Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 22:43, творческая работа
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кіріспе
Еңбек құқығы
Еңбек құқығы туралы жалпы түсінік
Еңбек шарты
Еңбек шартының ұғымы
Еңбек шартының мазмұны
Еңбек келісімі
Қорытынды
Suleyman Demirel University
CӨЖ
Тақырыбы: Еңбек шарты ұғымы, мазмұны және түрлері
Орындаған: Раев Жангир(Mat3_01)
Тексерген: Адилханова Айжан
Қаскелең – 2014
Жоспары:
Кіріспе
Қорытынды
Кіріспе
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының
конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай
деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі
бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс
жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық
қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен
басқалардан өзгеше келетін белгілі бір
тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін
ашу ең алдымен құқықтың осы саласының
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың
қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың
нарықтық нысандарының дамуы мемелекет
меншігінде болған кәсіпорын, мекеме,
ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің
дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек
қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты
талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек
ету үрдісінің технологиясын реттемейді,
еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі
әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни
еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің
әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың
еңбек ету барысындағы қатынастары болып
табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының
пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру,
еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі
мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың
еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан
жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық
қатынастарды құрайды.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының
негізгі институттарының қатарына жатады.
Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын,
қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын,
еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге
алынатын құқықтар мен бостандықтарды
жариялайтын Қазақстан Республикасының
Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы
ол еңбек қатынастарының пайда болуына
ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына
да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының
ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған.
Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан
Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы
еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан
Республикасындағы еңбек бостандығына
конституциялық құқығын іске асыру барысында
туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.)
ресми басылымнан алынған. Бұл заңда жеке
еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда
қарастырылған.
1.1Еңбек құқығы. Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі, қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді. Еңбек құқығы – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы. Еңбек қатынастары саласындағы құзіретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілереңбек құқығының көздері болып табылады. Еңбек құқығының арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Еңбек құқығының әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Еңбек құқығының ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың еңбек құқығының жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар.
Енбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі және мәні.«Қағида» сөзінің өзі латын тіліндегі «principium» сөзінен туындаған және оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылай, «қағида» түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесінде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды және осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары - бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары - бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы коғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Еңбек құқығының қағидалары заңнамадан көрініс табады және заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, осы қасиет бұл қағидалардың құқықтық қағида деп аталуына негіз болады. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында және осы құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде бекітілген. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабының 1 - тармағында республика кызметінің негіздемелік қағидалары, ал 2-бөлімде еңбек бостандығы қағидасы бекітілген.
2.1 Еңбек шарты ұғымы. Еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының бірі болып табылады. Еңбек шарты – бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіп темесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясына сәйкес жұмыс беруге, заңнамалық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерг еуақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек құқығы ғылымы жалпы еңбек шарты деген түсінікті өзара байланысты үш түрлі мағынада қарастырады, біріншіден, еңбек шарты дегеніміз – азаматтардың еңбек ету құқықығын жүзеге асыру жолы болып табылады, екіншіден, еңбек шарты – еңбек құқықытық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады, үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.
Азаматтардың еңбек
ету құқығын жүзеге асырудың
ең негізгі формасына жеке
еңбек шартын жасасу жатады, өйткені
тек жеке еңбек шартын жсасасу
арқылы ғана жұмысшы ұйымның
еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек
шартын жасасқан күннен бастап
жұмысшыға барлық еңбек
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Мысалы, басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруін, ал еңбек шартының тоқтатылуы еңбек қатынастарының жойылуына көрсетеді.
2.2 Еңбек шарты мазмұны. Еңбек шартының мазмұны — еңбек нарығында оның тараптарының – қызметкер мен жұмыс берушінің екі жақты келісіміне байланысты құрылады. Еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жөніндегі талаптрды топқа бөлуге болады: міндетті болатын талаптар және тараптардың келісімі бойыша еңбек шартына ҚР-ның заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Еңбек шартының міндетті талаптарына шарттың мазмұнын құрайтын Еңбек кодексінде белгіленген еңбек жағдайлары жатады. Мысалы, тараптардың деректемелері; белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы;қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; және т.б [2]
Кей жағдайларда еңбек шартында қызметкердің жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап қойылуы мүмкін. Сынақ мерзімінің ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Жұмысқа қабыладану кезінде конкурс бойынша тиісті лауазымға қабылданатын адамдарға, мүгедектерге, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кірген адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді.
Еңбек кодексінің 28 бабы бойынша еңбек шартының мазмұны:
1. Еңбек шартында:
1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекенжайы және тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын жерінің мекенжайы және тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды;
2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
1-1. Тараптардың деректемелері өзгерген кезде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.
2. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
3. Еңбек келісімі. Еңбек келісім шарттың екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп отыру мақсатында жасалатын құжаттың түрі. Шарт мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың арасында, сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер шарт жеке адам мен мекеме арасында жасалса, онда шарттың мұндай түрін еңбек келісімі дейді.
Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам арасында жасалатын шарт.
Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін жасауға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты сол мекеменің адамымен де келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер өзінің негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін жұмыстарды істеуге тиісті.
Келісім түрі
Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себеі көрсетіледі. Мысалы, “Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шетеулі мерзімге жасалады”.
Келісім мерзімі
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі.
Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 вариантта да көретіледі. Мысалы,”Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жылдың жиырмаснышы мамырында күшіне енеді”. “Келісім 2001 жылдың 20 мамырында екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды”.
Сынау мерзімі
Егер жұмысшы сынау мерзімінен қабылданатын болса, онда оның мерзімі
көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күнді қоса есептегенде 1 айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күнмен де аптамен де көрсетіле беоеді. Мысалы, “Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленеді”.
Жұмысшының міндеттері
Мұнда жұмысшынің кәсіби міндеттері айтылады. Ол қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көресетіледі. Мысалы,
“Жұмысшы