Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 17:37, реферат
1. Аударманы мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастыру.
2.Аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды түсінігін қамту.
Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы
2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени-коммуникативтік эквиваленттілік
ретінде
3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты
3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі-маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды
Аудармашы тек тілмәш, көшірмеші, қарапайым билингв, түпнұсқаның мәтінінен ауытқымайтын кірпияз ділмар, сөздің құлы ма әлде оның ұстасы ма? Түпнұсқаның мәтінін өзгертіп жіберетін сатқын ба әлде жан-жақты білімді интеллектуал, лингвист және этнограф, философ және психолог, тарихшы, жазушы және тіл тапқыры ма? Ол, кез келген оқырман секілді, түпнұсқа мәтінін “өзіндік жолмен” оқудан бас тартпайтын еркін суреткер ме әлде зейінді әрі сезімтал басқатілді екінші автор ма? Аудармашы түпнұсқаны өз заманының адамдары мен өзінің жеке бас мәнеріне қарай қайта жасаушы, “өзгертуші-түзетуші”, сөйтіп, “керемет қателіктердің” негізін салушы ма әлде алдына басқа тілдік мәдениет адамдарын түпнұсқаның мазмұнына толығымен қанық етуді мақсат етіп қоятын төзімді еңбеккер ме? Қойылған сұрақтардың қай-қайсысы болсын біржақты жауабын ала қоймаған ашық сұрақтар.
N-14
Мақсаты :1. Гректерді аудармашылық қызмет туралы мәліметтер беру
2. Ежелгі гректердің тілі, тілдік мәдениеті мен әдебиетінің кемелдігін көрсету.
Ұлы грек өркениеті өз қоғамының аудармашыларға деген қатынасын білдіретін маңызды деректер қалдырмады. Гректерді аудармашылық қызмет қаншалықты қызықтырғанын көрсететін ешбір жазбалар, тіпті айтылған ұлағатты сөздер бізге дейін жете қойған жоқ. Ежелгі гректердің тілі, тілдік мәдениеті мен әдебиетінің кемелдігін ескерсек, алғашқыда бұл жағдай түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, тарихшылардың тұжырымдары бойынша, нақ сол себептен де, яғни тілі мен әдебиетінің жоғары дәрежеде дамуы себебінен де гректер аудармалардан бас тартқан көрінеді. Оны ұлттық тәккәпарлық пен гректердің өзгелерден тыс жаратылысына деген сенім туғызған көрінеді. Басқа тілдерді олар варварлық тіл деп есептеді. Barbaros – варварлық деген грек сөзінің этимологиялық негізінде, гректердің айтуынша, басқа елдердің тұрпайы, анық та әуезді емес, бырылдақ тілдерін дәл келтіретін ономатопея (бр, бр) жатыр.
Аударма тарихына қатысты қолда бар (кітапханаларда деп түсініңіз) әдебиеттердің ұсынар мүмкіншілігіне сай, ежелгі өркениеттердің кейбіреулеріне ғана тоқталып отырмыз. Мүмкін, конфуцийлік-даостық, үнді-буддалық ареалдағы өркениеттер туралы көп айтуға болар еді. Бірақ оған тіл білмеуіміз де, біз білген тілде әлгілердің тәжірибесінің қарастырылмай тыс қалып қойғандығы да кедергі болып тұр. Жоғарыда аталған өркениеттердің аударма тарихындағы орнын бағалауға мүмкіндік беретін аудармаға қатысты кең танымал әдебиеттерде мағлұматтардың болмауы біздің ғылым-білімнің, жалпы алғанда, негізінен еуроорталықтық сарында екендігін тағы бір көрсетіп бергендей.
Ендігі жерде аударманың ел мен елді байланыстырушы сұхбаттылық пәрменіне тоқталатын болсақ, онда мәдениетаралық коммуникация, мәдениеттер сұхбаттастығы терминдері өзара ажыратуды, арақатынастарды саралауды қажет ететіндігін айтуымыз керек. Коммуникация термині бізге орыс тіліндегі әдебиеттерден келгенмен, әуел баста латын тілінен шыққаны белгілі. Қазақ тіліне бұл термин “қатынас” деп аударылады әрі дәл аударылады деп ойлаймын. Қатынастың да түр-түрі болады. Солардың барлығын екі негізгі топқа бөліп қарау мүмкін. Олар: тікелей қатынас, жанама қатынас. Тікелей қатынасты біз “араласу” деген ұғым арқылы да жеткізе аламыз. Ол адамдардың өзара, бөгде біреулерсіз, тікелей, бетпе-бет қатынасқа түсуін білдіреді. Қазақи тілдік санада “аралас-қораласымыз бір”, “араласып жүрген жандар” деген сияқты тұрақты сөз тіркестері содан хабар береді.
Ал қатынастың жанама түрі орталық қосымша буын болуын қажетсінеді, яғни ол ауыз екі тілден өзге қатынас құралдарының қолданылатындығынан хабар жеткізеді. Мысалы, телефон, телеграф, хат-хабар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. Осы орайда бой көтеріп отырған тағы бір мәселе – ақпарат құралдарына сай ақпараттың өзінің де, жеткізілуінің де түбегейлі өзгерістерге ұшырайтындығы. Ол туралы Маршалл Маклюэн өте көп айтып кеткен еді әрі біз сол туралы осы монографияның келесі тарауларында кеңінен тоқталатын боламыз.
Айтып өткеніміздей, “қарым-қатынас” және “коммуникация” ұғымдарын біз синонимдер ретінде қолданып келеміз. Дегенмен, талай зерттеушілер олардың өзіндік ерекшелігін, тепе-тең еместігін айтатындығын бүгіп қалудың да керегі шамалы. Олардың айтуынша, өзара тығыз байланыстылығына қарамастан, “қарым-қатынас” ұғымының “коммуникация” ұғымынан басты ерекшелігі мынадай екен: “қарым-қатынас материалдық, практикалық, рухани, ақпараттық сипаттама болатын болса, коммуникация таза ақпараттық процесті – белгілі бір мағлұмат алмасу процессін білдіреді” [31, 20 б.]. Егер коммуникацияда біз ақпарат алу процесінің бір бағытты жолдануына кез болсақ, қарым-қатынас екі бағытқа да бірдей тиесілі екендігін байқаймыз. Коммуникацияда ақпаратты жіберуші және ақпаратты қабылдаушы бар, ал қарым-қатынаста жіберуші, қабылдаушы, белсенді немесе белсенді емес қатынасушы деген түсінік жоқ. Қарым-қатынас ортақ істің бірлескен тепе-тең мүшелерінен тұрады. Сонымен, олардың түсінуінше, қарым-қатынас ұғымы мағыналық жағынан коммуникация ұғымынан неғұрлым кең көрінеді. Меніңше, осындай көзқарастардың барлығын ескере отырып әрі келесі қарастырар “диалог” ұғымының жоғарыдағыдай түсініктегі “қарым-қатынаспен” астасып жатқандығына иек артып, ұғымдарды тізбектей бергеннен гөрі, тақырыпта берілген екі ұғыммен шектелген жөн сияқты. Оның үстіне, қазіргі таңда мәдениетаралық коммуникация термин ретінде ғана емес, арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасып үлгергендіктен де біздің ұстанымымыз дұрыс деп білемін.
“Диалог” сөзінің шыққан тегі
көне грек тілі. Осында бірден сұхбат,
диалог сөздері ұғымдық мазмұны
бір терминдер ретінде бірін-
Сұхбаттың болмыс бастауын адам баласының табиғатынан іздестіру керек. Адам санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Адам миының жемісі болып табылатын сана – мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек.
Енді коммуникация және диалог арақатынасына тоқтала кетeйік. Диалог пен коммуникацияны тепе-тең деп қарастырмайтын көзқарастар көптеп кездеседі. Диалогты тым тұлғалық, жеке бастың құбылысы ретінде алып, ал коммуникацияны – адам жанының тереңіне тиіспейтін үстірт қарым-қатынас деп, әсіресе, ақпарат алмасумен тәмәмдалу деп қарау да бар.
Диалог коммуникациядан:
1) тепе-теңдік жағдайдағы
2) ол екеуінің де адресант әрі адресат бола алатындығымен (сұрақ-жауап жағдайы диалогқа имплицитті тиесілі шарт екендігін ескерсек);
3) қарым-қатынас жасау
Жоғарыдағы талаптарға сай келетін диалогқа жету оңай тірлік емес. Жалпы, шынайы диалог адамдар, мәдениеттер арасындағы күнделікті коммуникативті практикада сирек кездесетін құбылыс. Диалогта оған қатысушы адамдар, тұлғалар маңызды болса, коммуникацияда – алынатын ақпарат маңызды. Диалогта алынған хабарды адамның түсінуі, санасынан, жан дүниесінен өткізуі бар болса, коммуникацияда ол – міндетті шарт емес. Сондықтан диалог пен түсіну, диалог пен мағына мәселесі бір қатарда орналасқан деуге толық мүмкіндік бар.
ХХІ ғ. мәдениетін
қазіргі қалыптасқан
Диалог философиясын ресейлік, петерборлық философия мeктебінің өкілі М. Бахтиннің көзқарастарымен сабақтас қарастыра аламыз. М. Бахтиннің философиядағы жаңашылдығы оның диалогизм принципін әкелгендігінде емес еді. Бахтиннен бұрын да талай ойшылдар (К. Ясперс, М. Бубер…) философиядағы диалог мәселесін сөз еткен болатын. М. Бахтиннің жаңашылдығы диалогты адам болмысының негізгі қасиеті ретінде қарастыруымен қатар, оны адам белсенділігінің жемісі – мәдениеттің болмыстық принципі деп есептеуінде әрі сол принципті нақты мә%D