Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 15:07, реферат
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әде-биетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанр-ларының бірі. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөл тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз мөйегі, ойды үшқыр ай-тудың үлгілері молынан кездеседі.