Қазақ-орыс қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 10:04, реферат

Краткое описание

Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады.

Содержание

Негізгі бөлім а) XVI ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары
б) XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ
с) Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 106.92 Кб (Скачать файл)

Патшалық  Ресейдің далалық аймақты отарлауға  көшуі: әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы

Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмәштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.

1737жылы И. Кириллов  қайтыс болғаннан кейін Орынбор  экспедициясы Орынбор комиссиясы  болып қайта құрылды. 1735 жылы Орынбор  бекінісінің құрылысы басталды. 1744 жылдан бастап ол Орынбор  губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор  казак әскері бөлімдерінің орталығына  айналды. Қазақ жер-інде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная, Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск, Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск, Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск сияқты т.б. көптеген бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желлері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды. Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бе-кіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды [30, ЗЗ-б.]. Сон-дықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады. Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казак-тар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: «Казак топтарына... империя шекара-сына жақын орналасқан... тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жөрлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!..»

Патша екіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен  жайылымда-рын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге  жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық  жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.

Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маң-ында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хан-дарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық езенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». Жайық бойында орналасқан казак әскеріне бер-ген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: «Қазактардың Жайықтың ішкі жағын-да көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек» делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра оты-рып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған .

XVIII ғасырдағы 30-жылдардың  аяғы мен 40-жылдың басында жоңғарлар  Орта жүздің Тобыл мен Есіл  бойы аймағына басып кіріп,  қазақтарға үлкен шығын келтіреді.  1742 жылы 20 мамырда Ресей үкіметі алғаш рет қазақтарды жоңғарлардан қорғау жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл қадам да Ресейдің стратегиялық жоспарымен байланысты еді. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақтардың Жоңғар хандығына тәуелділігін талап етті. 1742 жылы 2 қыркүйекте И. Неплюев Қалдан Серенге хат жолдап, онда жоңғарлардың қазақтарға шапқыншылық жасауына жол бермейтіндігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындағы қазақтар мен Абылай сұлтанды босатуын талап етеді .

Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 жылы 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтаны өлтіреді. 1748 жылы 2 қазанда Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалды.

 

 

История Казахстана. Т. 1. Алматы, 1996; История Казахстана. Т. 2. Алматы, 1997; История Казахстана. Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о Казахстане.

Началось присоединение Казахстана к России

21 октября 1731 г. 

« …ежели на вас, Кайсаков, будут нападать какие неприятели, чтоб вы могли от того

Нашим Императорского Величества защищением охранены быть

и счислять бы вас с поданными Российскими…».                                                                                       Полное собрание законов Российской империи, с 1649 года. 

10 (21) октября 1731 г. вследствие ослабления Казахского ханства в ходе изнурительной войны с джунгарами Хан Абулхаир и большинство старшин Младшего жуза присягнули на подданство Российской империи, тем самым положив начало присоединению Казахстана к России.                                                                                                                                                                     В конце XVI в. Казахское ханство разделилось на три жуза (объединения): Младший (Западный Казахстан), Средний (Центральный) и Старший (Семиречье). На территории каждого жуза были образованы самостоятельные ханства, между которыми часто велись междоусобицы. К рубежу XVII-XVIII вв. в связи с ростом феодальных усобиц, набегов джунгар — монгольских племён, населявших район между Тянь-Шанем и Алтаем — города на юге Казахстана пришли в упадок, что нанесло удар по казахской экономике в целом.                                                                                                                                                                           В 1726 г. хан Абулхаир от имени старшин Младшего жуза обратился к царскому правительству с просьбой о подданстве. Этот жуз находился на границе с Российской Империей, его торговые и политические связи с Россией были наиболее устойчивыми. Однако посольство осталось безрезультатным; не оставляя своих намерений, в сентябре 1730 г., Абулхаир вновь отправил посольство через Уфу в Петербург с письмом к русской императрице Анне Иоанновне и устной просьбой о подданстве и покровительстве. 8 (19) сентября 1730 г. посланцы Младшего жуза были приняты императрицей. Их просьба о включении Младшего жуза в состав Российской Империи была удовлетворена указом от 19 февраля (2 марта) 1731 г. Для принятия соответствующей присяги в Казахстан с грамотой к хану Абулхаиру были направлены послы во главе с переводчиком Комиссии иностранных дел А. И. Тевкелевым.                                                                            10 (21) октября 1731 г. значительная часть собрания казахских старшин высказалась за принятие акта о добровольном присоединении Младшего жуза к России.

Казахи обязались сохранять верность императрице и её наследникам, согласились на ограничение внешнего суверенитета ханства, обязались нести службу, не нападать на торговые караваны и российских подданных, возвратить пленных, платить ясак, выделять аманатами детей ханов и султанов.                                                                                                          Россия обязалась охранять своих новых подданных от внешнего нашествия и притеснения. На этом первом этапе присоединения не затрагивались проблемы внутренней политической жизни казахов.                                                                                                                                                   Для закрепления позиций во вновь присоединённых казахских землях в мае 1734 г. была организована Оренбургская экспедиция во главе                                       с  обер-секретарём Сената И. К. Кирилловым. В задачу комиссии входило всестороннее изучение вошедших в состав России земель, разведка природных ресурсов, сооружение Орской крепости, установление новой границы между русскими и казахскими владениями. В 1735 г. был основан г. Оренбург, имевший важное значение в развитии русско-казахских политических и торговых взаимосвязей.                                                                                          Добровольное принятие российского подданства казахами Младшего, а затем и Среднего жуза (в 1740 г.) имело прогрессивное значение для исторических судеб казахского народа. Уже со второй половины XVIII в. общественные отношения в Казахстане развивались под влиянием экономики России. После смерти хана Среднего жуза царское правительство ликвидировало ханскую власть и в 1822 г. ввело новую систему управления; в Младшем жузе то же самое было сделано через два года, в 1824 г. В 40-60-х гг. XIX в. в состав Российской империи вошёл Старший жуз, тем самым завершив присоединение казахских земель к России.                   Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі. 
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды. 
Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге үрықсат алды. Бүл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды. 
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Қүлмүхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бүқар ханы Абдулламен уақытша бітіэд жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп түрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмүхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар кеп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. 
1595 жылы Тәуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Ресейден Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша әрі үлы князь оларды барлық дүшпандарынан қорғауға, Бүхара мен Көшім ханға қарсы түруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын...                                                                         Қорыта айтқанда:                                                                                                                                                               Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті.Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасынөзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, 15-16 ғғ. Екінші жартысына бастап Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед орыс ұкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстаушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті. Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімі қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-қатер ұдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған қазақ хандығы да ынталылық көрсетті. Жоңғар хандығының құрылық Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды, Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді. Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын андау позициясын ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға соғысуға ниеттері бар екенін мәлімдеуге етті. 1717 жылы қазақтардың жекеленген басшылары, Қайып пенӘбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніптұрғанын ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтіне сөзсалды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі аға тілмәш және кейіннен дипломат болған А.Тевкелев хаттарының бірінде былай деп жазады: «....императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін (сом) ақшаны шығарсамда, тырысуым керектігін айтты».  

 

 


Информация о работе Қазақ-орыс қатынастары