Тұрмыс-салт жырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 15:07, реферат

Краткое описание

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әде-биетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанр-ларының бірі. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөл тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз мөйегі, ойды үшқыр ай-тудың үлгілері молынан кездеседі.

Вложенные файлы: 1 файл

шешендік.docx

— 22.91 Кб (Скачать файл)

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әде-биетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанр-ларының бірі. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөл тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз мөйегі, ойды үшқыр ай-тудың үлгілері молынан кездеседі.

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек. 
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]

Қазыбек би жайлы әңгіме


Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.

Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.

Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:

- Е, қарындас, мәнді сөзден  мән шығады, бимөнді сөзден не  шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан  не мән шығады?! - дейді.

Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:

- Рас, мәнді сөзден мән  шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала  қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек  қыздың қойшыны шын ықыласымен  сүйгеніне риза болып намыс  қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат  емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды  тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.

Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

 
- Балам, мынаны сындырып көрші. 
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. 
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: 
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. 
Сонда. Төле бала: 
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. 
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол: 
- Ақты ақ деп бағалар! 
О, игі жақсы ағалар! 
Өзегі талса ел біткен, 
Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде: 
- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

- О, би ата, он үште отау  иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп  қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз  болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде  отырған биге былай деп сауал  қояды: 
- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз? 
Сонда әлгі би: 
- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

- Сары табақтан сарқыт  қайтады деген. Билікті маған  берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын  үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза  болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі  би:

- Үй баласы ма деп  едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы  арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы  бағы бол! - деп бала Төлеге  бата берген екен. Осыдан бастап  Төленің аты шығып, ел арасындағы  дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік  айта бастапты.

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкілпарсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханғадейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге  ізетпен сәлем береді.

Жасы үлкені:

 

 Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл аулы.

- Өзің кімнің баласысың?

- Бөйкектің баласымын

- Атың кім?

- Қосуа бидің «үйі қайсы?

- Анау астында, онда не шаруаларыңыз  бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап  жүрген баламызды сол ауылдың  бір жолаушысының аты теуіп  өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты  күн, түзде тепсе - төрттің бірін  аласыздар. Қосуақ би де осыны  айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.

Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті. Сонда әлген баланың әкесі: - Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.

 


Информация о работе Тұрмыс-салт жырлары