Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 13:45, реферат
Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәде¬ни жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық.
І. Үнді мәдениеті
А)Харапа өркениеті
ә)Ведалық тайпалар
в)Кушан дәуірі
ІІ.Буддизм діні пайда болуы
ІІІ.Ежелгі Үндістанның әдеби мұрасы
Қорытынды
Жоспар
І. Үнді мәдениеті
А)Харапа өркениеті
ә)Ведалық тайпалар
в)Кушан дәуірі
ІІ.Буддизм діні пайда болуы
ІІІ.Ежелгі Үндістанның әдеби мұрасы
Қорытынды
Үнді мәдениеті
Үндістан — адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мүраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуга болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік — үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық. Біздің ғасырымыздың
20-шы жылдарын-да гана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеотит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Инд өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б.з.б. ІП-П~мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқын-да болғандығын дәлелдеп отыр. Б.з.б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо-Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дөстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Кене үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады.
Осы орайда, Харапа өркениетті көне Шығыстағы ең ірі мәдени ошақтардың бірі болғандығын атап өтуіміз қажет. Бұл тарихи мәдени орталық батыстан шығысқа қарай 1250 шақырымға созылған кең алқапты алып жатыр. Харапа мәдениеті кезеңіндегі қалалардың салыну мерзімі де, қалыптасып дамуы да әр кезеңдерді қамтиды, сондықтан да бұл кезеңдерді атауда шарттылыққа жол берілген. Харапа мәдениетіне қатысты екі жүзге тарта байырғы қоныстардың табылуы — бұл мәдениеттің арнасының кең екендігін көрсетеді.
Шындығына жүгінетін болсақ, үнді археологтары Р.Сахни мен Р. Д Банерджиждің Инд алқабынан көне өркениет орталығын ашуы — үнді халқының тарихына ғана емес, сонымен бірге оның мәдениетіне деген көзқарастарды мүлдем өзгертіп жібереді. Үнді халқы басқа халықтардан жырақ тұргандықтан, олардың өзіндік мәдениеті болмаған, даму дәрежесі жағынан Мессопотамия сияқты көне Шығыс елдерінен әлдеқайда артта қалған, тіпті Үндістанның тарихқа дейінгі кезеңі тым жабайы болған деген сияқты жалған болжамдардың шыңдыққа мүлде жанаспайтындығы дәлелденді Харапа өркениеті құлдырауға ұшырап, Инд одан кейін Ганг аңғарларына өздерін арийлер деп атаған тайпалардың қоныс аударып келулеріне байланысты үнді мәдениетінің тарихында жаңа кезең басталды. Осы бір тарихи процестің нәтижесінде үнді-арийлік және жергілікті тайпалардың мәдени жетістіктерін өз бойына сіңірген жаңа мәдениетгің іргетасы қалана бастады. Өкінішке орай, бұл мәдениетгің алғашқы кезендері жайында (б.з.б. екі мыңжылдық пен бір мыңжылдықтың ортасы) мәдени ескерткіштердің жоқтығына байланысты нақты пікір айтуға мүмкіндігіміз жоқ. Дегенмен, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтағы кейбір өдеби деректерде, әсіресе, алғашқы төрт Ведаларда (арийлердің қасиетгі кітабы) үнді — арийліктердің материалдық жәие рухани мөдениеттері жөніндегі деректер ара-тұра кездесіп қалады. Басқа деректер болмағандықтан үнді халқының ұзаққа созылған бұл кезеңі шартты түрде «Ведалық дөуір» деп аталды. Бұл кезеңде алғашқы қауымдық құрылыстың орнына таптық қоғам орнады, мүлік теңсіздігі пайда болып, құлдық өмірге келді. ағы осындай келелі өзгерістерге байланысты қоғам словие -варналарға бөлінді. Варналардың қоғамда алатын орын дәрежесі де, беделі де биік абыз-брахмандар арқылы белгіленді.
Ведалық тайпалар негізінен егіншілікпен жөне мал өсірумен шұғылданды. Егіншіліктің дамуымен жергілікті халықтың оты-рықшылдыққа көшуіне темірдің пайда болуы ерекше ықпал етті. Қолөнер мен сауда-саттық етек ала бастады. Әсіресе, Ганг езенінің аңғарында егіншіліктің, қолөнердің, сауда қарым-қатынастарының дамуының қарқыны өте жоғары болды жөне қалалар салу ойдағыдай жүзеге асырыла бастады.
Идеология саласында да терең өзгерістер жүзеге асырылды. Жаңа философиялық жүйелер қалыптаса бастады. Заман ағымына байланысты ведалық құдайшылдық өзінің бұрынгы маңызын жоғалтып, ендігі жерде ведалық.дінді — брахманизм алмастырды. Брахманизм — құлиеленушілік қарым-қатынастардың әлі де тереңдей қоймаған кезінде үстемдік етуші таптың идеологиясы болды. Үнді қоғамында болып жатқан мүндай түбегейлі өзгерістер дүниежүзілік мәдениеттің аса қүнды туындысы «Махабхаратта» және «Рамаяна» поэмаларында кеңінен көрініс тапты.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің даму қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б.з.б. IV—II ғ.) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі медениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді. Елдің саяси жағынан бірігуі, экономиканың қолөнер мен сауда қарым-қатынастарының дұрыс жолға қойылуы ғылыми білімдердің дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Дәл осы түста Маурьялық Үндістанның астанасы — Паталипутра және Таксида сияқты ірі мәдени орталықтары пайда болды. Театр ұйымдастырылып, онда жаңа драматургиялық шығармалар сахнада қойыла бастады. Маурья дәуірінде буддизм мен джайнизм халық арасына кеңінен тарап, әрі діни, әрі философиялық ағымдарға байланысты діни-философиялық әдебиет қалыптасты.
Қушан дәуірінде (б.з. І-ІІІ ғ.) үнді мәдениеті оз дамуында жаңа арнаға түсіп, өзіңдіқ сипатқа ие болды. Қушан империя-сы ұлан байтақ империяны: Солтүстік Үңдістанды, Орта Азия-ның бір бөлігін, қазіргі Ауғаныстан мен Пәкістан жерлерін алып жатты. Бұл үлкен саяси одаққа қоғамдық-саяси, мәдени дамуы жағынан әркелкі және түрлі діндегі толып жатқан халықтар мен тайпалар қірді. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты, Қушан мемлекеті бүл еддердің арасыіщағы біртүтас жүйені саяси салада ғана емес, мәдени өмірде де орнықтыруға барынша куш салды Өнер ескерткіштеріне, жазба деректерге және нумизматика-ның мөліметтеріне қараганда мөдениет саласындағы үнділік элементтердің, ирандық жөне эллиндік элементтерімен қатар буддизмнің, индуизмнің, зороастризмнің элементтерін де өз бойына сіңіргендігін байқаймыз. Қушан деуірінде будда мәдениеті жоғары сатыға көтеріліп, гүлдену кезеңін басынан кешірді. Буддизм идеяларын насихаттайтын әдеби шығармалар, осіресе поэзия мен драматургия салаларында көптеп жарық көрді.
Егер Қушан дәуірінде будда мәдениеті кеңінен өріс алса, ал үнді тарихының келесі кезеңі Гупт дәуірінде (б.з. IV-VII ғ.) «индуизм мәдениеті» шарықтау шегіне жетті. Сондықтан да болар, бұл тарихи-мәдени кезеңді «индуизмнің алтын ғасыры» дел атады. Гупт империясы 165 жыл бойы гүлдену заманын басынан кешірді, кейіннен гұндардың шапкыншылыгынан кейін күлды-рай бастаған ежелгі Үндістанның ең соңғы ірі мемлекеті болды. Бүл кезеңде экономика саласы мем олеуметтік дамуда біршама жетістіктерге қол жетті. Классикалық әдебиеттің негпі кала-нып, үнді театры құрылды, драматургияның теориясы омірге келді, сан-салалы музыкалық шыгармалар туындап, музыкалық шығармаларды орындауга арналған арнайы трактаттар жазылды. Ғылымның математика, астрономия, медицина, химия, биология сиякты салалары да даму үстінде болды. Бул тұста елдің солтүстігі мен оңтүстігінің түрлі діни кағилаларын оз бойына сіңіре білген күрделі діни ағым — индуизм калыптаса бастады. Сонымен үнді тарихының көне дәуірі — хронологиялық жағынан алғанда Гупт кезеңімен аяқталады. Бірақ үнді халқының одан кейінгі мәдени даму кезеңдерінде де Маурья, Қушан және Гупт дәуірлерінде қалыптасқан мәдени дәстүрлер жоғалып кетпей, жаңа заман ағымында өз ықпалын күшейте түсті. Үндістан тарихының көне дәуірлерінің қай-қайсысы болса да бұл елдің тарихи-мәдени дамуының өзіндік бағыты мен ерекшелігін айқындап, үнді өркениетінің өзіндік сипатының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Осы орайда Үндістанның коне дәуірінің Шығыстың басқа елдерімен салыстырғанда өте ұзаққа созылғандығын атап өтуіміз қажет.
Көне үнді мәдениетінің материалдык негізін қалыптастыруда оның табиғи жағдайлары да басты рөль атқарған. Сонау коне заманның өзінде-ақ Ганг аңғары өте құнарлы жер болған, елдің ауылшаруашылық алқабына айналған бүл жерден суландыру жүйелерінің көмегімен жылына екі-үш реттен өнім алынатын болған. Ганг алқабын игеру барысында мәдени дамудың әр сатысындагы тайпалар бір-бірімен тығыз қарым-қатынастарда болды. Олардың қоғамдық құрылысы, тілдері, шаруашылықты жүргізу едістері әр түрлі бола тұрса да ортақ мөдени өмір арнасында өмір сүрді. Ғасырларға созылған осындай қарым-қатынастар олардың қоғамдық дамуын теңестірді, бәріне де ортақ діни ұғымдардың қалыптасуына өсерін тигізді, сөйтіп бұл тайпалардың арасындағы айырмашылықтар біртіндеп жойылып, табиғи бірігу процесі басталды.
Үнді жері табиғи кендерге өте бай болып келеді. Әсіресе, үнді жерінен шыққан темірдің сапасын шетелдіктердің өздері де өте жоғары бағалаған. Көне заманнан бергі металлургтердің техникалық шеберлігінің шыңдалуын көрсететін толып жатқан айбынды мөдени ескерткіштер бар. Солардың бірі — Дели қаласында орнатылған ұзындығы 7,2 м, салмағы 6,25 тонна болып келетін темір бағана (415—416 ж.)- Үнді шеберлері түсті металдан құйылған талай мәдени ескерткіштерді одан кейін де болашақ ұрпаққа тарихи-мәдени мұра етіп қалдырды. Мысалы, б.з. V ғ. Будданың мыстан құйылған мүсінінің салмағы 2 тонна, ал ұзындығы 2,5 метрден астам болып келеді. Үндістан мақ-та мен маталардың отаны болып саналады, өйткені б.з.б. үш мыңыншы жылдықтардың өзінде-ақ мақтадан жасалған тауарларды шет елдерге шығара бастаған. Үңдінің жібек маталары сол кездің өзінде-ақ үлкен сұранысқа ие болған. Қолөнер негізінен қалаларда дамыған. Қалалар әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен қатар атақты мәдени ошақтарға да айналған. Қалалардың аумағы өте үлкен болғандықтан олардың тұрғындарының саны көп жағдайларда жүздеген мыңға жеткен. Мысалы, Мохенджо — Даро қаласында жүз мың адам тұрған. Қалаларда тұрғын үйлермен қатар ғибадатханалар, астық сақтайтын қамбалар, үкіметтің мәжіліс залдары сияқты қоғамдық ғима-раттар да бой көтерген, арнайы салынған су қүбырлары қалаларды сумен қамтамасыз етіп отырған. Халықтың басым көпшілігі егіншілікпен, қолөнермен және сауда-саттықпен шұғылданған. Үнді халқы негізінен құдай-аналарға табынған, сонымен қатар от пен суға құлшылық еткен.
Буддизмнің мемлекеттік дінге айналуы — сәулет өнері мен мүсін өнерінің дамуына жол ашып берді. Буддизмді насихаттауда бейнелеу өнеріне ерекше беріліп, елде Буддаға арналған мемориалдық құрылыстар салыну ісі қолға алынды, сансыз гибадатханалар салына бастады. Мемлекеттік діңді қоғам өміріне берік орнықтыру мақсатында аңдар түрінде бейнеленген буддалық белгілерге бай «стамбхи — бағаналар» салу кеңінен етек алды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған дәл осындай отыз бағананың оны толық сақталған. Олардың салмағы 50 тоннаға, ал биіктігі 15 метрге жетеді.
Көне Үндістанның мүсін өнері негізінен діни наным-сенімдерге байланысты дамыды. Кез келген мүсінші өзінің қай дінге жататынына қарамастан түрлі діни наным-сенімдерге катысты бейнелерді жасай беретін болды. Өнер трактаттарының қағидаларына сәйкес мүсіншінің шығармашылық процесі екі сатыдан тұрды: 1. Мүсіншінің жантазалығы;
2. Бейнелейтін объектінің
Үнділіктер ғылыми білім саласын да жан-жақты дамыта білді. Олардың математика, лингвистика, астрономия, медицина саласыңдағы таң қаларлықтай жаңалықтары — бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуындағы асқаралы белестер болды. Үнді математиктерінің ғылыми табыстары Үнді өркениеті кезеңімен тығыз байланысты болды. Бүл кезеңдегі математикалық және астрономиялық текстер толық сақталмағандықтан, бұл ғылымдардың даму деңгейін тек қана материалдық мәдениет ескерткіштеріне қарап анықтай аламыз. Үнді математикасында арифметикалық және геометриялық прогрессиялар басты орын алған. Олардың көптеген есептері Ведаларда да көрсетіледі. Үндінің атақты математигі Арьябхата (V—VI ғ. басы) арифметикалық прогрессияның түрлі қасиеттерімен жақсы таныс болған. Оның еңбектерімен қөне заман мен орта ғасырлардың атақты ғалымдары танысып қана қоймай. оны егжей-тегжейлі талда-ган. Ұлы галымның біздің дәуірімізге келіп жеткен жалғыз еңбегі — «Арьябхатня». Бүл ғылыми трактатта арифметикалық, геометриялық, тригонометриялық есептерді шешудің ережелері берілген.
Көне үнді медицинасы туралы сөз қылсақ, бұл салада да тамаша ғылыми еңбектер дүниеге келген. Солардың ішіндегі ең құндылары — біздің заманымыздың басында жарыққа шыққан «Чарака-самхита» мен «Сутрута-самхита» трактаттары. 150 тараудан тұратьш «Чарака-самхита» негізінен терапия мәселесіне арналғанымен, мүнда хирургия сияқты медицинаның басқа да салалары қамтылады. Бүл үлы еңбектің авторы анатомияның медицинадагы маңызына мән бере келіп былай деп жазады: «Дәрігер сырқаттың себебін білу үшін өлген адамның дене мүшелерін мүқият зерттеу қажет». Осы орайда көне заманда ғана емес, тіпті орта ғасырлардың өзінде де өлген адамның денесін жарып көруге рұқсат берілмегендігін ескерсек, бүл бастама медицина ғылымы саласындағы таңғажайып ерлік болатын. Тіпті өте ертеде жазылған ғылыми трактаттардың мазмұнына қарап-ақ үнділердің медициналық білім дәрежесінің өте жоғары болғандығына көзжеткізуге болады. Мысалы, «Чарака-самхитада» — 600, ал «Сутрута-самхитада» — 650 дәрінің аты аталған, сонымен катар бұл еңбектерде үш жүзден астам түрлі операцияларға сипаттама берілген және 120 хирургиялық аспаптардың аты аталған. Демек, «Чарвака» мен «Сутрута» өз мәнін орта ғасырларда да сақтай отырып, бүкіл мусылман дүниесіне езінің ықпалын тигізді. Бұл бага жетпес ұлы медициналык туындылар парсы және араб тілдеріне аударылган және бұларды атақты ғалым Ибн-Сина өзінің «Медицина ғылымының каноны» деген еңбегінде кеңінен пайдаланган.
Үнді елі әдеби ескерткіштерге де өте бай болып келеді. Үндістанның ең көне әдеби ескерткіштерінің бірі — ведалар болып есептелінеді. Расырлар бойы қалыитаскан коне достүрлерге сүйене отырып, ведаларды мазмұнына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Олар, ең алдымен «самхиттер» — гимндердің жинақтары: «Ригведа» (гимндер жинағы), «Самоведа» (әндер жинағы), «Яджурведа» (құрбандық шалуға байланысты айтылатын діни сөздердің жинагы), «Атаарваведа» (сиқырлық арбау мен жалбарынулардың жинағы). Одан кейін самхиттердің салт-жоралық текстерінін мазмұнын түсіндіретін — брахмандар, упа-нишадтар мен тақуаларға арналған текстер (діни философия-лыісГ трактаттар) —.Аданьяктар» (орман кітаптары) келеді. Үндістанның ең көне әдеби ескерткіштерінің катарына б.з.б. екінші гасырдың аяғы мен бірінші ғасырының басында жазылган «Ригведа» жатады. Бұл жинақ әртүрлі мазмұндағы 1028 гимндерден тұрады, олар негізінен қүрбандық шалу кездерінде орын-лалатын болған. Ерекше этап өтетін бір жайт, «Ригведада» тұрмыстық-салттарымен қатар, халық фольклоры мен сатираның элементгері де көп кездеседі, ал атақты «диалог-гимндер» тек қүдайларға ғана бағышталған, сонымен қатар бұлар сахналық керіністерге де арналып жазылған сияқты. Кейбір Ітімндердің табиғат құбылыстары мен адам сезімдерін тамаша суреттейтіндігі соншалық, оларды осы бір ерекшеліктеріне қарап ІІоэзияның бір үлгісі деп те қабылдауға болатын сияқты.