бастап күні бүгінгі уақытқа дейін Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымы алға қарай ұмтылу мақсатында нақты іс - әрекетттер жасау үшін орнықты негіз жасап алды, оны мынадан көруге болады:

Біріншіден, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ұйымдық және құқықтық қалыптасуын аяқтайды, бұл ұйымның қоғам алдында алған міндеттемелерін ұтымды іске асыруға мүмкіндік береді;

Екіншіден, ұйымға мүше-мемлекеттер арасында қауіпсіздікті орнықтыру және қылмыстық іс-әрекеттермен күресу салаларындағы терең ынтымақтастықты қалыптастырып, әрі қарай белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді;

Үшіншіден, аумақтық экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді жоспарларын және бағыт-бағдарын анықтау;

Төртіншіден, халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен, мемлекеттермен қоғам өмірінің әртүрлі салаларында белсенді қарым-қатынастарды дамыту болып табылады.

Өңірлік интеграция тетіктері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушылардың   табиғи    бәсекелестік     артықшылықтарын   тиімділікпен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрине, зерттеу жұмысын жазу барысында қазақ тілінде жазылған нақты ғылыми әдебиеттердің жоқтығы қиындық келтіргенін айтқан жөн.   Осы қиыншылыққа қарамастан, орыс тіліндегі белгілі  қазақстандық және ресейлік заңтану саласының ғалымдарының және беделді саясаткерлердің зерттеулері кеңінен пайдаланылды. Атап айтатын болсақ, Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К.[1], Баскин Ю.А., Фельдман Д.И.[2], Моисеев Е.Г.[3], Т.Мансұров [4], Н.Керимбекова [5], В.Н.Хлюпин [6], К.Л.Сыроежкин[7], және тағы да басқалар.

Диплом жұмысының жаңалық құрылымы – кешенді түрде халықаралық құқықтық қатынастарда өзіндік бір ерекшелігі бар ұйым – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қызметін және қоғамдағы алар орнын, маңызын ғалымдарымыздың зерттеулеріне сүйене отырып, ғылыми зерттеу әдістемесінің көмегімен қарастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын 11 мемлекеттің басшысы құрды деп айтуға болады.[8]

Сондықтан  да, Достастықтың құрылу күнін тең дәрежеде 1991 жылдың 8 және 21 желтоқсан деп айтуға болады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына негіз болған үш құжатты айтпай кетуге болмайды. 1991 жылдың 8 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісім; 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Декларация және хаттама. Бұл үш құжат та өзінің құрылымы мен заңдық күшіне қарай өзгеше болып келетіні белгілі, бірақ олар бір ғана мақсатқа бағытталған. Қандай бір халықаралық құрылым ұйымдастыру органдары болмаса, оның қызметінің дұрыс жүзеге асырылмайтыны белгілі. Сондықтан да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ортақ мүдделеріне қатысты мәселелерін шешу мақсатында Мемлекеттер басшыларының Кеңесі және үкімет басшыларының Кеңесі деп аталатын жоғарғы органдардың құрылғанын білеміз.

ТМД-ның маңызды институттарының бірі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше –мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы болатын. Ол 1992 жылы 27 наурызда Алматы қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің Парламенттерінің басшылары қол қойған келісімнің нәтижесінде дүниеге келді. 1993-1995 жылдары Парламентаралық Ассамблеяның мүшелерінің қатарына Әзірбайжан, Грузия және Молдава енген болса, 1999 жылы оған Украина қосылды. Парламентаралық қауымдастық механизмін жетілдіру мақсатында Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей, Молдава мемлекеттерінің       басшылары    1997   жылы    23 қазанында Тәуелсіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу барысында ТМД шеңберінде   Экономикалық    Одақ құру туралы келісім – шартқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Тәжікстан,       Өзбекстан    мемлекеттері  қол   қойды. Украина және Түркменстан Кеңеске ассоциацияланған мүше ретінде қосылды.

Одақ қызметін қамтамасыз ету үшін атқарушы және координациялаушы органдары құрылды. Экономикалық Одақтың ұйымдастырушылық      нысандары    екі деңгейде қарым - қатынасты көздейді,    атап айтқанда мемлекеттер мен кәсіпорындар арасындағы іскерлік байланыстар. Эконмикалық Одақ туралы  Келісім – шарттың механизмін   іске   қосу үшін 1994 жылдың 15 сәуір күні Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы елдерінің басшылары еркін сауда аумағын құру туралы келісімге қол қойды[9]. Сонымен қатар, дәл осы күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің үкімет басшылары өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие, сақтандыру және аралас транс ұлттық бірлестіктерді құру туралы келісімдерге қол қойды.

Интеграциялық процессті қалыптастырудың алғашқы сатысында олардың мүшелердің арасында үрейді болғаны белгілі. Бірақта оған қарамастан, экономикалық құқықтық құралдар жаңа құжаттармен толықтырылды. 1994 жылы 21 қазан күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің басшылары Кеңестің отырысында Мемлекетаралық      экономикалық      комитетті     құру туралы Келісімге қол қойды. Бұл құжатқа 11мемлекеттің басшылары келісті, бірақ оған Түркіменстан қосылмады. Және осы күні мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының төлем Одағын құру туралы келісімге қол қойды[10].

 

 

 

 

90-шы жылдардың ортасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде негізінен Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина мемлекеттері арасында экономикалық қатынастар орнықты, Достастық аумағындағы тауар айналымының 90 пайызға жуығы осы елдерге тиісті болды. Сонымен қатар алыс шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарда Ресей Федерациясы алдыңғы қатарда болды. Жалпы экспорттың 84% Ресейге, 8% Украинаға, Қазақстан Өзбекстан, Беларусь 2% иеленді, Әзірбайжан, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің үлесі 0,7% болса, ал Молдова  мен Қырғызстан 0,2% ғана тиді. Импорт жөнінен Ресей (21,7%) алда болса, Украинада 7,6% Қазақстанда 4% болды [11].

Экономикалық мәселелерді шешу мақсатында құқықтық негіз құрудың тағы бір құжаты қалыптасты. 1992 жылдың 15 мамыр күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Достастыққа мүше мемлекеттердің шаруашылық ұйымдары арасындағы есеп айырысуды жетілдірудің қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізді.

Осы маңызды құжаттың 5 бабында  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотын құру туралы сөз болады. Осыған байланысты тиісті ереже [12] және Экономикалық соттың мәртебесі туралы Келісімдерге [13] 1992 жылдың 6 маусымында қол жетті.

Экономикалық сот қызметінің басты мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің келісімдерін қолдану және экономикалық қатынастарда пайда болатын даулы мәселелерді шешу. Экономикалық сотта мүдделі тұлғалардың арыз-шағымдары негізделе отырып, дауды шешеді. Дауды қараудың қорытындысында  шешім шығарылады және сол шешім орындалуға міндетті болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2000 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы бойынша орта есеппен  мынадай деңгейге жетті: ішкі  жалпы өнім 7,08 % өсті, ауыл шаруашылық  өнімін өндірісі 5%, өндірістік өнімдер 10% өсті, жалпы капиталға инвестиция  салу 5%-ға артты[14].

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасындағы тауар айналымының   азаюы   бірқатар себептермен тығыз байланысты екені белгілі. Атап айтқанда, өндіріс көлемінің кемуі, мемлекетерінің бір-біріне қарыздар болуы және төлем қабілетінің болмауы. Әртүрлі салалардағы мәселелерді   шешу    мақсатында    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше - мемлекетерінің басшылары тұрақты түрде кездесіп отырады, маңызды   мәселелер     сол   кездесулердің пәні болып табылатындығы белгілі.

2000 жылдың 25 қаңтарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекетерінің басшылары ТМД-ның Экономикалық Кеңесі туралы Ережені қабылдау маңызды құқықтық қадам болып табылады. Ережеге сәйкес, Экономикалық Кеңес негізгі атқарушы орган болып есептеледі, ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шеңберінде қабылданған барлық шешімдердің, соның ішінде экономикалық және әлеуметтік қауымдастық жөніндегі мәселелер бойынша қабылданған құжаттар орындалуын қамтамасыз етеді.

Экономикалық Кеңес өз қызметінде Мемлекет басшылары Кеңесіне         және Үкімет басшылары Кеңесіне есеп береді. Экономикалық Кеңес   Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары орынбасарларынан түрады. Экономикалық Кеңес жанынан экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссия тұрақты түрде жұмыс жасайды. Әрине,   уақыт өткен сайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылымы өзгеретіні     белгілі.     Жиырма    бірінші    ғасырда    Тәуелсіз    Мемлекеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл сатының маңыздылығы мынада - Кедендік Одақтың бірінші сатысының іс-шараларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше үш мемлекеттің тең дәрежеде жүзеге асырылды. 1995 жылдың аяғына қарай Қазақстан мен Ресей арасында сауда-экономикалық қатынастарда       бірқатар өзгерістер болды, мүнда ең алдымен, өнім өндірушілер    арасындағы қарым — қатынастардың дамуын көруге болады.

Өзара сауда қатынастарындағы шектеулерді жою арқасында мемлекеттердің тауар айналымының жақсарғанын байқауға болады. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы      сауда айналымының көлемі 1995 жылы 3,96 млрд. долларды құрады,    немесе Республиканың жалпы өнімінің 54 % құрады, және 1994 жылға қарағанда 55,4 % өсті. 2,1 млрд. долларға өнім экспортталды, бұл қазақстандық экспорттың 42 % құрады, және 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 % өсті. Импорт 1,8 млрд. долларға өсті, немесе барлық импорттық түсімдердің 49 % құрайды, 1994 жылы сатып алудың жалпы  өнімі 66 % асты[15]. Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 1994 жылмен салыстырғанда 23,1% өсті, экспорт 28,7% өсті, импорт 18,7 % өсті.

Кедендік одақтың қалыптасуының екінші кезеңінің басты мақсаты-бірыңғай кедендік аумақ шеңберінде тауар өндірушілердің қызметі үшін экономикалық және құқықтық жағдайларды жасау болды. 1995-1998   жылдар аралығында Кедендік одақты қүруға байланысты жасалған жұмыстарды жоғары бағалауға болады, себебі бұл кезде төрт мемлекеттің экономикалық интергацияға байланысты жасаған қызметінің маңызы зор. Бұл уақыт ішінде бірыңғай кедендік аумақ құрылды, ішкі шекарадағы бақылау жүйесі жеңідцетілді, одаққа кіруші мемлекеттер арасында тауар айналымының   көлемі   тұрақты   түрде   өсіп   отыр.   Ал,  Кедендік  одаққа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-    азаматтарды     әлеуметтік     қорғау     жөнінде     минималдық стандарттарды жасақтау;

-    тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік туғызу;

-    заңдарды гармонизациялау;

-    сыртқы саяси бағыттағы  іс-әрекеттерді келісілген түрде  жүзеге асыру және халықаралық  аренадағы орынды қамтамасыз  ету;

-     келісімге   қатысушы   мемлекеттердің   шекараларын   бірлескен түрде сақтау, қылмыстылықпен, атап айтқанда терроризм мен экстремизммен күресу жолдарын қалыптастыру[16].

Информация о работе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы