Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 10:04, дипломная работа

Краткое описание

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы ұйымға мүше-мемлекеттер үшін тарихи маңызды оқиға болды. Оның басты мақсаты – ХХI ғасырда осы аумақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Бұл, ең алдымен осы ұйымды құруға мүдделі болған мемлекеттердің жаңа кезеңдегі даму мақсатымен ұштасқаны анық. Әлемдік және аумақтық деңгейдегі күрделі жағдайға байланысты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзара ынтымақтастық, бейбіт қарым – қатынастарды орнатуға, тереңдетуге бағытталған маңызды механизм еді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

I-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫН ҚҰРУДАҒЫ ТМД-ның ТАРИХИ МАҢЫЗЫ .........................................................................7

II-ТАРАУ. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДАҒЫ МАҢЫЗЫ ...................................35
2.2. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ ..................................................................................................38
2.3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ............42
2.4. ҮЛКЕН МАҚСАТТАР ЖОЛЫНДАҒЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ....................................................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................52

Вложенные файлы: 1 файл

Жарыл5апова.doc

— 178.00 Кб (Скачать файл)

Экономист және саясаттанушы мамандардың айтуына қарағанда, келісім-шартты қол қою сәтінен бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «ядросы» қалыптасты деп айтуға болады. Олар мынадай экономикалық көрсеткішті ұсынды: аумағы - 91,4 %, халқы - 63%, ішкі жаплы өнім - 88%, ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткішінің көлемі -        71 %, капитал салу - 86%, ТМД елдерінің өзара тауар айналымындағы     үлесі 66 % құрады[17]. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кешегі кеңесінің кеңістіктегі жаңа мемлекеттердің пайда болуына үдайы қызмет атқарғаны белгілі. Осы достастық шектері тебуші күштердің соққысын жұмсартып, сөйтіп, кең көлемдегі тайталастыққа жол бермеген     бәсеңдеткіш тетік бола білді. Сонымен бірге, сындарлы дамудың, әсіресе, экономикалық және шаруашылық бірігудің, мемлекетаралық ықпалдастықтың тегеурінді тетігін қүру саласындағы дамудың пайдаланылмай қалған мүмкіндіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атынан айтылып жүрген сын мейлінше әділ. Әйтсе де   өйткеннің сабағын игеру, тәуелсіз жаңа мемлекеттердің халықаралық құқықтық кеңістіктегі өркениетті қалыпқа кіру процесінде ымырадан       және   өзара  келісімді  шешімдер  әзірлеуден  өзге  балама  болмайтындығын

 

түсіну ұзаққа созылып кеткен өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан ойдағыдай өтуге деген сенімді ұялатты.

Кедендік Одақтың құрылу тарихы Евразиялық одақты қалыптастырумен байланысты болды. Бұл көзқарасты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылы ұсынған болатын. Евразиялық одақ - тәуелсіз мемлекеттер   интеграциясының ерекше нысаны болып табылды. Оның басты мақсаты –посткеңестік    кеңістікте    тұрақтылық   пен     қауіпсіздікті,   әлеуметтік -

экономикалық модернизацияны қамтамасыз ету болып табылды[18]. Бұл        идея ТМД шеңберінде жүргізілетін интеграциялық процестердің шешу факторы болды.

Кедендік одақ посткеңестік аумақта 1995 жылы 20 қаңтарда      Кедендік одақ құру туралы Келісімге Беларусь, Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің басшыларының қол қоюмен қүрылды, ал 1996 жылдың наурыз айында Кедендік одаққа Қырғызстан мемлекеті, 1998 жылдың     қазан айында Тәжікстан келіп қосылды. Кедендік одақтың басты         мақсаты одақтың мүше-мемлекеттерінің шаруашылық субъектілерінің    еркін өзара қарым-қатынасына тиімді жағдай жасау, сандық шектеулерді жою арқылы өзара сауда - саттық қатынастарын дамыту, бірыңғай      кедендік аумақты құру, экономиканы реттеудің біржақты механизмін     енгізу болған еді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше - мемлекеттері     Кедендік одақты экономикалық бірлестік ретінде қарастырды. Кедендік одақты құру туралы Келісімге сәйкес екі сатыдан тұратын өзара    байланысты іс-шаралар жүйесін атқару көзделді.

Бірінші кезеңце 1994 жылдың 12 сәуіріндегі Сыртқы экономикалық қызметті    реттеудің    бірыңғай    тәртібі    туралы   келісімге   сәйкес,   өзара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпараттар тыңцалды. Москва   қаласында өткен 1995 жылдың 20 сәуіріндегі үшінші жиналыста        заңдарды гармонизациялау жөніндегі бірлескен жұмыс тобыньң     баяндамасы тыңдалды. Жалпы алғанда, комиссия жұмысының маңызды қорытындысы Кедендік одақты құрудың тәртібін түбегейлі түрде бекіту және келісу болған еді. Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік одаққа кіргеннен кейін оның жекелеген ережелері толықтырылып, өзгертілді. Келісімге жеткеннің өзі маңызды мән-жай болып табылатыңцығы белгілі.                                 Үкіметаралық комиссияның жұмысымен қатар, әрбір мемлекет                өзінің ұлттық комиссиясын жасақтады. Әрбір ұлттық комиссияда      төмендегі бағыттарда қызмет ететін бес топ құрылды:

-   кедендік одақты құру;

-  заңдылықты    гармонизациялау    арқылы    келісімдік-қүқыңтық  негізді қалыптастыру;

-  бейбітшілік,    ынтымақтастық   және    өзара   көмек   жөніндегі ережелерді жүзеге  асыру;

-  өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту;

- қаржы және төлем қатынастары  саласындағы байланысіарды кеңінен  дамыту[19].

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің кеден     заңдарының негіздерінде кеден ісін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптері анықталған. Сонымен қатар, негіздерге қайшы келмейтін нормалар енгізуге рүқсат берілген. Бұнда    кеден саясатының мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының       қүрамдас бөлігі екендігі баса айтылды. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы    қоғамдық     еңбек     бөлінісіндегі   ұлттық   айырмашылықтардың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымы ережелерін, басқа да халықаралық міндеттемелердің орындалуын талап етеді. Сонымен қатар, сыртқы саудада кеден органдарына реттеуші роль жүктелген. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлсіз тұстары кеңестік кезеңмен мұраға қалған экономикалық құрылымының өзгеруі, экономикалық құрылымның бәсекеге қабілетсіздігі, монополиялық және инфляциялық үрдістердің болуы, ғылыми-техникалық потенциалдың әлсіреуі, басқару шешімдерін қабылдағанда лоббизмнің болуы, заңдылығымыздың жалпы жетілмеуі, экономикамызда қылмыстық   әрекеттің етек алуы және экономиканы басқару аймағындағы сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы және т.б. салдарынан болып табылады[20].

Өндірістік кешендерді шетелдік басқаруға жекешелендіру жолымен беру, мемлекеттік акция пакеттерін сату жолымен экономиканың мемлекеттік секторын шұғыл қысқарту жағдайлары әзірше жеңілдете   қойған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетіміз табиғи монополяларды анықтауға,     қолда бар потенциалды толық пайдалануға, нәтижелі мемлекеттік әкімшіліктендіруге, қоғамдық қатынастарды реттеуде, заңды әрекет етуші құралға айналдыруға заңмен белгіленген шараларын қолдану қажет. Қазақстанның күшті жақтары: бай ресурстарының болуымен, өндіріс потенциалымен, мәдениет пен білімнің айтарлықтай жоғары деңгейімен байланысты. Осы мүмкіндіктер мен артықшылықтарды пайдалану «Қазақстан - 2030» стратегиясында көрсетіліп, жүзеге аеыру мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролі ықпал жасаудың икемді тәсілдері мен нысандары арқылы жүзеге асырылатын стратегиялық міндет ретінде қарастырылуы қажет. Осы мақсатта  экономикаға  мемлекет  тарапынан ықпал етудің толық жүйесін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

біздің экономикамыздың нәтижелі қызмет етуі мен оны ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғауға жауапты басқа да мемлекеттік кұрылымдармен ақпараттық және іскерлік әрекеттерін жөнге салу мен оңайлатуға басты     мән беріледі. Бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде және әрекет етуші құқық негізінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, өзара әрекет       етуші күштермен, мемлекеттік органдармен қатар кеден қызметі де   құрайды. Сонымен кедендік реттеу мен сыртқы экономикалық      байланысты бақылау Қазақстанның егемендігін қамтамасыз етіп, экономикалық реформалық стратегиямен қатар экономикалық қауіпсіздігіміздің тығыз үйлесімінде өндірістің, рыноктың шынайы жай-күйін есепке ала отырып, кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мен анық мақсатымызды шешуде басқа да басым міндеттемелерді қамтамасыз ете алуы мүмкін. Республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың бақылау функциясын атқаратын арнаулы кеден органдары мен оның мамандандырылған құрылымдары қызмет етеді.

Кеден   Одағына мүше елдердің кеден саясаты бір-біріне ұқсас. Мәселен, отандық нарықты, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономиканы және экспротты дамытуды жандандыру, импорттың орнын баса алатын өндірісті қолдау, шетелдік инвесторларды тарту, сауда саясаты    мәселелерін   шешу   және тағы да басқа ортақ мақсаттар бар. Бұдан   мүдделер   қайшылығы болатынын да жасыруға болмайды, бірақ олар алдын ала келісілген келісімдермен шешілуі тиіс[21]. Қазақстан Кеден одағына    1995 жылдың 20 қаңтарында мүше болды. Сөйтіп, Белоруссия мен Ресей Федерациясының Кеден Одағының барлық міндеттемелерін қабылдады.   Оның ішінде, уақытша шек қою да бар. Бұл мына жағдайда орындалады:       ішкі     рынокта    сол     тауардың     тапшылығы;   жағдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тереңдету   үшін заңдық және ұиымдық алғышарттардың   негізін салуы тиіс;

-  Еуразиялық одақта топтық  мүшелікке жол берілмейді;

-  Еуразиялық одақта шешім  қабылдау қатысушы   мемлекеттердің  жалпы санының    4/5 саралаушы    көпшілігі қағидасы бойынша жүзеге  асырылады[22].

Тәуелсіз мемлекеттер мынадай алғышарттарды орындаған жағдайда Евразиялық одаққа кіре алады:

- қабылданған мемлекетаралық келісімдерді сөзсіз орындау;

Еуразиялық одаққа мүше елдердің қалыптасқан мемлекеттік-саяси институттарын өзара мойындау;

аумақтық түтастық пен шекаралардың мызмайтыдығын мойындау;

мемлекетаралық қарым-қатынастарда экономикалық, саяси және басқа түрлі қысым жасаудан бас тарту;

өзара соғыс қимылдарын тоқтату.

Еуразиялық одаққа басқа елдердің кіру бірлестіктеріне, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекетері Достастығының құрамындағы бірлестіктерге де топтасқан, яғни тұрақты мүше ретінде қатыса алады немесе байқаушы мәртебесіне ие. Еуразиялық одақ мүшелерінің әрқайсысы оның қатарынан шыға алады, бұл үшін ол шешім қабылданудан кемінде алты ай бүрын өзге мемлекеттерді осы жайынан қүлағдар етеді. Ұлттық деңгейден жоғары мынадай органдар қүру үсынылады:

Еуразиялық одақ Мемлекет басшылары мен Үкімет басшыларының кеңесі Еуразиялық одаққа саяси басшылық жасайтын жоғары орган. Әрбір қатысушы мемлекет Еуразиялық одаққа орыс алфавитінің ретімен 6 айдан төрағалық етеді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қарым-қатынасына  сызат   түсіруге   жол   бермеу   жөнінде   қатысушы елдердің арнайы міндеттеме алуы немесе заң қабылдау.

Білім, мәдениет, ғылым мәселелері жөніндегі кеңес[23]. Білім беру жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру, мәдени, ғылыми ынтымақтастықты орнатып, алыс-беріс жасасу, оқулықтар, оқу құрпалдарын әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс;

Еуразиялық одақ елдерінің неғұрлым терең үйлесімді және пәрменді жұмыс істеуі үшін олардың әрқайсысында Еуразиялық одақ істері мәтіндегі Мемлекеттік комитет /министрлік/ құру тиімді болмақ;

Еуразиялық одақ елдерінің министрліктері деңгейінде денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және жұмыстылық, экология, мәдениет, қылмыстылықпен күрес және тағы да басқа мәселелер бойынша ұдайы кездесулер мен консультациялар өткізіп түру;

Еуразиялық одаққа қатысушы елдердің ұлттық заңдарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың әртүрлі ынтымақтастық салаларындағы қызметін көтермелеп отыру;

тілдер жөніндегі үлттық заңдардың қызмет атқаруымен қатар орыс тілі Еуразиялық одақтың ресми тілі болып табылады;

Еуразиялық одақтың астанасы ретінде Европа мен Азияның торабындағы бір қаланы, мысалы, Қазанды, Самараны үсынуға болар еді. Еуразиялық одақ шеңберінде біртүтас экономикалық кеңістік қүру мақсатында үлттық деңгейден жоғары бірқатар үйлестіруші қүрылым қалыптастыру үсынылады:

Еуразиялық одақ Мемлекет басшылары кеңесінің жанындағы экономика жөніндегі комиссия. Ол үлттык мемлекеттердің мүдделері түрғысынан             Евразиялық        одақ        шеңберіндегі        экономикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еуразиялық одақ жобасына сәйкес, жуық арада экология саласында мынадай тетіктерді калыптастыру қажеттілігі байқалады:

-    Еуразиялық   одак   Мемлекет   басшылары   кеңесінің  жанында құрылатын,    Еуразиялық    одақ    шеңберінде         экологиялык бағдарламаларды   жүзеге   асыратын   және   барлық   қатысушы мемлекеттер арқылы қаржыландырылатын экологиялық қор;

-    Экологиялық ластану   деңгейін бәсеңдету жөнінде халықаралық ұйымдардың іс-әрекетін ұйымдастыру, үйлестіру тетігі;

-    Қоршаған ортаны қалпына  келтірудің және экологиялық  апаттар зардаптарын     жоюдың   кесек   проблемалары   бойынша   қысқа мерзімді және ұзақ уақытқа  арналған бағдарламаларды қабылдау  тетігі;

-    Ядролық    қалдықтарды    қою    жөніндегі    Еуразиялық    одақтың мемлекетаралық келісім-шарттарды қабылдау тетігі.

Сөйтіп, мемлекетердің Еуразиялық одағы мынадай басты үш қағидаға сүйенеді:

-экономиканы, қорғаныс ісін және  сыртқы саясатты басқаруды үйлестірудің үлттық деңгейден жоғары ортақ органдары;

- біртүтас экономикалық кеңістік;

- ортақ қорғаныс кешені[24].

Ұлттық деңгейден жоғары институттар қатарына жатады:

-   Одақты    саяси    басқарудың    жоғарғы    органы    -    Мемлекет  басшылары мен Үкімет басшыларының кеңесі;                                           - жоғары консультациялық - кеңесші орган - парламент;               

Информация о работе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы