Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:14, реферат
Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Үйсіндер жайлы жалпы сипаттама
2. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
3. Үңгірқора қорымдары
4. Үйсіндерді зерттеуші
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер