Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 11:32, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.............................................................6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері.............................................6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы................................................................7
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру бағыттары.....................................................................................................................9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ОПАСЫЗДЫҚ.....................................................................................12
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы............................................................................................................................12
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы............................................................................................................................14
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік.....................................15
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...............................................................24
ҚОСЫМША...............................................................................................................26
Мемлекеттік құпияларды жатқа беру әр түрлі тәсілдермен — ауызша, жазбаша, схема түрінде, әр түрлі өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік құпияларды жатқа бергенде кінәлы адам қызметі немесе жұмысына байланысты өзі білетін мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа береді.
Ал шпиондықта мұндай мәліметтерді кінәлы адам жинайды, ұрлайды. Міне осы белгі бойынша бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (шпиондық жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа беруден басқа) мына іс-әрекеттерді істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен, азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық қатынастардағы оның беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау; республикаға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала жабу; мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын әр түрлі ұйымдарды құру, нәсілдік, ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты өрістету; Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттермен қырғи қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әр түрлі іс-әрекеттер жасау.
2.2 Мемлекеттік
опасыздық қылмысының
Мемлекеттік опасыздық субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әр түрлі көрініс алады, бірақта ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Сонымен мемлекеттік опасыздықтың субективтік жағы тек ғана тікелей ниетпен сипатталады.
Опасыздық әрекеттердің себебі мейлінше әрқилы болуы мүмкін: саяси, пайдакүнемдік және басқалар. Олардың мазмұны қылмысты саралау үшін онша қажет емес, бірақ ол жаза тағайындау кезінде ескеріледі.
Қылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының жасы 16-ға толған азаматы ғана танылады. Мемлекеттік құпияларды жатқа беру де опасыздық сияқты арнайы субъектілер болады. Олар – өздерінің істейтін қызметіне байланысты мемлекеттік құпияларды білетін, солардан хабары бар адамдар [7, 250б.].
Бұл субъектілер мемлекетке сатқындық жасаушы тұлғалар ретінде танылады. Себебі олар құпия мәліметтерді біле тұра, сақтай тұра өз мүдделері үшін падаланады. Бұл сату немесе жария ету сияқты әрекеттерден көрінеді. Осы әрекеттер арқылы өзіне пайда түсіргенімен мемлекетке залал келтіреді.
Қылмыстық кодекстің 165-бабының ескертуіне сәйкес мемлекеттік опасыздықты, сондай-ақ шпиондықты немесе өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру қылмыстарын жасаған адам, егер ол мемлекеттік органдарға ерікті және дер кезінде хабарлаумен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға жәрдемдессе және оның іс-әрекеттерінде өзге кылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР ҚК 165-бабы бойынша сараланушы мән-жайлар ретінде соғы уақытындағы немесе ұрыс жағдайының ауыр кезіндегі мемлекеттік опасыздық жасау қарастырылған.
Соғыс уақыты – соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейігі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең [8, 3б.].
Сонымен біз осы ұғымда соғыс уақытының не екенін аңғардық. Соғыс уақыты көбінесе ұғымда айтылғандай, соғыс жүріп жатқанда, яғни, басталғанда, тоқталғанға дейінгі кезеңді атауға болады.
Ұрыс жағдайы – бұл әскери бөлімдердің дұшпандарымен бетпе-бет жанасқан кезі [9].
Ұрыс жағдай деп ұғымда көрсетілгендей, бұл көбінесе мемлекет, ұлт арасындағы жан-жал, азаматтық қақтығыстарда анықталады. Бұл көбінесе келіспеушіліктердің салдарынан туындайтын қатынастар.
Халықаралық лаңкестік ұйымының құрамына кірген Шаюсупов пен Сұлтанғазиевтің жасаған әрекеттерін мына мысалдан қарайтын болсақ: «Тараз қаласының тұрғындары Ділмұрат Шаюсупов пен Ринат Сұлтанғазиев үстіміздегі жылы, “Әл-Қаида” халықаралық лаңкестік ұйымының өкілдерімен байланыс жасап, Отанын сатқан деп айыпталған. Олардың үстінен болған сот наурыз айында жұртшылықтан жабық жағдайда өткен еді. Жамбыл облыстық сотының үкімінде айыпталушылар лаңкестік ұйымға қатысы бар Араб әмірліктерінің азаматтары болып табылатын жандардан бейнекамера, автокөлік және 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алған делінген» [10].
Осындай лаңкестік ұймыға мүше болып кіріп, қылымыс субъектісі болып отыр. Қылмыс жасаушының ішінде орындаушы болып табылатын осы екі тұлға болып танылады. Жалпы орындаушы дегеніміз – қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам саналады [11, 122б.].
Осы қылымыстың істелу сипатына қарай бұл қылмыс тікелей ниетпен, яғни, пайда табу мақсатында жасалған әрекет. Себебі, Шаюсов пен Сұлтанғазиев осы лаңкестік ұйымның құрамына кіре отырып, өздеріне керек заттарды алған. Ол заттарды олар өз ниетіне байланысты қолданды.
Сонымен бірге олар затардың ішінде автокөліктің болуы ол өте жақсы. Оның үстіне қоса 10 мың АҚШ доллары болуы, біздің теңгемен сайып келгенде ол жуықтап алғанда 1,5 млн. теңгеге сай келіп отыр [12, 186б.].
Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ онда біз сол кезде қолданылған жазалардың өте сұрапыл екенін аңғарамыз. Мысалы қылмыскер жасаған қылмысы үшін бірден өлім жазасын кесілген екен. Немесе кінәлі адамды тік тұрған ашаға байлап, басына түйенің төс бауырынан алынған теріні басына кигізіп, күннің шыжғырған ыстығына қалдырған. Сондай қатал жазалардан жұрт баласы қорқып қымыс істеуге бел бумаған. Керісінше одан аулақ болып жүруге тырысқан [13, 124б.].
Қазіргі тандағы жазалар, ата заманымыздағыдай емес жеңілірек. Мысалға, бас бостандығынан айыру, өлім жазасынан гөрі бір сыпыра жеңілірек болып табылады. [14, 40б.].
Сонымен қоса қазіргі заңдармен бұрынғы заңдардың ұқсастығы ол мысалы мүлікті тәркілеу, айппұл салу сияқты жазалар.
Қазақстан Республикасының Қылымыстық кодексінде әрбір азамат жасаған қылымысына сай жазалар қарасытырылған. Солардың бірі мемлекеттік опасыздық жасаған қылмыскерлерге, өздерінің жасаған әрекеттерінің ауырлығына немесе жеңілдететін мән-жайларға байланысты жазалар тағайындалады [15, 54б.].
Соған тоқаталар болсам ол мемлекеттiк опасыздық, яғни қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет үшін мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады [16, 56б.].
Ал дәл осы әрекеттер ұрыс жағдайында болып, әрекет өзгеше түрде болатын болса, онда ол ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралып, сол үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады [17, 82б.].
Ал енді соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер үшін мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе мүлкi тәркiленiп, өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады [18, 93б.].
Алда айтылып кеткен мысалды қарастырар болсам: «шетелдік Ч. деген азамат Қазақстан Республикасының аумағында 1 жыл бойы кәсіпкерлік қызметті бүркеніп, мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін мәліметтерді жинап, заңға қарсы барлау қызметімен айналысқан. Мемлекеттік құпия саналатын мәліметтерді жинауды, сақтауды және беруді жеңілдету үшін ол бұрынғы танысы Т. деген қазақстандық азаматқа барып, екеуі алдын ала сөз байласып, мемлекеттік құпияларды алып, ол мәліметтерді белгілі бір шет елдің арнай қызметіне беру әдістері мен шарттарын өзара келіседі. Нәтижесінде екеуін алдын ала белгіленген әскери қызметшіден құпия құжаттарды алып жатқан жерінен ҰҚК қызметкерлері қолға түсірді [19, 56б.].
Осындай әрекетімен ол қылымыс жасап, мемлекетке ауыр түрде зарлап шеккізіп отыр. Ал енді оның жасаған әректтеріне берілген мына жазалар ҚРҚК бабы бойынша оларға жаза қолданылған. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери сотының үкімімен азамат Ч. кінәлі деп танылып, тыңшылық әрекеті үшін дүние-мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылса, отандасымыз азамат Т. мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды» [20, 87б.].
Тағы да жасаған қылымысы үшін қолданылған жазаларға назар аударсақ: Павлодар қаласындағы Мәшһүр-Жүсіп мешітінің аумағында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының екі мүшесі қазақ және араб тілдерінде діни араздық, алауыздыққа шақыратын идеялар жазылған үнпарақтарды таратып жүрген жерінде ұсталып, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын [21, 52б.]
Өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне сәйкес, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337, 164-баптарының 2-тармақтарына сәйкес, Павлодар қалалық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, бас бостандықтарынан айырылды.
Осындай жазалардың қолданылу арқасында азаматтар өмір сүруінің мәнін түсінуіне орасан зор әсерін тигізері сөзсіз [22, 122б. ].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай кез келген қылмыс туралы хабарламалар бойынша шешім қабылдар алдында осы хабарламада қылмыс белгілерінің бар жоқтығы анықталуға жататындағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабында бекітілген, яғни қылмыстық іс қозғау үшін негіз болып хабарламада қылмыс белгілерінің болуы. Осы қылмыс белгілерінің болуын нақтылауда онда нақты қай қылмыстың белгілері барлығы анықталуға жатады. Сондықтан, кез келген қылмыс туралы хабарламаға шешім қабылдамас бұрын бірінші кезекте қылмыстың сипаттамасын меңгеру талап етіленді [23, 14б. ].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының талабына сай бөтен мүлікті жасырын ұрлауда ол қылмыстың қасақана екендігін ескере келе қылмыс сатысының қай сатысының орын алғандығын анықтау міндетті деп санаймыз. Себебі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының талабына сай қасақана қылмысқа дайындалу немесе оқталу бойынша қылмыстық жауаптылық барлық жағдайда орын алмайды. Атап айтар болсақ, заң талабына сай қасақана қылмысқа дайындалу деп тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген жағдай танылады. Қасақана қылмысқа дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық тек қана ауыр немесе ерекше ауыр қылмысар бойынша басталады [24, 82б.].
Қылмысқа қатысушыларды анықтауда қылмысқа қатысушылар мен қылмысқа жанама қатысушылардан ажырата білген жөн. Айтайын дегеніміз, қылмысқа қатысушылардың бірі ретінде саналатын қылмысқа көмектесуші болып кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам танылады. Осы қылмысқа көмектесуші мен қылмысқа жанама қатысушы ретінде танылатын қылмысты жасыру мен қылмыс туралы хабарламаудың ара жігін ажырататын болсақ. Айрмашылығы қылмысқа көмектесуші күні бұрын уәде бергендігімен белгіленсе, қылмысқа жанама қатысушылар болып саналатын қылмысты жасыру мен қылмыс туралы хабарламау күні бұрын уәде берместен жасалады [25.71]. Қылмысты жасыру мен қылмыс туралы хабарламау қылмыс орын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылса, көмектесуші көмектесу туралы уәдесі қылмыс жасағанға дейін беріледі [26, 12б.]
Жалғасатын қылмыстан бірнеше мәрте жасалған қылмыстарды ажырату кезінде кінәлі адам пиғылының бағыттылығы шешуші маңызға ие. Жалғасатын кезінде кінәлі адам алдын ала белгіленген мақсатқа қол жеткізе отырып, бөтеннің мүлкін белгілі бір көзден бірнеше мәрте алып қою жолымен бірыңғай пиғылды іске асырады, ол жиынтығында бір қылмысты құрайды [27, 84б.]. Д.К. Ахметова қылмыстың субъективтік жағындағы мәселелерге кеңінен тоқта отырып, ол: «Тек қана сезікті мен айыпталушы ғана қылмыс құрамының субъективтік жағын құрайтын мән жайларды яғни қылмысқа деген психикалық қатынасын, ниеті мен мақсаты жайлы мән жайларды тек қана олар айта алады.» деген пікірін ортаға салады [28, 30б. ]. Ш.Е. Амитов «Қылмыскерді жауаптылықтан бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер органдарымен қолданылып жатқан шаралар әзірше кәсіби деңгейде көңіл толтырарлықтай емес [29, 42б.]. Қылмыс жасаған әрбір екінші қылмыскер анықталмаған немесе кінәлілер оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен. Қылмыскерлердің анықталуы және қылмыстың төменгі дәрежеде ашылу себебінің бірі, криминалистикалық тіркеу саласында қалыптасқан кешенді проблемалар болып табылады. Себебі, қылмыстарды ашуды және тергеуді ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуде, криминалистикалық есептерде жинақталған мәліметтерді дұрыс қолдану және тиімді ұйымдастыру маңызды рөл атқарады» - деп өз ойын ортаға сала келе қылмыстармен күресте криминалистикалық ақпараттың толық пайдаланылмауы өз кедергісін тигізуде дегенді білдіріп отыр [30, 65б.]. Н. К. Бекбулатова қылмыстық іс қозғау, оның барысында қылмыстық ізге түсуді бастауға негіз бен себептердің барлығы анықталатын, қылмыстық іс қозғау туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешім қабылданатын қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы болып танылатындығын атап өтеді [31, 13б.].
Информация о работе Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы