Шоқанның құрдасы Мұхамед-Cалық Бабажанов туралы не білеміз?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 18:11, реферат

Краткое описание

ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың бірден-бір жолы білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, жігерлі, білімді адамдарды тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді саналылықпен байыптап, қарқынды дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. Солардың сапында Бөкей ордасынан шыққан Мұхамед – Салық Бабажановтың еңбегі ерен. Мұхамед-Салық – қазақ халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол – Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан.

Вложенные файлы: 1 файл

Мұхамед.docx

— 29.56 Кб (Скачать файл)

 

1862 жылы Салық Үлкен Богда  қыраты­нан биіктігі екі аршыннан  астам әйелдің балбал тас мүсінін тауып, Петербургтегі этнография-география қоғамына тапсыра­ды. Сондай-ақ империялық Орыс геогра­фия қоғамына Басқұншақ көлінен шығып жатқан күкірт қышқылының шаруашылық маңызы туралы хабарлайды. Салық 1731 жылы патшалық Ресейге қосылғанға дейінгі қазақ жерінің, оның ішінде Бөкей ордасы­ның картасын жасап, патшаның қабыл­дауын­да болады. Салық Шоқаннан кейінгі Ресейдің география қоғамына мүше болған және осы қоғамның шешімімен ғылымға сіңірген ерен еңбегі үшін арнайы күміс медальмен марапатталған тұңғыш қазақ болатын.

 

Сонымен бірге С.Бабажанов Орыс сауда, өнеркәсіп қоғамының және Ерікті экономикалық ғылыми қоғамның да толық мүшесі болған. Қоғам мәжілісінде аса құнды баяндама жасағаны үшін ол арнайы дипломмен марапатталған. Бұл жөніндегі мәлімет осы қоғамның 1871 жылы жасаған тізімінде келтірілген.

 

Ал 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында «Түркістан уәлаятының газеті» шыға бастағанда, ол газет редакциясына қазақтың көптеген мақалы мен мәтелін жинап жібереді. С.Бабажановтың дүниеге көзқарасының одан әрі қалыптасуына Еуро­па ойшылдарының қағидалары, ең­бек­тері әсер етті. Ол ғылымның, білімнің, ағартушылықтың жетіспеушілігі салдарынан қазақ өлкесінде надандықтың, ескіліктің зиянды шырмаулары қарапайым халықты тұншықтырып отыр деген қорытындыға келеді. Қазақ халқына бұратана деп қара­ған кейбір білгіштермен пікір таластырғанда Гогольдің, Белинскийдің, Чернышевс­кийдің, Достоевскийдің пікірлеріне сүйеніп, бұл қайраткерлерді «қоғамдағы кемшілік­терді ашып көрсете алған және осы кемші­ліктерді жоюдың жолдарын меңзеп, адам­ды мүлтіксіз тәрбиелеуге ұмтылған­дар» деп жазды С.Бабажанов. Академик А.Жұ­ба­новтың сөзімен айтқанда:

 

«Салық Бабажанов өзінің түсінігі мен мүмкіндігінше прогресшілдік идеялар үшін күресті... Қазақ халқының ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин, Абай сияқ­ты, ол да қазақ қоғамының Ресеймен және орыс мәдениетімен тығыз қарым-қатынаста дамуын жақтады».

(«Білім және еңбек», 1981, №10, 23-бет)

 

Дүниеден қайтқан Бабажановтың шаруашылығын оның жас жұбайы Ғази­заның інілері – сұлтан Арсланкерей Бөкей­ханов пен Дәулеткерей Шығаев қолға алады. Дәулеткерей – кәдімгі он саусағынан күй күмбірлеген асқан күйші Дәулеткерей. Ол Бабажановқа арнап «Салық өлген» күйін шығарған. Салықтың өз қолымен еккен бағы, салдырған мешіті бар еді. Бертін келе бұл жер әскери полигонға ай­нал­ды... Қазір мұнда С.Бабажановтың жермен-жексен болған бейіті ғана жатыр... Халық арасында бұрынғылардан қалған «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» деген сөз бар екен. Осы сөз Дәулеткерейдің аузынан шыққан деген дерек те жоқ емес. Қалай болғанда да, жаны бар сөз.

(«Жұлдыз», 1990, №1, 202-бет)

 

Сайып келгенде, Салық сынды туған халқы үшін пайдасы мол, мәнді де сәнді ғұмыр кешкен, ұлы Шоқанның замандасы болған адамның өмірі кейінгі ұрпақ үшін үлгі етуге әбден лайық. Салықтың халық­шыл қасиеттері А.Жұбанов, С.Зиманов, Е.Масанов, Х.Маданов, Р.Отарбаев, Н.П.Ивлев, Т.Боранғалиұлы, М.Ысмағұлов, Б.Ысқақов, Қ.Ыдырысов, Р.Сыздықова,  А.Ат­шиев сынды ғалым, жазушылардың мемуарларында, ғылыми еңбек, мақала­ларда әрдайым аталып отырады.

 

Сонымен, Мұхамед-Салық Бабажанов қиын да күрделі ғұмыр кешіп, бар-жоғы 39 жасында дүниеден өткен. Өмірде өз жолы, ғылымда өзіндік ізі бар. Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында ескерілмей қалмас елеулі тұлғалардың бірі. Бар өмірін халық қамы үшін сарп еткен халқымыздың аяулы ұлы, асыл азаматы С.Бабажановтың өмірі, қоғамдық қызметі және ғылыми-зерт­теу жұмыстары толық жиналып, зерт­теліп, жарық көрсе және оның есімі мен еңбегі Қазақстанның қоғамдық ой-пікірінің даму тарихынан өзіне лайық орын алса екен демекпіз.

 

Салық Бабажанов Шоқан сияқты үлкен тұлға болғанымен, ол жөнінде арнайы ма­мандар ғана білетін-ді. Осыдан он шақты жылдай бұрын «Жалын» журналында ақын Есенғали Раушановтың «Салық өлген» атты поэмасы жарияланды. Жазушы Рақымжан Отарбаев С.Бабажановтың өмірі жайлы киносценарий жазып, «Қазақфильм» сту­дия­сында режиссер Халила Омаров «Мұ­ха­мед-Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты тарихи фильм түсірді. Сонымен, халқы­мыздың тағы бір ірі тұлғасы «тірілді». Ұрпақтары Салықты қайта тірілтті. Салық өз халқына қайтып оралды.


Информация о работе Шоқанның құрдасы Мұхамед-Cалық Бабажанов туралы не білеміз?