Үйсін ескерткіштерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:14, реферат

Краткое описание

Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр.

Содержание

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Үйсіндер жайлы жалпы сипаттама
2. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
3. Үңгірқора қорымдары
4. Үйсіндерді зерттеуші

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Үйсін ескерткіштерінің ерекшеліктері.doc

— 109.50 Кб (Скачать файл)

          Үйсіндер қорғандарының негізгі типі үйінді оба түрінде кездеседі. Қоныстан қыш ыдыс бөлшектерімен қатар, көптеген тас кетпендер мен дәнүккіштер, қола орақтың сынығы табылып, бұл деректер көне үйсін шаруашылығында егіншіліктің маңызды орын алғанын айғақтады. Сондай-ақ егіншіліктің суармалы тәсілі қолданылғанын көрсететін көптеген арықтар мен шағын өңделген танаптардың орындары кездескен. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл бау-бақша өсірген орындар, дәнді дақылдарды өсіруге бағытталған мұндай суармалы егіншілік жүйелерінің іздері  Шолақ, Шу-Іле таулары маңында, Талас алқабында да сақталған. Шу өлкесінде табылған қоныстарда үй-жай тұрғызуға балшық кірпішті пайдаланған. Кейінгі жылдары көптеп зерттеле бастаған жаңа қоныстар көне үйсіндердің тұрмыс-тіршілігіне, оның ішінде отырықшы-егіншілік дәстүрлеріне байланысты тың деректер беруде. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бірнеше қоныстардың бір бөлігі сақ дәуірінде пайда болып, үстіңгі қабаты үйсін дәуіріне жатқызылса, қалғандары үйсін дәуіріне жатады. Қоныстардан табылған заттар арасында қыш өндірісіне, егіншілікке байланысты қызықты деректер, мысалы, дәнді дақылдардың сақталып қалған қабық-үгінділеріне дейін бар. Есік пен Талғар қаласының арасында Рахат ауылы маңында орналасқан бір топ қоныстар жақсы сақталған жалдары мен орлары болуына байланысты күшейтілген бекіністер түріне жатқызылды. Археологиялық ескерткіштер деректері көне үйсін тайпалары шаруашылығында малшылық, егіншілік бағыттарының бірге дамығанын, сондай-ақ қыш өндірісінің, металлургияның, тоқымашылықтың, тас, сүйек өңдеудің жоғары дейгейде болғанын көрсетеді. Ескерткіштер нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды қажет ететін мәселелер бар.Үйсін дәуірінің ескерткіштері жайлы ойларын қорытындылай келе, көрнекті ғалым К.Ақышев 1996 ж. арнайы зерттеулер неғұрлым кеңірек жүргізіліп және стратиграф. қабаттарды ажыратуға ерекше көңіл бөліп, Жетісудың Сүмбе, Лепсі, Суяб, Құлан, Батыс Ақтөбе сияқты көптеген ортағасырлық қалаларының астынан үйсін дәуірінің қабаттары ашылуы әбден мүмкін деген аса маңызды пікір айтты.

                                      

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Пайдаланылған әдебиеттер

 

  «Қазақ энциклопедиясы» 9-том

 

  «Қазақстан тарихы» Бес томдық. 1-том

 

  «Қазақ мәдениеті». Энциклопедиялық  анықтамалық. 

 

  Интернет желісі

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Үйсін ескерткіштерінің ерекшеліктері