Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 11:32, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.............................................................6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері.............................................6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы................................................................7
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру бағыттары.....................................................................................................................9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ОПАСЫЗДЫҚ.....................................................................................12
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы............................................................................................................................12
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы............................................................................................................................14
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік.....................................15
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...............................................................24
ҚОСЫМША...............................................................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая1.doc

— 214.50 Кб (Скачать файл)

Сонда да болса, қылмыстық қозғау барысында қылмыс белгілерінің бар болуын талап ететін пікірлерде кездеседі. Атап айтар болсақ, В.Н. Жогин, Ф.Н. Фаткулин қылмыстық іс қозғауға жататын фактіде нақты бір қылмыс құрамының белгілері қамтылуы тиіс деген көз қарастарын нақтылайды [32, 12б.]. Біз В.Н. Жогин, Ф.Н. Фаткулиннің пікірлерімен толығымен келісеміз дегіміз келеді. Себебі, қандай да болмасын қылмыстық іс қозғауда арыздар мен хабарламаларда немесе осы себептер бойынша жинақталған құжаттарда қандайда болмасын қылмыстың белгілері болуы шарт [33, 4б.]. С.Ж. Осапнов қылмыстық іс қозғау туралы ойларын айта отырып келесідей көз қарасын білдіреді: «Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу – алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау сатысындағы маңызды іс жүргізуге міндетті» [34, 14б.]. С.Ж. Оспанов атап отырғандай қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың міндеті болып табылады. Сондықтан, уәкілетті органдар мен лауазымда адамдар қылмыстық іс қозғаудың себептері ретінде аталатын арыздар мен хабарламаларды қандай да бір шешім қабылдау мақсатында оны жан-жақты тексерулерді қажет етеді. Қандай да бір шешім қабылданар алдында олар қандай да бір мән-жайларға негізделуі тиіс. Осыған байланысты арыздар мен хабарламалар бойынша жинақталған құжаттарда қылмыстық іс қозғауға негіз болған жағдайда қылмыстық іс қозғалады, егер негіз болмаған жағдайда қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады, ал, қылмыс тергеу реттілігімен немесе соттылығы бойынша жолдануды қажет етсе ол тиісті органға жолдануға жатады [35, 17б.]. Егер тиісті тергеу реттілігімен жолдануға жататын арыздар мен хабарламалар бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдадйда олар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу әрекеттері жүргізілген соң тергеу реттілігі бойынша жолдануға жатуы қажет. Ал, соттылығы бойынша жолдануға тиіс арыздар мен хабарламалар қылмыстық іс қозғалмай тиісті сотқа жолдануы тиіс. Егер басқа да қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу немесе анықтау барысында соттың құзырындағы қылмыстық іске жатқызылса қылмыстық іс соттылығы бойынша сотқа жолдануға жатуы тиіс болып саналады [36, 91б.].

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев  прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы 3110 заңсыз қаулысының, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы 189 заңсыз қаулысының күшін жойған. Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөмелерінен 1311 адам босатылды. Бұл ретте прокурорлар азаптау бойынша 62 қылмыстық іс қозғаған» деген ақпаратты өзі төрағалық еткен, Бас прокуратураның алқа мәжілісінде баяндаған болатын [37, 43б.]. Р.Х. Якупов себеп ретінде арыздар мен хабарламлардың өзі емес, оның өкілетті органдармен (түсуі, қабылдануы, анықталуы) қабылдап алынуы танылатындығы жөніндегі пікірін білдіреді [38, 51б.]. Біз Р.Х. Якуповтың пікірінен қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар тиісті уәкілетті органдармен немесе лауазымды адамдармен қабылдануын тану қажеттілігін анықтаймыз Шын мәнісінде арыздар мен хабарламалар жолдануы мүмкін бірақ олар тиісті уәкілетті органдармен лауазымды адамдарға түспеуі де мүмкін, сондықтан оларды тек уәкілетті органдарға немесе лауазымды адамдарға келіп түскеннен, қабылдағанынан, анықтағанынан бастап қарастыруымыз қажет.

Б. Жаманбаев қылмыстан зардап шеккен тұлғаның құқығы мен заңды мүдделері уәкілетті органдармен қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алғаннан бастап қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты қылмыс туралы ақпаратты уақытылы тексеру және тіркеудің толықтығы бойынша қызметтің маңыздылығының жоғарылығын атап өтеді [39, 18б.].

В.Н. Григорьев, А.В. Победкин, В.Н. Яшин қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастардың жүйесін тудыратын қылмыстық іс жүргізу әрекеттері кең көлемде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. В.Н. Григорьев, А.В. Победкин, В.Н. Яшиндердің атап отырғандығы қылмыстық іс қозғау сатысында арыздар мен хабарламалар бойынша қандай да бір заңды шешім қабылдау үшін жоғарыда аталған уақыттан басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай қылмыстық іс қозғалғанға дейінгі жүргізілуге рұқсат етілген тергеу әрекеттеріне тексеру жүргізу, сараптама тағайындау, алу, куәландыру, үлгілерді алу жатқызылған. Бұл тергеу әрекеттері алдағы уақытта көбейе беруі де мүмкін. Осыған байланысты, қылмыстық іс қозғау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту, тергеу реттілігімен немесе соттылығы бойынша жолдау шешімдерін қабылдар алдында уәкілетті органдар мен лауазымды адамдарға бар мүмкіндік қарастырылуда. Сонда да болса, заңсыз қылмыстық іс қозғау азаймай отырғандығы тек қана еліміздің Бас Прокурорын ғана емес барлығымызды алаңдатады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Mен өзімнің алған тақырыбым бойынша қорыта кетерім, осы мемлекетке опасыздық жасау мәселесін қарастыра келе, азаматтардың білместен кез келеген заңсыз ұйымдарға кіруі, оның мүшесі бола жүре өз мемлекетіне сатқындықты қалай жасағанын аңғармауының себебінен болған қылмыстық әрекеттер жиі кездесетінін байқадым. Солардың құрбаны, яғни, зардап шегушісі жұмыссыз жүрген азаматтар жиі ұшырасатынын да байқадым. Олар үлкен ақшаға қолды боламыз деп өз бастарын өздері бәйгеге тігеді.Осындай жәйттардын әсерінен мемлекетіміздін тыныштығы бұзылады.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін  мемлекеттін ішкі және де сыртқы қауіпсіздігі берік болуы қажет деп ойлаймын.   Қорыта келе, мемлекеттік опасыздықтың республикамыздың егемендігімен сыртқы қауіпсіздігіне келтіретін зиянының нақты қауіптілігін, және осы қылмыс түрімен күресудің басты негіздері ашылып көрсетілді.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа үғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.

Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:

Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсізлігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпиондық (166-бап).

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау. (167-бап); өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-бап); қарулы бүлік (169-бап).

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе бұзуға шақыру (170-бап).

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-бап).

Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-бап); мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту (173-бап).

Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарап, шешім қабылдайтын уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық іс қозғау шешімдерінің заңды немесе заңсыз екендігін анықтаудағы жасалған шолуларға баға бере отырып, қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар бойынша қылмыстық іс қозғауға уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар қандайда бір қылмыс белгілерін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 37-бабында қарастырылған іс жүргізуді болдырмайтын жағдайлардың бар жоқтығын анықтау мүмкіндігі қарастырылған мерзім ішінде болмаған жағдайда да қылмыстық іс қозғауға міндетті болып саналуы тиіс. Себебі, қылмыстық іс жүргізудің міндеттері болып саналатын қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауын жүзеге асыруда қылмыстық іс қозғаудың қажеттілігі мол.

Жеке айыптау қылмыстық істері жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен, сотталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға тиiс. Ал, жеке-жариялы айыптау iстер жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң айыпталушымен, сотталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға жататындығы белгіленген. Бұл жердегі жеке жариялы айыптау қылмыстық істерінің тек қана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында қарастырылған татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізінде ғана қылмыстық ізге түсудің қысқартылуға жататындығы сұрақ ретінде қалыптасып, басқаша пікірлер қалыптастырады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі қылмыстық ізге түсуді қысқартатын татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудан басқа да шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату, жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату және кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері қарастырылмаған. Осы аталған мәселе Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасында да орын алып отыр. Жобаның «Жеке, жеке-жариялы және жариялы қудалау мен айыптау iстерi» деп аталатын 32-бабында келесідей көрсетілген «...Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 69-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң айыпталушымен, сотталушымен бiтiмге келуіне орай қысқартылады». Қазіргі еліміздің статистикалық есептеріне және бұқарылық ақпарат құралыдарындағы декертерге сүйенер болсақ еліміздің құқықтық саясатындағы басты бағыттардың бірі болып саналатын адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қамтамасыз етілуіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде қылмыстық ізге түсу органдарымен жүзеге асырылатын қылмыстарды тергеу барысында еліміздің негізгі байлығы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілмеуі кездесетіндігі барлығымызды алаңдатады. Осыған байланысты қылмыстарды тергеу кезінде, яғни алдын ала тергеу немесе анықтау барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бірінші кезекте тұру керектігіне мән берілмейтіндігін сезінеміз.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып мемлекеттік опасыздықтың республикамыздың егемендігімен сыртықы қауіпсіздігіне келтіретін зиянының нақты қауіптілігін, және осы қылмыс түрімен күресудің басты негіздерін ашып  көрсету табылады. Ал осы жұмысты орындау барысында мен мемлекеттік опасыдықың алдын алу шараларын қарастырдым. Егер, жоғарыда көрсетілген талаптармен міндеттер толық көлемде орындалса, онда  осы қылмыс түрін толық көледе жоюға болады деп есептеймін.  
        ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөлімдер. – Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 808 бет.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2008. – 144б. (2011.01.18-дағы өзгерістер мен толықтырулар).
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана: Елорда, 2008. – 56б.
  4. «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы (2007.07.27 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
  5. Қарағанды облысы 20.04.2011 ж. //http://tv7.kz/kz/news/group_ 68/42078/
  6. «Қылмыстық құқық» (ерекше бөлім) пәнінен студенттерге арналған СИЛЛАБУС. //agu.kz/lib/nurlin_kulm.pdf?coun=285/
  7. И. Ш. Борчашвили, Г. К. Рахимжанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім: Дәрістер баяны: – Алматы, 2007. – 952б.
  8. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы  (2008.05.26 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
  9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Әскери қылмыстар. Себептер мен алдын алу. – Алматы, 1998. 35-бет.
  10. “Әл-Қайдамен байланысып, мемлекетке опасыздық жасады” 29.07.2005ж. Дәнеш ҰЗАҚ //http://www.azattyq.org/content/article/1159921.html/
  11. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына түсіндірме. Жалпы және ерекше бөлімдер. И. Ш. Борчашвили. - Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 992 с.
  12. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. И.И.Рогова, к.ю.н., проф. С.М.Рахметова. -Алматы: Жеті жарғы, 2003.-792 с.
  13. Қылмыстық құқық:  Оқулық/  А.Ғ.Ағыбаева, Г.И.Баймурзина.-Алматы: Қазақ университеті, 2003.- 493 б.
  14. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім сызба түрінде. Емтихандарға дайындалу құралы./ Е.В.Платонова.-М.: Приор-баспасы, 2005.-320 б.
  15. Жолымбаев М.К., Абрашит А.А. Қазақстанның қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім: Сызбалар бөлімі. Т.1.-Алматы: Дәнекер, 2001.-246 б.
  16. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім: Оқулық/ И.Ш.Борчашвили және С.М. Борчашвили. 2 бөлімде. 1 бөлім.-Алматы: Дәнекер, 1999.- 426 б.
  17. Карбеков К.С. Қазақстанның қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім: Сызбалар бөлімі. Т.2.-Алматы: Дәнекер, 2001.-264 б.
  18. Гаухман Л.Д. Қылмыстардың саралануы: заң, теория, практика.-3-шығарылым, қайта жасалған және толықтандырылған.-М.: АҚ Орталық ЮрИнфоР, 2003.-448 б.
  19. Сергиевский В., Рахметов С. Қылмыстардың саралануы: оқу және қолдану құралы.-Алматы: Өркениет, 1999.-106 б.
  20. Ахметов Б. И. Сұрақ-жауап түріндегі қылмыстық құқық. - Алматы, 2001.-114б.
  21.     Молдабаев С. С., Рахметов С. М. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі. - Алматы: Дәнекер, 2001.
  22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. Альбом үлгі. Бапанов Т.Ә, Алматы: «Дәнекер» институты. – 2000. 109-110б.
  23. Дулатбеков Н. О. Қылмыс және жауаптылық (қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі бойынша қызықтырарлық практика). - Карағанды: Болашақ-Баспа, 1999.
  24. Қазақстан Республикасының ІІМ-нің ай сайынғы «)аза0станды0 полиция» журналы. –Алматы. 2005.
  25. Зубкова В. И. Қылмыстық жауаптылық және оның қоғамдағы ролі: теория және практика. – М.: Норма, 2002.
  26. Кистяковский А. Ф. Өлім жазасы туралы зерттеу.-Тула: Автограф, 2000.
  27. Қылмыстық құқық бойынша озат рефераттар. Құраушысы А. Б. Брень. «Рефераттар банкі» сериясы. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2001.
  28. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінің жинағы. – Алматы, 2003.
  29. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөліміне қатысты есептер жинағы.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.-136 б.
  30. С.М. Борчашвили «ҚР қылмыстық құқығы». Ерекше бөлім. –Алматы: Дәнекер,2000. -343-418б. 
  31. “ Коментарии к уголовному кодексу РК “ к 1999г 285-340 стр.
  32. Заң газеті №18 саны 1999 ж. Ағыбаев А.И. « Мемлекеттің коментариалық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар».
  33. Ағыбаев А.И. Қылмыстық құқық. «Жеті жарғы» Алматы 2000ж.
  34. ҚР қылмыстық кодексі.- Алматы. 1997ж.
  35. ҚР Заңы 1993ж 13-қаңтардағы «Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы .
  36. Қазақстан Республикасының 1999ж 15-наурыздағы « Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы.
  37. Анашкин Г.З. «Мемлекеттік опасыздық пен шпионаж үшін КСРО-дағы жауаптылық».- Алматы: Луч, 1984.- 210 б.
  38. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы : Альбом үлгі. Ерекше бөлім / Т. Ә. Бапанов. - Ерекше бөлім. - Алматы : Дәнекер, 2000. – 446б.

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

 

Сызба-1 [11, 109 б.].

 

Сызба-2 [11, 110 б.].

 

 


 



Информация о работе Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы