Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 22:43, творческая работа
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кіріспе
Еңбек құқығы
Еңбек құқығы туралы жалпы түсінік
Еңбек шарты
Еңбек шартының ұғымы
Еңбек шартының мазмұны
Еңбек келісімі
Қорытынды
Жұмыс беруші міндеттері
Бұл бөлікте жұмысшыеы қалыпты еңбе жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттері айтылады. Мысалы, “Әкімшілік Қазақстан Республикасың Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Пенсиямен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі”
Жұмысшының еңбек құқығы қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқығын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру . еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық транспортта берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету т.б. Мысалы, “Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы онда көһрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда оның еңбек құқын қорғау мақсатында жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосыфмша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді:
а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерд толық пайдалануға;
ә) Жеке тұрғын үй құрлысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға;”
Еңбек пен демалыс тәртібі
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы, “Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асыралады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін”.
Демалыс алу тәртібі
Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысың ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы,
“Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күн мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анытайды. Жұмысшының қалауына қарай бұл демалыс екі бөлікке бөлініп те беріледі мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы күнінде 5 жұмыс күнінен тұрады.
Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі.”
Еңбек кодексі бойынша жұмыс ұзақтығы мен тынығу түрлері
82-бап. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
1. Бес күндік жұмыс
аптасы кезінде күнделікті
2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті
жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан,
апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан
және апталық норма 24 сағат болғанда 4
сағаттан аспауға тиіс.
3. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)
ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс
ауысымының) басталу және аяқталу уақыты,
жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығы сақтала отырып,
ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен,
еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының
шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметкерлері,
спортшылар, жаттықтырушылар үшін Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс
берушінің актілеріне, ұжымдық шартқа
немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті
жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы
белгіленуі мүмкін.
92-бап. Тынығу уақытының түрлері
Тынығу уақытының
түрлері:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі
үзілістер - тынығуға және тамақтануға
арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы
үзілістер;
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз
тынығу);
4) мереке күндері;
5) демалыстар болып табылады.
93-бап. Тынығуға
және тамақтануға арналған
1. Қызметкерге күнделікті
жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға
және тамақтануға арналған
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, тынығуға және
тамақтануға арналған үзіліс күнделікті
жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде
үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан
кешіктірілмей белгіленуге тиіс.
3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті
жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының
икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға
және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті
жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде
төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі
мүмкін.
4. Тынығуға және тамақтануға арналған
үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек
тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында,
ұжымдық шартта белгіленеді.
5. Тынығуға және тамақтануға арналған
үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды.
Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру
мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші
қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы
жабдықталған орында тынығу және тамақтану
мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың
және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық
шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер
өкілдерімен келісе отырып шығарылған
актілерінде белгіленеді.
96-бап. Демалыс күндері
1. Қызметкерлерге апта
сайын демалыс күндері
2. Бес күндік жұмыс
аптасында қызметкерлерге
3. Бес күндік және
алты күндік жұмыс аптасында
жексенбі жалпы демалыс күні
болып табылады. Бес күндік жұмыс
аптасындағы екінші демалыс
4. Мұсылман күнтізбесі
бойынша атап өтілетін Құрбан
айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік
Рождество демалыс күндері
5. Үздіксіз өндірістерде
немесе өндірістік-техникалық
6. Іссапарда жүрген
қызметкер демалыс күндерін
100-бап. Демалыс түрлері
1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар беріледі.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысының мынадай түрлері
беріледі:
1) жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек
демалысы;
2) ақы төленетін жыл сайынғы қосымша
еңбек демалысы.
3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.
111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының
келісімі бойынша қызметкердің өтініші
негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс
берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы
қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелген;
2) бала туылған;
3) жақын туыстары қайтыс болған;
4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген
өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің
жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік
бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс
беруге міндетті.
1. Жүкті әйелдерге,
баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа
туған баланы (балаларды) асырап алған
әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына
байланысты мынадай демалыстар:
1) жүктілікке және босануға
байланысты демалыс;
2) жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алған қызметкерлерге демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейін
оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын
демалыс беріледі.
2. Баланы (балаларды) тууға,
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға
байланысты демалыстар беру осы Кодекстің
192 - 195-баптарында көзделген шарттармен
жүзеге асырылады.
Қорытынды
Заң адам өмірінде қоғамдық қатынастарда да кез – келген жерде үлкен рөл атқарады. Оның ішінде еңбек шарты маңызды орында. Қазіргі таңда кез – келген жұмысқа тұрған кезде еңбек келісім шартын жасасады. Көбінесе, жұмыскерлердің құқықтары заң білмегендіктен бұзылып жатады. Ал жұмыскерлер құқығының бұзылғанын байқамай да жатады. Сол себепті, кез-келген адам өзінің құқықтарын білуі тиіс. Келісім – шартқа отырғанда өзінің міндеттерімен қоса құқықтарын да білсе, пайдасына басқа зияны жоқ.